Лекция сабақ




НазваниеЛекция сабақ
страница10/10
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.92 Mb.
ТипЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Пән Информатика сынып 9___ Күні _._ .


сабақ №: 33 сағ.саны.: 2

Тақырып: Электрондық пошта бойынша хабарларды жіберу және қабылдау.

Мақсат: Оқушыларды электрондық пошта жүйесімен таныстыру. Электрондық поштаны пайдалануды үйрету.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушылардың электрондық пошта туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық –Оқушылардың электрондық поштаны қолдана білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерді дұрыс бағытта пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер


Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;

2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;

3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»

4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»


Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

    1. WORLD WIDE WEB қызметтері қандай мүмкіндіктер береді?

    2. Интернетте ақпарат іздеу қалай жүзеге асырылады?

    3. Іздеу каталогтері, іздеу индекстері, жіктеу серверлерін қалай сипаттауға болады?

3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Интернет поштасы. Компьютері Интернетке қосылған кез келген пайдаланушыға автоматты түрде электрондық пошта адресі тағайындалады. Интернетке қосылуға мүмкіндік беріп отырған сервер-компьютерде электрондық «пошта жәшігі» құрылады. Адреске келіп түскен әрбір хабар осы жәшікте, сол адресат сервермен нақты түрде қосылғанға дейін сақталады. Нақты түрде қосылу орындалған соң, жәшіктің мазмұны қатты дискідегі Кіру (Входящие) бумасына ауысады. Электрондық поштаны жөнелту әрекеті де дәл осылай жүзеге асады. Пошталық сервермен байланысу кезінде Шығу (Исходящие) бумасына жинақталған хабар автоматты түрде қайта жөнелту әрекеті орындалады.

Электрондық пошта хабарды әлемныің кез келген нүктесіне бірнеше сағатта жедел жеткізеді, кәдімгі поштаға қарағанда өте жылдам және қызмет құны да арзан.

Электрондық пошта (Electronic mail немесе қысқартылған түрде E - mail) – бұл компьютерлік желі арқылы хабарлама жөнелту және қабылдау тәсілі.

Пошталық сервермен байланыстырылған әрбір абоненттің электрондық адресі, пошталық жәшігі болады. Бұл жәшік абоненттің құпия сөзімен қорғалған. Электрондық адрестің көмегімен желідегі әрбір абонентті анықтауға болады. Абонент пен сервер хабарлама алмасу үшін кабельді немесе кәдімгі телефон желісін қолдана алады. Хабарлама бір серверден келесіге жеткізілуі үшін, бірқатар аралық серверлер арқылы өтуі мүмкін. Пошталық серверлер хабарламамен автоматтық режимде алмасады, желідегі хабарламаның қозғалыс маршруты арнайы программа-маршрутизатор арқылы есептеледі.

Хабарлама тиісті орын серверіне жеткізілген соң, адресаттың сервермен кезекті байланысуы кезінде поштаның келгендігі жөнінде мәлімет беріледі. Хабарлама алу үшін, пайдаланушының өз компьютерін үнемі қосылу күйінде ұстауының қажеті жоқ. Ол кез келген уақытта компьютерді қосып, хабарлама қабылдау немесе жөнелту үшін желімен байланыса алады. Электрондық пошта хабарламасы адресатқа жетуі үшін, адресті дұрыс көрсетуі керек. Адрестің жазылуы: nora@krok.net.ua болса, онда жәшік nora доменінде krok.net.ua деп те оқуға болады. Домен аты жеке сөздерден – бағынышты домендерден тұрады да, олар нүкте арқылы бөлініп жазылады. Бағынышты домендер аты солдан оңға қарай иерархиялық өсу деңгейі бойынша реттеліп орналасады. Оң жағында, ең жоғары деңгейде елдің аты жазылады: kz – Қазақстан, ua – Украина, ru – Ресей, fr – Франция, uk - Ұлыбритания. Домен атын қарастырғанда жоғары деңгейде әрқашан елдің коды болуы міндетті емес. Жоғарғы деңгейіндегі бағынышты домендер кездесуі мүмкін: com, gov, edu т.б. Солға қарай домендегі сервердің орналасу орнын анықтай түсетін бағынышты домендер жазылуы мүмкін. Мысалы, kiev.ua, msk.ru қалаларды көрсетеді.

