1-тақырып Қазіргі экономикалық теорияның




Название1-тақырып Қазіргі экономикалық теорияның
страница2/32
Дата конвертации05.03.2013
Размер3.48 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

1.4 Экономикалық теорияның құрылымы және атқаратын қызметтері


Экономикалық теория шеңберінде экономикалық талдаудың негізгі екі деңгейі ажыратылады және осы арқылы экономикалық теория ғылымы екі бөлімге бөлінеді:

1. Микроэкономика – бұл шектеулі ресурстар мәселесін жекелеген экономикалық агенттердің (үй шаруашылығы, фирмалар, т.б.) нарықтағы тәртіптері мен мінез-құлықтары тұрғысынан зерттейтін экономикалық теорияның бір саласы. Микроэкономикада қолданылатын негізгі ұғымдар: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке, өндіріс факторлары, т.б.

2. Макроэкономика – бұл экономикалық мәселелерді біртұтас жүйе ретінде зерттейтін және агрегатталған өлшемдерді қолданатын экономикалық теорияның бір саласы. Макроэкономикада қолданылатын негізгі ұғымдар: жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, инфляция, жұмыссыздық, т.б.

Бұдан басқа, экономикалық талдаудың позитивті (оң) талдау және нормативті (реттеушілік) талдау деген түрлері де бар:

1. Позитивті экономикалық талдау – бұл қазіргі экономиканың дәл өзін сипаттайтын нақты қалыптасып отырған құбылыстар мен дерек негізінде алынған шындық жайттар. Талдаудың бұл түрі субъективтік бағалауға ие болмайды.

2. Нормативті экономикалық талдау – бұл қандай да бір елдің экономикасы туралы субъективтік бағалауларды қарастыру негізінде экономикалық саясатты іске асырудың кепілдемелері. Талдаудың бұл түрі кезінде орын алатын субъективтік бағалаулар экономика үшін қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін.

Позитивті және нормативті талдаудың арасындағы айырмашылық оларда субъективтік бағалаулардың орын алуынан көрінеді. Бұл айырмашылықты дәлме-дәл көрсете білген ағылшын экономисі Джон Невилл Кейнс (Джон Мейнард Кейнстің әкесі) болды. Оның ойынша, позитивті экономикалық ғылым не бар деген сұраққа жауап береді. Ал нормативті экономикалық ғылым экономика қандай болуы керек және мақсаттарға жету үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап іздейді.

Экономикалық құбылыстар мен мәселелердің күрделілігі экономикалық ғылымдардың жіктелуіне алып келеді. Олай болса, экономикалық теория барлық экономикалық ғылымдарды үшке бөліп көрсетеді:

1. Жалпы экономикалық ғылымдар, оларға экономикалық тарих, экономикалық ілімдер тарих және басқа да ғылымдар кіреді.

2. Қолданбалы экономикалық ғылымдар, оның өзі екіге бөлінеді: а) функционалдық экономикалық ғылымдар: қаржы, несие, банк ісі, маркетинг, бухгалтерлік есеп және т.б., ә) салалық экономикалық ғылымдар: ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, сауда, өнеркәсіп, т.б.

3. Біріктірілген экономикалық ғылымдар, оларға экономикалық география, экономикалық құқық, экономикалық информатика, математикалық экономика және басқалары жатады.

Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері:

1. Танымдық қызметі – экономикалық заңдарды, құбылыстарды зерттеу және түсіндіру.

2. Практикалық қызметі – іс жүзінде зерттелген объектілерді қолданып экономикалық саясаттың негізін жасау.

3. Болжамдық қызметі – экономикалық дамудың жалпы ғылыми болжамын жасау.

4. Дүниетанымдық қызметі – ғылыми тұрғыда қоғам өміріне қажетті экономикалық көзқарастар жүйесін құру.

5. Әдіснамалық қызметі – барлық экономикалық ғылымдар үшін теориялық және әдіснамалық негіз жасау.

6. Сыншыл қызметі - әртүрлі экономикалық теориялардың артықшылықтары мен кемшіліктерін ашып көрсету.


Әдебиеттер тізімі


  1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. - 464 б.

  2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. /Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет.

  3. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1998. – 479 бет.

  4. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана: 2006., 248 б.

  5. Нарматов С.Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы. (Оқу құралы). – Алматы: «Эверо», 2009. – 516 бет.

