Шавалиева зульфия шавалиевна бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуы




Скачать 441.97 Kb.
НазваниеШавалиева зульфия шавалиевна бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуы
страница1/4
Дата конвертации24.02.2013
Размер441.97 Kb.
ТипДиссертация
  1   2   3   4
ӘОЖ 371.132 Қолжазба құқында




ШАВАЛИЕВА ЗУЛЬФИЯ ШАВАЛИЕВНА


Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуы


13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика


Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты


Қазақстан Республикасы

Қарағанды, 2010


Жұмыс Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында орындалды


Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Жұматаева Е.


Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Аганина Қ.Ж.


педагогика ғылымдарының кандидаты

Шаушекова Б.Қ.


Жетекші ұйым: Еуразия гуманитарлық институты


Диссертация 2010 жылғы «_____» ______________ сағат ______ Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіндегі педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 14.50.05 біріккен диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28 үй, бас корпус, 1-ші кеңейтілген дәрісхана).


Диссертациямен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады (Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28 үй).


Автореферат 2010 жылы «___»___________ таратылды.





Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы Н.Ә. Мыңжанов

Кіріспе


Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі заман қоғамының сұранысы және еліміздің жаңарған идеологиясы жас ұрпақтың табиғатты қорғауға әзірлігін дамыту қабілетін мектептен бастап жаңа сапаға көтерілуіне міндет қойып отыр. Қазақстан Республикасының Конституциясында қоршаған ортаны қорғау әрбір қазақстандықтың абыройлы мақсат-міндеті болып саналатыны атап көрсетілген. Онда «мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етіп қояды», - делінген. Ата заңымыздың басты талаптарының бірі – табиғат қорғауды күшейтіп, табиғи қорларды тиімді пайдалануды жолға қою болып табылады. Осыны негізге алған республикамыздың экологиялық білім жүйесі мен табиғат қорғау қоғамдары, мекемелері өндірісті ұйымдастыру ісінде экологиялық талаптарын орындауды, білім жүйесінде ел болашағы жастарды,-жас ұрпақты табиғатты қорғауға тәрбиелеуге баса назар аударады.

Мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтып, асқақ руханият пен азаматтықты өркендету, шынайы мәдени-этникалық мұраны жандандыру мен болашаққа аманаттау, ұлттық тектілікті сақтау, ең алдымен мектеппен байланысты. Шәкіртті мектепке алғаш қадам басқаннан бастап, өзінің ата - анасын, ұстаздарын құрметтеп сыйлауға, айнала қоршаған табиғатты, туған өлкесін сақтап-қорғауға, сол арқылы адамгершілік мінез-қасиетті орнықтыруға баулу – мектептің қоғам алдындағы атқаратын қызметі. Қазіргі мектептің бүгінгі күннің өзекті міндеттерінің бірі – жас ұрпаққа экологиялық білім беріп, қоршаған табиғи ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Экологиялық білім беру педагогика ғылымдарындағы бағыт жастарға жалпы орта білім берудің құрамдас бөлігі болып саналады. Қазіргі кезде мектептер жастардың бастауыш сыныптан бастап, өз іс-әрекетінің саналы болуына, экологиялық білімінің білім мазмұны арқылы экологиялық танымның оңтайлы болуына қолайлы жағдай туғызылуы көзделеді. Мұнымен бірге ол табиғатты қорғауға көмек берерлік халықтың тарихындағы игі дәстүрлерді жаңғыртуға, оны күнделікті өмірде тәжірибеге қолдана алуға мектеп қабырғасында дағдыландыру мәселелеріне назар аударған жөн.

Қоршаған ортаны аялай білу қажеттілігін, біздің бар ғұмырымыздың табиғатпен тығыз байланыстылығын ерекше атаған ғұламалар әлемде көп. Ал біздің өлкенің тарихына үңілетін болсақ табиғатты тану, қоршаған ортаны қорғау бағыттарына ерекше назар аударып, экологиялық тазалығын сақтауды өз еңбектері арқылы көрсеткен Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Иасауи, Махмұт Қашқари, т.б.

