Реферат Ғылыми жетекші: п.ғ. д., профессор Е. Ы. Бидайбеков Қызылорда, 2012 жыл Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Информатика және иоә»




Скачать 338.78 Kb.
НазваниеРеферат Ғылыми жетекші: п.ғ. д., профессор Е. Ы. Бидайбеков Қызылорда, 2012 жыл Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Информатика және иоә»
страница1/3
Дата конвертации09.02.2016
Размер338.78 Kb.
ТипРеферат
  1   2   3


ӘОЖ 368.945:37.016:004:369.231.8 Қолжазба құқығында


АСҚАРОВ СЫРЫМ ҚҰРМАНҒАЗЫҰЛЫ


Мүмкіндігі шектеулі балаларға мектептерде ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен білім беру әдістемесі


«6М011100-Информатика» мамандығы бойынша

педагогика ғылымдарының магистрі

академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясына


РЕФЕРАТ


Ғылыми жетекші: п.ғ.д.,

профессор Е.Ы.Бидайбеков


Қызылорда, 2012 жыл

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Информатика және ИОӘ» кафедрасында орындалды.



Ғылыми жетекші:




педагогика ғылымдарының докторы, профессор Есен Ықыласұлы Бидайбеков


Ресми оппонент:




педагогика ғылымдарының докторы, доцент Рахат Наурызбайқызы Наурызбаева




Диссертацияны қорғау 2012 жылдың "___ " _________ күні, сағат ____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, №6 оқу ғимаратында 6М011100 - «Информатика» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінің отырысында жүргізіледі.

Мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Жахаева көшесі, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, №6 оқу ғимараты, №211 дәрісхана.





Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.


Диссертациялық кеңестің хатшысы,

Информатика магистрі: А.Өтетілеу

Кіріспе


Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасының дәстүрлі әрбір жылғы Жолдауында маңызды мәселелердің бірі ретінде - қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің, соның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірін лайықты қамтамасыз ету, оларға сапалы білім беруді қалыптастыру екені айқын көрсетіледі.

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, әртүрлі психикалық-физикалық аурулары бар, жас ерекшелігі әртүрлі балалардың көбеюіне әкеліп, соқтырып отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілген. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен және компьютерлік қамтамасыз ету жинақтарымен қамтамасыз етіліп, қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру жолға қойылатындығы атап көрсетілген.

Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйден оқытуды жаңа технологиялар көмегімен ұйымдастыру – оқу материалдарын түрлендіре отырып (әртүрлі бағдарламалар көмегімен) оқушының назарын бір бағытқа шоғырландыруға, сабақтың түсіндірілуін жеңілдетіп, оқушының сабаққа деген белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ішінде, әсіресе тірек-қимыл жүйесінің сырқаты бойынша үйден оқытылатын балалар үшін жаңа технологиялар көмегімен білім беру арқылы, білім беру ұйымындағы жүргізілетін білім беру жағдайына қолжетімділікті қамтамасыз етуге болады.

Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы – еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндетіміз болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі бір оқушының болса да білім сапасының жоғарылауы, ұлтымыздың саналы келешегіне қазіргі уақыттан бастап жинақталынып жатқан қор деп түсінуіміз қажет.

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына түбегейлі өзгерістер жасауды міндеттеумен қатар, нәтижесі – Қазақстандағы адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (2012.09.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) 8-бабы «Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер» бөлімінде: «Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде қаржылау шығыстарын толық немесе ішінара өтейді» делінген. Ал, әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатында - даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар да бар.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Заңында, Түпнұсқада макемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру қарастырылған.

Білім беру саласын ақпараттандыру мәселелеріне ғалымдар тарапынан біршама зерттеулер жүргізіліп келеді. Мысалы, білім беруді ақпараттандырудың әртүрлі аспектілері А.П.Ершов, В.М.Монахов, В.С.Гершунский және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылса, отандық ғалымдардан Ж.А.Қараевтың, Е.Ы.Бидайбековтің, С.С.Кариевтің, К.М.Беркімбаевтың, С.С.Үсеновтің т.б. еңбектерінде ақпараттық технологияны пайдалану арқылы білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру, олардың зерттеушілік қызметтерін дамыту, оқу үдерісін жетілдіруде ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы болашақ мұғалімдердің даярлығын, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мәселелері зерттелген.

Жоғарыда атап көрсетілген зерттеулердің нәтижелері белгілі бір дәрежеде практикалық тұрғыда жүзеге асырылып жатқанымен, әлі де болса, ақпараттық технологияларды білім беру саласында тиімді пайдаланудың әдіснамалық-теориялық негіздерін арнайы зерттеу қажеттілігі байқалады.

