Лекциялық материалдың мазмұны




НазваниеЛекциялық материалдың мазмұны
страница1/17
Дата конвертации05.02.2016
Размер2.42 Mb.
ТипЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


Қостанай мемлекетік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы


«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


Қостанай, 2009.


Мазмұны


Типтік бағдарлама………………………………………………………………………… 3

Пәннің жұмыс бағдарламасы.................................................................................................13

Студентке арналған пәннің жұмыс бағдарламасы (силлабус)................................................................................................................................32

Лекциялық материалдың мазмұны.......................................................................................35

пәннің семинар жоспары және әдістемелік нұсқауы....................................................................................................................................41

Глоссарий ...............................................................................................................................44

Студенттің оқытушының басшылығымен игеретін тақырыптары және

әдістемелік нұсқау..................................................................................................................46

Студенттердің өз бетімен игеретін тақырыптары.(СӨЖ)..............................................................................................................52

Студенттердің білімін бағалау жүйесі.................................................................................55

Аралық бақылау тапсырмалары............................................................................................57

Реферат сұрақтары..................................................................................................................58

Әдебиеттер..............................................................................................................................60

Курсты оқыту саясаты және процедурасы ..........................................................................61

Лекция материалдары...........................................................................................................................63

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы..............................................................117


Типтік оқу жоспары

Жоғары кәсіптік білім


Түркі халықтарының тарихы

05114 – Тарих мамандығы бойынша


Кредит саны – 3 (135 сағат)


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым

Министрлігі


Алматы, 2006


Алғы сөз

1 Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша Оқу-әдістемелік секциясы ЖАСАҒАН және ҰСЫНҒАН.

2. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 22.0б.2006ж., Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының Хатгама шешімімен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА рұқсат етілген.

3 АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН

4 Типтік оқу бағдарламасы 050114 - тарих мамандығы бойынша Мемлекеттік жалшыға міндетті білім стандартына сәйкес жасалған.

3 Бағдарламаны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарих факультетінің кеңесі 01.07.06. №7 хаттамасымен ұсынған.

Типтік бағдарлама Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз көбейтілмейді және таратылмайды.


Түсінік хат

Қазақстан Республикасы педагогтік жоғары оқу орындары тарих факультеттерінің оқу жоспарларына «Түркі халықтарының тарихын» міндетті пән ретінде енгізу, Кеңестер Одағы тарағаннан кейін тәуелсіз түркі тілдес мемлекеттердің пайда болуына байланысты саяси конъюнктура үшін емес ал керісінше пісіп жетілген ғылыми - қоғамдық сұранысты қамтамасыз ету үшін дер кезіндс жүзеге асырылған. 70-тей дерлік халық пен жұрт -жалпы саны 200 млн-дай түркі тілді этностар мен ұлттардың тарихы толыққанды тарих пәндерінің бірі ретінде оқытылуға әлдеқашан-ақ лайық еді. Көшпелі және отырықшы түркі халықтарының бүгінгі таңда әлемдік өркениет пен мәдениетке теңдесі жоқ үлес қосып отырғандығын жоққа шығаруға болмайды. Сонымен қатар түркі халықтарының тарихын жүйелі және дәйектілікпен оқып білмей тарих білімін терең меңгеру мүмкін емес. Екінші жағынан, Отандық тарихты толыққанды, терең оқын-үйрену, қазақ халқының қалыптасуы ХІҮ-ХҮгғ. жүзеге асты деген ғылымда қалыптасқан фактіні көрсету, түркі тайпаларының ерте және орта ортағасырлардағы тарихынан міндетті түрде бастау алуы және соның негізіне сүйенуі тиіс.

Түркі халықтарының тарихын оқыту үлкен қиындықтар мен күрделі мәселелерден тұрады. Ол ең алдымен, іс жүзінде білікті мамандардың жоқтытынан туындайтын ғылыми жете зерттелгеи типтік бағдарламаның, мықты оқулықтар мен оқу құралдарының жоқтығына байланысты. Жаңа пәннің ғылыми базасын жасау өз бетіне жіберілген. Бұған ҚР Білім және ғылым министрлігінің қамқорлығымен 2001 жылы тарих факультеттері үшін шығарылған түркі халықтары тарихының типтік бағдарламасы арқылы көрнекті түрде көз жеткізуге болады. Құрастырған Досымбаева А.М. Бұл бағдарлама кәсіби талапқа сай құрастырылмаған: түрі мен мазмұны және методологиялық жағынан да типтік бағдарламаларға қойылатын талаптарды ешқандай қанағатандырмайды. Бұл типтік бағдарлаама пән туралы түсінікті көрсетпейді: археология, мәдениеттану, саясаттану, этнография және ең соңында тарихтан үзік-үзік материалдар мен ережелер жиынтығының қойыртпағы болып табылады. Әдебиеттер тізімі мүлде білімсіз жасалған, оған пәнге ешқандай қатысы жоқ журналдық мақалалар, облыстық конференция материалдарының тезистері кіргізілген. Құрастырушы керек болса қазақстандық зерттеушілер дайындаған оқу құралдарының авторларын да атамайды.

Біз бұл бағдарламада туркі халықтарының тарихына арналған жұмыстардың жетістіктері мен кемшіліктерінен сабақ алуға тырыстық. Сонымен қатар М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің тарих факультетінде оқытылатын «Оңтүстік және батыс славяндардың тарихы» курсы бойыпша типтік бағдарлама құрастыру тәжірибесін де пайдаландық. Бұл курстың сипаты, мақсаты біздің пәнге өте тамаша үйлеседі, себебі қай жағдайда болмасын зерттеу обьектісі халықтардың бастау алатын тарихы болып табылады: бірінші жағдайда-қазіргі славяндардікі, екінші жағдайда- түркі этностары мен ұлттарыныкі.

Бағдарламаны құрастыру барысында біз материалды баяндауда ішінде түркі халықтарынң өмірі өтіп жатқан конфессоналды-мәдени, мемлекеттік-саяси құрылымдардың өзіндік сипаты мен ерекшеліктерінің мағыналық мәтініне сай дәстүрлі елтаулық негізді сақтадық..

