Формулярный справочник лекарственных средств (национальный формуляр республики казахстан)




НазваниеФормулярный справочник лекарственных средств (национальный формуляр республики казахстан)
страница5/104
Дата конвертации06.04.2013
Размер13.2 Mb.
ТипСправочник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104

1. Жансыздандырушы дәрілер (анестетиктер)



1.1 Жалпы жансыздандыруға арналған заттар және оттегі


Азот ТОТЫҒЫ - Динитроген оксид

(Nitrous oxide) - (Dinitrogen oxide)

Шығарылу түрі. Ингаляциялық наркозға арналған газ.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жалпы жансыздандыру (кіріспе наркоз және наркозды ұстап тұру); операциядан кейінгі ауыру синдромын шеттету үшін (жарақат шоктарының алдын алу шаралары), босану кезінде, тұрақсыз стенокардия, миокард инфаркты, жедел панкреатит және т.б.; естен тануды қажет ететін медициналық емшараларды орындағанда ауырсынуды басу кезінде. Газды наркоз үшін арнайы аппараттардың көмегімен оттегімен бірге қосып қолданады. Құнарлығын науқастың жағдайына байланысты, қосымша енгізілген дәрілердің түріне және санына тәуелді жеке дара талдау қажет. Кәдімгі ересектерге арналған мөлшер: кіріспе наркоз — 70% динитрогена оксид және 30% оттегі, наркозды ұстап тұру үшін — 40–50% динитрогена оксид оттегімен. Босану ауырсынуы кезінде үзілісті аутоанальгезия әдісімен қолданады (арнайы наркоз аппараттардың көмегімен) — 40–75% қоспа динитрогена оксид оттегімен (босанушы қоспаны толғақтың бірінші белгілері пайда бола бастағаннан дем алады, ал толғақтың жоғары шыңында немесе оның аяқталуында доғарады). Естен тануды қажет ететін медициналық емшараларды орындау кезде  — ингаляция 25–50% оттегімен қоспа. Балаларға мөлшері жеке дара талданады. Наркоз кезінде жансыздандыруды құнарлығы оттегімен 50-66% қамтамас етеді, басқа ингаляциялық немесе ингаляциялық емес наркозды заттармен біріктіріліп қолданылады. Естен тандырмастан жансыздандыру. Жедел көмек көрсету кезінде, акушерлік тәжірибеде («талап бойынша жансыздандыру» немесе «өзіндік жансыздандыру») оттегімен қоспасы 50% құрайды.

Кері көрсеткіштері.

Жоғары сезімталдық; ауыру синдромын шеттету кезінде — жүйке жүйесінің ауыр аурулары, созылмалы маскүнемдік, маскүнемдік жағдайларда (қозу, елестер болуы мүмкін).

Сақтандыру.

Ингаляция қоспасы 30%-ға дейін ттегіден тұруы тиіс, ингаляцияны доғарғаннан кейін 5 минуттай оттегі берілуі керек (гипоксияның алдын алу шаралары). Сезігіс қозуын азайту үшін, жүректің айну және құсудың алдын алу үшін және әсерін потенциалау үшін премедикация жүргізу көрсетілген: к/т 1-2 мл 0,5% диазепам ерітіндісін енгізу (5–10 мг), 2–3 мл 0,25% дроперидол ерітіндісі (5,0–7,5 мг). АҚ, ЖЖЖ, жүрек ырғағын, тыныс алу жағдайын және газдың алмасуын, дене қызуын бақылау қажет. Өкпенің, бүйректің ауалы кистасында немесе ортаңғы құлақтың бітелуінде, ауалы эмболияда, ішектің жедел өтпеуінде немесе пневмаэнцефалография жүргізу уақытында немесе содан кейінгі уақыттағы пневматоракста (ауадан тұратын, қуыс ішіндегі қысымды немесе қуыс көлемінжоғарлатады) сақтықпен қолдану керек. Бас миының жарақатында, анамнезінде бас ішінің жоғары қысымында, бас ішінің үлкен зақымдалуында немесе ісіктерде, айқын гипоксия көріністерде және өкпеде газ диффузиясының алмасуында сақтықпен тағайындайды. Созылмалы маскүнемдікпен ауыраын науқастарға жоғары құнарлық қажет. Ерекше ұсыныстар: Динитроген оксидімен ұзақ уақыт қатынаста болған медициналық қызметкерлерде лейкопения тәуекелі жоғарлайды. Қолдану кезінде эндотрахеальды түтікше манжетінен газды кезекті шығарып отыру ұсынылады. Эфир, циклопропан, хлорэтил қоспалары белгілі құнарлықта жарылғыш қаупі бар.

