Глоссарий




НазваниеГлоссарий
страница4/13
Дата конвертации12.08.2013
Размер1.92 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2.Тақырып. Қоршаған табиғи ортаның ғалымдық, аймақтың және локальді мәселелері.

Дәрістің жоспары:

Қоршаған ортаның қазіргі кезеңдегі жай-күйі.

Мұнайды өндіру барысында үстіңгі сулы қабаттар мүнаймен және ілеспе өндірілетін сулармен ластанады. Мұнай улы қасиеттерге ие, оның аз мөлшерде суда болуы оны ішуге және шаруашылық-тұрмыстық қажеттілікке

қолдануға жарамсыз етеді. Өндірістік және тұрмыстық ағынды сулардан, сондай-ақ ыдыстардан, құбырлар мен басқа да құрылымдардан аққан зиянды заттардың фильтрациялық ағынынан жер асты суларынын ластануы мүмкін.

Мұнаймен бірге өндірілетін ілеспе қабат суы - минерализациясы жоғары су болып табылады.Оның жер бетіне шығуы, жер үсті және жер асты су көздерінің тұздануына және олардың ауыз судың сапасын жоғалтуына әкеп соқтырады.

Мұнай-газ кен орындарын игеру барысында топырақ мұнаймен, әртүрлі химиялық заттармен, минерализациясы жоғары ағынды сулармен ластанады. Мұнай және оның басқа да компоненттері топыраққа түсе отырып, оның қасиетін едәуір дәрежеде, ал кейде тіпті қалпына келместей етіп -битумдық сорлардың түзілуіне, цементтелуіне және т.б өзгертеді. Бұл өзгерістер өсімдік пен жердің биоқұнарлылық жағдайының нашарлауына әкеп соқтырады.Топырақ бетінің бұзылуы нәтижесінде топырақ эрозиясы, дефляция процесі жүреді.

Мұнай топырақ пен өсімдікке өте зиянды әсерін тигізеді. Мұнаймен ластанған топырақта көмірсутектер мен азоттың арасындағы ара қатынас тез өседі, бұл топырақтың азоттық режимін нашарлатып және өсімдіктердің тамырымен қоректенуін бұзады. Сонымен қатар, мұнай жер бетіне төгіліп топыраққа сіңгенде, топырақты қатты ластайды, нәтижесінде жердің құнарлы қабаты ұзақ уақыт бойы қалпына келмейді. Адамдар шоғырланған жердегі атмосфералық ауаға шығарылатын зиянды заттардың шекті мүмкін концентрациясы (ШМК) төменде келтірілген.


1. кесте. Шекті мүмкін концентрация шамасы


Ластағыштардың атауы

Шекті мүмкін концентрация (ШМК), мг/м3

Максималды бір реттік

Орташа тәуліктік

Бензин

5,0

1,5

Көміртегінің тотығы

3,0

1,0

Азоттың қостотығы

0,085

0,085

Күкіртті ангидрид

0,5

0,5

Күкіртсутек

0,008

0,008



Территорияға айқын көрінетін термиялық режимдегі континенталдылық тән: шілде мен қаңтар айларындағы орташа температураның айырмашылығы кейбір жерлерде 400С-қа жетеді.

Зерттеу ауданы орташа ендікте орналасып, жоғары қысымды ядроның әсеріне, қыста азиаттық антициклонның әсеріне ұшырайды, жауын-шашын жалпы алғанда аз түседі, орташа жылдық мөлшері шамамен 150 мм. Жоғары температуралық фон және төменгі салыстырмалы ауа ылғалдылығы жылына 1000 мм және одан да жоғары булануды қамтамасыз етеді.

Өнеркәсіптік игеру барысында мұнай кен орындарын тұрғызу жобасы, ондағы мұнай газын жинау және тиімді пайдалану мәселелері өз шешімін тапқан жағдайда ғана бекітілуге жіберіледі.

Құрамында күкіртсутегі бар газдарды атмосфераға жағусыз немесе бейтараптандырусыз шығаруға тыйым салынады. Технологиялық аппараттар мен сыйымдылықтардың жұмысшы және резервті сақтандырушы клапандарынан шыкқан газ факелдік жүйе арқылы жағылады.

Газды күкіртсутек пен меркаптандардан тазарту бойынша тиімді іс-шаралар жүзеге асырылуы қажет.

Қондырғыларда,ғимараттарда,жұмыс аймағының ауасында күкіртсутектің бөлініп шығуы мүмкін жерлерге автоматты тұрақты газосигнализаторларды орнатады, сондай-ақ күкіртсутектің жиналуы мүмкін жерлерінде алып жүретін газосигнализаторлар мен газоанализаторлар арқылы ауа кеңістігіне бақылау жүргізеді.

Мұнай мен газ өндіру аудандарында зиянды қалдықтардың қоршаған ортаға шығуының жалпы мөлшерін, технологиялық процестерді жетілдіру арқылы және газды толық пайдаға асыру мен оны тазалаудың әр түрлі әдістерін кеңінен енгізу негізінде төмендетуге болады.

Олардың едәуір тиімдісіне мыналарды жатқызуға болады:

  • магистралдық газ құбырларында атмосфераның газбен, конденсатпен, мұнайдың буланған өнімдерімен ластануын болдырмас үшін конденсат жинаушы және дренаждау желілерін орнату керек;

  • мұнай құбырларын, лақтырма желілерін, ағынды суды таситын коллекторларды және жинау коллекторларын өз уақытында жөндеп отыру қажет;

  • сұйық көмірсутектерді сақтау үшін артық қысымда немесе изотермиялық жағдайларда жұмыс істейтін резервуарларды, яғни буланудан үсті қорғалған резервуарларды қолдану;

  • құрамындағы жеңіл компоненттері буланып атмосфераға шығуына жол бермес үшін шағын ыдыстар мен аппараттарды сүзгі-жұтқыштармен жабдықтау;

  • кен орнынан тауарлы өнімді алу барысында газды утилизациялайтын арнайы қондырғыларды енгізу;

  • шығарылған газды пайдаға жарату мен қайтару мүмкін болмаған немесе тиімсіз болған жағдайда оларды жағып жіберуге факелге бағыттау;

  • газдарды жағуға арналған факелдер бар болған кезде, олардың биіктігі мен орналасуы стандарттарда қарастырылған концентрацияға дейін атмосфераның жер үсті қабатында зиянды заттардың ыдырап таралып кетуін қамтамасыз ету қажет.


