ОҚО, Бәйдібек ауданы, Қ. Байменов атындағы




Скачать 60.28 Kb.
НазваниеОҚО, Бәйдібек ауданы, Қ. Байменов атындағы
Дата конвертации03.04.2013
Размер60.28 Kb.
ТипДокументы
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Қ.Байменов атындағы

жалпы орта мектебінің технология

пәні мұғалімі Нысанбекова Айгүл





Кіріспе


«Бисер тоқу»-ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі болғандықтан мектептегі технология пәнінің оқу жоспарына кіреді. Себебі, бұл өнер түрі соңғы кезде қарқынды даму үстінде. Бисермен түрлі киім-кешектерді әшекейлеп, кестелеуге, түрлі сыйға тартуға арналған.

Бұйым түрлерін жасауға, сондай-ақ, сәнді бұйымдарды-сырға, білезік, алқа тоқуға да болады. Қазақша «бисерді»-су моншақ, ұсақ моншақ, ұсақ моншақ, жалған маржан деп те атайды. Бисермен жұмыс істеу әдемілікті, нәзіктікті, талғамды талап ете отыра, оқушы қиялын және шеберлігін дамытуға септігін тигізеді. Сызбамен жұмыс істегенде оқушының есте сақтау қабілеті, моншақтарды тізгенде саусақтардың икемділік қабілеті жоғарылап, соның нәтижесінде оқушының жазу үлгілері түзіледі. Сонымен бірге, оқушылардың эстетикалық талғамын арттыруға, әсемдікке, көркемдікке, сұлулыққа тәрбиелеуге, тиянақтылық деңгейін көтеруге әсер етеді.

Оқушылардың қолынан шыққан бұйымдардың ерекше көркем, сәнді, ой туғызатындай болуына көңіл бөлу әр технология пәні мұғалімінің міндеті.


Сабақтың тақырыбы: «Қол өнер-мол өнер».

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға моншақпен жұмыс істеуді үйрету.

Білімділік мақсаты: Оқушылардың моншақпен жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу.

Дамытушылық мақсаты: Өз бетінше жұмыс істеудегі дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды төзімділікке, әсемділікке тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру.

Сабақтың көрнекіліктері: Сумоншақпен жасалған бұйымдар, сызбалар, суреттер, карталар, нақыл сөздер.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Сым темірлер, әр түрлі моншақтар, қайшы.

Сабақтың өтілу әдісі: Сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Математика, бейнелеу өнері, әдебиет, биология.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

  2. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

  3. Тазалық, гигиеналық талаптарға сай жұмыс жүргізуін қадағалау.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Өтілген сабақ материалдарын тест сұрақтарына жауап беру арқылы пысықтау.


Тест сұрақтары

  1. «Бисер» дегеніміз не?

а) ұсақ моншақтар

ә) домалақ ірі моншақтар

б) сопақша моншақтар

2. Бисермен жұмыс істеуде керекті құрал-жабдықтар.

а) мата, қайшы, кергіш

ә) ине, жіп, кергіш

б) мата, ине, жіп, кергіш, қайшы.


3. Бисер неден жасалады?

а) шыны, металл, керамика, хрусталь

ә) металл, шыны, асыл тас

б) керамика, хрусталь, асыл тас.


4. Бисерді, моншақты қайда қолданады?

а) киімге, сувенирге, әшекей заттарға

ә) сөмке, әмиян

б) алқа, білезік бұйымдарына.


ІІІ. Жаңа сабақ


Бисер тоқу, моншақ тоқу ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Бұл өнер соңғы кезде қарқынды даму үстінде. Бисермен түрлі киім-кешектерді әшекейлеп, кестелеп түрлі сыйға тартуға болатын бұйым түрлерін жасауға, сондай-ақ, сәндік бұйымдарды-сырға, білезік, алқа тоқуға да болады. Бисерді көп шығаратын елдер-Жапония, Италия, АҚШ және Үндістан.

Біз пайдаланып жүрген моншақтардың өзіндік тарихы бар.

Аңыз бойынша, өте ерте уақытта бір бай саудагер Жерорта теңізінен Африкаға табиғи сода әкеле жатқан құмды жағалауға түнеп, түнде от жағады.

Оттың қасына үлкен кесек-кесек содаларын түсіріп қояды. Таңертең тұрса оттың қоламтасынан ғажайып тас сияқты қатты, су сияқты мөлдір, таза күн сәулесіне шағылысқан тасты көреді. Бұл кристалл еді. Ал ол қазіргі әйнек еді. Осыдан бастап әйнектен түрлі формадағы моншақтар жасала бастаған деген сөз бар. Ортасынан жіп өтетін дөңгелек, сопақша, қырлы моншақтарды әр түрлі халықтар сәндік бұйымдар ретінде тұтына біліді.

Моншақтардың әр халықта атауы әр қалай болған. Индияда-хар, Кубада-кояр, Эпопияда-чале, Анголада-миссанға, Болгарида, Румынияда, Молдавияда-зебиргадан, Россияда-ожерели, цепочки, гайтаны десе, қазақ, қырғыздар-моншақ, сумоншақ деп атаған.


Сөзжұмбақ шешу. «Технология»



  1. Мамандық

  2. ..... етсең ерінбей.

