18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау




Скачать 271.7 Kb.
Название18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау
страница1/2
Дата конвертации01.03.2016
Размер271.7 Kb.
ТипДокументы
  1   2


Павлодар облысы

Ертіс ауданы әкімдігінің

2013 жылғы «3» қаңтардағы

№ 1/1 қаулысымен бекітілді


«18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға

мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау»

мемлекеттік қызмет

РЕГЛАМЕНТІ


  1. Жалпы ережелер


1. «18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, «97» мекен-жайы бойынша орналасқан «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі. Жұмыс кестесi: демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi орган болмаған жағдайда тұтынушы мемлекеттiк қызмет алу үшiн мекен-жайлар тізбесі осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген ауылдық округтiң әкiмiне (бұдан әрi – ауылдық округтiң әкiмi) жүгiнедi.

Сонымен қатар мемлекеттік қызмет Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, И.Байзақов көшесі, 14, мекен-жайы бойынша орналасқан «Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Ертіс аудандық филиалы арқылы баламалы негізде көрсетіледі. Жұмыс кестесі: түскі үзiлiссіз, күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн, демалыс - жексенбi.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

4. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – Стандарт) № 394 қаулысы негiзiнде көрсетіледі.

5. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға: 18 жасқа дейiнгi балалары бар, отбасының жан басына шаққандағы табысы азық-түлiк себетi құнынан төмен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға (бұдан әрi – тұтынушылар) көрсетiледi.

6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi 18 жасқа дейiнгi балаларға жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткiзгiштегi дәлелдi жауап болып табылады.


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне талаптар


7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдері:

1) мемлекеттік қызетті көрсету мерзімдері тұтынушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап:

уәкілетті органда – он жұмыс күні iшiнде;

тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкімінде – отыз күнтізбелік күннен аспайды;

2) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң жол берiлетiн ең көп уақыты, кезектегі адам санына байланысты бір өтініш берушіге қызмет көрсету уәкілетті органда 15 минут, ауылдық округ әкімінде – 30 минут;

3) тұтынушыға өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi тұтынушыға қызмет көрсетудiң жол берiлетiн ең көп уақыты уәкілетті органда – 15 минуттан аспайды, ауылдық округ әкімінде – 30 минут.

8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту және (немесе) тоқтата тұру үшiн негiздер Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау уәкілетті органның бір жауапты адамымен, ауылдық округ әкімімен (ауылдық округі әкімі аппаратының жауапты маманымен) алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде жүзеге асырылады.



  1. Мемлекетті қызметті көрсету барысында әрекеттер (өзара әрекеттер) тәртібін сипаттау


10. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.

11. Барлық қажеттi құжаттарды тапсырғаннан кейiн тұтынушыға уәкiлеттi органда – тұтынушыны тiркеу және оның мемлекеттiк қызметтi алу күнi, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне уәкілетті органда мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – бірліктер) қатысады:

тұтынушы уәкілетті органға өтініш бергенде:

уәкілетті органның жауапты адамы;

уәкілетті органның сектор меңгерушісі;

уәкілетті органның бастығы;

тұтынушы тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне жүгінгенде:

ауылдық округінің әкімі (ауылдық округ әкімі аппаратының жауапты адамы);

уәкілетті органның жауапты адамы;

уәкілетті органның сектор меңгерушісі;

уәкілетті органның бастығы.

13. Әрбір бірліктер әкімшілік әрекеттерінің (процедураларының) жүйелілігі және өзара әрекеттері, әрбір әкімшілік әрекеттің (процедураның) атқарылу мерзімін қоса көрсеткенде жазбаша кестелік сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшада көрсетілген.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету жүрісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық жүйелілігі арасындағы қарым-қатынасты көрсететін сызба осы регламентке 3-қосымшада көрсетілген.



  1. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды

тұлғалардың жауапкершілігі


15. Уәкілетті органның лауазымды қызметкерлері, ауылдық округінің әкімі (ауылдық округі әкімі аппаратының жауапты маманы) мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қабылданған шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады.


«18 жасқа дейiнгi балалары

бар отбасыларға мемлекеттiк

жәрдемақылар тағайындау»

мемлекеттік қызмет

регламентіне 1-қосымша


Ауылдық округтер әкімдері мекен-жайларының тізбесі


р/с №

Ауылдық округтің атауы

Ауылдық округ әкімінің орналасқан мекен-жайы

1

2

3

1.

«Ертіс ауылы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Богенбай көшесі, 97

2.

«Голубовка ауылы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Голубовка ауылы, Целинная көшесі, 20

3.

«Аманкелді ауылы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Аманкелді ауылы,

ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты

4.

«Ағашорын ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ағашорын ауылы, Богенбай көшесі, 5 А

5.

«Иса-Байзақов ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Байзақов ауылы, Николаев көшесі,1

6.

«Қосағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Қосағаш ауылы, Абылайхан көшесі,1

7.

«Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Қызылжар ауылы, Комсомол көшесі,17

8.

«Қоскөл ауылы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Қоскөл ауылы,

ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты

9.

«Қарақұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Қарақұдық ауылы,

ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты

10.

«Қызылқақ ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Қызылқақ ауылы, Ленин көшесі,12

11.

«Ленин ауылы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ленин ауылы, Целинный көшесі, 1

12.

«Луговой ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Луговой ауылы, Жамбыл көшесі, 1

13.

«Майқоныр ауылы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Майқоңыр ауылы, Дзержинский көшесі, 12

14.