Кіріспе лекция

«Түрік» этносы және этнонимі. Түркі этностары және түркі тілдес халықтар. Олардыц территориялық орналасуы. Постратиттік тілдер. Тілдердіц алтайлық макросемьясы. Батыс түрік және шығыс түрік тілдсрі. «Лингвистикалық археология». Қазіргі түркі әлемі.


Хунну тарихы (сюнну, ғұндар)

Хунндар туралы алғашқы тарихи мағлұматтар. Олардың қоныстанған территориясы. Қытай тарихи хроникалары - «Ши-цзи», «Хань шу», «Хоухань шу» және басқалары хунндар туралы. Хунну державасының құрылуы, территориясы. Тұман-шаныой, Моде-шанюй, Лаошань-шаньюй. Хунндар және қытай династиясы Хань. Хунндардың қоғамдық-саяси құрылысы, шаруашылығы жэне мәдениеті, діні, әскери ісі және өнері. Мемлекеттік құрылысы. Жоғары өкімстті мұралану. Б.з.д. г. аяғына таман Хунндар державасының әлсіреуі. Хань қуатының күшеюі. Император Уди Чжан Цянның елшісінің юэчжилерге дипломатиялық миссиясы. Қазақстан тсрриториясындағы ерте мемлекетгік құрылымдар: Қаңлылар, үйсіндер. Яньцай (Алания). Қытайдың батысқа экспансиясы. Ферғананы бағындыру. Бүлік, жұт жэне б.з.д. I г. бірінші жартысында хунндардыц жеңілуі. Хунндар державасыныц шығыс және батыс бөліктерге бөлінуі. Шашнюй Хуханье және Чжичжи. Хухаиьсіннің Хань империясының бодандығын қабылдауы. Қазақстан территориясындағы Хунндар. Алгашқы толқын - б.з.д. І ғ. екінші жартысы. ІІІаньой Чжичжи. Оның өлімі. Хундар миграциясының екінші толқыны - батысқа, б.з.Іғ. аяғында Орталық Қазақстан территориясына. «Әлсіз» хунндар Шығыс Қазақстанда. Юэбань мемлекеті. Юэбандардың жетісуға біртіндеп енуі жэне олардың «Үйсіндердің ежелгі жерлерін» алуы.Ғұндар Еуропада. К.А.Иностранцевтің «ғұндар» деген терминді ғылыми айналымға енгізуі. Хунндар мен ғұндардың этникалық қай құрамға жататындығы, олардың қай нәсілден шыққандығы туралы дискуссиялар. Аммиан Марцеллин, Прииск, Иорданның ғұндар туралы еңбектері. Аттила империясы. Оның қуаттылығы және Аттила өлгеннен кейін құлауы. 451 жылғы Каталаун даласындағы «халықтар шайқасы». Шайқастыц нәтижесін бағалаудағы қате түсінік, еуропацентристік бағалау. Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы түркі халықтарының құрылуындағы ғұндардың ролі. Ғұндар Қазақстан территориясында. Олардың ежелгі мемлекет Яньцайды (Алания, Судэ) басып алуы. Қазақ халқының этногенезіндегі хунндардыц (і-үндар) ролі. Үйсіндердің этникалық қай құрамға жататындығы және қазақ халқыныц этногенезіндсгі ролі туралы дискуссиялар. Ежелгі орта ғасырлардағы түркі мемлекеттері.

Түрік қағанаты. Түркілердің пайда болуы туралы аңыздар. Олардың мекендеген аймағы. Түріктер жужандардың (аварлар) қол астында. Түрік тайпалық одағының нығаюы. Оғыздарды бағындыру. Түріктердің жужандарды талқандауы және Түрік Елінің - мемлекетінің, қағанатының құрылуы. Бумын қаған. Мұқан-қағанның билігі. Түріктердің Қазақстанды, Орталық Азияны, Солтүстік Кавказды жаулап алуы. Эфталиттермсн соғыс, Иранмен одақ. «Эфталипік мұраны» бөлісу. Қытаймен ара қатыиас, олардың түріктердің күші мен қуатын мойындауы, сыйлықтар (алым) төлеу. 'Түрік қағанатында жоғары биліктің бастапқы кезден бөлінуі. Естеми-жабғының (қаған) батыстағы билігі. Мұқан-қаған және Естеми-қаған өлгеннен кейін түрік мемлекетінде жоғары билік үшін күрестің және сепаратизмнің күшсюі. УІІг. басында Батыс түрік қағанаты жэне Шығыс түрік қағанатына беліну. 630 жылы Шыгыс түрік қағанатын қытайлардың бағындыруы.

Батыс түрік қағанаты. Жегуй-қаған мен Түн-жабғы қаған кезінде мемлекеттің күш-қуатының тасуы. Византиямен одақтастық қатынастар, интенсивті дипломатиялық байланыстар, Ираимен согыс. Орталықтан тепкіш күштің күшеюі. Мемлекеттік бірлестіктердің пайда болуы: Ұлы Бұлгария, «Он оқ бүдун», Хазар қаганаты. Дулу және нушиби тайпалық одақтарының арасындағы билік үшін күрес. Соғды колонистері Оңтүстік Қазақстанда, соғды көпестерінің, соғды тілінің және жазбасының ролі. Қытай әскерінің Жетісуға баса-көктеп енуі жэне 659 жылы Батыс түрік қағанатының құлауы.

Мемлекеттік құрылыс. Түрік феодалдық лауазымдары: қаған, жабғы, шад, тегін, елтебер, тархан. Жоғары билікті мұралану. Түріктердің шаруашылығы, тұрмысы, діні: тәңірілік, манихеймнің таралуы. Ұлы Жібек жолының маңызы, түріктер кезінде оның солтүстік тармағының - Сырдария, Арал теңізінің солтүстік-батыс жағалауы бойымен, Солтүстік Каспий, Солтүстік Кавказ арқылы Византияға баратын бөлігінің рөлінің өсуі.

