1 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша күндізгі және сырттай оқитын студенттер үшін




Название1 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша күндізгі және сырттай оқитын студенттер үшін
страница1/8
Дата конвертации04.02.2016
Размер0.88 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8


Қазтұтынуодағы

Қарағанды Экономикалық университеті


Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы


ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП-1


5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша

күндізгі және сырттай оқитын студенттер үшін

курстық жұмыс тақырыптары мен оны

орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар


Қарағанды 2011


Құрастырушы – э.ғ.к., бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының профессоры Китебаева К.А.


Рецензент – бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., профессор Мадиева К.С.


Кафедраның ғылыми-әдістемелік семинарының отырысында талқыланып бекітілді.

Мәжіліс хат № 1 «17 » қырқүйек 2011 ж.


МАЗМҰНЫ


  1. Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері

  2. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау және бекіту

  3. Әдебиеттердің қайнар көздерін таңдау және қолдану

  4. Курстық жұмыстың мазмұны (жоспары)

  5. Курстық жұмыстың жоспарын орындау тәртібі

  6. Курстық жұмысты рәсімдеу

  7. Курстық жұмысқа пікір жазу

  8. Курстық жұмысты қорғау мен бағалау

  9. Курстық жұмыстың тақырыптары

  10. Курстық жұмыс тақырыптарын таңдау

  11. Жалпы ұсынылған әдебиеттер санағы




  1. Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері


«Қаржылық есеп-1» мақсаты қаржылық есеп және есептілік принциптерін, ҚР ҚМ 23.05.2007ж. №185 бұйрығымен бекітілген, 01.01.2008ж қолданысқа еңгізілген бухгалтерлік есептің Үлгілік шот жоспарына сәйкес шаруашылық операциялары есебінің техникасын, 28.02.2007ж «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР № 234-III Заңын жүзеге асыру және бухгалтерлік және салық есебін ұйымдастыруды жүргізу бойынша басқа да нормативті-заң актілерін зерделеу болып табылады.

5В050800 «Есеп және аудит» мамандығанда оқитын студенттер оқу жоспарына сәйкес «Қаржылық есеп-1» пәні бойынша курстық жұмысты орындап қорғайды.

Студент теориялық материалды, берілген әдебиеттерді оқып және ұйымның тәжірибесімен, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жүргізу әдістемесімен танысқаннан кейін, осы алынған мәліметтер негізінде курстық жұмысты орындауға кіріседі.

«Қаржылық есеп-1» пәнінен курстық жұмысты орындау мақсаты өзіндік ізденіс пен ғылыми және оқу әдебиеттерін жалпылап, сонымен қатар кәсіпорында есепті компьютерлендіру бойынша тәжірибелік мәліметтер; белгілі бір шаруашылық операцияларды компьютерлендіру есебінің қолданыстағы тәжірибесін және теориясын өз тұрғысынан бағалау бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жетілдіру үшін нақты және объективті ұсыныстар беру, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ақпараттарды дайындау негізінде неғұрлым терең теориялық және практикалық дайындықтан өту.

Онымен қатар «Қаржылық есеп-1» пәнінен берілген әдістемелік нұсқаулықтың талаптарына сай жазылған курстық жұмыс болашақ дипломдық жұмыстың негізі болуы тиіс (егер тақырып дипломдық жұмыстың тақырыбы етіп таңдап алынса және ары қарай толықтыру жұмыстары жүргізілсе).



  1. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау және бекіту


Курстық жұмыстың тақырыбын сырттай оқитын студент көрсетілген кесте бойынша студенттің сынақ кітапшасында (транскрипт) көрсетілген реттік номердің соңғы екі санына сәйкес (жыл номері саналмайды) таңдап алынады. Мысалы, студенттің шифры 023-03. Соңғы сандар оқуға түсу жылы, сондықтан 023 санын негізге алу керек. Кесте бойынша 23 санын іздейміз, қарама-қарсы үш тақырыптың номері көрсетілген: 24, 49, 14. Тақырыптар тізімінде курстық жұмыстың тақырыбын анықтайсыз. Жұмыс істеу орнына, алған теориялық білімге және т.б. байланысты берілгендердің ішінен қажетті тақырыпты таңдайсыз. Шифрмен таңдап алынған курстық жұмыс арнайы бекітуді талап етпейді. Таңдап алынған тақырыпты кесте бойынша берілген басқа да тақырыптарға ауыстыру студенттің өтініші бойынша кафедра меңгерушісінің визасы негізінде рұқсат етіледі.

Күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттер үшін курстық жұмыстың тақырыбы транскрипттің номерімен байланысты емес. Курстық жұмыстың тақырыптарын бекіту оқытушының жетегімен жүзеге асырылады.

«Қаржылық есеп-1» бойынша курстық жұмыс ХҚЕС және ҰҚЕС еңгізу және көшу талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп бойынша жоғары квалификациялы мамандар дайындайтын оқу үрдісінің бір элементі болып табылады.

Осыған сәйкес курстық жұмысты орындау мақсаты келесілер:

- мамандық бойынша теориялық білім мен тәжірибелік білімін жүйелеу, бекіту және тереңдету, оларды ғылыми, экономикалық және басқарушылық шешімдерді қабылдауда, сонымен қатар бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ақпараттарын пайдаланушылармен қарым-қатынаста қолдану;

- активтердің, міндеттемелер мен капитал қозғалысы барысында пайда болатын әрбір шаруашылық жағдайда өз ой-пікірін қалыптастырып, басқарушылық шешімдірді қабылдау барысында студенттің дайындығын анықтау.

Курстық жұмыс есепті жүргізу әдістемесін, есеп объектілерін тану және бағалау, ағымдағы қаржылық есепте операцияны көрсету және қаржылық есептілікті дайындау бойынша алынған білімді бекітуге мүмкіндік береді. Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады: теориялық және тәжірибелік. Теориялық бөлім транскрипт номеріне сәйкес таңдап алынған тақырып бойынша ҚР заң акатілерін, оқу және арнайы әдебиеттерді талдау, зерттеу негізінде реферат жазуды көздейді.

Тәжірибелік бөлім белгілі бір мәселелерді шешу мазмұны мен бухгалтерлік жазу беру мен қорытындылауды қамтиды.


  1. Әдебиеттердің қайнар көздерін таңдау және қолдану


Студент тақырыпты таңдап алғаннан кейін тақырыпқа сәйкес әдебиеттерді (негізгі және қосымша) іздейді. Ол үшін университеттің кітапханасында ДК электронды каталогты қолданған абзал. Тақырыптың кілтті сөзі бойынша ДК-де әдебиеттер тізімі көрсетіледі, ол кітаптарды жазып алып, абонементте немесе оқу залында кітаптардың мазмұнымен таныса аласыз. Қажет жағдайда Қарағанды қаласындағы немесе тұрғылықты мекен-жайдағы басқа да кітапханалардың қызметін пайдалануға болады. Не болмаса арнайы әдебиеттерді кітап дүкендерінде немесе авторлардан сатып алуғы болады.

Студент әдебиеттерді таңдауда оны зерттейді. Бұл жұмыс барысында ол жоспардың белгілі бір бөліміне сәйкес келетін ақпараттарды конспектілейді немесе жұмыс жазбаларын жасайды, жазып алған цитаталарға белгіленген тәртіпте сілтеме береді.

Әдебиеттерді зерттеуде қарапайым материалдардан бастап, күрделіге көшу керек. Бастапқыда тақырыпқа қатысты жалпы әдебиеттермен, содан кейән арнайы және қосалқылармен (стандарттар, әдістемелік нұсқаулықтар) танысқан жөн. Бірінші кезекте Қазақстан Республикасының заң актілерін, ҚР ҚМ бухгалтерлік есеп және аудит әдістемелігінің департаментінің мәліметтерін негізге алу керек.

Сонымен қатар жұмыста жаңа арнайы әдебиеттерді, баспа беттеріндегі мақалаларды (соңғы жылдағы) және т.б. қолданған дұрыс.


  1. Курстық жұмыстың мазмұны (жоспары)


Жинақталған мәліметтерге негізделіп, студент берілгін үлгілік жоспарға сәйкес курстық жұмыстың мазмұнын (жоспарын) құрастырады.

Әдістемелік нұсқаулықтарда берілген мазмұн (жоспар) курстық жұмыстың объектісіне, берілген материалдарға және оқу жұмысында алынған тәжірибеге сәйкес толықтырылуы мүмкін.

Курстық жұмыстың мазмұны (жоспары) барлық құрылымдық элементтер тізімімен рәсімделеді: кіріспе, сұрақтардың атауы, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және мәтіндегі бастапқы беттерінің номері көрсетілген қосымшалар.


  1. Курстық жұмыстың жоспарын орындау тәртібі


Студент жұмыстың мазмұнын (жоспарын) құрастырғаннан кейін жұмыстың кіріспеден бастап, әдебиеттер тізімі мен қосымшалармен бірге барлық құрылымдық элементтерін жазу керек.

