Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН




НазваниеҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
страница1/12
Дата конвертации15.02.2016
Размер1.73 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ҚРӘМ № 3750 25.07.2005ж.тіркелді


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН

ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН

ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ



Алматы қаласы

2005 жылғы 25 маусым

№ 224




Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын және ұсыну мерзімдерін бекіту туралы


өзгерістер мен толық:

1.ҚҚА № 232 27.10.2006ж.

2.ҚҚА № 279 24.12.2007ж.

3.ҚҚА № 204 28.11.2008ж.

4.ҚҚА № 93 29.04.2009ж.

5.ҚҚА № 63 30.04.2010ж.

6.ҚҚА № 131 03.09.2010ж.


“Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6)-тармақшасына, “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 1-1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - Банктер) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы қаулының қосымшасына сәйкес баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп ұсынады.

Баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп мынадай мерзімде электронды тасымалдағышта:

1) күн сайынғы есеп кейінгі есептің екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады (ай сайынғы есеппен бірге тапсырылатын айдың бірінші есепті күндерін қоспағанда);

2) ай сайынғы есеп – соңғы есепті айдан кейінгі үш жұмыс күннен кешіктірмей ұсынылады.

Он және одан да көп филиалдары бар банктер баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есепті мынадай мерзімдерде:

1) күн сайынғы есеп кейінгі есептің үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады (ай сайынғы есеппен бірге тапсырылатын айдың бірінші есепті күндерін қоспағанда);

2) ай сайынғы есеп – соңғы есепті айдан кейінгі бес жұмыс күннен кешіктірмей ұсынады.

1-1. Есептілік есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдағышта банктің бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтері қол қойып мөрмен куәландырылады және банкте сақталады.

Банк уәкілетті органның талап етуі бойынша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей белгілі бір күнгі жағдай бойынша есептілікті қағаз тасымалдағышта ұсынады.

Электрондық тасымалдағыштағы есептер құпиялылығын және ұсынылатын деректердің түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдаланумен ұсынылады.

Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін банктің бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға) және бас бухгалтер қамтамасыз етеді.

1-2. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне байланысты, банк есептілікті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш ұсынады.

Банк ұсынған есептілікте толық емес және (немесе) шынайы емес ақпаратты анықтаған кезде уәкілетті орган ол жайында банкке хабарлайды. Банк уәкілетті орган хабарлаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған есептілікті ұсынады.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3. Заң департаменті (Байсынов М.Б.):

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелерге, екінші деңгейдегі банктерге және “Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы” Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.


Төраға Б. Жәмішев


Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2005 жылғы 25 маусымдағы № 224 қаулысының қосымшасы


__________________________________________

(екінші деңгейдегі банктің атауы)

_______________ жағдай бойынша

1. Активтердің, міндеттемелердің және меншікті капиталдың баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы есеп


























(мың теңге)

Баланстық шоттардың №№

 

Кластардың, шот топтарының және баланстық шоттардың атауы

Сомасы




Баланстық шоттардың №№

 

Кластардың, шот топтарының және баланстық шоттардың атауы

Сомасы



I класс - AКТИВТЕР

 




 

II класс - МІНДЕТТЕМЕЛЕР

 

1000

Ақша

 




2010

Корреспонденттік шоттар

 

1001

 

Кассадағы қолма-қол ақша

 




2011

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің корреспонденттік шоттары

 

1002

 

Жолдағы банкноттар мен монеталар

 




2012

 

Шетел орталық банктерінің корреспонденттік шоттары

 

1003

 

Айырбастау пункттеріндегі қолма-қол ақша

 




2013

 

Басқа банктердің корреспонденттік шоттары

 

1004

 

Кешкі кассадағы қолда бар ақша

 




 

 




 

1005

 

Банкоматтардағы қолма-қол ақша және электрондық терминалдардағы

 




2014

 

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын корреспонденттік шоттар

 

1006

 

Жолдағы жол жүру чектеріндегі ақша

 




2016

 

Басқа банктердің тазартылған қымбат металмен салынған металл шоттары

 

1007

 

Қымбат металлдардан дайындалған монеталар, кассадағы

 




2020

Басқа банктердің талап етуі бойынша салымдары

 

1008




Жол чектеріндегі ақша

 




2021

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талап етуі бойынша салымдар

 

1009

 

Қымбат емес металдардан дайындалған жинақты металл ақша, кассадағы

 




2022

 

Шетел орталық банктерінің талап ету бойынша салымдары

 

1010

Тазартылған қымбат металдар

 




2023

 

Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары

 

1011

 

Тазартылған қымбат металдар

 




2024

 

Басқа банктердің талап ету бойынша салымдар бойынша мерзімі өткен берешегі

 

1012

 

Жолдағы тазартылған қымбат металдар

 




2030

Қазақстан Республикасы Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемдар

 

1013




Металл шоттарда орналастырылған тазартылған қымбат металдар

 




2034

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан алынған қысқа мерзімді заемдар

 

1050

Корреспонденттік шоттар

 




2035

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінен және Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарынан алынған заем құнын дұрыс түзету шоты

 

1051

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шот

 




2036

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемдар

 

1052

 

Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар

 




2037

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінен және Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарынан алынған заем құнын теріс түзету шоты

 

1053




Ипотекалық ұйымдардың банктердегі ағымдағы шоттары

 




 

 

 

 

1054




Басқа банктердегі корреспонденттік шоттары мен ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)

 




2038

 

және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан

 

1100

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қойылатын талаптар

 




2040

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар

 

 







 

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасындағы кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іс жүзіне асыру мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасының Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Кредиттік бюролардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді одан әрі жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
«Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес екінші деңгейдегі банктер қызметінің айқындылық дәрежесін арттыру...
Разместите кнопку на своём сайте:
kaz.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz.docdat.com
Главная страница