Bios (Basic Input/Output System – енгізу-шығарудың базалық жүйесі) – компьютердің бастапқы жүктелуіне, жасақтамаларды баптауға және енгізу-шығару функцияларын қамтамасыз етуге арналған бағдарлама. Процесс




Скачать 283.18 Kb.
НазваниеBios (Basic Input/Output System – енгізу-шығарудың базалық жүйесі) – компьютердің бастапқы жүктелуіне, жасақтамаларды баптауға және енгізу-шығару функцияларын қамтамасыз етуге арналған бағдарлама. Процесс
страница1/3
Дата конвертации01.05.2013
Размер283.18 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
2 ДӘРІСТІК КЕШЕН


Глоссарий


Порт дегеніміз - орталық процессордан тыс орналасатын байт немесе сөз өлшемді қандай да бір регистр.

BIOS (Basic Input/Output System – енгізу-шығарудың базалық жүйесі) – компьютердің бастапқы жүктелуіне, жасақтамаларды баптауға және енгізу-шығару функцияларын қамтамасыз етуге арналған бағдарлама.

Процесс (Process) – орындалу стадиясындағы қолданба.

Ағын (Thread) – процестің жеке орындалушы немесе басқарушы бөлігі.

Хабарлама (Message) – қолданбаға ақпаратты беру тәсілі. Windows-та көптеген оқиғаларға қатысты (пернетақтамен, тышқанмен, терезенің басқару элементтерімен жұмыс және т.б.) 900-ден астам хабарламалар кездеседі.


Тақырып №1. Негізгі енгізу-шығару жүйесінің бағдарламалары

Дәріс мақсаты: Жадыдағы ерекше мазмұнды адрестері және BIOS үзілімдерімен ианысу .

Тақырып сұрақтары:

  1. Енгізу-шығару командалары

  2. Үзілімдер


Дәрістің тезисі

Жадыдағы ерекше мазмұнды адрестер. BIOS үзілістері.

Енгізу-шығару командалары. ЭЕМ-нің барлық құрылғылары ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі құрылғылар - орталық процессор мен оперативті жады, ал қалған барлық құрылғылар сыртқы құрылғыларға (сыртқы жад, пернетақта, монитор, т.б.) жатады. Енгізу-шығару деп орталық процессор мен кез келген құрылғы арасында ақпарат алмасуды айтамыз. Сыртқы құрылғыдан орталық процессорға мәлімет беру - енгізу деп аталса, орталық процессордан сыртқы құрылғыға мәлімет беру - шығару деп аталады. Дербес компьютерлерде орталық процессор мен сыртқы құрылғылар арасында ақпарат алмасу порттар арқылы жүзеге асады.

Порт дегеніміз - орталық процессордан тыс орналасатын байт немесе сөз өлшемді қандай да бір регистр. Оның AX, SI, т.с.с. регистрлерге ешбір қатысы жоқ. Негізінен барлық порттар байттық болып табылады, бірақ екі көршілес порттар сөз өлшемді порт ретінде қарастырылады.  Порттар 0-ден  0FFFFh-қа дейін нөмірленеді. Осылайша, потенциалды 65536 порт болуы мүмкін, бірақ шынайы одан әлдеқайда аз.  Әрбір сыртқы құрылғымен, өз портымен немесе бірнеше порттармен байланысады, олардың нөмірлері алдын ала белгілі. Орталық процессор да, сыртқы құрылғы да портқа ақпарат жазып, одан ақпарат оқи алады. Орталық процессор жағынан бұл операциялар келесі машиналық командалар көмегімен жүзеге асады:

Порттан оқу (енгізу): IN AL, n немесе IN AX, n

Портқа жазу (шығару): OUT n, AL немесе OUT n, AX

IN командасы бойынша AL(AX) регистріне n нөмірлі порт ішіндегісі тасымалданады, ал  OUT командасы кері әрекетті жүзеге асырады: n нөмірлі портқа AL(AX) регистріндегі  тасымалдайды. Бұл командалардағы порт нөмірі не 0-ден 255-ке дейінгі санмен, не мәні порт нөмірі ретінде қабылданатын DX регистрімен беріледі.  Мысалы:

IN AL,97h ;AL:= порт 97h

MOV DX,836

OUT DX,AX ;порт 836:=AX

Операнданың бірінші нұсқасы порт нөмірі үлкен емес шама және алдын ала белгілі болған жағдайда қолданылады, екінші нұсқа порт нөмірі кез келген болса немесе ол бағдарламаны есептеу уақытында ғана белгілі болғанда  қолданылады.