Курстық жұмыстың кіріспесі 1,5-2 бетте жазылып келесілерді қамтиды: тақырыптың актуалдылығы; жұмыстың мақсаты мен міндеттері; жұмыстың объектісі; әдістемелік негізі мен тәжірибелік маңыздылығы. Осы элементтердің әрбірін кезекпен жеке-жеке қарастыру барысында, студент курстық жұмыстың нақты кіріспесін алады.

Курстық жұмыс құрылымы (жоспары) бойынша сәйкесті сұрақтарды қамту қажет (үлгілік жоспарды қараңыз). Жұмыс мәтінінде олар сұрақтар (мазмұны) бойынша кезектесіп, логикалық, тәжірибелік материалмен байланысты жоғары теориялық деңгейде (мысалдармен және жағдайлармен) жазылу керек.

Сұрақтардың атауы жоспарда қарастырылған сұрақтармен сәйкес болу керек. Әрбір сұрақтың мәтіні жаңа беттен басталады, ал бөлімшелердің мәтіні бет қалдырмай ары қарай жалғастырылып жазылады.

Курстық жұмыста студент жоспардың әрбәр сұрағы бойынша теориялық негізді баяндау тиіс, жаңа экономикалық әдебиеттерден алған терең білімді көрсету керек.

Теориялық негізін студент рәсімделген құжаттармен, материалды-жауапты тұлғалардың есептерімен, есептік регистрлермен, қаржылық есептілікпен дәлелдейді. Берілген қосымшалар курстық жұмыста қолданылу реті бойынша номерленіп, жұмыстың соңында орналасады.

Курстық жұмыста қолданылатын нақты кәсіпорынның тәжірибелік материалы студент тарапынан тәжірибелік бағалануы тиіс.

Жоспардың сұрақтарына жауап жазу барысында студент оқығандарды теріп жазумен шектелмей, мәтінді өз сөзімен жазу керек. Кітаптардан, оқу құралдарынан, стандарттардан көшіріліп жазылған курстық жұмыс қорғауға жіберілмейді және студентке қайта жөндеуге беріледі.

Курстық жұмыстың мәтінін цитаталармен әрлендірген дұрыс емес. Келтірілген цитаталарды тырнақшаға алып, алынған қайнар көзді көрсету керек. Көрсетілген сілтемеде бұл цитата алынған әдебиеттер тізіміндегі кітап номері мен беті жазылады.

Берілген әдістемелік нұсқаулықтарда курстық жұмыстардың тақырыптарына сай қосымшалар тізімі келтірілген. Студент оларды курстық жұмыстың нақты тақырыбымен байланыстыру керек. Қосымшалардың саны студенттің қалауымен көбейтілуі мүмкін.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды зерттеу және нақты мәліметтерді жинақтау барысында студент заң актілерін қолдануда құқық бұзушылық фактілері мен бөлімшелерде кәсіпорынның белгіленген есеп саясатына сәйкес келмейтін жағдайлар, сонымен қатар бухгалтерлік есепті жүргізудің алдыңғы қатарлы тәжірибесі бар ма екенін анықтау керек. Сонымен қатар жүргізілетін есеп есептік ақпаратты пайдаланушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етілетіндігіне назар аудару қажет.

Нақты пайдаланылатын материалды жинақтау мен өңдеу кезінде студент есепті жүргізу барысында анықталған қателіктер мен жетіспеушіліктерді жоюға, есептің әдістемесі мен ұйымдастырылуын жетілдіруге септігін тигізетін ұсыныстарды қалыптастыра білу керек.

Сандық мәліметтер топтастырылған және жүйелендірілген түрінде кестелер мен графиктерде көрсетіледі. Соңғыларды әзірлеу маңызды. Кестелер оларға сілтемеден кейін мәтінде орналастырылады, бірақ кестелерді бір беттен екінші бетке көшіру рұқсат етілмейді; кестенің атын оның құрылымымен бөлектеуге болмайды, кестелерде реттік номер, олардың мазмұнын ашатын аты, ал соңында ескерту - қайнар көзге сілтеме болу керек.

Сандық мәлімет курстық жұмыстың мазмқнына сәйкес болу керек. Берілген материалға тікелей қатысы жоқ мәліметтерді келтіруге болмайды.

Кестелерде және мәтінде үлкен сандарды толығымен жазған дұрыс емес. Ол үшін қажетті нақтылыққа сәйкес өлшем бірліктерін ірілендіру керек. Жалпы белгіленген сөздерден басқаларын мәтінде қысқартуға болмайды. Курстық жұмыс көлемі қосымшаларды санамағанда компьютерде терілген 15-20 беттен кем болмауы тиіс. Курстық жұмыстың беттері мен қосымшалар кіріспеден №3 бастап номерленеді.