Түрік жазба ескерткіштері. Олардың зерттелу дәрежесі. Вильгельм Томсен, В.В.Радлов, С.Е.Малов, С.Г.Кляшторный. Күлтегіннің, Білге-қағанның, Тоныкөктің құрметіне тұрғызылған ескерткіштердің, соғды тілді Бугут жазбасының тарихи маңызы. Моңғол ғалымы Баярдың Білге-қаган моласындагы қазіргі кездегі жаңа археологиялық ашулары.

Екінші Шығыс түрік қағанаты. Шығыс түріктердің таугаштар (қытайлар) үстемдігіне қарсы көтерілісі. Құтылықгың басшылығымсн жеңіске жету. Түрік мемлекетін қалпына келтіру. Елтеріс (Құтылық)-қаған. Білге-қаған ксзінде екінші Шығыс түрік кағанатының гүлденуі. Түргеш қағанатын багындыру. Арабтармен соғыс. Білге-қаған өлімінен кейін екінші Шыгыс түрік қағанатының әлсірсуі. Түріктердің қол астындағы басмылдар, үйғырлар жэне қарлұқтардың көтерілуі. Түріктер билігін құлату.

Түргеш қағанаты. ҮІ г. Аяғында Жетісуда, «Он оқ будун» жерінде Түргеш қағанатының құрылуы. Түріктердің Сақал-қағанды талқандауы, оның өлімі, елді түріктердің алуы, түргештердің батысқа қарай шегінуі, (печенегтер) қақтығысу. Сұлық (Сұлу)-қаған. Арабтармен соғыс, Сұлық (Сұлу)-қағанның шығыстағы дипломатиялық жетістіктері. Оның өлімінен кейін қағанаттың әлсіреуі. «Қара» және «сары» түргештердің күресі. Түргеш кағанатының құлауы, түргештер «тухси» деген атаумен қарлұқ мемлекетінің құрамында.

Ұйғыр қағанаты. ҮШғ. 40-жылдарының аяғында Орталық Азияда ұйғырлардың гетемондығының орнауы. Ұйғыр қағанатының Қытаймен, қарлұқтармен және басқа да түркі тайпаларымен қарым-қатынасы. Манихейлік - қағанаттың мемлекеттік діні. Ұйғырлардың шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті. 844 жылы Ұйғыр қағанатының қырғыздардың (хакастар) шабуылдарының нәтижесінде құлауы.

Қарлұқ қағанаты. Қарлұқтардың Алтайдан Жетісуға миграциясы. Қарлұқтар ұйғырлардың қол астында. Қарлұқтардың билеушісі - жабғу. Қарлұқтардың түргештерді багындыруы, олардың билігінің Ферганага Шыгыс Түркестанның бір бөлегіне таралуы. ұйғырлармен, арабтармен соғыс. Қарлұқтар Қараханидтер мемлекетінің құрамында.

Оғыз және Қарахандар мемлекеті

Оғыз мемлсксті. Оғыздардың (теле) шығуы. Оғыздар түрік қағанатының тарихында. VI ғ. Оғыздардың бір бөлігінің Жетісуга қоныс аударуы. Оғыздар Батыс Түрік және Түргеш қағанапарьшың құрамында. VIII г. аяғында қарлұқтардың қысымымен Оғыздардың Сырдария өңіріне ығысуы. Псченегтермен соғыс. Оғыздар мемлекетінің құрылуы. Оғыз билеушісінің титулы - жабғу. Оғыздар туралы Ибн Фадлан, ал-Масуди, Рашид ад-дин, Махмуд Қашгаридің еңбектсрі. Қорқыт ата кітабы. Алихан Маликшах-хан кезінде Огыздар мсмлекетіиің күш-қуатының артуы. Хорезм, Салжұқтармен қақтығыс. Оғыз-салжұқтардың оңтүстік-батысқа, Оғыздардың бір билігінің (орыс жылнамаларында торки) оңтүстік-шығыс Еуропаға ығысуы. ХІ-ХП ғғ. қыпшақтардың оғыздарды Сырдария өңірінен Арал маңына ығыстыруы.

Қарахандар мемлекеті. «Қарахандар» терминінің және қарахандар династиясының шығуы. Қарахандар мемлекеті - Қарлұқ қағанатының мұрагері. Жетісу және Шығыс Түркістандағы түркі тайпалары. Қарахандар және Хорезмшах мемлекеттері. Қарахандардың Саманидтер мемлекетін талқандауы, Орталық Азияны алу. Қарахандардың және Газневилердің қарым-қатынастары. Салжұқтардың Қарахандарды бағындыруы. Жетісуда қарақытайлардың пайда болуы, Қарахандардың мемлекеттілігін сақтай отырып, оларды бағындыруы.

Қарахандар мемлекеті көшпелі және отырықшы-егіншілік өркениеітері жүйесінде. Қарахандар династиясының исламды ресми дін ретінде қабылдауы. Әскериленндік жүйе. Мұсылман-түркі мәдениетінің гүлденуі. Қалалардың гүлденуі, Қарахандар дәуірінің архитектуралық ескерткіштері. Гылым және поэзия. Махмұд Қашғари, Иусуф Баласағуни, Абул-Фадл Байхаки.


Хазар және қимақ қағанаттары

Хазар қағанаты. Хазарлардың шығуы және этникалық тегі. «Хазар» этнонимі. Хазарлар Батыс Түрік қағанатының құрамында. Хазар мемлекетінің кұрылуындағы Ашинаның - түркілерден шыққан патша тайпасының рөлі. Хазар қағанатының территориясы. Билеуші тон. Қағанның жоғаргы билігі. Тұрақты армияның болуы. Түрік жазбасы сияқты, мемлекеттік тіл - түрік тілі. Араб-хазар соғыстары. Шаруашылығы: отырықшы-егіншілік. Егіншіліктің дамуы, әсіресе жүзім шаруашылығы, бау-бақша, атақты хазар қарбыздары. Дамыган, бай балық аулау шаруашылығы. IX г. басында биліктің хазарларға көшуі, иудаизмді қабылдау, азамат соғысы, қағанныц қасиетті тулгаға айналуы, биліктіц екі жақтылығы. Хазарлардың Вчзантиямен, Киев Русымен қарым-қатынастары. Халықаралық саудадағы Хзарияның ролі. Этнос пен мемлекеттің бірте-бірте жойлуы. Хазар қағанатының тарихи ролі. Хазартанудыц қазіргі таңдағы жағдайы.