Пайдаланушы электрондық хабарламаны жөнелту және қабылдауы үшін оның компьютеріне электрондық пошта клиенті программасы орнатылуы қажет. Өте көп тараған пошталық программалар: MicroSoft Exchange, Outlook Express, MicroSoft Outlook, Internet Mail, т.б. Пошталық программалар атқаратын қызметі хабарламаны қабылдау, оқу, дайындау, жөнелту, адрестік кітапты жүргізу болып табылады.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Электрондық пошта деген не?

  2. Электрондық пошта арқылы хабарлама алмасу қалай жүзеге асырылады?

  3. E – mail адресі қандай элементтерден тұрады?

  4. Пошталық программалардың атқаратын қызметі қандай?

Тапсырма №1.

www.mail.ru немесе www.ok.kz (кез келген басқа электрондық пошта агенті) адресі бойынша кіріп, өзіңнің электрондық поштаңды аш. Жәнеде хат жазып көруге тырыс.

6)Сабақты қорытындылау және бағалау

Оқушыларға электрондық байланысты пайдалану туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма

Электрондық пошта.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Лекция сабақ iconПән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып
Тәрбиелілік: Халық тарихына құрметпен қарауға, достыққа, бір-бірін түсіне білуге тәрбиелеу. Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі:...
Лекция сабақ iconПән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып
Оқушыларды ұлтжандылыққа, адал да өткір, туған елге, сүйіспеншілікке, патриоттық сезімдерге және намысты болуға тәрбиелеу;; Сабақ...
Лекция сабақ iconПән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып
Оқушыларды ұлтжандылыққа, адал да өткір, туған елге, сүйіспеншілікке, патриоттық сезімдерге және намысты болуға тәрбиелеу; Сабақ...
Лекция сабақ iconСабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту Сабақ көрнекілігі: Дүние жүзі саяси картасы, тірек сызбалар
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұлтжандылыққа, адал да өткір, туған елге, сүйіспеншілікке, патриоттық сезімдерге және намысты болуға тәрбиелеу....
Лекция сабақ iconПән: Қазақстан тарихы 8 сынып Күні: 28. 01. 13 Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ І і жартысындағы әкімшілік реформалар Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ішкі округтың құрылу
Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту Сабақ көрнекілігі:қазақ хандығының картасы Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру...
Лекция сабақ iconКүні: 02. 13 Пән: Дүниежүзі тарихы Сабақтың тақырыбы
Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту,сұрақ-жауап. Сабақ көрнекілігі: Көркем суреттер, тірек сызбалар Сабақтың...
Лекция сабақ iconЛекция сабақ
Тақырып: Ақпарат. Ақпараттық процесс. Ақпарат қасиеттері. Ақпараттар саны. Кодтау. Екілік код
Лекция сабақ iconБұл сабақ жоспары жаңа бағдарлама негізінде қазақ тілінен 7 орыс сыныбына арналып жасалған жоспар. Сабақта белсенді оқыту тәсілдері қолданылады. Сабақ
Сабақ үрдісінде оқушылардың критериалды бағалау арқылы бірін- бірі бағалауы жүзеге асады. Мәселен, а критерийі, яғни, айтылым бойынша...
Лекция сабақ iconҚорытынды бөлім 5 сабақ Конференция сабақ
Білімділік мақсаты: Оқушыларды жүйке жүйесінің құрылысы,қызметі, адам өміріндегі маңызы мен таныстыру
Лекция сабақ icon7 сынып Сабақ тақырыбы
Сабақ тақырыбы: Терезелер. Терезе элементтері. Шиыру жолақтары. Сұр түсті командалар
Разместите кнопку на своём сайте:
kaz.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz.docdat.com
Главная страница