  6. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 832 с.

  7. Сажина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2005. – 672 .

  8. Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. Алматы: Аркаим, 2009. – 196 б.

  9. Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория. Экономикалық емес мамандықтарға арналған қысқаша курс. Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ., 2008. – 147 б.

  10. Шеденов Ө.Қ. Экономикалық ілімдер тарихы: оқулық. - Ақтөбе: А - Полиграфия, 2006. – 316 б.

  11. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар.

  12. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», 2011 ж. 28 қаңтар.

  13. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкін-діктері», 2010 ж. 30 қаңтар.

  14. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға». 2009 ж. 7 наурыз.

  15. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан - 2030: «Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы», Алматы – 1998 ж.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. «Экономия», «саяси экономия», «экономикс», «экономикалық теория» ұғымдарының айрмашылықтарын көрсетіңіз?

  2. Экономикалық теорияның зерттеу пәні не болып табылады?

  3. Экономикалық теорияның зерттеу объектісі мен субъектісі болып не табылады?

  4. Экономикалық теорияның зерттеу әдістеріне не жатады?

  5. Позитивті және нормативті экономикалық талдауға анықтама беріңіз?

  6. Экономикалық заңдар мен экономикалық категорияларға сипаттама беріңіз?

  7. Экономикалық теорияның экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны қандай?

  8. Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері қандай?

  9. Экономикалық теорияның ғылым болып қалыптасуындағы экономикалық мектептердің рөлі қандай?

  10. Экономикалық теорияның қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері қандай?


Студенттің өзіндік жұмыстары


  1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).

  2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

  3. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):

1) Экономикалық теориядағы адам мәселесі.

2) Экономика ғылымы бойынша Нобель сыйлығы және оның лауреаттары.


  1. Тест тапсырмалары:

1. Экономикалық теориядағы бірінші мектеп:

А) Классикалық саяси экономия. В) Меркантилизм. С) Физиократизм. D) Маржинализм.

Е) Марксизм.

2. Экономикалық теория нені зерттейді?

А) Адамның табиғатқа, затқа қатынасын.

В) Адамның қоғамға қатынасын.

С) Өндіргіш күштерге қатынасын.

D) Қоғамдық өндірістегі адамдар арасындағы қатынастарды.

Е) Адамдардың қарым-қатынастарын.

3. Институционализм бағытының негізгі өкілдері кімдер?

А) Дж. Кейнс, Р. Харрод. В) А. Маршалл, Л. Вальрас, А. Пигу.

С) У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо. D) Т. Веблен, У. Митчел, Д. Гэлбрейт. Е) К. Менгер, У. Джевонс.

4. Экономикалық теориядағы талдау әдісі – бұл:

А) Біртұтас құбылыстарды жекеленген құрамдас бөліктерге бөліп, олардың әрбіреуін зерттейтін тану әдісі. В) Құбылыстың жекелеген бөліктерін біртұтас біріктіруге негізделген тану әдісі. С) Белгілі құбылыстың қасиеттерін белгісіз құбылыстарға ауыстыруды көрсететін тану әдісі. D) Моделдерді зерттеу негізінде қалыптасқан ғылыми қорытындылар мен шешімдер. Е) Зерттеу объектісінде бастыны белгілеуде және мәнсіз кездейсоқ, өткінші, жекелеген құбылыстардан тазартып, олардағы берік, тұрақты, типтік қасиеттерді тауып, зерттеу әдісі.

5. Төмендегі аталған мектептердің қайсысы ең алғаш рет өндіріс процесін талдауды өзінің пәні ретінде қарастырды?

A) Меркантилизм. B) Физиократтар. C) Классикалық саяси экономия.

D) Марксизм. E) Маржинализм.

6. Экономикалық заңдар деген не?

A) Өндірістік қатынастарының тұрақты ішкі байланыстары.

B) Экономика туралы үстіртін ұғым.

C) Экономикалық құбылыстың мән-мазмұнын анықтайтын ғылыми ұғым.

D) Экономикалық қатынастар мен іс-әрекеттерді реттейтін қылмыстық және азаматтық заңдар жүйесі. E) Себеп-салдарлық байланыстар.

7. «Физиократия» түсінігі нені білдіреді?

А) Табиғат билігін. В) Сыртқы сауданы. С) Индустриализмді.