Қимақ қағанаты. Қимақтардың шыгу тегі мен орналасу аймағы. Деректер бойынша ІХ-ХІ ғғ. қимақтар мемлекеті. Шаруашылыгы, әлеуметтік-саяси жағдай.

Қыпшақ тайпаларының конфедерациясы

Қыпшақтардың шығу тегі мен орналасу аймағы. «Қыпшақ» этносы мен этнонимнің шығуы туралы С.Г. Кляшторный, П.Б. Голдеинің болжамдары. Есінші Шығыс түрік қаганатыидагы іүріктер мен қышііақтар. Қыпшақтар қимақ қаганатыныц қүрамында. ХІ-ХІІ гг. шамасындағы қыпшақ тайпалар конфедрациясының құрылуы. Қыпшақтар Қазақстан территориясында. Олардың шығыс және батыс болып бөлінуі. Қыпшақ мемлекетгілігі. Кыпшақтардыц оңтүстікке экспансиясы. Сырдария бассейні мен Сырдария бойындагы қалаларды алу. Қыпшақтар және Хорезм. Хорезмшахтың мемлекеттік саясатындағы қыпшақтардың (қаңлы) рөлі. Қыпшақтар және Киев Русі. Қыпшақтардың шаруашылығы, әлеуметтік және ру-тайпалық құрылысы. Қыпшақтар қазақ халқының этногенезінде.

Орта Азия мен Қазақстанды монғолдардың жаулап алуы.

Орта Азия мен Қазақстан моңғол шапқыпшылығы қарсаңында. XIII г. Басындағәы саяси және этиикалық жағгдайы. «Отырар апаты». Шыңғыс ханның хорезмшах Мұхаммедке қарсы жорығы. Хорезмшахтың жеңілуі. Шыңгыс ханның Хорезм мемлекетін және қыпшақ (қаңлы) иеліктерін жаулап аіуы. Шыцгыс хгнның моңгол импсриясын қүруы. Оңтүстік-Шығыс Казақстан және Дешті-Қыпшақ жері Шыңғысхан ұлдары ұлысының құрамында. Дешті-Қыпшақ - Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының ұлысы. Жошы ұлысының ұлғаюы және Алтын Орданың құрылуы. Тсрриториясы меп этникалық құрамы. Саяси құрылысы. Экономикасы және мәдениеті. Алтын Орданың астанасы - Сарай Батый-хан және оиың мұрагерлері кезінде. Сарай ал-Жадид Өзбек хан (1312-1342), Жәнібек хан (1342-1357) кезінде. 1395-1396 жж. Алтын Ордадағы «саяси құлдырау мен аумағының ыдырау» кезеңі. Жошының баласы Тоқа-Темірдің ұрпағы - Тоқтамыс ханның билікке келуі. Ресейге үстемдік жүргізуді қайтадан қалпына келтіру. Ллтын Орда және Темір мемлексті. 1395-1396 жж. Алтын Орданы Темірдің талқандауы. Орыс ханның баласы Қойыршақ ханның Алтын Орда тағына отыруы. Едіге бидің билігінің нығаюы. Алтын Орданың ыдырауының басталуы.


Алтын Орда мен Моғолстанның ыдырауы

Алтын Орда жэне Моғолстан территориясындағы этникалық процестер. «Өзбек», «ноғайлы» және «моғол» суперэтностары. Шығыс Дешті Қыпшақтағы Тоқа-Темірдің ұрпағы Орыс ханның Ақ Орда хандығы - болашақтағы қазақ мемлекетгілігінің үлгісі ретінде. Моғолстан мемлекеті және Темір мен оның ұрпақтарының империясы. Темірдің Моғолстанга қарсы жорықтары. Алтын Орданың ыдырауы және этникалық негізде тәуелсіз мемлекеітердің: шайбанидтер әулетінен шыққан Әбілхайыр ханның «көшпелі өзбектер мемдлекетінің», Қырым, Қазан, Астрахань, Қазақ, Сібір, Озбек хандықтары мен Ноғай Ордасының құрылуы. Моғолстанның ыдырауы. Шығыс Түркістанда Моғолия мемлекетінің құрылуы. Татар, қырым-татарлары, қазақ, ноғай, қарақалпақ, өзбек, қырғыз халықтарының қалыптасуы. Моғолия құрамындагы ұйғырлар.

Ежелгі және орта ғасырлардағы Түркияның тарихы

Кіші Азияның көне және ежелгі тарихы. Хеттер мемлекеті. Б.з.д. XIII г. Кіші Азияда грек-ахейліктердің пайда болуы. Ежелгі мемлекеттер: Фриғия, Кария, Лидия. Киммерлердің, скифтердің шабуылдары. Кельттер. Батыс және Орталық Анадолыны Рнм империясының басып алуы. Византияда Шығыс Рим империясыныц құрылуы. Сасанидтік Иранды арабтардыц талқандауы. Оңтүстік-шыгыс Анадолыдағы арабтардың үстемдігі. УПІ-Х ғғ. Кіші Азияға түркі тайпаларының енуі. Анадолы Салжұқтардыц жаулап алу қарсаңында. Кіші Азияның көне және ежелгі тарихындағы этникалық процестер. Газневи сұлтанаты, оны салжұқтардың талқандауы. Ұлы Салжұқтар мемлекеті. Югырыл бек. Сұлтан Мәлік шах. Салжұқтардың Византиямен соғысы. Мауераннахрды, оғыз жерлерін жаулап алу, Хорезмді багындыру. Ұлы сұлтан Санжар. Қараханидтсрді бағындыру. Санжардың қарақытайлардан жеңілуі. Ұы Салжұқтар мемлекетінің әлсіреуі және оның ыдырауы. Кіші Азиядағы Саллсұқтар мемлекеті (1077-1299). Оның тарихындағы дамудың үш кезеңі. Кресшілермен соғыс. Салжұқ сұлтанаты мен Данышмендид эмиралы арасындағы күрес. Қылыш Арсланның жецісі. «Рим сұлтанаты». Кіші Азияға моңгол шапқыншылығы. ХПІ-ХУ гғ. Түркия. «Рим сүлтанаты» қуатының пырқау шегіне жеткен кезі. Сұлтан I Ала әд-дин Кей-Қүбаданың (1219-1236) билігі. Закавказьені монғолдардың жаулап шығуы. 1243 жылы Кеседаг тубіндегі ұрыс. Салжұқтардың моңголдарға вассалдық тәуелділігін мойындауы. Сұлтан Кейхұсырау өлгеннен кейін «Рум сұлтанатының» әлсіреуі. Сұлтанатты хұлагуидалардың бағындыруы. Салжұқтар династиясының түткілікті жоқ етілуі (1307). Бейликтердіц құрылуы.Осман Еейликтігі. Осман-бей (1258-1324). Бейликтіліктің Орхан-бей, I Мұрат, I Баязит кезінде күш-қуатының артуы. Темірмсн соғыс, I Баязиттің жеңілуі. Аққойлы (Ақ-Қоюнлу) түрік тайпаларының конфедрациясы. Мехмед Фатих -шадолыны біріктіруші. Мехмед III Фатих. Константинопльдің құлауы (29 мамыр 1453 ж.). Осман империясы.

