Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 03. 12. 2004года №258 Регистр в Мю №3312




НазваниеПриказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 03. 12. 2004года №258 Регистр в Мю №3312
страница2/3
Дата конвертации24.02.2016
Размер0.55 Mb.
ТипДокументы
1   2   3

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Орман және аңшылық шаруашылығы


комитеті төрағасының 2004 жылғы

3 желтоксан № 258 бұйрығымен

бекітілген


Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі шараларды жүргізу

ЕРЕЖЕСІ



  1. Жалпы ережелер




  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру және орман өсіру ережесі (бұдан әрі- Ереже) Қазақстан Республикасының Орман кодексіне және республикадағы орман шаруашылығын жүргізу жөніндегі басқа да қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

  2. Осы Ереже мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру және орман өсіру іс-шараларын жүргізу тәртібін, сондай-ақ осы жұмыстарды жүзеге асыру кезінде қойылатын талаптарды анықтайды.

  3. Ормандарды молықтыру және орман өсіру учаскелердің әлеуетті орман өсіру жағдайларына, сүрек және бұта тұқымдас ағаштардың ағаш өсірушілік қасиеттеріне, екпелер өсіру мақсаттарына сәйкес аймақтық- типологиялық негізде жүзеге асырылады және мыналарды:

орман өсірушілік, экологиялық және экономикалық жағынан мейілінше тиімді тәсілдермен ең қысқа мерзімде орман ресурстарын молықтыруды;

мемлекеттік орман қоры жерлерін ұтымды пайдалануды;

ормандардың өнімділігі мен сапасын арттыруды;

аумақтың оңтайлы ормандылығын қамтамасыз етуді;

ормандардың ортаны қорғау және ортаны құру қызметтерін атқаруы үшін олардың су қорғаныштық, қорғаныштық, санитарлық-гигиеналық және басқа да пайдалы қасиеттерін арттыруды қамтамасыз етеді.

4. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орманды табиғи және жасанды молықтыру көлемі ревизия кезеңінде және жыл сайын орман орналастырумен анықталады. Көрсетілген тәсілдердің қатынастарын әр орман өсіру аймағы, өңірі (облысы) және мемлекеттік орман иелену бойынша орманның табиғи жаңару барысын арнайы зерттеу негізінде ғылыми және жобалау-іздестіру ұйымдары анықтайды.

5. Ормандарды молықтыру және орман өсірудің мемлекеттік басқарылуын орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - өкілетті орган), оның аумақтық органдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

6. Жеке меншік орман иеленушілер жеке меншік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру және орман өсіру жұмыстарын жүзеге асыру кезінде осы Ережелерді, сондай-ақ уәкілетті органмен және оның аймақтық органдарының, жергілікті атқарушы органдардың ұсынымдарын басшылыққа алуларына болады.

7. Осы Ережелерде төмендегідей ұғымдар қолданылады:

мөлдек- ағаш кесуге белгіленген немесе ағаш кесу жұмыстары жүргізілген орман учаскесі;

орман дақылдарын түгендеу- мемлекеттік орман иеленушілердің екпелерді өсірудің бірінші және екінші жылында, сондай-ақ екпелерді орманмен қамтылған жерлерге ауыстыру кезінде күзде арнайы әдістеме бойынша және орман көмкерілген жерлерге дақылдарды ауыстыру кезінде жүргізілетін орман екпелерінің сапасын аттестациялау (әуеден себу үшін - жүргізілген жұмыстардан кейін екінші және бесінші жылы);

тұқымдықтар (тұқымдандыру көздері) - тұқымдық жеке тұрған ағаштар немесе олардың тұқымдық топтары, орман учаскесінің шоқ ағаштары немесе орманның табиғи жаңаруын қамтамасыз ету үшін жақын учаскелерден тұқымның ұшып келуі мүмкін емес кеспеағаштарда қалдырылған орман учаскесінің тұқымдық жолақтары;

омарта - тиеу пункттері, қоймалар және басқа да технологиялық элементтерден бос кеспеағаш учаскесі;