Жанама әсерлері


Наркозға енгізу кезеңінде — қарынша үсті аритмиясы, брадикардия, қан айналым жетіспеушілігі; наркоздан шыққаннан соң — диффузды гипоксия, наркоздан кейінгі делирия: мазасыздану сезімі, естің шатасуы, қозу, елестер, ашуланшақтық, қимылдық мазасыздану; ұзақ қолданғанда — лейкопения, ОЖЖ зақымдалуы, тыныстың тежелуі, жүректің айнуы, құсу, қатерлі гипертермиялық криз, операциядан кейінгі қалтырау.

Мөлшерден тыс қолдану: Симптомдары: брадикардия, аритмия, қан айналымының жетіспеушілігі, гипотензия, гипертермиялық криз, тыныстың тежелуі, делирия.
Емдеу: брадикардия кезінде — 0,3–0,6 мг атропин енгізу, аритмияда — қандағы газдың құрамын түзету, қан айналым жетіспеушілігінде және гипотонияда — плазма немесе плазманың орынын басушы заттарды енгізу, нарко тереңдігін азайту немесе доғару, гипертермиялық кризде — ингаляцияны доғару, оттегіні беруді жоғарлату, антипиретиктерді енгізу, су-тұз тепе-теңдігі мен метаболиттік ацидозды бұзылыстарды түзету, қажет жағдайларда дантроленді (1 мг/кг) к/т тамшылатып және симптомдардың жоғалуына дейін енгізуді жалғастырады (ең жоғарғы қосынды мөлшері 10 мг/кг). Криз қайталануының алдын алу үшін 1–3 тәулік бойы операциядан кейін сақтықпен дантероленді ішке немесе к/т (4-8 мг/кг/тәу 4-ке бөлінген мөлшерде) тағайындайды. Тыныстың тежелуі немесе операциядан кейінгі өкпе вентиляциясының дұрыс жұмыс істемеуі (егер ол әлі қолданылып жатса) анестетиктер мөлшерін төмендету қажеттілігімен түсіндіріледі, тыныс алу жолдарының өткізгіштігінжәне ӨЖВ қамтамас ету. Наркоздан шыққаннан кейінгі дамыған делирия жағдайында, наркотикалық анальгетиктердің аз мөлшерін енгізеді.

Саудаға тіркелген атауы: Азота оксид


ГАЛОТАН
(HALOTANE)


Шығарылу түрі. Ингаляциялық наркоз үшін сұйықтық.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Үлкен және кіші хирургиялық араласу кезіндегі ингаляциялық наркозда.

Шектеулі мөлшерлеу буландарғыш көмегімен дұрыс мөлшерлегенде, жабық айналым жүйесінен тыс орналасқанда, мөлшерден артық қолдануды болдырмайды. Галотанмен ингаляция жасауды оттегімен де, азот тотығы қоспасы мен оттегіні біріктіріп қолдануға болады. Кіріспе наркоз үшін оттегімен немесе оттегі және азот тотығының қоспасына галотан буының құнарлығын біртіндеп 3-4 көл.- % дейін жоғарлатады. К/т енгізу арқылы наркозға енгізгенде, кейін миорелаксанттар енгізілгенде, галотан оттегімен тек наркозды ұстап тұру үшін қолданылады, кәдімгі ұстап тұрушы құнарлығы 0.5 2 көл. %. Наркоздың хирургиялық сатысы көбінесе 4-6 минуттан кейін барып дамиды, бұл кезде галотан құнарлығы қан плазмасында 7 12 мг % құрайды. Ең аз наркотикалық құнарлығы галотанның ересектерде   0.77 көл. %, 70 көл. %. Азот тотығын қосқанда оның көлемі 0.3 көл. % төмендейді, ол 16 мг және 6 мг қандағы деңгейге сәйкес келеді. Морфинмен жүргізілетін премедикация галотанның ең аз наркотикалық құнарлығын төмендетеді. Галотанның ең аз наркотикалық құнарлығы балалар үшін 10 жасқа дейін  0.92 көл. %, ал 70 жастан үлкендерге  0.64 көл. % құрайды.