Қызылорда облысы бойынша, 3374 мүмкіндігі шектеулі бала болса, оның ішіндегі үйден оқитын бала саны 573 болып отыр. Осы балалардың ішінде 462 бала 3-5 жыл көлемінде үйден оқытылып келеді. Ал, 111 балаға биылғы оқу жылына үйден оқуға қорытынды берілген.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысы бойынша, мүмкіндіктері шектеулі жеткіншіктердің сапалы білім алуына, олардың жаңа технологиялармен қамтамасыз етілуі мен сол технологияларды меңгеріп кетуі бағытында біршама жұмыстар атқарылды. 2009 жылдың желтоқсан айында, облыс әкімінің қолдауымен үйден оқытылатын 573 баланың Қызылорда қаласындағы 7-11 сынып аралағында оқитын 33 баласына ноутбук компьютерлері сыйға берілу арқылы, аталған бағыттағы жұмыстар республика бойынша алғашқы болып Қызылорда облысында қолға алынды. Компьютерлерге қосымша басқа да ұйымдастыру техникалары (веб-камера, принтер, наушник және микрофон, бағдарламалық қамтамасыз ету, электронды оқулықтар) тегін таратылды. Қызылорда облысының қалған аудандарындағы мүмкіндігі шектеулі үйден оқытылатын балаларға Оңтүстік Корея мемлекетінен гуманитарлық көмек ретінде берілген 280 дана компьютер берілді.

Қызылорда облысы білім басқармасының ұсынысы бойынша, «Қазақтелеком»АҚ-мен бірлесіп, осы балаларға интернет қызметін тегін пайдалануға мүмкіндік берілді. Интернет қызметінің көмегімен ақпараттың мол қорына қолжетімділік пайда болуымен қатар, республика және облыс деңгейінде ұйымдастырылатын интерактивті сабақтарды көру арқылы үйден оқитын оқушылар тәжірибелі ұстаздардың сабағына қатысуына болады.

Жергілікті «Қызылорда қоғамдық теледидары» телеарнасы арқылы мүмкіндігі шектеулі бараларды «Қашықтықтан оқыту» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарды насихаттау мақсатында «Үйден оқыту» айдары ашылып, онда үйден оқытылатын оқушылармен он-лайн режимінде өткізілген интерактивті сабақтар көрсетілуде.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа технологиялар арқылы білім берудің оң нәтижелерімен қатар, оларға білім беру деңгейлерінің көптүрлілігі, әрбір оқушыға қабілетін ескеріп жасалынған сабақ жоспарларын жеке-жеке электронды білім беру форматына түрлендіру қажеттігі секілді қиындықтар да кездеседі.

Үйден оқытылатын мүмкіндігі шектеулі оқушылармен қатар, арнаулы түзету мекемелерінде оқытылатын оқушылар да бар. Оларға арнаулы білім беру ұйымдарында, білім беру үрдісін жаңа технологиялармен жабдықталған тренажерлар арқылы жүргізу қалыптасқан. Мысалы: қалыпты сөйлеу қабілеті бұзылған оқушылар үшін, дыбысты қайталату арқылы оның қаншалықты дұрыс айтылғанын анықтайтын, арнайы дыбыс құрылғыларымен жабдықталған тренажерлер бар. Мұндай тренажерлар дербес компьютерге қосылады да, оқушылар қызығушылығын арттыратын ойын-жаттығулар ретінде жұмыс жасайды.

Жалпы алғанда компьютерлік технологиялар, білім беру процесінде мұғалімді толық алмастыра алмайтындығы ақиқат. Бірақ түрлі жағдайларда білім алуға деген қолжетімділігі шектеулі оқушылар үшін, компьютерлік технологиялар көмегімен(қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы) қосымша білім беру тиімділігі жоғары екендігі жоғарыда келтірілген мысалдармен дәлелденуде.

Демек, мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйден оқытуды жаңа технологиялар көмегімен ұйымдастыру талабының артуы мен бүгінгі білім беру жүйесінде бұл мәселеге өз деңгейінде толыққанды назар аударылмауы арасында; білім беру қызметін жетілдіруде электрондық ақпараттық ресрустарды тиімді пайдалану қажеттілігінің артуы мен оны жүзеге асыруға байланысты ғылыми теорияға негізделген әдістеменің жоқтығы арасында қарама-қайшылық анық байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу мәселелерін анықтауға және тақырыпты «Мүмкіндігі шектеулі балаларға мектептерде ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен білім беру әдістемесі» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаларға мектептерде ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен білім беруді теориялық тұрғыдан негіздеу, оны тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексеру.