орман дақылдарын орман көмкерілген жерлерге ауыстыру- мемлекеттік орман иеленушісінің белгіленген сапа көрсеткіштеріне жеткен орман екпелерін орманмен қамтылған жерлердің санатына енгізу;

алдын-ала орман дақылдары - өсіп тұрған орманның қолтығындағы кесуден бірнеше жыл бұрын қажетті тұқымдылардың сенімді түрде жаңаруын қамтамасыз ету үшін өсірілген дақылдар;

орман дақылдарының жерсінуі - орман екпелерінің бірінші немесе екінші жылында анықталатын тірі өсімдіктері бар отырғызу (екпе) орындарының жалпы отырғызу (екпе) орындарына проценттік қатынасы;

орман дақылдарын қайта жаңарту - құндылығы мен өнімділігі төмен екпелерді құнды және өнімділігі жоғары екпелерге ауыстыру;

өздігінен өну - табиғи түрде жаңарған орман ағаштары мен бұталардың өсімі;

аралас орман дақылдары - құрамында бірнеше ағаш немесе бұта тұқымдылары бар орман екпелері;

орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу - шаруашылық құндылығы жоғары орманның пайда болуына, сақталуына жағымды жағдай жасау;

орман дақылдарын техникалық қабылдау - мемлекеттік орман иеленушісінің орман екпелерін отырғызғаннан кейін 10 күннің ішінде міндетті түрде жасалатын екпелердің сапасын бағалау және атқарылған жұмыстарды белгілі тәртіппен қабылдау актісін жасау шаралары;

орман дақылдарының типі - ағаш және бұта тұқымдыларының құрамында, орналасуында, аудан бірлігіндегі санында және топырақты өңдеу ерекшеліктерінде айырмашылықтары бар орман екпелері;

агротехникалық күтім - орман дақылдарының шөп және ұсақ ағаш бұта өсімдіктерімен басылуын болдырмау және топырақта ылғалдылықтың сақталуын қамтамасыз ету шаралары;

орманды күтіп баптау- орманды жарықтандыру және тазарту арқылы күтіп баптау. Бұл жұмыстар тез өсетін (табиғи жаңаруы) ағаш және бұта тұқымдыларын кесу немесе өсу жағдайларын жақсарту үшін қалың екпелерді сиретуден тұрады;

ормандарды молықтыру және орман өсіру қоры - орман дақылдарын өсіру, олардың табиғи өсуі мен табиғи жаңаруына жәрдемдесу шараларына арналған мемлекеттік орман қоры жерлері. Ормандарды молықтыру және орман өсіру қоры төмендегідей категорияларға бөлінеді: орман дақылдары қоры, орманның табиғи жаңаруына арналған қор және орман өсіретін жерлердің қоры;

жартылай орман дақылдары - дақылдар мен табиғи жаңарудан қалыптасқан екпелер;

таза дақылдар – белгілі бір тұқымның дақылдары, оның нәтижесінде осы тұқымның таза екпелері өседі.


2. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру

жөніндегі шараларға қойылатын жалпы талаптар


8. Ормандарды молықтыруды, орман өсіруді және орман тұқымдарын дайындау мен сүрек және бұта тұқымдыларының екпе көшеттерін өсіру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету орман иеленушілер сияқты, орман қоры учаскелері ұзақ мерзімді пайдалануға берілген орман пайдаланушылар да іске асырады (бұдан әрі- орман пайдаланушылар).

9. Мемлекеттік орман иеленушілері:

ормандарды молықтыру және орман өсіру жерлері мен ормандарды молықтыру және өсіру жұмыстары жүргізілген жерлердің қорын есепке алады;

орман орналастыру материалдары бойынша мемлекеттік орман қорында болған өзгерістерді ескере отырып, ормандарды молықтыру және орман өсіру қорының жерлерінің әрбір санаты үшін жеке ормандарды молықтыру және орман өсірудің көлемін, кезегін, мерзімін, әдісі мен тәсілін белгілейді;

сүрек тұқымдыларын селекциялау, тұқым шаруашылығы мен сорттарды сынау жұмыстарын жүргізеді;

құнды тұқымдылардан жаңа екпелер шығару және оларды күтіп-баптау жолымен ормандардың орта құру және қорғаныштық қасиеттерін арттыру үшін шаралар қолданады;

мемлекеттік орман қоры учаскелерінде су және жел эрозиясын, саздануды болдырмау жөніндегі шараларды іске асырады;

орман пайдаланушылар жүргізгіен жұмыс орман өсіру талаптарын бұзған жағдайда, егер олар ормандарды молықтыруға теріс әсерін тигізсе, орман пайдаланушылардың жұмысын тоқтатады;

ормандарды молықтыру жұмыстарының атқарылуына бақылау жүргізу.