Экология мәселесі-адамзатсыз мәселесін шешуге бағдар жасалып жүр деген тұжырым ашық айтылып келеді. Табиғатты сақтау арқылы ғана адамзат өзінің болашағын жасай алатыны айқын аңғарылды. Міне, осы бағытты айқындап, көкейкесті мәселемен тікелей айналысқан ойшылдар қатарында Э.В. Гирусов, Н.М. Мамедов, Н.Н. Моисеев, Т.И. Тарасова, Н.Ф. Реймерс және т. б. Экологиялық білім беру саласында педагогикалық зерттеулер негізінде танылған А.Г. Асмолов, И.Ю. Алексашин, Л.Н. Балясной, А.К. Бруднов, Я.И. Габев, В.А. Горский, С.Н. Глазачев, Е.Б. Евладова, А.Н. Захлебный, И.Д. Зверев, В.А. Игнатов, Б.Т. Лихачев, Л.В. Тарасов, Н.В. Шкарбан сияқты ғалымдардың мектептерде экология пәнін қалай ұйымдастыру керектігін айқындап, негізін қалап кеткендігін атау орынды.

Экологиялық ғылым мен білім жүйесінің дамуына көз жіберетін болсақ теориялық ілімдердің бірте-бірте әдістемелерге айналып, тәжірибелерге негізделгендігін аңғарамыз. Алғашқы кезеңде адам мен табиғаттың байланысының тиімді тұстары, табиғатты қорғаудың қандай мүмкіндіктері бар деген сауалды ойлар талқыға салынса, уақыт алға оза келе адамның экологиялық ахуалды қоршаған ортаны терең ұғынуын қалыптастыруға бағытталған ілімдер пайда болды. Экологиялық ілімнің қоғамдық рөлі айқындалды. Бұл саланың тәрбие ісіндегі алар орны тілге тиек етілді. Мәселен, экологиялық білім берудегі қоғамдық және адамгершілік аспектілер және басқа ғалымдардың еңбектерінен орын алды. Олар экологиялық білімнің белгіленген ғылыми орталар үшін емес, жалпы адам қоғамының бар саласын қамтуы тиіс екендігін дәлелдей білді. Бұл білім-біліктіліктің түп-тамыры балалардан бастау алатындығына да жете назар аударыла бастады. Алғашқыда экологиялық білімнің қосымша сабақ ретінде жүргізілуі туралы ой қозғаса, кейіннен экологиялық білімнің көпшілікке міндетті бағыт екендігі алға тартылды.

Аталып отырған мәселе бірден елімізде де өріс алғандығын, балаларға туған табиғатты тану, экологиялық ахуалды терең түсіну бағытында тәрбие жұмыстары ғылыми негізде, белгіленген бағдарламалар бойынша жүзеге асырылып келеді. Қоршаған ортаның болмысын тануға арналған оқулықтар мен тәрбиелік әдістемелерді әзірлеу ісімен айналысатын республикамызда келелі ғалымдар легі келді. Осындай бағытта ғылыми еңбектерімен танылған И.О. Байтулин, Ж.И. Балтагулова, А.С. Бейсенова, К.З. Бекенов, А.Б. Бигалиев, С.К. Кожаева, С. Қоянбекова, М.А. Кудайкулов, Г.М. Сабденалиева, М.Н. Сарыбеков, А.Г. Сармурзина, Н.Т. Торманов, Б.Қ. Шаушекова, т.б. экологиялық білім саласында жалпы теориялық және әдіснамалық аспектілерін жасады.