Күкіртсутегі бар ортада қауіпсіз (апатсыз) жұмыс жағдайын камтамасыз ету үшін, технологиялық жабдықтар, құбырлық арматуралар және құбырлар күкіртсутегіне төзімді, берік, арнайы болат маркаларынан жасалуы керек.

Күкіртсутекті ортада жұмыс жасайтын жабдықтардың сенімділігі және апатсыз пайдаланылуы арнайы ингибиторларды енгізу есебінен қамтамасыз етіледі. Ингибиторды - сыйымдылықты аппараттан, мөлшерлік сораптан және құбырларға жалғанған жіңішке түтікше арқылы береді.

Газды күкіртсутегінен тазалап алу, оны тасымалдау барысында құбырлардың коррозияға ұшырауына жол бермейді және атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың жалпы мөлшерін азайтады.

Өскемен – Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан ірі өнеркәсіптік қала, аумағы 54,4 мың гектар. Қала таулы Алтай жотасындағы Үлбі және Ертіс өзендерінің бойында орналасқан. Оның физикалық-географиялық жағдайының ерекшелігі қоршаған ортаны ластайтын заттар мен өнеркәсіптік өндірістің концентрациясын таратуға мүмкіндігі жоқ. Облыстың экономикалық потенциалында Өскемен қаласының үлесіне барлық өнеркәсіптік өнімнің 55 пайызы тиеді.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында мемлекеттің экологиялық саясатының негізгі мақсаты көрсетілген – қоғам мен қоршаған ортаның өзара әрекетін гармонизациялау, сондай-ақ, экологиялық таза орта құру. Қаладағы экологиялық жағдай әр түрлі өндірістердің техногендік факторларының әсерінен және автокөліктердің көбеюі салдарынан нашарлап кетті. Қала атмосферасына кәсіпорындар шығаратын химиялық ластанудың кең спектрі әсер етуде (күкірт диоксиді, азот диоксиді, қорғасын, мырыш, хлор, кадмий, фторлы сутегі, фенол, формальдегид, мышьяк, берилий, бенз(а)пирен және басқалар). Қоршаған ортаны ластаушыларға қоймалар мен үйінділер жатады. Мысалы, ҮМЗ қоймасы, Согра және Өскемен жылу электр орталықтарының үйінділері, металлургиялық өндірістің шлактар террикондары, қалдықтарды көмуге арналған полигондар. Өскемен қаласы Қазақстан Республикасының «Семей ядролық ролигонындағы ядролық сынақ нәтижесінде жапа шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 7 бабына сәйкес көтеріңкі радиациялық қауіп-қатер аймағына жатады.
Өскемен қаласындағы экологиялық жағдайды қалыптастыруда ландшафты-экологиялық жағдай маңызды әсер етеді: рельефтің биіктігі және бөлшектенгендігі, микроклиматтық ерекшеліктер, ауа бассейні мен қала топырағының ластануы және басқа да факторлар. Қала құрылысын Ертіс өзенінің сол жақ жағалауына ауыстыру бірқатар экологиялық мәселелерді шешеді. Өскемен қаласында 3 217 ұйымдасқан және 2 484 ұйымдаспаған ауаны ластау көздері тіркелген. Қаланың атмосфералық ауасының ластануын қадағалау 5 стационарлық орындарда жүргізіледі. Атмосфералық ауада 12 компоненттер бақыланады: шаң, күкірт диоксиді, азот диоксиді, фенол, формальдегид, көміртегі оксиді, хлор, мышьяктың органикалық емес қоспалары, ауыр металдар (қорғасын, мыс, мырыш, кадмий).

Шығыс Қазақстандық гидрометеорология орталығының мәліметтері бойынша қолайсыз метеожағдайлы күндер 2003 жылы 106 болса (29 %), 2004 жылы 99 күн (27 %), 2005 жылы 142 күн болған (39 %). Соңғы жылдары қала ауасына автокөліктің әсері күрт өсті. Автокөліктер саны жылына 2 немесе 3 мыңға дейін артып отыр. Көліктерден атмосфералық ауаның ластануынан пайда болған экологиялық мәселелер уақыт өткен сайын артуда (олардың стационарлық зиянды заттардың шығарылуынан үлесі 50 пайызды құрайды). 

Өскемен қаласының атмосферасының химиясы бойынша берілген мәліметтер де фторлық сутегінің – 6,2 ПДК-ға дейінгі жоғары көрсеткішін көрсетті.