Үзілімдер. Операциялық жүйенің негізгі міндеттерінің бірі - ЭЕМ құрамына кіретін барлық құрылғылар жұмысын басқару. Ол үшін операциялық жүйе құрылғыларда болып жатқан барлық оқиғаларды бақылауға міндетті. Мысалы, орталық процессор қандай да бір бағдарламаны орындау барысында қандай да бір сыртқы құрылғыда оқиға орындалса (пернетақтаның пернесі басылды делік), әрине, бұл бағдарлама орындалып біткенге дейін күтуге болмайды, болған оқиғаға бірден жауап беру керек. Оны қалайша жүзеге асыруға болады? Бұл мәселе үзілімдер (interrupt) көмегімен шешіледі. Процессор операциялық жүйеден арнайы сигнал (үзілім сигналын) алғаннан кейін ағымды бағдарлама командаларын тоқтатып, басқаруды операциялық жүйеге береді. Операциялық жүйе қандай оқиға болғандығын анықтайды (мысалы, пернетақта не тышқан пернесінің басылуы) және соған сай үзілімді өңдеу бағдарламасын шақыра отырып, соған әсер етеді. Келесі орындалатын команда адресі CS және IP регистрлерінде сақталатындығын еске салайық. Үзілім мезетінде бұл регистрлер егер де үзілім болмаса орындалатын командаға, яғни бағдарлама жұмысын қай жерден бастап қайта жалғастыру керектігін нұсқайды.

Өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар

  1. Порт дегеніміз не?

  2. Енгізу-шығару командаларын атаңыз.

  3. Үзілімдер дегеніміз не? Ол қандай жағдайда орын алады?

Әдебиеттер тізімі

  1. Абель П. Язык Ассемблера для IBM PC. 1992г.

  2. Юров В., Хорошенко С. Assembler: учебный курс. -СПб: Издательство "Питер", 1999. -672с.: ил.

  3. Голубь Н.Г. Искусство программирования на языке Ассемблере. –СПб.: ООО «ДиаСофтЮП», 2002. – 656 с.

  4. Беспалов И.В., Горин С.В. Инструментальные средства персонального ЭВМ. Программирование на языке Ассемблер.

  5. Под ред. Шевчина А.Г., Дьянкова Т.В. Справочник программиста и пользователя.

  6. Пильщиков В.Н. Программирование на языке Assembler.


Тақырып №2. Диск құрылымы. Бөлімдер кестесі. Файлдардың орналасу кестесі. (FAT).

Дәріс мақсаты: Диск құрылымы мен файлдардың орындалу кестесін қарастыру.

Тақырып сұрақтары:

  1. Диск құрылымы.

  2. Бөлімдер кестесі

  3. Файлдардың орналасу кестесі. (FAT)


Дәрістің тезисі


BIOS (Basic Input/Output System – енгізу-шығарудың базалық жүйесі) – компьютердің бастапқы жүктелуіне, жасақтамаларды баптауға және енгізу-шығару функцияларын қамтамасыз етуге арналған бағдарлама. BIOS жүйелік тақтада орналасқан тұрақты жады микросызбасына жазылады.

          BIOS-тың атқаратын негізгі қызметі енгізу-шығару құрылғыларына (пернетақта, экран, дискілік жинақтауыштар) қызмет ету, сондықтан оны «енгізу-шығарудың базалық жүйесі» деп атаған. Қазіргі компьютерлерде BIOS бірнеше қызмет атқарады:

          - компьютерді және өзін-өзі тестілеу процедурасын жүктеу (Power-On Self Test - POST). BIOS микросызбасында орналасқан бағдарлама компьютер қосылғаннан кейін ең бірінші жүктеледі. Ол орнатылған жасақтаманы тексеріп, құрылғыларды баптап, оларды жұмысқа дайындайды. Егер де тестілеу кезнде қандай да бір ақаулар туындап жатса, онда POST процедурасы сәйкесінше хабар немесе дыбыстық сигнал беру арқылы тоқтатылады. Ал егер тексеру сәтті өтсе, тестілеу операциялық жүйені жүктеуге арналған ендірілген бағыныңқы бағдарламаны шақырумен аяқталады.