10. Орман пайдаланушылардың ағаш дайындау жұмыстарында қолданатын технологиялары орман ортасының мейілінше сақталуын және шаруашылық жағынан құнды тұқымдардан тезірек жаңа ұрпақ алуды қарастырады және осы Ережеде және Ағаш кесу ережелерінде көрініс тапқан нормаларға сәйкес болуы тиіс.

Ағашы кесілген жерлердегі ормандарды молықтыру тәсілдері және оны қамтамасыз ету бойынша ағаш дайындаушыларға қойылатын талаптар рұқсат құжаттарында көрсетіледі.

11. Ормандарды молықтыру жұмыстарын жоспарлағанда мемлекеттік орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар орман орналастыру немесе жобалау-іздестіру ұйымдары осы аумақ үшін белгілеген орманның қалпына келтірудің табиғи және жасанды тәсілдерінің қатынастарын ескереді.

Таулы ормандардың орта және жоғары белдеулерінің тік беткейлерінде ормандарды молықтыру негізінен орманның табиғи жаңаруы арқылы немесе ормандардың табиғи жаңаруына әсер ету жолымен жүргізіледі, ал қалған табиғи аймақтарда – табиғи жаңарудың табыстылығы мен шаруашылықтың қарқындылығына байланысты, табиғи жаңару немесе орман екпелерін егу арқылы жүргізіледі.

Ағашы кесілген жерлерде орманды молықтыру тәсілін орман иеленуші кеспеағашты бөлу мәліметтері, кесілген орындарды күәландыру және табиғи жаңарудың күнделікті жағдайларын бағалау бойынша анықтайды.

12. Орман мекемелерінде шаруашылық жағынан құнды тұқымдылардың табиғи жаңаруын ескере отырып, ормандарды молықтыру жұмыстарының көлемін анықтауда кесу мен молықтыру арасындағы алшақтық жіберілмеуі керек.

13. Ағашы кесілген жерлерде және басқа да ормансыз жерлерде шаруашылық құнды тұқымдылардың табиғи жаңаруы берілген мерзім шегінде мүмкін болмаса , ол жерлерде орман екпелері егіледі. Кесілгеннен кейін дереу екпелер егілетін орман типі топтарының тізбесін орман орналастыру немесе жобалау-іздестіру ұйымдары белгілейді.

14. Ормандарды молықтыру жөніндегі іс-шаралар әрбір учаске үшін нақты алдын ала жасалған және мемлекеттік орман иеленушісі бекіткен жоба бойынша іске асырылады.

15. Аса құнды екпелерді молықтыру жөніндегі іс-шаралар (мемлекеттік қорғаныш орман жолақтары, плантациялық дақылдар, маңызды халық шаруашылығы объектілері аймағындағы қорғаныш екпелері) жобалау-іздестіру ұйымдары дайындаған арнайы жобалар бойынша жүреге асырылады.

Ормандарды молықтыру жөніндегі іс-шараларды жобалаған кезде орман пайдаланушылар сол учаскелердің өртке қарсы орналастырылуын қарастырады.

16. Басты пайдаланудағы кесулерді жүргізу кезінде ағашы кесілген жерлердің ауданынан екі есе асатын ауданда екпелерді отырғызу жұмыстарын жүргізу туралы заң қағидаларын орындау үшін мемлекеттік орман иеленушілер орман пайдаланушыларға орман екпелері қорынан және орман өсіру қорының құрамынан қосымша жер аудандарын беруге міндетті. Бұл орайда көрсетілген аудандар мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру бойынша тендер лотосының құрамына енгізіледі, ал олар аз болған жағдайда сол орман пайдаланушыларға жерлер, белгіленген тәртіппен, қосымша беріледі.