Қырым, Қазан және Астрахань хандықтары

Қырым ханы Сахиб-Гирей. Олардың Осман империясының сюзеренитстін қабылдауы. Дәулет Қажы Гирейдің билеуі. Хандықтың территориясы. Қырым хандығы және Ресей. IV Иванның Қырым ханына иассалдық тэуелділігін мойындауы. Қырым хандығы және Ноғай Ордасы. Қырым хандығы және Қазан хандығы. XVIII ғ. Ресейдің Қырым хандығын езіне қаратуы.Алтын Орда ханы Ұлы Мұхаммед. Оның Қазан хандығының негіз салуы. II Василийдің жеңілісі. Қазан хандығы мен Ресейдің арақатынасы.Қазан хандығы және Қырым хандығы. Қазан хандығы және Ноғай Ордасы.V Иванның Қазан хандығын бағындыруы (2 қазан 1552 ж.). Қазан татарларының этногенезі.

Үлкен Ордадағы (Алтын Орда) Кіші-Мұхаммедтің билігі, Махұмыт хан

1459 ж.). Ахмет ханның бүлігі. Махұмьптың Астрахань хандығының негізін ;алуы (1465 ж.). Мемлекетгің территориясы. Халқының этникалық құрамы. Астрахань хандығының ногайлармен, Қырым хандығымен, Ресеймен қарым-қатынастары. IV Иванның Астрахань хандығын жаулап алуы (1556 ж.).

ХҮ-ХҮШ гг. Қазақ хандығы

Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған кейбір Дешті Қыпшақ тайпаларының Батыс Моғолстанға көшуі. «Қазақ» деген терминнің шығуы, оның этимологиясы. Керейдің хан болып жариялануы, Қазақ хандығының құрылуы (1465 ж.). Қазақ хандары династиясының шығуы. Көшпелі өзбектердің ханы Әбілхайырдың өлімі. Қазақтардың ата жұртына оралуы. Хандықтың нығаюы. Бұрындық, Қасым, Хақ-Назар, Шығай, Тәуекел хандардың билігі.

Қазақ жерлерінің этникалық шекарасының бекітілуі. Қазақ хандығының Өзбек хандығымен, Моғолстанмен, Моголиямен, қырғыздармен, ара қатынасы. Қазақтар мен қазақ хандары туралы Фазлаллах ибн Рузбихан, Мирза Махмуд Хайдар, Қадырғали бидің еңбектерінің маңызы. ХҮІІ-ХҮШ ғ. басындағы қазақ хандығы. Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке ханның билеуі. Орбұлақ шайқасы - қазақ жауынгерлерінің теңдесі жоқ жеңісі. «Жеті жарғы». Қазақ-жоңгар және қазақ-ресей қарым-қатынастары. бытыраңқылықтың күшеюі. Жоңғар шапқыншылығы және оның зардаптары. Жүздердің - территориялық-саяси құрылымдардың пайда болуы. Қазақстанның Ресейге қосылуы. Қазіргі заман тұрғысынан бағалау.

ХҮІ-ХХ гғ. Өзбек хандығы

Орта Азияға көшпелі өзбектердің шабуыл жасауы қарсаңындағы 'Гемір мемлекеті. Өзбек хандығының құрылуы. Мұхаммед Шайбани. Өзбектердің моғолдармен, қазақтар мен қызылбастармен соғыстары. Мұхаммед Шайбанидің өлімі. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Өзбек мемлекеті. Бұхар және Хиуа хандықтары. II Абдаллах-ханның билеуі. Моғолдармен, қазақтармен, кырғыздармен қарым-қатынастары. XVII г. басында Өзбек хандығында шайбанилер династиясын (аштарханидтер) династиясының алмастыруы. 1753 жылы Өзбек хандығында (Бұхара эмірлігінде) маңғыттар династиясының орнауы. Парсыдағы Нәдір-шахиен соғыс. Шахмұрад-ханның (әмір) әкімшілік, әскери, сот жүйесіндегі реформалары. Ферғанада Қоқан-тәуелсіз хандығының құрылуы. Мингілер династиясы. XIX ғ. I жартысында Қоқан хандығының нығаюы.Ташкент, Ходжент, Қыргыздың біраз бөлігінің, Қазақстанның оңтүстік аудандарының қосылуы. Ресейдің Қоқанмен соғысуы, оның жеңілуі. 1876 жылы Қоқан хандығының Ресейге қосылуы. XVI г. басында Әбілхайыр ханның ұрпақтарының бірінің Хиуа хандығын қруы. Түрікмен, қарақалпақтарды бағындыру. 1817, 1839 жылдары Ресейдің Хиуаны бағындыру жолындағы әрекеттері. XVIII ғ. екінші жартысында Хиуада Қоңырат династиясының орнауы. Бұхара әмірлігінің және Хиуа хандығының Ресейге вассалдық тәуелділігі. 1920 жылы Бұхара және Хорезм халық республикаларының құрылуы. 1918 жылы «Қоқан автономиясының», Туркістан АКСР-нің құрылуы.