D) Сауда еркіндігін. Е) Экономикалық талдауды.

8. Төмендегі мектептердің қайсысы сыртқы сауда және елге ақша

жинаумен байланысты қызметтерді экономикалық теорияның пәні деп есептеді:

A) Меркантилизм. B) Физиократтар. C) Классикалық саяси экономия.

D) Марксизм. E) Маржинализм.

9. Дж.М. Кейнстің «Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы» атты еңбегі қай жылы жарыққа шықты?

A) 1956 жылы. B) 1938 жылы. C) 1941 жылы. D) 1936 жылы. E) 1969 жылы.

10. Экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты қайталана-тын байланыстар - бұл:

A) Экономикалық теорияның пәні. B) Экономикалық заңдар.

C) Экономикалық категориялар. D) Экономикалық саясат.

E) Экономикалық ойлау.

11. Экономикалық тарих экономикалық ғылымдардың қай түрі-не жатады?

А) Интегралды экономикалық ғылымдарға.

В) Қолданбалы экономикалық ғылымдарға.

С) Жалпы экономикалық ғылымдарға.

D) Ерекше ғылымдарға.

Е) Қоғамдық тарихи ғылымдарға жатады.

12. Физиократтардың негізгі тұжырымдамалары:

А) Өндіріс аясын зерттеу, бірақ өндіріс аясы түсінігіне ауыл шарушылығын жатқызады.

В) Байлық сыртқы сауда жасау нәтижесінде жинақталады.

С) Еңбек барлық тауар құндылықтарының негізі мен өлшемі.

D) Экономикалық құбылыстарды зерттеу үшін шекті шаманы қолдану.

Е) Реттелмелі экономика – мемлекеттің араласуы.

13. Төмендегі әдістердің қайсысы экономикалық теорияның жалпы әдісіне жатады?

A) Экономикалық-математикалық модельдеу. B) Экстрoполяция.

C) Функционалдық әдіс. D) Баланстық әдіс. E) Абстракция.

14. Төмендегі түсініктердің қайсысы экономикалық теория пәні-нің анықтамасына қатысты емес?

А) Ресурстарды тиімді қолдану.

В) Шектелмеген экономикалық ресурстар.

С) Қажеттіліктерді максималды қанағаттандыру.

D) Материалды және рухани қажеттіліктер.

Е) Мұқтаждықтың жиілігі.

15. Экономикалық теорияның әдістеріне не жатпайды?

А) Дедукциялық әдіс. В) Индукциялық әдіс. С) Формалды ойлау.

D) Экономиканы математикалық моделдеу әдісі. Е) Талдау әдісі.

16. Экономикалық құбылыстардың елеулі жақтарын көрсететін жалпы ұғымдар – бұл:

А) Экономикалық теорияның пәні. В) Экономикалық заң.

С) Экономикалық категория. D) Экономикалық саясат.

Е) Экономикалық ойлау.

17. Экономика біртұтас жүйе ретінде зерттелгенде, ол қандай тал-дауға жатады?

A) Микроэкономикалық. B) Макроэкономикалық. C) Позитивтік.

D) Мемлекеттік. E) Нормативтік.

18. «Көрінбейтін қол» қағидасын кім ашты?

А) А. Смит. В) Д. Рикардо. С) Аристотель. D) В. Ленин.

Е) А. Маршалл.

19. Төмендегі мәселелердің қайсысы тек микроэкономикалық деңгейде шешіледі?

A) Толық еңбекпен қамту деңгейіне қалай жетуге болады.

B) Не және қанша өндіру қажет.

C) Инфляциядан қалай құтылуға болады.

D) Экономикалық өсуді қалай ынталандыру қажет.

E) Ресурстарды бөлу.

20. Экономикаға мемлекеттің араласуы қажет деп санайтындар:

A) Классиктер. B) Кейнсшілдер. C) Физиократтар.

D) Маржиналистер. E) Институционализм өкілдері.

21. Микроэкономика нені зерттейді?

А) Барлық экономика масштабындағы өндірісті.

B) Шаруашылықта еңбекпен қамтылғандардың санын.

С) Бағаның жалпы деңгейін.

D) Жекелеген экономикалық агенттердің дербес экономикалық шешім қабылдауларын.

Е) Мемлекеттегі инфляция көлемін.