Сонымен қатар, ВК ЦГМ атмосфералық ауасында басқарылмайтын қауіптіліктің 1, 2 кластағы органикалық заттары табылды. Өскемен қаласында үстіңгі және жерасты суларының маңызды қоры бар. Қаланың аумағы арқылы Үлбі тармағы құятын Ертіс өзені ағады. Ертіс және Үлбі өзенінеағынды сулардың құйылуы қаланың 10 өндірістік кәсіпорыны арқылы жүзеге асады. Статистика жыл сайынғы ағынды сулардың қосылуының төмендеуін көрсетуде. Мемлекеттік мониторингтің мәліметтері бойынша Ертіс өзені мен Үлбі өзеніндегі үстіңгі сулардың сапасы сапаның 3-класы - өте ластанған деп бағаланып отыр. Жағдайды тұрақтандыру мекемелердегі суды қорғау шараларының орындалуымен мүмкін болып отыр. Канализациялық желілер мен канализациялық дюкерлердің қанағаттанарлық емес. Ертіс арқылы өтетін екі канализациялық дюкерлердің жағдайы дағдарыс үстінде. Жерасты сулары Өскемен қаласында тұрғындарды сумен қамтамасыз етудің басты көзі болып табылады.  Олар орталықтандырылған түрде Пионерский, Атамановский, Северо-Атамановский, Береговой, Элеваторный бекітілген запастары бар бес ірі тоғандарынан және Октябрьский, Лесозаводской, Аблакетский, Ахмировский, Үшінші шағын аудан бекітілмеген запастары бар бес ірі тоғандардан алынады. Әсіресе, қаланың Үлбі сыртындағы бөлігіндегі жерасты суларының жағдайы жақсы емес. Олардың Солтүстік өндірістік алаңындағы ластану деңгейі жоғары. Өскемен қаласында жыл сайын 100 мың т.-ға дейін қатты тұрмыстық қалдықтар және 1 млн. т.-дан астам өндірістік қалдықтар пайда болады. ҚТҚ-ды көму үшін полигон 1957 жылдан бастап пайдаланылады, пайдалану мерзімі өтіп кеткен, полигон жағдайы экологиялық және санитарлық талаптарға жауап бермейді. Қалада қауіптіліктің 4, 5 класындағы өндірістік қалдықтарды көму үшін полигон бар, сонымен қатар,  бес алтын үйінділерін, екі қойма сақтау орны, үш шламжинақтаушы, металлургиялық өндірістің қалдықтарының террикондарын сияқты өндірістік қалдықтарды сақтау мен көму үшін ведомстволық полигондар орналасқан.  Жерасты суларының ластануы қалдық жинақтаушыларының әсерімен болады. Солтүстік өндіріс торабынан ластану жиегі Ертіс өзеніне жылжуда. Қалаға жақын маңдарды да қамтитын 240 км2-ден астам аумақтар, жеміс – жидек өсіретін бақшалық учаскелер ауыр металлдармен ластанған.   Атқарушы және өкілдік биліктің органдары арқылы қала экологиясының мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдануда. 90-жылдардан бастап қалада және кәсіпорындарда экологиялық жобалар мен ұйымдастырушылық шаралар жүзеге асырылды. Құрылысқа жаңа ауыз су тоғандары енгізілді (Согра және Өскемен ТЭО) Кәсіпорынның есебінен Солтүстік өндірістік тораптағы, «ӨК ТМК» АҚ қызмет ауданындағы жерасты суларының ластануын жайылтпаушылық бойынша бірінші кезектегі жұмыстар орындалды. Атмосфералық ауаны қорғау бойынша «Казцинк» ӨМК АҚ-да қорғасын мен мышьякты (бірінші және екінші кластағы қауіптілік заттары) шығаруды қысқарту бойынша шаралар болды,  2004 жылы күкірт газдарын шығаруды қағып алу бойынша пайдалану кіргізілді. Бұл – күкірт газдарының қала атмосферасына шығуын 40%-ға қысқартатын тұрақты жұмыс. Күкірт диоксидінің шығарылуын тағы 50%-ға төмендететін қорғасын өндірісінің реконструкциясы жобалануда.  «Казцинк» ӨМК АҚ-да қорғасын өндірісінің шлактары қайта өңделуде,  және терикондардағы сақталған шлак қалдықтарын толық қайта өңдеу жобаланып отыр. Осы кәсіпорында технологиялық циклдерде сумен қамтамасыз ету жүйесін енгізу бағдарламасы жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде өндірістік пайдаланған суды Үлбі өзеніне ағызу 1990 жылдан бастап жылына 18 млн. куб.-тан 2  млн. куб.-қа дейін төмендеді.  Шаралар комплексін жүзеге асыру нәтижесінде өндірістік мекемелерде өнімдердің, залалды заттардың шығарылуын, өндіріс қалдықтарының көлемі тұрақталды және олардың төмендеу тенденциясы белгіленді. Өскемен қаласы бойынша бұрын қабылданған – «Экологиялық жағдайдың жақсаруы» бөлімімен 1998-2000 жылдарға арналған ШҚО дамуының стратегиялық  жоспары; «2002-2005 жылдар аралығында ШҚО табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғау» бағдарламасы; «2001-2005 жылдарға арналған Өскемен қаласындағы қоршаған ортаны сауықтыру бағдарламасы» сияқты  табиғат қорғау шараларының орындалуы  Өскемен қаласындағы өндірістік өнім көлемінің өсу талабындағы экологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Өндірістік мекемелер арқылы қазіргі техногендік ластанумен байланысты экологиялық факторларды төмендету тенденциясы бар.  Қалада стационарлы көздерден түсетін жалпы залалды заттар төмендеуде. ИСО 9000 өнімдерінің сапасын басқарудың және ИСО 14001 қоршаған ортаның сапасын басқарудың халықаралық стандарттары енгізілуде.   ( «УМЗ» АҚ мен  «ӨК ТМК» АҚ –  енгізілді,  «Казцинк» ӨМК АҚ  – енгізу сатысында). Қоршаған ортаны залалды заттар мен өндірістердің қалдықтары бойынша ластануға жыл сайынғы лимиттерді тарату бойынша табиғатты тұтынудың рұқсаттық жүйесі және мекемелердегі экологиялық бағдарламалардың орындалу есебінен пайдаға асыру жетілдірілуде. Тұрғындардың денсаулығы мен қала территориясындағы экологиялық жағдайдың бөлшектік ғылыми зерттеулерінің негізінде Өскемен қаласының экологиялық төлқұжаты өңделді. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қызмет пен мекемелерді өзара ықпалдастыру мақсатымен Өскемен қаласының әкімінің қатысуымен экология бойынша ведомствоаралық   комиссия құрылды, «Өскемен қаласындағы экологиялық жағдайдың жақсаруының 2007-2012 жылдарға арналған бағдарламасы» өңделді, Өскемен қаласындағы сәтсіз экологиялық жағдайлардың тууымен байланысты штаттан тыс оқиғаларды хабарландыру сызбасы бекітілді. Қоршаған ортаны қорғау қазіргі қоғамның маңызды міндеті болып тұр.  Экономикалық даму қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығына ешқандай да залал әкелмеуі керек,  бірақ  «Казцинк» АҚ-дағы мыс қорытатын зауыттың құрылысы жалпы мазасыздық туғызып отыр. «Казцинк» АҚ ақпараты бойынша жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаның ластануына әкелмеуі керек.  Осыған байланысты әлеуметтік қауырттылықты төмендету мақсатында «Казцинк» АҚ әкімшілігіне қала тұрғындарының арасында түсіндірме ақпараттық жұмысын  жүргізу қажет деп ойлаймын. Экология сұрақтары бойынша қала әкімдігінің бағыты бірқалыпты. Барлық кәсіпорындардың қоршаған ортаны қорғау жоспарында ИСО сериясының халықаралық стандарттарына сәйкес келетін қазіргі қауіпсіз технологияларға көшуіне қол жеткізеді. Енді қалалық әкімдіктің «Казцинк» АҚ-мен Меморандумының міндеттемесі өтеді. Бұнда мыс қорытатын және электролизді зауыттардың құрылысының мерзімі қарастырылады. Жағдайдаң жақсаруына біздің қосатын үлесіміз осы болады деп ойлаймын. Басқа мекемелер де экологиялық  қауіпсіздіктің жоғары деңгейінде жұмыс жасаса екен деген тілек бар. Жуық арада осы сұрақтар бойынша энергетикалық  комплекс мекемелерін, әсіресе, «ӨК ТЭЦ» -ті тыңдайтын боламыз. Жыл сайын саны өсіп жатқан автокөліктермен европалық стандартқа көшу жөніндегі сұрақ бойынша біраз жұмыс істейтін боламыз. Кездесуге қала тұрғындарымен қалалық мәслихаттың хатшысы -  Дархан Құсайынов, табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры - Эдельвайс Ренних,  ШҚ қоршаған ортаны қорғау басқармасының