XV - XIX ғг. Әзербайжан

Әзербайжанның Ұлы Салжұқтар мемлекетінің құрамына енуі. Әзербайжандағы Шируаншаһ, Кесрани, Ильдегиздер династиялары билеген мемлекет. Этникалық процестер, әзербайжан этносының калыптасуындағы түркілік компоненттердің шешуші рөлі. Шируаншаһтар, жалайырлар мемлекеті.Қарақойлы (Қара-Қоюнлу) жэне Аққойлы (Ақ-Қоюнлу) мемлекетгік құрылымдары. Сефевилер мемлекеті. Түрік-сефенилер согыстары. Аббас шахтың реформалары. ХУІІ-ХУІП гг. Әзербайжан сефеевилер мемлекетінің құрамында. Әзербайжан халқының түрік-парсы үстемдігіне қарсы күресі. Әзербайжан иеліктері Ширван, Шемаханың ролі. 1724 ж. Закавказьсні болу туралы Орыс-түрік келісімі. XVIII г. 30 жылдарындағы Иран мсн Туркия арасындағы соғыстар. Әзербайжанның ұсақ иеліктері. Қазақ сұлтанаты. XVIII ғ. соңындағы орыс-иран соғыстары. XIX г. басында Гүлстан (1813), Туркменчай (1828) шарттарына сай Әзербайжаниың Ресей құрамына кіруі.


ХҮ-ХҮІІ гг. Ноғай Ордасы

Маңғыттардың Едіге ордасының құрылуы. Маңғыттар және көшпелі өзбектер. «Маңғыт», «ноғай» терминдерінің ара қатынасы. Ноғай Ордасы тәуелсіз саяси құрылым ретінде. Ноғайлардың орналасқан аймағы. Қазақ-ноғай қарым-қатынастары. Ноғай-қырым татарлары және Астрахань қарым-қатынастары. Ших-Мамай би және қырым ханы Мұхаммед Гирей. «Астрахань катастрофасы». Үлкен Ноғай Ордасы. Юсуф, Исмаил билігі, өзара қырқысулар. Алты ұлыс (Жем-Ойыл) ордасының құрылуы. Кіші Ноғай ордасы. Ормамбает би (1590-1597)-аңыздарда біртұтас халықтың қазақ және ноғай деп бөлінуі нағыз қасіретті оқиға ретінде. Қалмақтар Жайық пен Еділде. Ноғайлардыц батысқа кетуі: Қырымға, Солтүстік Кавказға. Қазақтар мен ноғайлардың тарихи-генетикалық байланыстары.

ХҮ-ХҮІІІ ғг. қырғыздар мен ұйғырлар

Моғолстан мен Моғолия қырғыздар мен ұйғырлардыц саяси тарихының бастау алар нүктесі. Қырғыз этносының қалыптасуындағы моғол кемпонентінің ролі. Моғол-қазақ, моғол-қырғыз ара қатынастары. 11 Абдаллах және Моғолстан. 1680 жылы жоңғарлардың Жаркендті жаулап алуы. Накшбандардың сопылық ордені, Моғолиядағы оның белогорлық жэис черноғорлық секталары. Моғолияның ішкі саяси өміріндегі қырғыздардың рөлі. 1702 ж. Қонтайшы Цеван-Рабтанның (1697-1727) Шығыс Түркістанды жаулап алуы. Цин, Жоңғар хандығын жойғаннан кейін, қазіргі Қытайдың Синьцзян провинциясы болып отырған - Шығыс Түркістанды жаулап алуы. 1762-1821 жж. қырғыздарды зорлықпен Қоқан хандығына қосу. 1925 ж. РСФСР құрамында Қара-Қырғыз АО-ның құрылуы.

Жаңа тәуелсіз түркі мемлекеттері

1991 жылы Кеңестер Одағының ыдырауы, 1918 ж. Актінің негізінде Әзербайжан Жоғарғы Кеңесінің мемлекеттің тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы Декларацияны қабылдауы (30 тамыз 1991ж.). «Әзербайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық актінің қабылдануы (18 қазан 1991ж.).

1990 ж. 25 қазанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің мемлекетіік суверенитет туралы Декларацияны қабылдауы. 1991 ж. 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңестің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңды қабылдауы.

Қырғызстан Республикасы Жоғаргы Кеңесінің Республика суверенитеті туралы Декларацияны (15 желтоқсан 1990 ж.), Қырғызстанның тәуелсіздігі туралы Декларацияны (31 тамыз 1991 ж.) қабылдауы. 1993 жылы Жоғарғы Кеңестің сессиясында Қырғызстан Республикасының атын Қырғыз Республикасы деп өзгерту туралы шешімнің қабылдануы.

1990 жылы 22 , тамызда 'Гүрікмен ССР-і Жоғарғы Кеңесініц Республиканың мемлекеттік суверенитеті туралы Декларацияны қабылдауы. 991 жылы 26 қазанда бүкіл халықтық референдум барысында республиканың тәуелсіздігі үшін сайлаушылардың 94%-нің дауыс беруі. 1991 ж. қараша айынан бастап мемлекеттің ресми атының Түрікменстан болып өзгеруі.

1990 ж. 20 маусымда Өзбек ССР-і Жоғарғы Кеңесінің Өзбек ССР-нің мемлекеттік суверенитеті туралы Декларацияны қабылдауы. 1991 ж. 31 тамызда Рсспубликаның Жоғарғы заң шығарушы органының Өзбекстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы және жеке тәуелсіз мемлекет - Өзбекстан Республикасының құрылғаны туралы жариялауы.

1992 жылы осы республикалардың барлығының БҰҰ-на мүшелікке қабылдануы. Осы республикалардың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.

Түркия жаңа және қазіргі заманда. Қазіргі түркі әлемі.


Әдебиеттер.