Курстық жұмыстың бірінші бетін үлгіге сәйкес рәсімделуі тиіс (қосымшаны қараңыз). Күндізгі бөлім студенттеріне оны рәсімдеу одан да жеңіл, жұмыс орыны мен мекен-жайы көрсетілмейді.

Сұрақтардың мәнін толығымен ашқан соң қорытынды жазылады. Көлемі бойынша 2,5-3 беттен аспауы тиіс. Қорытындының мәтіні резюме негізінде жазылады, яғни әрбір сұрақ бойынша қысқаша мәлімдеме. Қорытынды мәтіні тақырыпты жетілдіру ұсыныстарымен аяқталады.

Қорытынды мәтінінің соңғы бетінде студенттің қолы мен жұмысты аяқтау күні қойылады.

Ары қарай пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі. Ол 15-тен кем болмауы тиіс. Олардың реті келесі бөлімдер мен жалғасымдылықты қамту тиіс.

  1. Заңдар мен басқа да нормативті актілер – мәнділігі мен мерзімі бойынша беріледі.

  2. Кітаптар, монографиялар, оқу құралдары авторлардың аты-жөні бойынша алфавиттік ретте.

  3. Соңғы екі жылдағы анықтамалық әдебиет.

  4. Баспасөз беттерінде жарияланған мәлімет (автордың аты-жөні, мақаланың аты мен қайнар көзі, авторлар бойынша алфавиттік ретте)-соңғы екі жылдағы мәліметтер болған дұрыс.

Қосымшалар мәтінде берілуіне байланысты номерленіп, негізгі мәтінмен бірге ары қарай жалғастырылып бет номері қойылады; беттер кіріспедегі 3 номерден бастап соңғы қосымшаға дейін сандарды үзбей қойылады.

Курстық жұмыстың құрылымдық элементтері:

- Титулды бет (қосымшаны қараңыз)

- Мазмұны (қосымшаны қараңыз)

- Кіріспе

- Теориялық бөлім

- Тәжірибелік бөлім

- Қорытынды

- Қолданылған әдебиеттер тізімі

- Қосымшалар


6. Курстық жұмысты рәсімдеу


Курстық жұмысты студент А-4 форматындағы беттерде оқытушының ескертулеріне арналған жолдар қалдырып орындайды. Оның мәтіні парақтың бір бетінде, міндетті түрде компьютерде теріледі. Парақтың екі жағынан орын қалдырылады, 2,5 см сол жақтан, 1,5 см оң жақтан, жоғарыдан және төменне 2 см, мәтін шрифті 14, интервал 1,0. Курстық жұмыстың барлық беттері номерленуі тиіс. Мәтіндегі әрбір сұрақтың атауы жоспарға сәйкес болуы тиіс.

Жаңа сұрақты алдыңғы сұрақ біткен бетте, егер ол бетте сұрақтың атауынан басқа мәтіннің бірнеше жолдары сыйса бастауға болады. Сұрақтардың атауы негізгі мәтіннен бөлініп көрсетілуі тиіс.



  1. Курстық жұмысқа пікір жазу


Толықтай рәсімделген курстық жұмысты студент белгіленген мерзімде университеттің бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасына тапсырады.

Курстық жұмыстың сапасы теориялық және тәжірибелік мазмұнын есепке ала отырып пікір жазушымен бағаланады.

Пікір жазуға берілген курстық жұмысты тексеру кезінде жетіспеушіліктер анықталады: мазмұнның төмен теориялық деңгейі (ол қате және ескі мәліметтер келтірілсе, мәтін толығымен немесе орталай кітаптардан, оқу құралдарынан, мақалалардан көшіріліп алынса); мәтінде жалпы қабылданғандардан басқа қысқартылған сөздер көп болса, грамматикалық және стилистикалық қателіктермен болса; курстық жұмыстың белгілі бір құрылымдық бөлімі жоқ болса (жоспар, қосымша, қолданылған әдебиеттер тізімі); титулдық бет дұрыс рәсімделмесе; шаруашылық операцияларды компьютерлендіру мен есепті ұйымдастыру бойынша қорытындылар болмаса; есепті жетілдіру мен оны компьютерлендіру барысында ұсыныстар берілмесе. Осы келтірілген жетіспеушіліктер анықталса, курстық жұмыс қайта орындауға беріледі.