3.Тақырып. Атмосфера экологиясы.

Дәрістің жоспары:

Атмосфералық ауа жағдайы және оны негізгі ластаушылар.


Атмосфералық ауаға әсер ету дегеніміз оған лас заттарының шығарылуы, және өзге де физикалық әсерлер. 2005 жылы атмосфералық ауаға шығарылған 12618т/ж құраған,  ал 2006 жылы 14718,9т/ж. Егер 2004 жылмен салыстыратын болсақ (13563,34 т/ж) атмосфералық ауаға эмиссияның түсуі, аз болса да біршамаға ұлғайған. Бұған себеп өнеркәсіптік потенциалдың ұлғаюы, кейбір өндірістердің қуаттылығының артуы («Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ, «Қазмырыш» АҚ ЗТКК, «СЗНП» ЖШС және т.б.). Жоғарыда келтірілген эмиссия бойынша берілгендер,  ШҚОТЖҚОҚ табиғатты пайдалану кәсіпорындарының эмиссиясын жазу кезінде алынған, кәсіпорындар мен тұрғындардың белгіленбеген түрде түсетін эмиссиясы бойынша мәліметтер белгісіз күйде қалып отыр. Эмиссия санының азаюы бүтіндей аудан бойынша алғанда табиғатты қорғау шараларын өткізу әсерінен жеке кәсіпорындарда қолға алынуда, ауа тазалайтын және шаңды ауаға жібермей сүзіп қалатын құрылғыларды пайдалануға енгізуде. Жыл бойына атмосфералық ауа үздіксіз ластанбайды. Оған ауданның климаттық жағдайы, жыл мерзімі және жұмыстардың мерзімдік өткізілуі, сонымен бірге өзге де кейбір факторлар үлкен әсер етеді.  Қыс мерзімінде атмосфералық ауаға эмиссиялар негізінен жылуэнергетикалық кәсіпорындардан, котельныйдан, жергілікті жылу жеке секторының пештерінен түседі. Көктем және күз уақытында жер жырту алдында және күзгі өнімдерді жинаудан кейінгі аралықта көптеген ауылшаруашылық егістері аңызақтан, сабаннан тазалаудан өтеді. Бұл бір мерзімде 1-2 аптада болады және соның нәтижесінде атмосфераға көп мөлшерде эмиссия түседі. Аңызақтар мен сабандарды жағуға рұқсатты бірде- бір ауылшаруашылық құрылымы алмайды, нәтижесінде бұл эмиссиялар белгіленбеген және олардың мөлшері белгісіз күйде қалады, қоршаған ортаны ластаған кездегі төлем жасалмайды. Егіс алқаптарын темиялық тазалау кезінде сол жерлердегі өсіп тұрған бұталар мен орман алқаптары өртке оранып жататын жағдайлар да аз кездеспейді. Осы бағытта ауданымыздың экологиялық инспекциясы рұқсатсыз жағулар мен қалдықтарды лақтырудың  алдын алу және болдырмау бойынша шаралар қолдануда. Жаз уақытында ауа температурасының көтерілуінен булану, сонымен бірге ауаның шаңдану деңгейі де ұлғайады. Өндірістік аймақтар мен жолдарды сулап отырса да, бұл фактор өз дегенін істеп отыр.  ЗТКК кен фабрикасының хвосто- хранилище жағажайы және «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ аумағы құғақ, ыстық және желді ауа райында да шаң қоқысының басты көзі болып отыр. Осыған сәйкес бұл нысаналарда табиғатты қорғау шараларын өткізу қажеттілігі негативті факторлардың алдын алады.