          - BIOS Setup бағдарламасы көмегімен жүйе параметрлерін баптау. POST процедурасы кезінде жабдық арнайы CMOS жадыда сақталатын BIOS параметрлеріне сәйкес бапталынады. Қолданушы осы параметрлерді өзгерту арқылы жеке құрылғы жұмысын немесе бүкіл жүйе жұмысын өз қарауына қарай баптай алады. Олар BIOS Setup немесе CMOS Setup деп аталатын арнайы баптау бағдарламасында редакцияланады.

  • BIOS-тың бағдарламалық үзілімдері көмегімен енгізу-шығару функцияларын қолдау. Жүйелік BIOS құрамында пернетақтамен, бейнеадаптермен, қатты дискімен, енгізу-шығару порттарымен, т.б. жұмыс жасауға арналған ендірілген функциялар бар. Бұл функциялар MS DOS тәрізді операциялық жүйелерде кеңінен қолданылғанымен, Windows-тың соңғы нұсқаларында қолданылмайды деуге де болады.

Өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар

  1. BIOS дегеніміз не?

  2. BIOS-тың атқаратын қызметтері?


Әдебиеттер тізімі


  1. Абель П. Язык Ассемблера для IBM PC. 1992г.

  2. Юров В., Хорошенко С. Assembler: учебный курс. -СПб: Издательство "Питер", 1999. -672с.: ил.

  3. Голубь Н.Г. Искусство программирования на языке Ассемблере. –СПб.: ООО «ДиаСофтЮП», 2002. – 656 с.

  4. Беспалов И.В., Горин С.В. Инструментальные средства персонального ЭВМ. Программирование на языке Ассемблер.

  5. Под ред. Шевчина А.Г., Дьянкова Т.В. Справочник программиста и пользователя.

Тақырып №3. Түпкі директорий құрылымы. Жұмысқа қосу секторы.

Дәріс мақсаты: Компьютердің іске қосылу сатыларымен танысу.

Тақырып сұрақтары:

  1. Жұмысқа қосу секторы

  2. Түпкі директорий құрылымы

Дәрістің тезисі

Қоректендіру көзіне қосылғаннан кейінгі процесстер. Компьютердің қосу батырмасына басқаннан кейінгі жүктелетін ең бірінші құрылғы – қоректендіру блогы. Егер қоректелінетін барлық кернеулер нормада болса, онда жүйелік тақтаға қоректендіру блогының сәтті тестіленгенін білдіретін және жүйелік тақта компонеттерін жүктеуге рұқсат беретін Power Good арнайы сигналы беріледі.  Осында кейін чипсет орталық процессор лақтыру сигналын береді, нәтижесінде барлық регистрлер тазаланып, процессор жүктелінеді. Процессор жұмысы төмендегіше жүзеге асады:

-    жүйелік жадыдан жады ұяшығында бастапқы адрес бойынша жазылған команданы оқиды;

-    осы команданы орындайды, одан соң басқа команданы оқиды, оны да орындайды және т.с.с.

Осылайша, оның жұмысы жүйелік жадыдан біртіндеп командаларды оқу және орындау болып табылады. Процессор лақтырудан кейін BIOS микросызбаларындағы командаларға қатынайтындай етіп құрылған, ал BIOS-та жазылған бағдарлама бойынша компьютер қосыла салысымен тестілеу процедурасы немесе POST жүктеледі.

POST процедурасы. Өзін-өзі тестілеу POST процедурасы бірнеше кезеңдерден тұрады:

1.  Негізгі жүйелік компонеттердің бастапқы инициализациялануы.

2.  Оперативті жадыны детектілеу, оперативті жадыға BIOS кодын көшіру және BIOS-тың бақылау қосындыларын тексеру.

3.  Чипсеттің алғашқы бапталуы.

4.  Бейнеадаптерді іздеу және инициализациялау. Қазіргі заманғы бейнеадаптерлердің өз BIOS-ы болады, Бейнеадаптерді инициализациялау барысында экранда BIOS бейнеадаптері көмегімен құрылған бірінші көрініс пайда болады.

5.  CMOS бақылау қосындысын және батарей күйлерін анықтау. CMOS бақылау қосындысы қате болса, барлық мәндер үнсіздік бойынша жүктеледі.