17. Табиғи жас өскіндер құнды сүрек екпелері санатына енгізілген кезде және орман дақылдары орман көмкерілген жерлерге ауыстырылған кезде олар нормативтік талаптарға сәйкес болуы керек.


3. Орманның табиғи жаңаруы


18. Орман иеленушілердің орманды табиғи жаңартуға қалдырған учаскелерінде орман пайдаланушы ағашты кескен кезде біркелкі және қажетті мөлшерде өскендерді, шаруашылық жағынан құнды жіңішке ағаштарды, соңдай-ақ тұқымдану көздерін (тұқымдық ағаштар, тұқымдық шоқ ағаштар немесе жолақтар) қалдырулары керек. Егерде орман пайдалушы орман топырағын енді орман өспейтіндей жағдайға дейін бүлдірген болса, онда ол жерді қалпына келтіруге міндетті.

19. Мемлекеттік орман иеленушілер және жобалау-іздестіру ұйымдары ормандардың табиғи жаңаруын мынадай жағдайларда қарастырады:

шаруашылық жағынан құнды тұқымдылар өскінінің саны нақты орман өсіру аймағы үшін бағалау шкаласы бойынша табиғи жаңаруы “жақсы” деп табылған нормадан кем емес болса;

түбірден немесе тамырдан балақ шыбықтардың пайда болу жолымен барлық өсу кезеңінде жаңару қабілеті бар ағаш тұқымдыларын кескен кезде, тұқымдық жаңаруы мүмкін болмай барлық өсу кезеңіндегі жаңаруы шаруашылық жүргізу мақсатына дәл келсе.

20. Белгілі бір бөлінген мерзімде ормандардың табиғи жаңаруына қалдырылған жерлерде біркелкі орналасқан жетілген шаруашылық жағынан құнды тұқымдылардың өсіп шығуы (олар одан әрі жоғары өнімді екпелердің қалыптасуын қамтамасыз етеді) - учаскедегі ормандардың табиғи жаңаруының жақсы екенінің негізгі белгісі.

Орманның қайта жаңару мерзімінің басталуы болып мыналар қабылданған:

сүрекдіңді кесу мерзімінің аяқталуы;

алаңқай және басқа да орманмен қамтылмаған жерлерде – топырақты минералдындыру немесе қоршау кезі;

ормандануды талап ететін мелиорацияланған ормансыз жерлерде – мелиоративтік жұмыстардың аяқталу уақыты.

21. Ормандарды жаңартуға берілетін мерзім шегін орман өсетін аймақтар мен орман типі топтары бойынша орман орналастыру немесе жобалау-іздестіру ұйымдары белгілейді .

Орман иеленушінің бақылау зерттеулерін жүргізген кезде, шаруашылық жағынан құнды тұқымдылардың табиғи жаңаруының жетімсіздігі байқалса, оған жіберілген ұақыт шегі толық сақталмауы да мүмкін, бұл тиісті актімен рәсімделеді.


4. Орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу


22. Орманның табиғи жаңаруына жәрдемдеу шаралары тек табиғи жаңаруы ойдағыдай болады деп күтілетін орман типі топтарында ғана жүргізіледі.

23. Орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шараларына мыналар жатады:

ағаш дайындау кезінде шаруашылық жағынан құнды тұқымдылардың өміршең өскіндері мен шыбықтарын сақтау;

кеспеағаш жұмыстары аяқталған соң өскіндер мен табиғи тұқымдануды күтіп- баптау;

топырақтың үстіңгі қабатын жартылай минералдандыру;

ағашы кесілген жерлерді қоршау;

шаруашылық жағынан құнды тұқымдылардың табиғи жаңаруының кейбір жерлерде өскіндер мен табиғи (өз бетінше) тұқымданудың жетіспеушілігі немесе біркелкі еместігі байқалса, табиғи жаңартуға қосымша ретінде басты тұқымдылардың көшеттері отырғызылады.