Атмосфераны ластанудан қорғаудың негізгі шарттарының бірі-ластаушы қалдықтардың инвентаризациясын жасау, яғни өндірістік қалдықтардың құрамы мен саны жөніндегі мәліметтерді жинау және жүйелеу, мекеме аумағындағы ластаушы заттардың көзін орналастыру және зиянды заттарды анықтау мен зиянсыздандырудың іс-шараларын есепке алу.

Құланды участогында зерттеу жұмысын өткізгенде атмосфералық ауаны ластаушы тұрақты және қозғалмалы көздер ескеріледі.

Тұрақты көздерге келесі өндірістік объектілер жатады:

дизельді электростанциялар АД-60, АД-30, автокөлік, жанғыш майлағыш заттардың қоймасы (төгілген зат, құйылған зат, отын сақтау), дәнекерлегіш агрегат. Қозғалмалы көздерге автокөлік жатады. Тұрақты көздердің барлық саны-7.

Жобаланған тұрақты көздердің арасында ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған түрлері бар. Ұйымдастырылған қалдықтардың көзіне: дизельді электростанция және дәнекерлегіш агрегат жатады.

Ластанудың тұрақты көздерінің Құланды участогында орналасу схемасы 1-сурет көрсетілген.

Тұрақты көздерден шығатын заттың көлемі: 4,995 т/жыл. Тұрақты көздерден бөлінетін зиянды заттардың құрамындағы 1,2,3,4 қауіптілік класының зиянды заттары бар.

-жоғары қауіпті-бензапирен, азот диоксиді, марганец оксиді, акролеин;

-қауіпті, күкірт диоксиді, күйе, жүзінді заттар.

-аз қауіпті-көміртек оксиді, көмірсутектер.

Зиянды заттардың негізгі үлесі: азот диоксиді (63%), көміртек оксиді (17%), көмірсутектер (8%), күкірт диоксиді (7%).


.1.-кесте. Атмосфераның негізгі ластану көздері.


Ластану көздері

Ластаушы заттардың


Дизельді электростанциялар;

АД-60, АД-30

4,95

Автокөлік

Қойма

Дәнекерлегіш агрегат

Барлығы

0,009

0,0356

2,9*10

4,995


Кестеден көрініп тұрғанындай, дизельді электростанция ластану көзі болып тұр. Төменде атмосфераға тұрақты көздерден шығатын зиянды заттардың толық есебі келтірілген.


4.Тақырып. ҚР гидросфера экологиясы. Қазақстан Республикасының су ресурстары

Дәрістің жоспары

Жер шарындағы су ресурстарының орналасуы

Пәннің міндеттері мен мақсаттары

Қазақстандағы су ресурстары

Су пайдаланушылықты классификациялау.

Жер беті және жерасты суларын ластаушы көздер, суларды тазарту тәсілдері

Жер беті мен жер асты суларына зиянды заттектерді, микроорганиземдерді және жылуды еңгізетін көзді ластаушы көз деп алу судың сапалық нормасын бұзатын компоненттерді ластағыш заттар деп атайды.

Табиғи суларды ластайтын компоненттер биологиялық және физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді: физикалық күйіне байланысты-ерімейтін, колоидты, еритін табиғатына қарай-минералды, органикалық, биологиялық немесе бактериялық.

Минералды компоненттерге анорганикалық қосылыстар, яғни суда еритін және онда молекулалық пен иондық түрде болатын заттектер жатады. Табиғи суларда еріген түрде әртүрлі газдар сонымен, қатар еріген тұздар болады. Бұлардың бар жоғы химиялық әдістерді қолдану арқылы анықталады, себебі еріген қоспалар құмды және қағаз сүзгіштермен ұсталмайды.

Органикалық компоненттерге өсімдіктерден немесе жан-жануарлардан т.б жолмен пайда болған органикалық заттар жатады. Өсімдіктен пайда болған заттарға олардың қалдықтары, өсімдік майлары, қағаз, т.б ал жануарлардан пайда ьолған заттарға, мысалы мал ткандары, желім заттар жатады. Суда еритін минералды және органикалық қосылыстардан басқа ерімейтін қалқыма немесе коллоидты бөлшектер кездеседі.

Биологиялық немесе бактериялық компоненттерге-бактериялар, микробиологиялық зауыттардың қалдықтары т.б кіреді.

Суды негізінде ластайтын көздерге өнеркәсіптік және коммуналдық канализациялық ақаба сулары және де басқа өндіріс қалдықтары құрамында әртүрлі агрохимикаттары бар егістік жер қыртысының шайындысы, суармалы жүйенің дренажды суы, мал шаруашылығының ағындылары су қоймаларына жауын-шашын арқылы әкелінетін аэрогенді ластағыштар жатады.

Әртүрлі мақсатта қолданылған судың 80-85%-тейі ластанған ақаба су түрінде табиғатқа қайтып оралып отырады. Жыл сайын бүкіл әлемде 420км қалдық сулар төгіледі, бұл сулар 7000км таза суды ластандыра алады. Суды ластайтын заттектердің саны 500 мыңның үстінде, ал гидросферадағы ластағыштардың жалпы массасы шамамен 15 млрд.т\жылына олардың ішінде ең қауіптілігі жоғары қосылыстар деп фенолды, мұнай мен өнімдерін беттік активті заттар ауыр металдардың, тұздардың,радионуклеидтерді, пестициттерді және басқа да органикалық және анорганикалық улы заттарды, биогендерді атауға болады.