22. Экономикалық теория қызметіне жатпайтын қызметті таңда-ңыз:

A) Танымдық. B) Тәжірибелік.C) Методологиялық. D) Делдалдық.

E) Сыншыл.

23. «Саяси экономия трактаты» еңбегін кім және қай жылы жазды:

А) А. Монкретьен 1665 жылы жазды. В) А. Смит 1776 жылы жазды.

С) А. Монкретьен 1615 жылы жазды. D) Ф. Кенэ 1694 жылы жазды.

Е) Дж. Кейнс 1936 жылы жазды.

24. Төмендегі шарттардың қайсысы экoномикалық теория пәні-нің анықтамасына тән емес?

А) Ресурстарды тиімді қолдану. В) Материалдық және руханилік қажеттіліктер. С) Шексіз өндірістік мүмкіншіліктер. D) Ресурстар сиректігі. E) Қолдағы ресурстарды ұтымды пайдалану.

25. Жекеден жалпыға қорытынды шығаруға негізделген тану әдісі – бұл:

А) Экстраполяция. В) Индукция. С) Абстракция. D) Дедукция.

Е) Логика.

26. Жекелеген экономикалық агенттердің (индивидтердің, үй шаруашылықтарының, фирмалардың және басқаларының) іс-әрекеттерін және олардың нарықтағы тәртібін зерттейтін эконо-микалық ғылымның саласын біз не деп атаймыз?

A) макроэкономика. B) микроэкономика. C) ұйымдық тәртіп.

D) экономикалық ілімдер тарихы. Е) экономикалық теория негіздері.

27. Төмендегі аталған мектептердің қайсысы ең алғаш рет өндіріс процесін (барлық салалардың аясын қамту) талдауды экономи-каның зерттеу пәні ретінде қарастырды?

A) Меркантилизм. B) Физиократтар.

C) Классикалық саяси экономия. D) Марксизм. E) Маржинализм.

28. Экономикалық теорияның пәні қандай мәселені зерттейді:

А) Нарық жағдайындағы адамдардың іс-әрекеттерін.

В) Саяси шешімдерді қабылдау процесіндегі адамдардың қызметтерін.

С) Шектеулі экономикалық ресурстарды тиімді пайдалану үрдісіндегі адамдардың іс-әрекеттері мен тәртіптерін.

D) Меншік қатынастарындағы адамдардың қызметтерін.

Е) Осы аталған мәселелердің барлығын зерттейді.

29. Маржинализм теориясының мәнін ашып қарайтын болсақ, бұл теория негізінен:

А) Математикалық модельдерді қолданады.

В) Шекті шамаларды қолданады.

С) Экономикалық категорияларды жалпы-жиынтық көрсеткіштер деп қарастырады.

D) Экономикадан гөрі саясатты бірінші орынға қояды.

Е) Жүйелік бағыттарды қолданады.

30. Экономикалық теорияның танымдық қызметі:

А) Іс жүзінде зерттелген объектілер теориясын құру.

В) Экономиканың және жалпы қоғам дамуының ғылыми болжамын жасау.

С) Экономикалық заңдарды, құбылыстарды зерттеу және түсіндіру.

D) Ғылым негізінде қоғам өміріне белгіленген көзқарастар жүйесін құру.

Е) Экономикалық ғылымдар жүйесі үшін теориялық және методологиялық негіз болу.

31. Классикалық саяси экономияның негізгі тұжырымдамалары:

А) Өндіріс аясын зерттеу, бірақ өндіріс аясы түсінігіне ауыл шарушылығын жатқызады.

В) Еңбек барлық тауар құндылықтарының негізі мен өлшемі, қоғамның барлық топтарының табыс көздерін анықтау.

С) Экономикалық категорияларды зерттеу үшін шекті шаманы қолдану.

D) Байлық сыртқы сауда жасау нәтижесінде жинақталады.

Е) Реттелмелі экономика – мемлекеттің араласуы.

32. Жеткіліксіздік дегеніміз не?

А) Еңбек факторының қоғамға жеткіліксіздігі.

В) Экономикалық тиімділікті қамтамасыз ете алмау құбылысы.

С) Бюджет тапшылығының белгілі бір уақытқа дейін орын алуы.

D) Нарықта тауар тапшылығының орын алуы.

Е) Адами қажеттіліктерді толық қанағаттандыру мүмкін еместігі туралы тұжырымдама.