Курстық жұмыс студентке келесі жағдайларда да жөндеуге беріледі:

а) егер жұмыс берілген әдістемелік нұсқаулықта көрсетілген тақырыпқа сай орындалмаса және тақырыпты таңдау кестесі бойынша студентпен бекітілмесе;

б) егер тақырыпты ауыстыру кафедра меңгерушісімен рұқсат етілмесе;

в) егер курстық жұмыс тақырыбы толығымен ашылмаса немесе мазмұнында елеулі қателіктер болса.

Жағымсыз сын пікір қалыптастырған курстық жұмыс оқытушы-рецензенттің ескертулері негізінде студентпен қайта өңделеді. Қайта өңделген курстық жұмысқа қорғауға жібермеген сын-пікірмен бірге тапсыру қажет.


  1. Курстық жұмысты қорғау мен оны бағалау


Қорғауға оң сын-пікір берілген курстық жұмыс жіберіледі.

Курстық жұмыс «Қаржылық есеп-1» курсы бойынша емтихан күніне дейін студентпен қорғалады. Кафедрамен белгіленген комиссия алдында студент 10 минут ішінде орындаған жұмыстың негізгі мазмұнын түсіндіреді. Студенттің жұмысты қорғау барысында сұрақтарға жауап беруіне, оқытушының берген сын-пікіріне байланысты комиссия жұмысты бағалайды, ол баға транскриптке қойылады. Қанағатсыз бағаланған курстық жұмыс қайта қорғауға жіберіледі. Курстық жұмыс бойынша транскриптте баға болмаса, студент «Қаржылық есеп-1» курсынан емтихан тапсыруға жіберілмейді.

  1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

1 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша күндізгі және сырттай оқитын студенттер үшін iconБизнес этикасы
Оқу құралы «Экономика» 050506, «Менеджмент» 050507, «Есеп және аудит» 050508, «Қаржы» 050509, «Маркетинг» 050511 мамандықтарының...
1 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша күндізгі және сырттай оқитын студенттер үшін iconДиплом жұмысын орындау ережесі алматы- 2010 Құрастырушы: Екеева З. Ж. э.ғ. к., доцент, Байжаксынова Г. К., э.ғ. к., доцент Күндізгі және сырттай оқыту нысандары бойынша 050506 «Экономика»
Күндізгі және сырттай оқыту нысандары бойынша экономикалық мамандықтар студенттері үшін
1 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша күндізгі және сырттай оқитын студенттер үшін icon5В0508 (050508)- есеп және аудит мамандығы бойынша кешенді мемлекеттік емтихан бағдарламасы
В0508 (050508) Есеп және аудит мамандығы бойынша кешенді мемлекеттік емтихан бағдарламасын құрастырушы э.ғ. к., ҚҚэу профессоры Мәдиева...
1 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша күндізгі және сырттай оқитын студенттер үшін iconТабиғи орта жағдайын бақылау «Мониторинг принциптері және типтері» пәні бойынша «Экология» мамандығының күндізгі бөлімінде оқитын студенттер үшін зертханалық практикум Павлодар
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми ғалымдар кеңесімен ұсынылған
1 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша күндізгі және сырттай оқитын студенттер үшін iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Оқу-әдістемелік құрал іштей, сырттай оқитын студенттер мен оқытушылар және әдіскерлерге арналған
1 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша күндізгі және сырттай оқитын студенттер үшін iconЕсеп және аудит мамандығы бойынша мемлекеттік кешенді емтиханды өткізу үшін тест сұрақтары
Жеке өнiм түрлерiнiң өзiндiк құнына қосылу әдiсiне қарай шығыстар келесiдей бөлiнедi
1 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша күндізгі және сырттай оқитын студенттер үшін iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
«Экономика», 050509 «Қаржы», 050508 «Есеп және аудит» мамандықтарының студенттеріне арналған (сырттай оқу бөлiмi)
1 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша күндізгі және сырттай оқитын студенттер үшін iconАспаптану «Аспаптық орындау»
«Аспаптық орындау» мамандығы бойынша күндіз және сырттай оқитын тәлімгерлердің дәріс жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау
1 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша күндізгі және сырттай оқитын студенттер үшін iconСырттай-қашықТЫҚтан оқыту формасы бойынша білім алатын студенттер үшін
Сырттай-қашықтықтан қаржы-экономикалық факультетінің деканы, э.ғ. к., профессор С. Н. Улақов
1 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша күндізгі және сырттай оқитын студенттер үшін iconИ. А. Зимняя педагогикалық психология
Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрліктері жоғары оқу орындарында педагогикалық және психологиялық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kaz.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz.docdat.com
Главная страница