  1. Агаджанов С.Г. Очерки истории огузов и туркмен Средней Азии IX-XIII вв. Ашхабад, 1969

  2. Артамонов М.И. История Хазар. Л., 1962

  3. Ахинжапов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. Алматы, 1995

  4. Босворт К.Э. Мусульманские династии. М., 1971

  5. Гордлевский В.А. Государства Сельджуков Малой Азии. Л., 1941

  6. Греков Б.Д., Якубовский А.К. Золотая Орда и ее иадение. М-Л., 1950

  7. Гумилсв Л.Н. Хунну. М., 1960

  8. Гумилев Л.ІІ. Древние тюрки. М., 1967

  9. Гумилеп Л.Н. Древняя Русь и Великая степь. М., 1992

  10. ДанФ. Аттила. М., 1993

  11. Еремсев Д.Е., Мейер М.С. История Турции в средние века и новое врсмя. М., 1992

  12. Еремеев Д.Е. Происхождение юрюков и туркмен Турңии и осиовные этапы пх истории. М-Л., 1963

  13. Ииостранцсв К.А. Хунну и гунны. Л., 1926

  14. Ирмуханов Б.Б. Этничсская история древнего Казахстана. Алматы, 1998

  15. Ирмуханов Б.Б. Дрсвняя история Казахстана. Алматы, 1998

  16. Ирмуханов Б.Б. Казахстана: историко-публистический взгляд. Алматы,

1996

  1. Ирмуханов Б.Б. Прошлое Казахстана в письменных источниках. Алматы, 1998

  2. История Казахстана. В 5 томах. т.1,2. Алматы, 1996, 1997

  3. История Киргизской ССР. Фрунзе, 1984

  4. История Узбекской ССР. Ташкент, 1974

  5. Караев О. История караханидского государства. Фрунзе, «Илим», 1974

  6. Кляшторный С.Г., Султапоіі Т.И. Казахсган. Летопись трех тысячелетий. Ллма-Ата, 1992

  7. Кумекон Б.Е. Государстио кимаков ІХ-ХІ іш. по арабским источникам. Алма-Ата, 1972

  8. Мирза Мухаммед Хайдар. Тарих-и Рашиди. Ташкент, 1996

  9. ІІлетневаС.А. Хазары. М., 1986

  10. ПлетневаС.А. Половцы. М., 1990

  11. Сафаргалиев М.Р. Распад Золотой Орды. Саранск, 1960

  12. Соловьев А. Сокровища Аттилы. М., 1997

  13. Стэнли Лэн Пуль. Мусульманские династии. СПб., 1899

  14. Сулейменов О.О. Аз и Я. Алма-Ата, 1975

  15. Сыздықов С.М Қарлық мемлекетінің тарихы. Алматы, 2000

  16. Тамерлан. Эпоха. Личность. Деяния. М., 1992 .



Құрастырған: Ирмуханов Б.Б. - т.ғ.д., Жалпы тарих кафедрасының просфессоры, Абай ат. ҚазҰПУ

Орысшадан

аударған: Жұмағұлов Б.С.- т.г.к., Жалпы тарих кафедрасының доценті, Абай ат. ҚазҰПУ


Алғы сөз.

Әлемдік білім кеңістігіне терең бойлап тәуелсіз Қазақстан өзін жоғарғы оқу орнын бітіріп шыққан білікті мамандарын биік деңгейден көргісі келетіндігі заңды құбылыс. Қазақстан мамандары дүниежүзілік саяси-экономикалық додада басқа жұртпен тең түсіп, өз үлесін бөгдеге қолынан бермей, білімді де білікті болуы жоғарғы оқу орындарындағы алатын білім сапасына байланысты.

Бұл орайда Түркі халықтарының тарихы пәніне қойылатын талаптар мен міндеттер студент жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиеленуге бағытталады. Тәуелсіздігіміздің арқасында оқу жоспарына кірген халқымыздың төл тарихы елеміздің нағыз патриоттарын дайындауда өз үлесін қосуға міндетті.

Түркі халықтарының тарихы - әлеуметтік-гуманитарлық пәндер циклындағы дербес пән. Пәнді оқыту барысында қоғамның негізгі даму процестері мен заңдылықтарын ежелгі заманнан ортағасыр аралығын қамтиды.

Тарихи оқиғаларды оқып зерттеуде тарихи ақиқатын танып, ақтаңдақтардан ажырата білуге студенттердің мән беруіне үйрету. Сонымен қатар студенттердің тарихи ұлттық санасын қалыптастырып және тарихи ұлттық құндылықтарды танып білуге патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Түркі халықтарының тарихы институттың тарих мамандықтары бойынша бірінші курста оқытылады. «Tүpкi халықтарының тарихы» пәнінің мақсаты: түркі халықтарының бай тарихы мен мәдениетін оқып үйренуге студенттерді дағдыландыру, түркі қауымдастығының бірлігін жан-жақты ашу, отан тарахының туысқан халықтардың өткені және бүгінгісімен органикалық байланысын көрсету.

Курстың міндеті: студенттерді деректермен - жазба, ауызша, этнографиялық, лингвистикалық, археологиялық, соның ішінде түркілердің өзіндік жазба ескерткіштеріне ерекше көңіл аудара отырып жұмыс icтey дағдысына төселдіру. Пәннің маңызды міндеті - студенттерді қазіргі заманғы теоретико-методологиялық концепциялармен қаруландыру. Нәсілшілдердің, еуропацентристік, китаецентристік, шовинистердің идеялық постулаттарын (қағидаларын) сыни тұрғыда қабылдау дағдысына үйрету. Ұлтшылдық теориялар мен ережелерге де сыни тұрғыда қарай білу шеберлігін қалыптастыру. Моноцетризм мен этноцентризмнің қауіптілігін ашу.