Экологиялық білім беруге мұғалімдерді даярлау проблемасына мына зерттеушілердің еңбектері арналған: А. Ақылбеков, Т. Алимбаев, Г.К. Длимбетова, М.Н. Сарыбеков, А.С. Бейсенова, М.А. Лигай, А.А. Сотников, И.П. Сафронов, К.У. Темиров, К.Б. Тлебаева, т.б. Экологиялық білім тұжырымдамасының бастауыш мектеп деңгейде даму проблемасы бірқатар ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан (Ш.К. Арзымбетова, А.К. Егисинова, Н. Есеналина, В.П. Карибжанова, Л.П. Салеева, Р.В. Степанец, Л.П. Симонова, Т.И Тарасова, т.б.). Оқушыларға арналған экологиялық білім беру проблемалары бойынша жазылған оқу құралдар да бар (С.В. Алексеева, М.П. Ротанова, Н.Н. Родзевич, И.Т. Суравегина, И.В. Цветкова, Н.М. Чернова, т.б.). Осы зерттеулер мен ғылыми тұжырымдардың уақыт алға жылжи келе сараланып жалпы экологиялық тәрбие жастарға экологиялық білім беру деген тұжырымнан сараланып келіп, балалардың өзіне жас шамасына орай жеке топ бойынша білім беру мәселесіне келді. Яғни, экологиялық білім беру, қоршаған ортаға деген көзқарасты дамытуда әр жастағы балалардың санасы мен ой-жүйесінің дамуына орай сұрыптап дамытқан ілімді қажет етіп отыр. Бұл ілім біздің елімізде де ұлттық ерекшеліктер мен жас жеткіншектердің ой-өрісіне орай дамуына қолайлы жағдай туғызу көзделеді.

Сонымен, ғылыми-зерттеулерге жасаған талдауларда авторлар өздерінің зерттеу нысанына қарай педагогика ғылымына айтарлықтай үлес қосқанын, олардың зерттеу нәтижелерінің практикада кең көлемде қолданылып жүргенін, сондай-ақ, олардың тұжырымдарын қолдай отырып, біздің зерттеу проблемамызға қатысты қажетті бағыттарды аңғаруға болады. Жастарға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелерін зерттеу барысында экологиялық білім берудің негізі бастауыш сынып оқушыларының түсінігін парасатты іс-әрекетке бағдарлаудың табиғи жолы жеткілікті зерделенбегені байқалды. Біз парасатты дамытарлық экологиялық білімді жетігуге және оның даму барысына жете көңіл бөліне бермегені бүгінгі күннің проблемасын туғызды демекпіз. Тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен бастап табиғитты қорғау жолындағы жасандылықтан қорғаудан табиғилық, ұлттық мәртебеден туған экологиялық парасатты іс-әрекетке көшуге мемлекет тарапынан қолайлы жағдайлар жасалып келеді, Бірақ бұл мәселе экологиялық білім беру үдерісінде уақыт талабына сай жетілдірілуге тиіс.

Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің қажеттілігі мен бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім беру дамуының ерекшеліктерін жеткілікті есепке алынбауы арасындағы басты қарама-қайшылық анық байқалады. Осы тұрғыдан алғанда бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуы парасаттылық тұрғысында зерделенбеуі мен тәуелсіз Қазақстан Республикасының кеңістігіндегі бұл мәселенің шешілу үдерісіндегі жетістіктер мен кемшіліктердің айқындалмауы және проблеманың білім мазмұны арқылы жеткіліксіз қарастырылуы арасында; жетістіктердің топтастырылып, бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім беру дамуының қажеттілігі арасында қайшылықтар бар екені байқалады. Аталған қайшылықтар өзара байланысты және олардың шешімін бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуын парасатты іс-әрекет арқылы теориясын негіздеу және тәжірибелік іздену негізінде мазмұны мен іске асыру жолдарын анықтау арқылы қарастыруға болады.

Сондықтан, мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуын айқындауға бағытталған зерттеу жүргізуге және тақырыпты «Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуы» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу нысаны – бастауыш мектеп оқушыларына білім беру үдерісі.

Зерттеу пәні – бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім беру үдерісі.

Зерттеудің мақсаты: бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы дамуы теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы дамуы теориялық тұрғыдан негізделіп ұтымды пайдаланылса, білім мазмұны экологиялық парасат тұрғысында іріктелсе, онда бастауыш мектеп оқушыларының экологиялық парасатын арттырады, өйткені мұндай жағдайда қарастырылып отырған үдерістің тиімділігін қамтамасыз етіп, оқушылардың экологиялық дамуына мүмкіндік береді.