«Панфилов ауылы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Панфилово ауылы, Горобец көшесі, 1 А

15.

«Северный ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Северный ауылы, Садовая көшесі, 55

16.

«Сілеті ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Сілеті ауылы, Школьный көшесі, 2

17.

«Тоқта ауылы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Тоқта ауылы, Центральный көшесі,5

18.

«Ұзынсу ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ұзынсу ауылы, Ленин көшесі, 14

«18 жасқа дейiнгi балалары

бар отбасыларға мемлекеттiк

жәрдемақылар тағайындау»

мемлекеттік қызмет

регламентіне 2-қосымша


Құрылымдық-функционалдық бірліктердің (бұдан әрі – бірліктер) әрекетінің сипаттамасы

Уәкілетті органға өтініш бергенде бірліктер қимылдарының сипаттамасы:


Негізгі үдерістің (жүріс, жұмыс ағыны) әрекеттері

1

Әрекет № (жүрістің, жұмыс ағынының)

1

2

3

4

5

2

Бірліктердің атауы

Уәкілетті органның жауапты адамы

Уәкілетті органның жауапты адамы

Уәкілетті органның сектор меңгерушісі

Уәкілетті органның бастығы

Уәкілетті органның жауапты адамы

3

Әрекеттің (процестің, процедура, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Қажетті құжаттарды қабылдау, тіркеу, тұтынушыға талон беру

Жәрдемақы тағайындау, Жәрдемақы тағайындау туралы хабарламаның жобасын не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды

Жәрдемақы тағайындауды тексереді, жәрдемақы тағайындау туралы шешімге қол қояды

Жәрдемақы тағайындау туралы хабарламаға не мемлекет-тік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды

Тұтынушыға жәрдемақы тағайындау туралы хабарламаны не мемлекет-тік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты береді

4

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешімі)

Талон

Жәрдемақы тағайындау туралы хабарламаның не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасы

Жәрдемақы тағайындау туралы шешім

Жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

Жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

5

Орындау мерзімі

15 минуттан аспайды

4 жұмыс күні

2 жұмыс күні

2 жұмыс күні

15 минуттан аспайды

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

4

5




Ауылдық округ әкіміне жүгінгенде бірліктер қимылдарының сипаттамасы:


Негізгі үдерістің (жүріс, жұмыс ағыны) әрекеттері

1

Әрекет № (жүрістің, жұмыс ағынының)

1

2

3

4

5

6

7

2

Бірліктердің атауы

Ауылдық округ әкімі (ауылдық округі әкімі аппаратының жауапты адамы)

Ауылдық округ әкімі (ауылдық округ әкімі аппаратының жауапты адамы)

Уәкілетті органның жауапты адамы

Уәкілетті органның сектор меңгерушісі

Уәкілетті органның бастығы

Уәкілетті органның жауапты адамы

Ауылдық округ әкімі (ауылдық округ әкімі аппаратының жауапты адамы)

3

Әрекеттің (процестің, процедура-ның, операция-ның) атауы және олардың сипаттамасы

Қажетті құжаттарды қабылдау, тіркеу, тұтынушыға талон беру

Түскен құжаттардың тізілімін жасау, құжаттарды уәкілетті органға бағыттау

Жәрдемақы тағайындау, жәрдемақы тағайындау туралы хабарламаның жобасын не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды

Жәрдемақы тағайындауды тексереді, жәрдемақы тағайындау туралы шешімге қол қояды

Жәрдемақы тағайындау туралы хабарламаға не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды

Ауылдық округ әкіміне жәрдемақы тағайындау туралы хабарламаны не мемлекет-тік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды

Тұтынушыға жәрдемақы тағайындау туралы хабарламаны не мемлекет-тік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты береді

4

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешімі)

Талон

Түскен құжаттар тізілімі

Жәрдемақы тағайындау туралы хабарламаның не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасы

Жәрдемақы тағайындау туралы шешім

Жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

Жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

Жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

5

Орындау мерзімі

30 минут

5 күнтізбелік күн

11 күнтізбелік күн

4 күнтізбелік күн

4 күнтізбелік күн

4 күнтізбелік күн

30 минут

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

4

5

6

7




«18 жасқа дейiнгi балалары

бар отбасыларға мемлекеттiк

жәрдемақылар тағайындау»

мемлекеттік қызмет

регламентіне 3-қосымша


Уәкілетті органға өтініш бергенде мемлекеттік қызметті

ұсыну үдерісінің сызбасы

  1   2

Похожие:

18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау icon18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау
Осы «18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан...
18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау icon18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау
Арағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 21 желтоқсанда №2046 тіркелген
18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау icon18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді. Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті...
18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау iconБалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы
...
18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау iconМектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою
«Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою»
18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау icon2012 жылғы «07» қарашадағы
Мемлекеттiк қызметтiң атауы: «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» (бұдан әрi – мемлекеттік қызмет)
18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау icon«Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты
Р Үкіметінің 2012. 17. 08. №1059 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр ред.қара)
18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау icon«Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау iconҚР тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде тұрғын үйлерді алуға
Ылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде салынған тұрғын үйлердi сату ережесiнің 13-4-тармағын басшылыққа...
18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау iconМектепкедейiнгiбалаларұйымдарынажiберуүшiнмектепке дейiнгi (7 жасқадейiн) жастағыбалалардыкезеккеқою
Осы «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
kaz.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz.docdat.com
Главная страница