Пәннің қысқаша мазмұны

«Түркі халықтарының тарихы» курсы басқа да бүкіләлем тарихы курстарымен қатар Тарих мамандығында оқытылатын негізгі пәндердің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы педагогтік жоғары оқу орындары тарих факультеттерінің оқу жоспарларына «Түркі халықтарының тарихы» міндетті пән ретінде енгізу, Кеңестер Одағы тарағаннан кейін тәуелсіз түркі тілдес мемлекеттердің пайда болуына байланысты саяся конъюнктура үшін емес ал керісінше піcіп жетілген ғылыми - қоғамдық сұранысты қамтамасыз ету үшін дер кезінде жүзеге асырылған. 70-тей дерлік халық пен жұрт - жалпы саны 200 млн-дай түркі тілді этностар мен ұлттардың тарихы толыққанды тарих пәндерінің бipi ретінде оқытылуға әлдеқашан-ақ лайық еді. Көшпелі және отырықшы түркі халықтарының бүгінгі таңда әлемдік өркениет пен мәдениетке тендесі жоқ үлес қосып отырғандығын жоққа шығаруға болмайды. Сонымен қатар түркі халықтарының тарихын жүйелі және дәйектілікпен оқып білмей тарих білімін терең менгеру мүмкін емес. Eкінші жағынан, Отандық тарихты толыққанды, терең оқып-үйрену, қазақ халқының қалыптасуы XIV-XV ғғ. жүзеге асты деген ғылымда қалыптасқан фактіні көрсету, түркі тайпаларының ерте және орта ғасырлардағы тарихынан міндетті түрде бастау алуы және соның негізіне сүйенуі тиіс.

Түркі халықтарының тарихын оқыту үлкен қиындықтар мен күрделі мәселелерден тұрады. Бағдарламаны құрастыру барысында біз материалды баяндауда ішінде түркі халықтарының өмipi өтіп жатқан конфессионалды – мәдени, мемлекеттік - саяси құрылымдардың өзіндік сипаты мен ерекшеліктерінің мағыналық мәтініне сай дәстүрлі елтанулық негізді сақтадық.


Курстың хронологиялық шеңберін бiз шартты түрде төмендегідей бөлеміз:

1. Б.з.д. ІІІ ғ. - б.з. VI ғ. Хунну дәуірі.

2. VI-XIII ғғ. Tүpкi мемлекеттерінің дәyipi.

3. XIII-XV ғғ. Моңғол шапқыншылығы және түpкi дүниесі.

4. XV-XVIII ғғ. Жаңа этникалық негізде түркі мемлекеттерінің құрылуы.

5. Жаңа және қaзipгi замандағы түpкi халықтары.


Пәннің тақырыптық жоспары.





Тақырыптың атауы.


Лекция

сағаты

Семин.

сағ

Оқытушының басшылығымен өтетін студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары

Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары

1

Кіріспе.

Түркі халықтарының тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны

Түркі халықтары тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері

1










2

Түркі халықтарының түп тамыры

1. Ари және сақ дәуірі

1

1

1

2

3

Азия мен Еуропадағы хундар империясы

1. Хундардың шығу тегі

2. Хун империясы

1

1

1

2

4

Түркі тайпалары мен халықтарының шығу тегі, мекендеген аймағы және этникалық құрамы

1.Түркі дәуіріндегі этникалық процестер

2. Түркі тілдес бауырлас халықтардың географиясы

2

1

1

2

5

Шыңғыс хан империясы және түркі халықтары.

1. Татарлар мен монғолдар туралы деректер.

2. Шыңғыс хан мұрагерлері кезіндегі түркілер

2

1

1

2

6

Темір және орта Азия түркілері

1. Әмір Темір

1

1

1

2

7

ІХ-ХІІІ ғасырлардағы русь және түркі халықтары

1. Русьтің Хазариямен, Печенектермен және Қыпшақтармен қарым –қатынасы.

2.

1

1

1

2

8

Кавказдағы түркі халықтары.

1. Алтын Орда құрамындағы Солтүстік Кавказ халықтары

2. Әзірбайжан ұлтының қалыптасуы және мемлекетінің құрылуы

3. Мәдениеті.


2

1

1

2

9

Сібірдегі түркі халықтары

1. Сібірді мекенднген халықтардың қалыптасуы мен мемлекеттерінің құрылуы

2. Көшім тұсындағы Сібір хандығы

3. Саха, Хақас, Тува және Алтайдағы түркілер

2

1

1

2

10

Ноғайлы елі

1. Ноғай атауы, ұлты және жұрты

2

1

1

2

11

Башқұрттар

1. Башқұрт атауы, және ұлтының қалыптасуы

2

1

1

2

12

Татарлар халқының этнонимі және тарихы.

1. Татар этнонимі.

2. Татар тарихы.

1

1

1

2

13

Қырғыздар мен ұйғырлар

1. Қырғыз ұлтының қалыптасуы.

2. Ұйғыр мемлекетінің құрылуы.

1

1

1

2

14

Өзбектер

1. Өзбек ұлтының қалыптасуы.

2. Өзбек мемлекетінің құрылуы.

1

1

1

2

15

Түрікмендер

1. Түрікмен ұлтының қалыптасуы

2. Түрікмен тарихы

1

1

1

2

16

Осман түріктері

1. Түркілердің Кіші Азияға келіп қоныстануы

2. Осман империясының тарихы

1

1

1

2

17

Қырым татарлары

1. Қырым хандығы

2. Қырымның қилы тағдыры

1







2

18

Қарақалпақтар

1. Қарақалпақ тарихы

1







2

19

Алтай түріктері

1. Алтайдағы қазақ және түркі халықтары

1







2

20

Жаңа тәуелсіз түркі мемлекеттері

1







2




Барлығы

30

15

15

45
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Похожие:

Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Типтік бағдарлама
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconТастенов А. Д. және т б., 2012 © С. Торайғыров атындағы пму, 2012 Материалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты Мазмұны
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің энергетика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық сабақтардың тезистері
Негізгі сұрақтар: Тамақтану физиологиясы, гигиена, санитария, зат және қуат алмасуы
Лекциялық материалдың мазмұны iconV курстық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік
Курстық жұмыстың құрылымына курстық жұмыстың мазмұны мен графикалық бөлімінің мазмұны кіреді
Лекциялық материалдың мазмұны icon5В073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру Элективті пәндер
Бағдарламаның қысқаша курсы: Материалдың сапалығын қамтамасыз ету, ұзаққа төзімділігі
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдардың презентациясын және басқа да интерактивтік тәртібін қолдану және әзірлеу (презентациялар ұсыну)
Жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесімен бекітілген пәндердің оқу-әдістемелік кешендері
Разместите кнопку на своём сайте:
kaz.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz.docdat.com
Главная страница