Тұқымдықтарды (ағаштар мен шоқ ағаштарды) қалдыру- кеспеағаштарды бөлгенде және кескенде табиғи тулеуді қамтамасыз ететін маңызды жағдай және міндетті орман өсірушілік шара ретінде, орманды табиғи түлету шараларына өз бетінше шара түрі ретінде енгізілмейді.

Қалдырылған тұқымдықтарды орналастыру және олардың саны мемлекеттік орман құру жерлеріндегі ормандарды кесу ережелерімен анықталады.

24. Ағаш дайындау кезінде өміршең өскіндер мен шаруашылық жағынан құнды тұқымдылардың шыбықтарын сақтауды орман пайдаланушы кеспеағаш жұмыстарының тиісті технологияларын қолдану арқылы қамтамасыз етеді.

25. Сүректерді тасып әкету мен кесілген жерлерді тазалауды қосқанда, кеспеағаш жұмыстары аяқталған соң, шаруашылық жағынан құнды тұқымдылардың сақталған өскіндері мен жетілмеген жіңішке ағаштарының ауданы бүкіл кеспе ағаштың 75 пайыздан кем емес болуы керек (кеспе ағашты бензинді арамен кесіп, трактормен сүйреп тасығаннан соң), ал ағаш дайындағыш машиналармен дайындағанда – 60 пайыздан кем болмауы тиіс. Ағаш дайындаған кезде қар түскен мөлдектің өскіндері мен шыбықтарының (мөлдектің жалпы ауданында кесу жұмыстарына дейін есепке алынған) 70 пайызы, ал қарсыз кезде 60 пайызы сақталу керек.

Орман пайдаланушы өскіндерді кесу қалдықтарынан тазалап, көлеңке түсіретін ағаштар мен бұталардан босатып, түзетіп, қалың топтарды сиретіп отыруға міндетті.

26. Толымдылығы 0,6 аспайтын кесуге түсетін екпелердің қолтығында тұқымдар мен өскіндердің өсуіне жағымды жағдайлар жасау мақсаты мен тұқымдықтар бар кезде топырақтың үстіңгі қабатын минералдандырады. Топырақтың үстіңгі қабатын минералдандыру ағашы кесілген жерлер мен алаңқайларда топырақтың механикалық құрамына және ылғалдылығына, топырақ жамылғысының тығыздығы мен қалыңдығына, төсеніштің қалыңдығына, кеспеағаш жұмыстары кезіндегі топырақтың үстіңгі қабатының минералдану дәрежесіне, тұқымдықтар санына және учаскенің басқа да жағдайларына байланысты, топырақты механиклық немесе химиялық заттар мен өңдеу арқылы жүргізіледі. Минералдандырылған қабаттың үлесі бүкіл ауданның 30 пайыздан кем емес болуы керек. Соқаның және фрезердің жолақтары тұқымдықтар үшін - 5 метр немесе сақталған өскіндер мен шыбық топтарына- 2-3 метр жақын орналасуы керек.

27. Топырақ бетін минералдандырудың оңтайлы мерзімі- тұқым түсуінің алдындағы кезеңі, яғни жаздың аяғы немесе күздің басы.

Топырақты минералдандыру тұқым көп жылдары, тұқым түсімі 3 баллдан кем емес болғанда жүргізіледі.

Сүректің қолтығында топырақ бетін минералдандырған соң басты тұқымдылардан пайда болған өскіндердің көп мөлшерде сақталуы мүмкін болған кезеңде ғана ол кесілуге белгіленеді.

28. Орманның барлық өсу кезеңіндегі жаңаруы ағаштардың жастары, мөлшері және жай-күйі бойынша түбір мен тамырдан балақ шыбықтар құру қабілетіне ие болатын осындай сүректерді кескеннен кейін қарастырылады. Бұл ретте ағаш кесуді қыста жүргізеді, түбірлерді аласа етіп қалдырады (өзен аңғарындағы жағдайларда су тасуының биіктігі мен ұзақтығы ескеріледі), кеспеағаш тазалауды балақ шыбықтар мен тамыр атпа өскіндері пайда болғанға дейін аяқтайды. Еменнің балақ шыбықтан жаңаруы екі генерациядан, ал қайың, көктеректе – үш генерациядан аспауы тиіс.