33. Экономикалық теория ғылым ретінде қашан қалыптасты?

A) XV-XVI-ғасырларда. B) XVI-XVII-ғасырларда. C) XIX-ғасырдың соңы мен XX-ғасырдың басында. D) XX-ғасырда. E) XIX-ғасырда.

34. Нормативті экономика дегеніміз не?

A) Eлдің экономика туралы бағалау пікірлері.

B) Деректер негізінде экономикалық әрекеттерді болжау.

C) Бұл экономиканың дәл өзі.

D) Экономикалық игіліктер туралы дұрыс шешім қабылдау.

E) Жекелеген субъектілер шеңберінде ресурстарды тиімді пайдалану.

35. Экономикалық құбылыстардың елеулі жақтарын көрсететін жалпы ұғымдар – бұл:

А) Экономикалық теорияның пәні. В) Экономикалық заң.

С) Экономикалық категория. D) Экономикалық саясат.

Е) Экономикалық ойлау.

36. Дедукция – экономикалық теориядағы тану әдісі ретінде қалай сипатталады?

A) жалпы ережелер мен деректерге сүйене отырып жеке қорытынды шығару.

B) құбылыстарды алдын ала талдау және болжап білу. C) көптеген мәліметтерді қарастыру тұрғысынан ортақ пікір қалыптастыру. D) көптеген деректерді зерттеуде маңызды фактілерге көңіл бөлу. E) теория негізінде қоғам өміріне тән қөзқарас қалыптастыру.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

Похожие:

1-тақырып Қазіргі экономикалық теорияның icon1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі
Бұл пән студенттердің экономика, экономикалық даму және негізгі экономикалық ұғымдар, категориялар мен заңдар бойынша жүйелі көзқарасын...
1-тақырып Қазіргі экономикалық теорияның iconЭкономикалық теорияның алғашқы мектебін атаңыз: а меркантилистік
Экономикалық теорияның ғылыми зерттеу тәсілдердеріне жатпайды: а метафизикалық тәсіл
1-тақырып Қазіргі экономикалық теорияның icon1. Экономикалы қ теорияның даму кезңдері. Экономикалы қ теорияның э кономикалы қ ғылымдар жүйесіндегі орны
Экономикалық теорияның даму кезңдері. Экономикалық теорияның экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны
1-тақырып Қазіргі экономикалық теорияның iconЭкономикалық теория негіздері пєнінен арналған бақылау
Экономикалық теорияның ғылым ретінде даму кезеңдері: меркантелизм, классикалық
1-тақырып Қазіргі экономикалық теорияның iconТақырып 2 Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының қалыптастырылуы және жүзеге асырылуы
Тақырып 1 Экономикалық факторлардың рөлін көтеру әлемдік экономиканың дамуының бағыттары
1-тақырып Қазіргі экономикалық теорияның iconТақырып Ұлттық экономика: нәтижелері және оларды өлшеу
Тақырып Қоғамдық өндірісті экономикалық ұйымдастыру. Экономикалық жүйелер және меншік
1-тақырып Қазіргі экономикалық теорияның icon2.Ғылым ретінде экономикалық теорияның пайда болуы және дамуының негізгі кезеңдері
Экономикалық теория экономиканы оқыту пәні ретінде: Экономикалық теория адамдардың шектеулі ресурстар әлеміндегі экономиклық тәртібін,...
1-тақырып Қазіргі экономикалық теорияның iconСаяси экономияның», «экономикалық теорияның» және «экономикстің» қандай айырмашылықтары бар?
«Саяси экономияның», «экономикалық теорияның» және «экономикстің» қандай айырмашылықтары бар?
1-тақырып Қазіргі экономикалық теорияның icon1. Кәсіпорыннның экономикалық категориялары
Экономикалық білім негіздері- қазіргі экономикалық жүйелер мен шаруашылық жүргізудің әр түрлі әдістері, сонымен бірге қоғам дамуы...
1-тақырып Қазіргі экономикалық теорияның icon"Экономия" ұғымын алғаш ұсынған ойшыл кім?
Байлық сыртқы сауда жасау нәтижесінде жинақталады” деп экономикалық теорияның қай даму кезеңінде айтылады?
Разместите кнопку на своём сайте:
kaz.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz.docdat.com
Главная страница