Жоғарыда қарастырылған улы заттектердің ішінен суперэкотоксикантқа мұнай мен мұнай өнімдерін жатқызуға болады. Сулы ортада олардың концентрациясы 1мг\м-ке жеткеннен бастап улылық қасиетін көрсетеді. Мұндай мөлшерінің шамасы 200-300мг\м жеткенде экологиялық тепе-теңдік бұзылып, балықтың және судағы басқада ағзалар түрінің реттегіш механизмі өз мүмкіндігінің ең төменгі шегіне жетеді де, одан ары қарай ортанын кез-келген қолайсыз факторларына төзімсіз бола бастайды, яғни экологиялық тұрақтылық жойылады. 1 т мұнай суға төгілсе, аумағы 2,6 км шамасында судың беткі көлемінде тұтас үлпек түзеді. Қабықшаның қалындығы төгілген мұнай мөлшеріне байланысты келеді. Желдің әсерімен қабыршық судың сыртқы қабатымен салыстырғанда екі еседей артық жылдамдықпен қозғалады. Осыған және тотығуға берік болғандықтан мұнай қалдықтары елеулі қашықтыққа таралу мүмкіншілігі бар. Судағы мұнайдың көлемі 800мг\м жеткен жағдайда фитопланктондардың тіршілік нысаны тегжеліп, түгелімен жойылып кетуі мүмкін.

Мұнай өндейтін, коксхимия және басқа да өндірістердің ақаба суының құрамына кіретін фино қосылыстарын табиғи су қоймаларына түскенде өсімдіктермен тірі организмдер де жүретін маңызды биологиялық процестердің жүруін тегжейді, әсіресе балықтардың өсіп-өнуіне айтарлықтай зиян келтіреді.

Біздің республикамызда балық шаруашылығы негізінде өндіріс дамыған аймақтарда орналасқан, олардан шыққан қалдықтардың көп мөлшері, әсіресе ақаба сулары, су қоймаларын, атап айтқанда, Каспий теңізіне, Жайық, Ертіс өзендеріне, Бұқтырма су қоймасына, Балқаш көліне және т.б су объектілеріне тасталып тұрады.

Соңғы 10 жылдың ішінде өте қауіпті ластағыштар қатарына мұнай және газ скажиналарын бұрғылағанда, флотация кезінде, жуғыш заттектердің, лактармен бояулардың, пестициттердің тамақ өнімдерінің, т.б. құрамына кіретін өндірістерде кеңінен қолданылып келе жатқан беттік активтік заттар құйылып келеді. Олар су қоймаға түскенде көбіктенеді, орта қасиетін күшті өзгертіп тіршілік процестеріне теріс әсерін тигізеді. Кейбір беттік активті заттардың судағы мөлшері 1 мг\л деңгейінде болса-планктон 5 мг\л-ден жоғары болса балықтардың жаңсыздануы байқалады. Пестициттер сияқты бұларды химиялық биологиялық тазалау әдістерімен ыдырату өте қиынға соғады.

Суда ерімейтін кейбір пестициттер мұнай өндейтін өндіріс қалдықтарында ерігіш келеді, еру нәтижесінде бір түрден екінші ластаушы түрге айналады. Осының нәтижесінде олар бірте-бірте су түбіне шөгудің орнына тұщы су көздерінің не теңіздердің бетіне жиналады. Осы қосылыстар өсімдіктерде судағы ұсақ жәндіктерде көп мөлшерде жинақталады. Сонан соң оларды балықтар, ал балықтарды құстар жем етеді, сөйтіп біртіндеп жануарлар әлемінің өкілдері уланады.

Жылына гидросфераны ластайтын антропогендік ластағыштардың жалпы массасы 15 млрд. Тоннаға жетіп отыр. Су объектілерінің ішінде ең көп ластанатын көзге өзендерді жатқызуға болады, себебі орта есеппен олардығы ластағыштардың концентрациясы 400 мг\л жетіп отыр. Сонымен қатар, өзендер теңіздер мен иұхиттарды ластайтын ең күшті фактор болып табылады. ЮНЕСКО деректері бойынша жыл сайын өзендердің суымен 325 млн. Тонна темір, 205 млн. Тонна қорғасын, 7 млн. Тонна фосфор теңізге түседі. Кейбір улы заттектер мұхиттарда бірнеше жыл бойы сақталып теңіз фаунасына және адамдардың денсаулығына қауіп туғызады. Ластану мұхиттың бойымен біркелкі тарамайды, ол негізінде жағалау жазықтықта және контенентальды шельф аудандарында жиналады, бұлардың үлесіне барлық мұхит кеңістігінің шамамен 10% тиеді, бірақ онда балықтың 90% ұрық шашып , өсіп-өніп және ауланады.

Қышқылды жауын-шашынның немесе ақаба сулар әсерінен ластану нәтижесінде сулы ортаның рН мағынасының өзгеруі, әсіресе төмендеуі алюминий және ауыр металдар қосылыстарын ерігіштігін жоғарлатады, еріген түрге айналған қосылыстар өсімдіктермен организмдерді уландырады. Содан кейін адам организіміне өтіп әр түрлі ауруға шалдықтырады.

Табиғи су қоймаларына түскен биогенді элементтердің әсерінен фитопланктондардың, сонымен қатар жоғары сатылы су өсімдіктерінің өсіп дамуы өрлейді.Бұл органикалық заттар балдырлар мен басқа да судағы өсімдіктердің массасының көбеюіне әкеп соғады. Аталған организмдердің бәрі аэробты, олар дем алуға судағы еріген оттекті қолданылатындарына байланысты оттек мөлшерін жетіспеушілігі пайда болады. Судың тіршілікке жарамсыз ортаға айналуына қарай, онда жүретін анаэробты процестер басым болып шығады. Анаэробты процестер судың екінші ретте ластануына әкеледі бұл процесті эвтрофтану деп атайды. Эвтрофтану дегеніміз антропогендік іс әрекеттер немесе табиғи факторлар арқылы биогенді элементтердің, оның ішінде, әсіресе азотпен фосфордың су көздеріне жиналып, су қоймаларының биологиялық өнімділігін арттыруы.