  3. Киім түрі.

  4. Жіптің орыс тіліндегі атауы.

  5. Ұлттың бұйым өрнегі.

  6. Өлшеуіш.

  7. Көрпеше көктегенде пайдаланатын құрал.

  8. Әдемілік символы.

  9. Киім тігетін құрал.

  10. Асыл тас.



Т



















Е













Х













Н













О




Л













О













Г







И







Я


















Нақыл сөздер.

  1. «Өнерліге өріс кең»

  2. «Өнер көкке жеткізер»

  3. «Мал жұтпайды, өнер жұтамайды».

Абай.


IY. Сарамандық жұмыс.



  1. Жұмыс орнын дайындау.

  2. Қажетті құралдарды орналастыру.

  3. Қауіпсіздік ережелерін қайталау.

  4. Оқушыларға жұмыс беру.

  5. Оларға бағыт-бағдар беру.

  6. Жұмыстарын тексеріп, кемшіліктерін айтып өту.

  7. Жұмыс орнын жинастыру.

  8. Қорытындылау. Баға қою.

Пайдалы кеңестер. Кейде жұмыс барысында сымның үзіліп кетуі де мүмкін. Егер бұл жұмыстың басында кездессе, қайта бастаған дұрыс болар, ал жұмыстың біршама бөлігі орындалып қойса, үзілген ұшын 1-2 қатар босатып (кесте-1) көрсетілген әдіспен бекітуге болады.

Әр сымның әр ұшымен тоқылу принципімен кері қарай жүру. Бұл егер сым жіңішке немесе моншақтың тесігі үлкен болған жағдайда. Егер моншақ ұсақ немесе сым жуан болса, сымның ұштарын бұйымның шеткі шалуларының арасынан кейін қайта бекіту.

Y. Сабақты қорытындылау.

Бисермен әдемі бұйымдар жасау көп уақытты талап етеді, бірақ әдемілік үшін уақытты қиюға тура келеді. Сонымен бисерден, моншақтан қандай жұмыстар жасауға болады?

  • Қыздардың жауабын тыңдау.

Қорыта келгенде, жұмыстың жасалуында біліктілікті, білімділікті, нәзіктікті, әдемілікті, қиял мен шеберлікті талап етуін қадағалау.


YІ. Үйге тапсырма беру.

Жұмысты үйде аяқтау немесе моншақтан өзінше жұмыстар жасау.


YІІ. Бағалау.

Қыздардың жұмыстарын салыстырмалы түрде бағалау.

Похожие:

ОҚО, Бәйдібек ауданы, Қ. Байменов атындағы iconОҚО, Бәйдібек ауданы, Шалдар ауылы, Абай атындағы жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Кенжебаева Құттықыз
Сабақтың тақырыбы: «Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстар»
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Қ. Байменов атындағы iconОҚО, Бәйдібек ауданы, Шалдар ауылы, Абай атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік дағдыларын көрсету; тілін дамыту, сөздік қорын молайту:ұқыптылыққа, жинақылыққа...
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Қ. Байменов атындағы iconОҚО, Бәйдібек ауданы, «Мыңбұлақ» жалпы орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Білімділік: Оқушыларды жер шарының географиялық белдеулерімен таныстыру, алған білімдерін тереңдету
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Қ. Байменов атындағы iconОҚО, Бәйдібек ауданы, Мәдениет ауылы, Мыңбұлақ жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Дамытушылық: Логикалық ойларын дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Қ. Байменов атындағы iconОҚО облысы Түлкібас ауданы Жаскешу ауылы
Білімділігі: сынып оқушыларының білім туралы ұғымын кеңейту. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер туралы білімін тиянақтау, ой ұшқырлықтарын...
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Қ. Байменов атындағы iconБәйдібек ауданы бюджетінің 2011 жылға орындалуына ТҮсіндірмелік жазба
Ағымдағы нысаналы трансферттің жоспары 1 006 543 мың теңге болса, нақты түскені 1 006 542 мың теңге немесе жоспар 100 пайызға орындалды.(Білім...
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Қ. Байменов атындағы iconБюллетень государственных закупок
Республикасының төтенше жағдайлар Министрлігінің 28237 әскери бөлімі, 2010 жылғы 04 сәуірде 10 сағат 30 минутта Алматы облысы, Жамбыл...
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Қ. Байменов атындағы iconМемлекеттік тауарлар, жұмыс, қызмет бағалық
Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданы жалпы білім беретін Тіленшін атындағы орта мектебі» Мемлекеттік...
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Қ. Байменов атындағы iconМекеменің аты: Алматы қаласы, Алмалы ауданы  «№5 қалалық емхана» Статусы
Алмалы ауданы бойынша 11телім, Жетісу ауданы бойынша – 5 телім, Түрксіб ауданы бойынша  – 2 телім және Медеу ауданы бойынша    –...
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Қ. Байменов атындағы iconКүлімбетова Кенжегүл. Қызылорда қаласы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №216 Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектеп Сабақтың тақырыбы
Күлімбетова Кенжегүл. Қызылорда қаласы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №216 Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектеп
Разместите кнопку на своём сайте:
kaz.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz.docdat.com
Главная страница