Зерттеу пәні – ақпараттық-қатынастық технологиялар арқылы мектептердегі мүмкіндігі шектеулі үйден оқытылатын балаларға білім беру жүйесін жетілдіру.

Зерттеу нысаны – мектептердегі мүмкіндігі шектеулі үйден оқытылатын балаларға білім беру жүйесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, мектептердегі мүмкіндігі шектеулі үйден оқытылатын балаларға ақпараттық-қатынастық технологиялар арқылы білім берудің теориясы негізделіп, педагогикалық шарттары анықталса, аталған санаттағы оқушылардың оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру тиімділігі артады.

Зерттеудің көздері: зерттеуге байланысты педагогикалық, философиялық, психологиялық еңбектер мен ғылыми зерттеулер, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ресми және заңнамалық құжаттары (ҚР «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңдары, Оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру ережелері және т.б.), білім беру қызметін ұйымдастыру мәселелеріне қатысты нормативтік құжаттар, ізденушінің басқарушылық және зерттеушілік іс тәжірибесі.

Зерттеудің әдістері: зерттеу бағытына сәйкес еңбектерге салыстырмалы талдау жасау; білім беру саласын ақпараттандыру құжаттарымен танысу; білім беру саласындағы мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан іс-шараларды талдау; зерттеудің педагогикалық тиімділігін тәжірибе арқылы тексеру.

Зерттеудің теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы:

        1. Мектептердегі мүмкіндігі шектеулі үйден оқытылатын балаларға ақпараттық-қатынастық технологиялар арқылы білім берудің теориялық негіздері анықталды.

        2. Мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу-тәрбие үдерісін ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын айқындап, оны жүзеге асырудағы аталған санаттағы оқушылардың білім сапасының өзгеру (жоғарылау, төмендеу) деңгейлері анықталды.

3. Зерттеуде оқу-тәрбие үдерісін ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен ұйымдастыру нәтижелерінің тиімділігі тәжірибелік жұмыстар көмегімен дәлелденді.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы:

- Қызылорда облысы аумағындағы мүмкіндігі шектеулі үйден оқытылатын оқушыларға қашықтықтан оқытуға арналған бағдарлама жасалынды;

- пилоттық жоба ретінде Қызылорда қаласындағы 33 мүмкіндігі шектеулі балаларға аталған бағдарлама 2009 жылдың желтоқсан айынан бастап қолданысқа ендірілді;

- аталған оқушыларға интернет қызметін тегін пайдалануға қол жеткізіліп, оқу үдерісін ұйымдастыруға мүмкіндік туды;

- зерттеліп отырған мәселеге байланысты тәжірибе қорытындылары жинақталынып, пайдалану тиімділігі жөнінде ұсыныстар берілді.

Зерттеу базасы: Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, «Информатика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының және Қызылорда облыстық білім берудегі ақпараттық-қатынастық технологиялар ресурстық орталығы базасы.


Зерттеу жұмысын қорғауға ұсынылатын қағидалар:

- мектептердегі мүмкіндігі шектеулі үйден оқытылатын балаларға ақпараттық-қатынастық технологиялар арқылы білім берудің теориялық негіздері;

- мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу-тәрбие үдерісін ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен ұйымдастырудың педагогикалық шарттары, оны жүзеге асырудағы аталған санаттағы оқушылардың білім сапасының өзгеру(жоғарылау, төмендеу) деңгейлері;

- зрттеуде оқу-тәрбие үдерісін ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен ұйымдастырудың әдістемелік тиімділігі.

Зерттеудің негізгі кезеңдері. Бірінші кезеңде (2009-2010 жж.) зерттеу мәселесі айқындалып, ғылыми аппараты құрылды, тақырып бойынша материалдар жиналды. Эксперимент жұмысының жоспары, бағдарламасы жасалды. Оқу-әдістемелік материалдар сұрыпталды. Пилоттық жобаға қатысатын оқушылар құжаттары зерделенді.

Екінші кезеңде (2010-2011 жж.) анықтау эксперименті барысында оқушылардың алдын-ала білім деңгейлерінің көрсеткіштері алынды. Техникалық құралдармен жабдықталған үйден оқитын оқушыларға мектептердегі ұстаздармен байланысу әдістері зерттеліп, интерактивті жүйеге қосылу әдістері қарастырылып, пилоттық жоба шеңберінде қалыптастыру эксперименті жүзеге асты (техникамен қамтамасыз етілді, интернет байланысы орнатылды, «мұғалім-оқушы» арасындағы қарым-қатынас ақпараттық-қатынастық технологиялар арқылы тимді ұйымдастыру жолдары зерделеніп, жүзеге асырылды. Құрылған жоба төңірегіндегі теориялық материалдар сұрыпталып, тәжірибе жүзеге асырылды).