Су қоймаларының эвтрофтануына негізінде үлесін қосатын факторларға топырақ эрозиясын, ауыл шаруашылығында минералды тыңайтқыштардың көп пайдалануын, фосфорлы детергенттердің кең қолдануын, мал шаруашылығы қалдықтарынын қалай болса солай тасталуын, қышқылды жаңбыр тудыратын қасиеті бар ауаға тасталатын заттектерді және т.б жатқызуға болады.

Сулардың радиоктивті заттармен ластануы үлкен қауіптілік туғызады. Мысалы тіршілік белгісінен адам олған Маңғыстау жеріндегі Қошқар ата көлі өлі көл деп аталады, оның түбінде радиоктивтілігі бар 104 миллион тонна көлеміндегі өндіріс қалдықтары шөгіп жатыр. Осындай көп мөлшерде қалдықтардың пайда болуына себеп болған уран кеңін өндейтін химия кешені құрамындағы күкірт қышқылы зауыты, химия-гидрометалургия зауыты сияқты кәсіпорындары. Олар өздерінің қалдық сулары мен қоқыстарын ешбір залалсыздандырмастан, табиғи ойпаңға ағызып отырған.


Ақаба суды топтастыру және оларды тазалау әдістері.

Ақаба су деп бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір лас аймақ, оның ішінде елді мекен арқылы өткен су. Былайша айтқанда адамның тұрмыста және өндірістік іс-әрекетінде пайдаланылғаннан кейін шыққан су.

Ақаба су гетерогенді күрделі жүйе болып саналады, оның құрамында болатын органикалық және минералды түрде кездеседі. Құрамы мен пайда болған түріне байланысты ақаба сулар үш негізгі категорияға шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді.

Ақаба судың шаруашылық-тұрмыстық ластағыш түріне байланысты зәрнәжістік ластанған және шаруашылық ластанған болып ажыратылады.

Негізінде минералды заттектермен қатар олардың құрамында органикалық заттектер, бактериялар, микроорганизмдер болады. Өндірістік ақаба сулардың құрамы технологиялық процестер мен қолданылатын материалдар түріне және шикізаттың химиялық қасиеттеріне тәуелді. Өндірістік ақаба су ластанған және нормативтік таза болып ажыратылады. Атмосфералық ақаба су нөсер және қар суы болып бөлінеді.

Табиғатты, қоршаған ортаны ластанудан қорғау мен табиғи ресурс ретінде тиімді пайдалану мақсатында қайтарылып қолдану үшін ақаба су құрамындағы ластағыш заттардың түрі мен мөлшеріне қарай әртүрлі әдіспен тазаланылады. Бұларға механикалық.


Механикалық әдісте ақаба судағы ірі және ұсақ түйірлі тез тұнатын бөлшектерді өздігімен тұндырып немесе оларды және қалқып шығатын заттектерді тұңдырғыш, сүзгіш, құмұстағыш арқылы өткізіп, немесе әртүрлі конструкциялық техника құралдарын қолданып, ал беттік ластағыштарды-мұнайұстағыш, май мен смолааулағыш жабдықтармен материалдарды пайдалану арқылы жояды.


Химиялық әдісте ластағыштардың физикалық-химиялық қасиеттерін ескере отырып, оларды химиялық агенттерді қолдану арқылы жояды. Химиялық тазалауда қолданылатын негізгі әдістерге нейтралдау, тотықтыру және тотықсыздандыру жолдары жатады.


Нейтралдау процесін құрамындағы қышқылы немесе сілтісі бар ақаба суының рН мағынасын 6,5-8,5 аралыққа келтіру мақсатында қолданылады. Нейтралдау үшін қышқылды ақаба суымен сілтілі ақаба суын араластыруға, реагенттер қосуға, ақаба суын нейтралдау қасиеті бар сүзгіш материалдар арқылы жіберуге болады. Сүзгіш материал ретінде әк, мрамор және доломит қолданылады. Бұл әдіспен әдетте, құрамындағы әр түрлі минералды қышқылдары бар ақаба сулары тазартады. Сілтілі суларды нейтралдау мақсатында құрамындағы СО, SО,NО оксидтері бар түтінді газдарды жіберу әдісі меңгерілуде бұл жағдайдың қолайлығы екінші жағынан тастандылардың құрамындағы зиянды заттардан құтылу мәселесіде шешіледі.


Тотықтандыру процесі ақаба суындағы улы қоспаларды басқа жолмен шығару қолайсыз немесе мүмкін емес болғанда ғана қолданылады. Ақаба суды тазалауүшін тотықтырғыш ретінде газ тәрізді немесе сұйытылған хлор, ауа оттегі, озон, сутек тотығы, калий перменганаты және басқа реагенттер пайдаланылады.


Озондау ақаба суын мұнай өнімдерін , фенолдан, күкіртті сутектен, цианидтерден және басқа да қоспалардан тазалауға қолданылады. Күшті тотықтырғыш болғандықтан озонның сулы ерітінділердегі органикалық заттектерді және басқа қоспаларды ыдырататын қабілеті өте жоғары. Сонымен, бірге суды озондағанда оған жағымсыз иісі, дәмі, бояуы жоғалып, залалсызданады. Хлорлау әдісімен салыстырғанда озондау әдісінің артықшылығы бар, біріншіден озонды тікелей су тазалайтын жерде озонаторларды орнатып, ауа оттегінен электр тоғын ажырату процесін пайдалану арқылы алуға болады. Екіншіден, хлорлау бірқатар жағдайларда ауыз суда зиянды заттектердің соның ішінде мутагендер мен канцерогендер түзілуіне апрып соғуы мүмкін, сондықтан оның орнына озондау әдісінің қолданылғаны қолайлы.