Кері көрсеткіштері

Жүктіліктің I үшайында. Босану кезеңінде. Бауыр қызметінің айқын бұзылыстарында, галотанмен анестезия жасау сары ауру немесе анамнезіндегі қатерлі гипертермиясында. Бас ми ішінің қысымы жоғарлайды. Операция барысында жергілікті адреналинді қолдану қажет.

Сақтандыру.

Қан плазмасындағы галотанның құнарлығы 30-38 мг % болғанда тыныс орталығының тежелуі басталады. Бір мезгілде симпатомиметиктер немесе бета адренотежегіштерді бірге қолданғанда жүрек ырғағы бұзылыстарының даму тәуекелі жоғарлайды. Галотан үйексізденбейтін миорелаксанттардың әсерін, оймақгүл препараттары мен холинэстераза баяулатқыштары туғызған брадикардияны потенциялайды, жатырға әсер ететін заттардың әсерін әлсіздендіреді. Морфин және фенотиазиндер галотанның депрессорлық әсерін потенциялайды. Жүрек гликозидтерін қабылдаған науқастарға, сонымен қатар жүрек ырғағының бұзылыстарында препаратты сақтықпен қолдану керек.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104

Похожие:

Формулярный справочник лекарственных средств (национальный формуляр республики казахстан) iconПротокол об итогах государственных закупок способом из одного источника №54 по государственным закупкам лекарственных препаратов, дезинфицирующих средств и изделий медицинского назначения для нужд Вооруженных Сил Республики Казахстан на 2012 год
Вооруженных Сил Республики Казахстан, г. Астана, ул. Акын Сара, 27, провел закупки способом из одного источника лекарственных препаратов,...
Формулярный справочник лекарственных средств (национальный формуляр республики казахстан) iconПротокол об итогах государственных закупок услуг способом из одного источника
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Национальный Центр экспертизы лекарственных средств,...
Формулярный справочник лекарственных средств (национальный формуляр республики казахстан) iconПостановление от 3 сентября 2010 г. N 674
Об утверждении правил уничтожения недоброкачественных лекарственных средств, фальсифицированных лекарственных средств и контрафактных...
Формулярный справочник лекарственных средств (национальный формуляр республики казахстан) iconГосударственный реестр лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники Республики Казахстан
«Государственный реестр лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники Республики Казахстан»
Формулярный справочник лекарственных средств (национальный формуляр республики казахстан) iconПо закупке медицинских изделии, способом закупа из одного источника
Правительства Республики Казахстан от 30. 10. 2009 года за №1729, провела закуп лекарственных средств и медицинских изделии способом...
Формулярный справочник лекарственных средств (национальный формуляр республики казахстан) iconТребования к предмету государственного контракта
Качество поставляемых Лекарственных средств должно соответствовать требованиям к качеству лекарственных средств, установленным нормативной...
Формулярный справочник лекарственных средств (национальный формуляр республики казахстан) iconПриказ Министерства здравоохранения Республики Татарстан от 26 января 2007 г. N 27 "Об утверждении Республиканского формулярного списка лекарственных средств"
С целью рационального применения лекарственных средств, оптимизации их закупок, для повышения качества квалифицированной медицинской...
Формулярный справочник лекарственных средств (национальный формуляр республики казахстан) iconОт «21» ноября 2011 года №39
Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан «Об акционерных обществах», другими действующими нормативными правовыми актами...
Формулярный справочник лекарственных средств (национальный формуляр республики казахстан) iconПостановление Правительства Республики Казахстан от 1 августа 2011 года №892 Об утверждении Стратегии развития акционерного общества «Национальный научно-технологический холдинг «Парасат» на 2011 2020 годы
Во исполнение Указа Президента Республики Казахстан от 18 июня 2009 года №827 «О системе государственного планирования в Республике...
Формулярный справочник лекарственных средств (национальный формуляр республики казахстан) iconПостановление от 3 сентября 2010 г. N 674 об утверждении правил уничтожения недоброкачественных лекарственных средств, фальсифицированных лекарственных средств и контрафактных лекарственных средств (в ред.
Постановление Правительства РФ от 03. 09. 2010 n 674(ред от 04. 09. 2012)"Об утверждении Правил уничтожения недоброкачественных лекарственных...
Разместите кнопку на своём сайте:
kaz.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz.docdat.com
Главная страница