Зерттеудің міндеттері:

1. бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы дамуын теориялық негізінен анықтау;

2. бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы экологиялық білім берудің үлгісін құру;

3. бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы экологиялық білім берудің мазмұнымен іске асыру жолдарын анықтап өңдеу;

4. ұсынылған бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы экологиялық білім берудің үлгісі мен іске асыру жолдарының тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы: экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы табиғат, қоршаған орта туралы білімді меңгерген, сондай-ақ, осы салада практикалық дағдыларды игерген, оны күнделікті іс-әрекетте қолдана білетін экологиялық тұрғыдан дамыған бастауыш мектеп оқушысының тұлғасын қалыптастыру.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: халықтың дүниетанымындағы философиялық ой-түйіндер, таным теориясы, адам мен қоршаған ортаның өзара қатынасы туралы философиялық ілімдер, экологиялық білім мен тәрбие беру туралы педагогикалық тұжырымдар, «адам – қоғам – табиғат» жүйесіндегі диалектикалық байланыстар, жеке тұлғаның іс-әрекет теориясы.

Зерттеудің көздері: зерттеу проблемасына байланысты философиялық, педагогикалық, психологиялық ой-пікірлер, Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми құжаттары (заңдар, қаулылар, бағдарламалар, тұжырымдамалар, т.б.), жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен қосымша оқу құралдары, оқу-әдістемелік іс-тәжірибелері.

Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік, философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау; мектеп құжаттарымен (ресми материалдар, жоспарлар, бағдарлама және т.б.) танысу, мектеп жұмысы нәтижесін салыстыру, сауалнама, әңгімелесу, педагогикалық бақылау, бастауыш сыныптарда жүргізілген іс-тәжірибелерді саралау, педагогикалық үлгілеу, тәжірибелік-педагогикалық эксперимент, статистикалық тұрғыдан өңдеу.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

  • бірінші кезеңде (2003-2004 жылдар) зерттеу тақырыбы белгіленіп, зерттеудің ғылыми аппараты анықталды. Тақырып бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, оқу әдістемелік әдебиеттер талданып, нәтижесінде бастауыш мектеп оқушыларына парасатты іс-әрекет арқылы экологиялық білім берудің теориялық негіздері анықталды.

  • екінші кезеңде (2005-2007 жылдар) бастауыш мектеп оқушыларына парасатты іс-әрекет арқылы экологиялық білім берудің мазмұнымен іске асыру жолдары анықтап өңделді, тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар ұйымдастырылып мектептерде жүргізілді.

  • үшінші кезеңде (2008-2010 жылдар) теориялық негізде жүргізілген тәжірибелік жұмысы жалғастырылып, алынған мәліметтер статистикалық жағынан өңделді. Зерттеудің нәтижелері талданып, қорытындылар, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасалынды.

Зерттеудің негізгі базасы: Павлодар қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ гимназия-интернаты, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №10 мамандандырылған мектеп, Ақсу қаласындағы №3 гимназия.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:

- бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы дамуы теориялық негізінен анықталды;

- бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы экологиялық білім берудің үлгісі құрастырылды;

- бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы экологиялық білім берудің мазмұнымен іске асыру жолдары анықталып өңделді.

- ұсынылған бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы экологиялық білім берудің үлгісі мен іске асыру жолдарының тиімділігі дәлелденді.

Зерттеудің практикалык мәнділігі:

- бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы экологиялық білім берудің бағдарламасы қарастырылды;

- мұғалімдерге арналған «Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы дамуы» атты арнайы семинар ұйымдастырылды;

- зерттеу қорытындылары негізінде дайындалған әдістемелік материалдар бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы дамыту мақсатында сынақтан өткізіліп, оқу-тәрбие процесіне енгізілді.

Зерттеу нәтижелерінің дәлділігі мен негізділігі:

Диссертацияның мазмұны теориялық-әдіснамалық тұрғыда дәйекті дәлелденуімен, зерттеу пәніне сай тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалануымен, бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің ғылыми-теориялық негіздерімен, бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім беру үдерісінде экологиялық парасатты іс-әрекетті ұйымдастыру маңыздылығымен, білім мазмұнынан құндылықтарды іріктеудің мәнімен, бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы даму үлгісімен қамтамасыз етілді.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

1. бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы дамуының теориялық негіздері;

2. бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы экологиялық білім берудің үлгісі;

3. бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы экологиялық білім берудің мазмұнымен іске асыру жолдары;

4. ұсынылған бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы экологиялық білім берудің үлгісі мен іске асыру жолдарының тиімділігінің нәтижелері.