6. Процессорді және оперативті жадыны тестілеу. Нәтижелер әдетте экранда пайда болады.

7. Пернетақтаны қосу, енгізу-шығару және басқа да құрылғыларды тестілеу.

8. Дискеттердің дискіжетектерін инициализациялау және IDE-құрылғыларды детектілеу. Жинақтауыштар туралы мағлұматтар әдетте экранда пайда болады.

9. Құрылғылар арасында ресурстарды үлестіру және табылған құрылғылар мен оларға деп тағайындалған ресурстар кестесін шығару

10.   Өз BIOS-ы бар құрылғыларды іздеу және инициализациялау.

11. Жүктелу тізімінде көрсетілген құрылғылардан жүктелу секторын іздейтін бағдарламалық үзілім BIOS INT 19h шақыру.

BIOS нұсқасына байланысты POST процедурасының орындалу реті біраз өзгеруі мүмкін, бірақ жоғарыда келтірілген негізгі кезеңдер кез келген компьютерді жүктеу кезінде орындалады.


Өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар

  1. POST процедурасы.

  2. Өзін-өзі тестілеу POST процедурасы қандай кезеңдерден тұрады?


Әдебиеттер тізімі


  1. Абель П. Язык Ассемблера для IBM PC. 1992г.

  2. Юров В., Хорошенко С. Assembler: учебный курс. -СПб: Издательство "Питер", 1999. -672с.: ил.

  3. Голубь Н.Г. Искусство программирования на языке Ассемблере. –СПб.: ООО «ДиаСофтЮП», 2002. – 656 с.

  4. Беспалов И.В., Горин С.В. Инструментальные средства персонального ЭВМ. Программирование на языке Ассемблер.

  5. Под ред. Шевчина А.Г., Дьянкова Т.В. Справочник программиста и пользователя.


Тақырып №4. Жүйелік диск. Операциялық жүйенің жұмысқа қосылу сатылары.

Дәріс мақсаты: Операциялық жүйенің жұмысқа қосылу сатыларымен танысу.

Тақырып сұрақтары:

  1. Жүйелік диск

  2. Операциялық жүйенің жұмысқа қосылу.


Дәрістің тезисі

POST процедурасы аяқталғаннан кейін INT19 BIOS бағдарламалық үзілімі шақырылады. Қатты диск немесе шешілетін жинақтауышта орналасуы мүмкін жүктеу секторын іздеу процедурасы жүктеледі. Құрылғыларды іздеу реті BIOS-тың First Boot Device, Second Boot Device  және Third Boot Device параметрлері көмегімен орнатылады.

Мысалға, жүйеде жүктелудің келесі реті орнатылған деп алайық: бірінші жүктелінуші құрылғы – дискета (Floppy), екінші -  CD-ROM, үшінші - қатты диск (HDD-0).

          - BIOS бағдарламасы алдыменен дискіжетекке қатынайды, дискетті тапқаннан кейін оның бірінші секторын оқиды, егер онда операциялық жүйені жүктеуші бар болса, басқаруды соған береді. Егер дискета жүйелік емес түрінде форматталса, онда сәйкес хабарлама беру арқылы жүктелу тоқтатылады. Мысалы, Non System disk or disk error. Replace and press any key when ready (Для продолжения загрузки нужно извлечь дискету из дисковода и нажать любую клавишу).

          - Егер дискіжетекте дискета жоқ болса, онда жүйе CD-ға арналған жетекке қатынайды. Жүктелінуші компакт-дискіні тапқаннан кейін, жүйе содан жүктелуді бастайды. Әр түрлі CD жүктелу барысында әр түрлі хабарламалар шығарады.

          - HDD –ден жүктелу басталады, егер дискіжетекте дискета және CD-ROM-да компакт-диск жоқ болса. Бұл жағдайда BIOS дискінің бірінші физикалық секторына қатынайды. Осыдан қатты дискінің бөлімдер кестесін және басты жүктелінуші жазба кодын (MBR) оқиды. Осыдан кейін BIOS өз жұмысын аяқтап, басқаруды MBR кодына береді. Қатты диск бір не бірнеше бөлімдерден тұруы мүмкін, солардың біреуі белсенді етіп белгіленуі қажет. MBR-де орналасқан бағдарлама белсенді бөлімнің бірінші секторында орналасатын операциялық жүйе жүктеуішін оқиды. Осыдан кейін негізгі жүйелік файлдар жүктелуді бастайды.

Өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар

  1. Қандай диск жүйелік диск болып табылады?

  2. Операциялық жүйенің жұмысқа қосылу сатылары атаңыз.

  3. Олардың жүзеге асырылуына сипаттама беріңіз.


Әдебиеттер тізімі


  1. Абель П. Язык Ассемблера для IBM PC. 1992г.

  2. Юров В., Хорошенко С. Assembler: учебный курс. -СПб: Издательство "Питер", 1999. -672с.: ил.

  3. Голубь Н.Г. Искусство программирования на языке Ассемблере. –СПб.: ООО «ДиаСофтЮП», 2002. – 656 с.

  4. Беспалов И.В., Горин С.В. Инструментальные средства персонального ЭВМ. Программирование на языке Ассемблер.

  5. Под ред. Шевчина А.Г., Дьянкова Т.В. Справочник программиста и пользователя.

Тақырып №5. Windows программасы. Негізгі терезелік функцияның құрылымы. Терезе класының қасиеттері.

Дәріс мақсаты: Негізгі терезелік функцияның құрылымы мен терезе класының қасиеттерін қарастыру.

Тақырып сұрақтары:

  1. Ассемблер тілінде Windows-қолданбаларды құру қажеттілігі

  2. Windows ортасында бағдарламалау негіздері

  3. Windows - қолданбаларын құру кезінде кездесетін негізгі ұғымдар


Windows бағдарламалауға кіріспес бұрын жалпы Ассемблер тілінде Windows-қолданбаларды құру қажеттілігін қандай себептермен негіздеуге болады?

- ассемблер тілі программистке бағдарламалық кодын толығымен бақылауға және оны өз қалауы бойынша тиімділеуіне болады;

- бағдарлама көлемінің аз болуы, себебі жоғары деңгей тілдерінің компиляторлары жүктеуіш модульға бағдарламаның артық ақпараттарын орналастырады;

 - ассемблерде бағдарламалау кезінде компьютердің аппараттық ресурстарына толығымен қатынауға болады;

 - ассемблерде жазылған бағдарлама компьютердің оперативті жадына анағұрлым жылдам жүктеледі.

Windows үшін бағдарламалау DOS үшін бағдарламалау идеологиясынан мүлде бөлек. Windows үшін құрылған бағдарламаны жүктегеннен кейін ол операциялық жүйеден хабарлама күтеді. Хабарламалар әр түрлі типті болуы мүмкін және олар жүйеде ретсіз түрде қызмет жасайды. Осыдан қолданба келесі қандай хабарлама түсетіндігін білмейді. Сондықтан Windows қолданбаны құру логикасы кез келген типті хабарлама түсу кезінде дұрыс та болжамды түрде жұмыс жасайтындай етіп құрылуы керек.

Бағдарлама қалыпты түрде функционалдауы үшін қолданбалы бағдарламалау интерфейсінің функцияларын  (API - APPLICATION PROGRAM INTERFACE-қолданбаның 32-разрядты интерфейсі) тиімді қолдана алу керек.

Windows ортасында бағдарламалау API функцияларын қолдануға негізделеді. Мұндай функциялар саны бірнеше жүздеген. API функциялар тізімін және олардың сипаттамасын Си тілі бойынша құжаттамадан алған дұрыс. Бұл функциялар бағдарламалауда процедуралық тұрғыны қолданады. Әр операциялық жүйе үшін Windows-тың өз Win32 API жиынтығы болады.

Windows үшін терезелік және консольдік қолданбалар құруға болады. Терезелік қолданба графикалық режимнің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асырады және қолданушының графикалық интерфейсін GUI (Graphical User Interface) құрайтын функциялардың арнайы жиынтығын қолдануға негізделеді.

Енді Windows - қолданбаларын құру кезінде кездесетін негізгі ұғымдарға тоқталайық.

Процесс (Process) – орындалу стадиясындағы қолданба. Оның өз виртуалды кеңістігі, коды, мәліметтері және Windows-тың басқа да ресурстары бар. Әр процестің кем дегенде бір ағыны болу керек.

 Ағын (Thread) – процестің жеке орындалушы немесе басқарушы бөлігі. Ағындардың болуы күрделі есептер шешімін жеңілдетуге және қолданбаның жұмыс жасау сенімділігін күшейтуге мүмкіндік береді.