Қазақстан Республикасының су ресурстарының негізгі бөлігін мұздар, өзендер, көлдер, және жерасты суларынан тұрады. Негізгі мұздар массасы шығыстағы елдерде, 4000м биіктікте Тянь –Шянь, Саура, Алтай, Алатау орналасқан. Таулы жүйелерде 2724 мұздықтар ауданы 1963,3км2 , көлемі 98,4км3. Қазақстандағы кең үлкен мұздықтар күрделі жазықтық Корнежевский, Талғарға түсіп Заилий Алатауынның массивіне әкеледі. Мұздықтар ұзындығы –12км, ауданы –38км2, қалыңдығы –300м. Қазақстанда мәңгі мұздықтардың жалпы ауданы 16760км2. Төменгі шекарасы Алтайда орналасқан ол 2000м, ал Саурада –2300м, Джунғар алатауда 2800м, Тань-Шяньда 3000м құрайды. Мұздардың жылжуы өте аз жылдамдықпен ( 0-ден –50...70м/жыл) және де қалыңдығына, ол мұздың төменгі температурасына және жауын-шашынның аз түсуі(немесе 1000мм/жыл) байланысты. Қазақстан Республикасының негізгі су ресурстарының көзіне өзердер ағымы, орташа көлемі 100км3құрайды, ал қалған 43 пайызын қытайдан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан және Ресейден түседі Қазақстанда су ресурстары бір келі орнаспаған. Өзердердің көбі тұйықталған бассейннен Каспийге және Арал теңізіне, Балқаш көлінен Тенгизге шектеседі. Қазақстандағы көп өзенді суларға Иртышты айтуға болады. Су қорларының көбеюіне қардың еруі жауын-шашынның көлеміне және мұздардың еруін атап өтуге болады. Иртыш Өзенінің соңы жылдары 15 түрлі экстремальды ластануын және мырышпен деңгейі 100...342ШБК -ның шамасы технологиялық тазартылу құрылғыларында Иртыш полиметаллургия комбинатында байқалды. Қазақстан Республикасының тау-кен және металлургия өнеркәсібтерінде Шығыс Қазақстан облысының аймағы бойынша ағызынды сулардың құрамында түсті және концентрлі ауыр металдар тұздарымен ластаудың ең негізгі көздері болып табылады. Осындай жағдайлар Нұра және Шерубай –Нұра объектілеріде( екінші реттік сынаппен, оның деңгейі шамамен 1,2м, массасы бінеше жүздік тоннаға) жетеді. Судың ластануы өзендерде келесі түрде : Иртыште –1,6, Оралда –0,7, Нұрада –3,8, Ишимде-1,3, Таласта –0,5, Шу –0,7, Сырдария 2,6 бөлінген. Қазақстан Республикасының аймағында өзендер әр жерде орналасқан. Солтүстікте 21580 өзен, орталық және оңтүстікте 17554. Ең үлкен көлдер Балқаш пен Тенгиз (Орталық Қазақстанда). Алакөл және Сасыккөл Джунгар беткейінде. Судың алмасу түрі ағынсыз, периодты ағынды, ағынды өзендер болып келеді Судың негізгі массасын ағынды өзендер құрайды. Су баланс компоненттері (жоғарғы ағындар, жауын-шашын, жерасты сулары, булануы мен фильтрациясы) өте жылдар өзгерістерінің нәтижесінде, ұсақ сулардың деңгейінің төмендеуі, кей жағдайда жаза кеуіп және қыста қатуы, мүлдем ұсақ сулардың кеуіп кетуі байқалады. Көлдердің су деңгейі циклды өзгеріп отырады. Қазақстан Республикасының жерасты сулары орташа 41,6км3/жыл құрайды. Негізінен жерасты және жер үсті сулары біркелкі таралмаған. Атырау, Маңғыстау, Ақмола, Көкшетак, Батыс –Қазақстан облыстары жерасты суларына өте тапшы. Техногенді ластауыш көздерінің көбеюіне байланысты сумен қамтамасыз ету Қарағанды, Тараз, Алматы және Ақтөбе жағдайлары күрт төмендеген.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

Глоссарий iconГлоссарий Дәрістер Практикалық сабақтар Студенттің өздік жұмысы глоссарий
«050901» «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті қолдану» мамандығына арналған
Глоссарий icon1. Глоссарий Дәрістер Практикалық және лабораториялық сабақтар Студенттің өздік жұмысы глоссарий
Деректер базасы (ДБ) – бұл қандайда бір пәндік облысқа жататын құрылымдық деректердің аталынған жиынтығы
Глоссарий iconЧтобы помочь вам в понимании лекций, в этот глоссарий включены термины, определения которых трудно найти, а также слова, которые вам могут быть незнакомы
Приведенные здесь дефиниции отражают только те значения слов, в которых эти слова используются в лекциях; глоссарий не предназначен...
Глоссарий iconМазмұны
Глоссарий
Глоссарий icon1. Глоссарий
Компьютерлік желі – 2 немесе одан да көп компьютерлер арасындағы физикалық байланыс
Глоссарий icon«Телерадиожурналистика теориясы мен әдістемесі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені 2010 жылғы
Глоссарий
Глоссарий iconГлоссарий туризмологии
«а ля карт» – вид обслуживания, предусматривающий свободный выбор клиентом порционных блюд из предлагаемого ресторанного меню
Глоссарий iconГлоссарий
Абстрагирование логический прием, суть которого состоит в мысленном выделении одних признаков предмета при отвлечении от других
Глоссарий iconГлоссарий
...
Глоссарий iconДӘріс кешені глоссарий (анықтама, сөздік)
Нуклон протон мен нейтронның жалпы саны, атомның салыстырмалы атомдық массасын көрсетеді
Разместите кнопку на своём сайте:
kaz.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz.docdat.com
Главная страница