Зерттеу нәтижелерінің талқыланылуы және жүзеге асырылуы: зерттеудің негізгі тұжырымдары мен қорытындылары, халықаралық (Павлодар, 2006, 2008, 2009; Көкшетау, 2006; Өскемен, 2008; Новосибирск, 2008; Орал, 2009;), республикалық және аймақтық ғылыми-практикалық (Павлодар, 2005, 2008;) конференциялар мен ғылыми кеңестерде баяндалды және талқыланды; «Бастауыш мектеп» (2006), «Білім – образование» (2006), «Қазақстанның педагогикалық хабаршысы» (2006, 2010), «Қазақстан мектебі» (2007), «ПМУ хабаршысы» (2007), «КарМУ хабаршысы» (2007) журналдарында жарық көрді. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының 12 жылдық мектепке арналған педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру бөлімі «Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің парасатты іс-әрекет арқылы дамуы» арнайы семинар бағдарламасы еңгізілді.

Диссертацияның құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімдері және қосымшалардан тұрады.

Кіріспе диссертация тақырыбының көкейкестілігі негізделіп, ғылыми аппараттың сипаты, нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері қарастырылды. Әдіснамалық негіздері анықталып, жетекші идея құрылды, зерттеудің ғылыми жаңалығы, теориялық және тәжірибелік мәні анықталып, кезеңдері мен әдістері көрсетілді. Қорғауға ұсынылған тұжырымдар түзілді, зерттеу нәтижелерінің сынақтан өтуі мен ендірілуі сипатталды.

«Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің ғылыми-теориялық негіздері» деп аталатын бірінші тарауда бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің парасаттық ұстанымның теориялық негіздері зерделеніп, экологиялық білім берудің зерттелу барысы айқындалды. Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы дамуы теориялық негізінен анықталды.

Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы экологиялық білім берудің үлгісі жасалды.

«Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім беруді экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы іске асыру» тақырыбындағы екінші тарауда бастауыш мектеп оқушыларына парасатты іс-әрекет арқылы экологиялық білім берудің мазмұнымен іске асыру жолдары анықталды. Ұсынылған бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы даму үлгісі мен іске асыру жолдарының тиімділігін эксперимент арқылы тексеру нәтижелері баяндалды.

  1   2   3   4

Похожие:

Шавалиева зульфия шавалиевна бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуы iconІ тарау. Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім және тәрбие беру мазмұны. 1
Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруді ұйымдастыру формалары
Шавалиева зульфия шавалиевна бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуы iconІ тарау. Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім берудің теориялық негіздері
Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім берудің дидактикалық қағидаларының сипаты
Шавалиева зульфия шавалиевна бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуы iconМазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Жаңажол мекенінде өткізілген туристік экологиялық жарыс
Шавалиева зульфия шавалиевна бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуы iconБастауыш сынып оқушыларының пәндік олимпиадасы
Пәндер бойынша тест сұрақтары оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды. 2 – турға 38 оқушы өтті. Қалалық бастауыш 4 сынып оқушыларына...
Шавалиева зульфия шавалиевна бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуы iconБілім негізі – бастауыш мектеп
Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани...
Шавалиева зульфия шавалиевна бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуы iconЖеделов қҰрманғазы оразұлы қазақстан бастауыш мектептерінде бейнелеу өнері білімінің қалыптасуы мен дамуы (1917-2007 жж.)
Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мектепке дейінгі, бастауыш білім беру және педагогика кафедрасында...
Шавалиева зульфия шавалиевна бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуы iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық...
Шавалиева зульфия шавалиевна бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуы iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық...
Шавалиева зульфия шавалиевна бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуы iconАқтөбе қаласының білім бөлімі бойынша
Жеңістің 65 жылдығын мерекелеу қарсаңында, мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру мақсатында
Шавалиева зульфия шавалиевна бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуы iconІ. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
kaz.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz.docdat.com
Главная страница