Үшінші кезеңде (2011-2012 жж.) қалыптастыру эксперименті жалғасын тапты, зерттеу нәтижелері сұрыпталып, өңделді. Оқу-әдістемелік материалдар басылым көрді. Диссертация талап бойынша рәсімделді, әдебиеттер жүйеленді.

Зерттеу нәтижелерінің негізділігі мен дәлелділігі: алынған тұжырымдар мен қорытындылардың әдіснамалық және теориялық қағидалар арқылы дәлелденуімен, зерттеу тиімділігі тәжірибе жүзінде тексерілуімен және практикаға ендірілуімен, тәжірибелік жұмыстардың педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар зерттеу нәтижелері түрлі халықаралық және республикалық конференцияларда талқыланған.

Жұмыс көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және екі қосымшадан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 80 бет, 20 сурет, 10 кесте, 62 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.

  1   2   3

Похожие:

Реферат Ғылыми жетекші: п.ғ. д., профессор Е. Ы. Бидайбеков Қызылорда, 2012 жыл Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Информатика және иоә» iconДиссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің «Информатика және иоә» кафедрасында орындалды
...
Реферат Ғылыми жетекші: п.ғ. д., профессор Е. Ы. Бидайбеков Қызылорда, 2012 жыл Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Информатика және иоә» iconДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақ тілі кафедрасында орындалды
Реферат Ғылыми жетекші: п.ғ. д., профессор Е. Ы. Бидайбеков Қызылорда, 2012 жыл Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Информатика және иоә» iconДиссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Информатика және иоә» кафедрасында орындалды
Білім алушыларды кредиттік жүйе бойынша дайындаудың қашықтықтан оқыту технологиясы мен әдістемесі
Реферат Ғылыми жетекші: п.ғ. д., профессор Е. Ы. Бидайбеков Қызылорда, 2012 жыл Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Информатика және иоә» iconДиссертациялық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі кафедрасында орындалды
Диссертация 2012 жылы маусымда сағат 00-де Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: Қызылорда қаласы,...
Реферат Ғылыми жетекші: п.ғ. д., профессор Е. Ы. Бидайбеков Қызылорда, 2012 жыл Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Информатика және иоә» iconДиссертациямен Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Диссертациялық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филология факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті және...
Реферат Ғылыми жетекші: п.ғ. д., профессор Е. Ы. Бидайбеков Қызылорда, 2012 жыл Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Информатика және иоә» iconРеферат ы қызылорда, 2012 ж Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
ОҚУ Үдерісінде болашақ МҰҒалімдердің педагогикалық МӘдениетін қалыптастыру (жаратылыстану пәндері негізінде)
Реферат Ғылыми жетекші: п.ғ. д., профессор Е. Ы. Бидайбеков Қызылорда, 2012 жыл Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Информатика және иоә» iconРеферат ы қызылорда, 2013 ж Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Педагогика»
Бейіндік мектептің ОҚУ Үдерісінде жаңа технологияларды қолданудың педагогикалық шарттары
Реферат Ғылыми жетекші: п.ғ. д., профессор Е. Ы. Бидайбеков Қызылорда, 2012 жыл Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Информатика және иоә» iconДиссертациялық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда
Диссертация 2012 жылы маусымда сағат 00-де Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: Қызылорда қаласы,...
Реферат Ғылыми жетекші: п.ғ. д., профессор Е. Ы. Бидайбеков Қызылорда, 2012 жыл Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Информатика және иоә» iconРеферат Қазақстан Республикасы Қызылорда, 2013 ж Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің Политехникалық институтының «Су шаруашылығы және жерге орналастыру»
М080500- «Су ресурстары және суды қолдану» мамандығы бойынша ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі академиялық
Реферат Ғылыми жетекші: п.ғ. д., профессор Е. Ы. Бидайбеков Қызылорда, 2012 жыл Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Информатика және иоә» iconРеферат Қазақстан Республикасы Қызылорда, 2013 ж Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің Политехникалық институтының «Су шаруашылығы және жерге орналастыру»
М081000- «Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау» мамандығы бойынша ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі
Разместите кнопку на своём сайте:
kaz.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz.docdat.com
Главная страница