  1   2   3

Похожие:

Bios (Basic Input/Output System – енгізу-шығарудың базалық жүйесі) – компьютердің бастапқы жүктелуіне, жасақтамаларды баптауға және енгізу-шығару функцияларын қамтамасыз етуге арналған бағдарлама. Процесс iconДеректердің файлдық типтері. Файлдармен жұмыс істеу Файлдық тип, сыртқы тасымалдаушыда орналасқан бір типтегі компоненттер тізбегінен тұратын Паскаль тіліндегі
Паскальда файлдық типтегі айнымалылар ақпаратты енгізу-шығару үшін қолданылады. Ақпаратты енгізу-шығару алдында файлдық айнымалы...
Bios (Basic Input/Output System – енгізу-шығарудың базалық жүйесі) – компьютердің бастапқы жүктелуіне, жасақтамаларды баптауға және енгізу-шығару функцияларын қамтамасыз етуге арналған бағдарлама. Процесс iconПрограмманы енгізу және шығару әдісі бойынша кездесетін қателіктерді жібермеу
ОҚытушының жетекшілігімен студенттердің Өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұСҚАУ
Bios (Basic Input/Output System – енгізу-шығарудың базалық жүйесі) – компьютердің бастапқы жүктелуіне, жасақтамаларды баптауға және енгізу-шығару функцияларын қамтамасыз етуге арналған бағдарлама. Процесс iconTh International Input-Output Association conference in Alexandria, va (June 2011)

Bios (Basic Input/Output System – енгізу-шығарудың базалық жүйесі) – компьютердің бастапқы жүктелуіне, жасақтамаларды баптауға және енгізу-шығару функцияларын қамтамасыз етуге арналған бағдарлама. Процесс iconБалық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдарды енгізу туралы
«Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдарды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы...
Bios (Basic Input/Output System – енгізу-шығарудың базалық жүйесі) – компьютердің бастапқы жүктелуіне, жасақтамаларды баптауға және енгізу-шығару функцияларын қамтамасыз етуге арналған бағдарлама. Процесс iconПрограммалау жүйесінде жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Сабақтың тақырыбы: Деректерді енгізу және шығару функциялары. VisualBasic қосымшасы
Bios (Basic Input/Output System – енгізу-шығарудың базалық жүйесі) – компьютердің бастапқы жүктелуіне, жасақтамаларды баптауға және енгізу-шығару функцияларын қамтамасыз етуге арналған бағдарлама. Процесс iconОҚу- әдістемелік кеңесі жайлы
Университеттегі оқу әдістемелік жұмыс оқу процесінің методикалық қамтамасыз ету және жетілдіру, білім берудің жаңа технологияларын...
Bios (Basic Input/Output System – енгізу-шығарудың базалық жүйесі) – компьютердің бастапқы жүктелуіне, жасақтамаларды баптауға және енгізу-шығару функцияларын қамтамасыз етуге арналған бағдарлама. Процесс iconДеректеріне өзгерістер енгізу
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 63 және 71 баптарына...
Bios (Basic Input/Output System – енгізу-шығарудың базалық жүйесі) – компьютердің бастапқы жүктелуіне, жасақтамаларды баптауға және енгізу-шығару функцияларын қамтамасыз етуге арналған бағдарлама. Процесс iconОрта және ұзақ мерзімді кезеңге арналған инновацияларды дамыту және енгізу жөніндегі

Bios (Basic Input/Output System – енгізу-шығарудың базалық жүйесі) – компьютердің бастапқы жүктелуіне, жасақтамаларды баптауға және енгізу-шығару функцияларын қамтамасыз етуге арналған бағдарлама. Процесс iconҚРӘМ №4079 03. 02. 2006ж тіркелді
Басқармасының «Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік...
Bios (Basic Input/Output System – енгізу-шығарудың базалық жүйесі) – компьютердің бастапқы жүктелуіне, жасақтамаларды баптауға және енгізу-шығару функцияларын қамтамасыз етуге арналған бағдарлама. Процесс iconИнструкция по эксплуатации
Мбит/с. Стандарт 802. 11n основывается на технологии mimo (от англ. Multiple Input Multiple Output — технология передачи данных с...
Разместите кнопку на своём сайте:
kaz.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz.docdat.com
Главная страница