29. Жас ағаштарға, орманның табиғи жаңаруы учаскелерінде үй және жабайы жануарлардан зақымдану қауіпі туса, оларды барлық жағынан немесе мал айдайтын жерін қоршап қою керек.

30. Ағашы кесілген жерлердегі өздігінен шыққан, сақталған өскіндер мен шыбықтардың саны аз болғанда, орманның табиғи жаңаруы табысты болуы үшін қосымша көшеттердің отырғызылуы мумкін. Бұл кезде отырғызу орындарының саны, осы жағдайлар үшін жаппай отырғызылған орман өсімдіктерінің 25 пайыздан аспауы керек.

31. Орманның табиғи жаңаруына жүргізілген жәрдемдесу шараларының қорытындысы қолданыстағы техникалық ережелер және нұсқаулықтармен бағаланады.

32. Шаруашылық қызметтің шектелген режимі бар ормандарда (орман бақтарында, ұлттық табиғи парктерде, жасыл аймақтарда және т.б ) орманның табиғи жаңаруына әсер ету шаралары шаруашылық жүргізу режимін бұзбаған жағдайда ғана басталады.

1   2   3

Похожие:

Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 03. 12. 2004года №258 Регистр в Мю №3312 iconПриказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 октября 2004 года №217 Об утверждении Типовой формы путевки охотохозяйственных организаций в соответствии со статьей 9 Закона Республики Казахстан «Об охране,
Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 октября...
Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 03. 12. 2004года №258 Регистр в Мю №3312 iconГу каратауский государственный природный заповедник Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
Южно-Казахстанская область, г. Кентау, ул. Валиханова, 17, ком. № Победителем признано тоо «Канди-Алматы» (г. Алматы, ул. Ратушного,...
Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 03. 12. 2004года №258 Регистр в Мю №3312 icon704 Отдельные вопросы, связанные с деятельностью Министерства сельского
Передать республиканские государственные казенные предприятия (далее Предприятия), находящиеся в ведении Министерства образования...
Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 03. 12. 2004года №258 Регистр в Мю №3312 iconФедеральное агентство лесного хозяйства приказ
Положения о Федеральном агентстве лесного хозяйства, утвержденного Постановлением Правительства Российской Федерации от 23 сентября...
Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 03. 12. 2004года №258 Регистр в Мю №3312 iconПриказ от 28 сентября 2004 года n 523 об утверждении ветеринарных правил по профилактике и ликвидации аскаридоза свиней в соответствии с подпунктом 8 статьи 8 и пунктом 2 статьи 26 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии", приказываю
Департаменту ветеринарии совместно с территориальными управлениями областей, городов Астана и Алматы Министерства сельского хозяйства...
Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 03. 12. 2004года №258 Регистр в Мю №3312 iconПриказ от 9 января 1998 г. N 5 О концепции развития охотничьего хозяйства и научного обеспечения отрасли
В целях выполнения поручения Председателя Правительства Российской Федерации В. С
Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 03. 12. 2004года №258 Регистр в Мю №3312 iconУтверждены Приказом Министерства сельского хозяйства и продовольствия от 29 апреля 1997 г. N 208 Согласовано
Разработаны Всероссийским научно-исследовательским институтом охраны труда Министерства сельского хозяйства и продовольствия Российской...
Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 03. 12. 2004года №258 Регистр в Мю №3312 iconПрограмма микрокредитования «табиғи орта»
Проекта гэф/проон/Комитета лесного и охотничьего хозяйства мсх рк «Комплексное сохранение приоритетных глобально значимых водно-болотных...
Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 03. 12. 2004года №258 Регистр в Мю №3312 iconАнализ текущей ситуации и тенденции развития соответствующих отраслей (сфер) деятельности
О стратегическом плане Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан на 2011 2015 годы
Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 03. 12. 2004года №258 Регистр в Мю №3312 iconПриказ Министерства строительства, архитектуры и жилищно-коммунального хозяйства Республики Татарстан от 14 апреля 2003 г. N 103/О
В целях повышения точности учета электрической энергий на объектах предприятий жилищно-коммунального хозяйства Республики Татарстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
kaz.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz.docdat.com
Главная страница