Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 03. 12. 2004года №258 Регистр в Мю №3312




НазваниеПриказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 03. 12. 2004года №258 Регистр в Мю №3312
страница3/3
Дата конвертации24.02.2016
Размер0.55 Mb.
ТипДокументы
1   2   3

5. Орман дақылдарын құру


33. Босатылған уақыт шегінде шаруашылыққа құнды тұқымдарды табиғи жаңару, табиғи жаңаруға жәрдемдесу арқылы қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман иеленушілер орман дақылдарын құрады.

34. Орман дақылдарын құруға арналған жер учаскелері орман дақылдары қорын құрайды да, мынадай санаттарға бөлінеді:

1-2 жыл бұрын ағашы кесілген жерлер;

3 және одан көп жыл бұрын ағашы кесілген жерлерде ормандардың шаруашылық құнды тұқымдыларының босатылған мерзім уақытында табиғи жаңаруы болмаса;

өрттің салдарынан (өртеңдер) немесе басқа да себептерден жойылған екпелер учаскелерінде босатылған мерзімде, ормандарда шаруашылық құнды тұқымдыларының табиғи жаңаруы күтілмесе;

белгіленген тәртіппен жойылған және есептен шығарылған орман екпелері;

алаңқайлар, сондай-ақ қазба байлықтары алынғаннан кейінгі орман өсіруге жарамды жағдайға келтірілген жерлер;

ауыл шаруашылығына пайдаланудан шығарылған, орман өсіруге жарамды жерлер;

орман өсіруге жарамды құмдар, жыралар және басқа да ормансыз жерлер; бұл жағдайда осы категориядағы жерлер агрохимиялық- топырақ зерттеулерінен кейін орман дақылдары қорына енгізіледі:

орман дақылдарын егу тәсілімен қайта құруды қажет ететін құндылығы аз орман екпелері.

35. Бірінші кезекте орман дақылдары қорының жерлері игеріледі:

су және жел эрозиясына ұшыраған жерлер;

елді мекендердің жасыл аймақтарында және өзендер, көлдер, су қоймалары, тоғандар т.б. су нысандары жағалары бойына орналасқан жерлер;

биік шөп өсімдіктері мен жылдам өсіп кететін қаупі бар қылқан жапырақтылардың жаңдан кесілген жерлері және өртең алаңдары;

жоғарғы класс бонитетіндегі екпелерді өсіруге жарамды, тың жерлердегі орманмен қамтылмаған жерлер;

құнды ағаш тұқымдарын енгізу үшін қарастырылған, құны төмен екпелердің кесілген жерлері;

орман өсіруге жарамды жағдайларға келтірілген, пайдалы қазба байлықтарын өндіруден қалған жерлер.

Орман дақылдары қорын игерудің нақты кезегі орман орналастыру және жобалау-іздестіру жұмыстарымен анықталады.

36. Орман дақылдарын егуге учаске дайындау кезінде, барлық алдағы орман дақылдары операцияларын сапалы атқару үшін, сондай-ақ өрт қауіпін азайту және дақылдардың санитарлық жағдайларын жақсарту үшін жағдай жасау жөнінде іс-шаралар жүргізіледі.

Учаскені дайындау мыналарды қамтиды:

жерді табиғи қалпында зерттеу;

орман дақылдарына учаске бөлу;

болашақ дақылдар қатарын немесе топырағы өңделетін жолақтарды белгілеу және машиналардың жұмыс істеуіне қауіпті жерлерді белгілеу;

учаскені жаппай немесе жолақтармен құлаған ағаштардан, тастардан, қажетсіз ағаш өсімдіктерінен, кішкентай түбірлерден, кепкен ағаштардың діндерінен тазалау;

түбірлерді қопару немесе оларды орман екпелері техникасына бөгет жасамастай биіктікке дейін қысқарту, топырақ бетін тегістеу, оның аумағын мелиорациялау, беткейлерде террасалар жасау;

топырақта шамадан тыс орныққан зиянды құрт- құмырсқалармен алдын-ала күрес жүргізу.

37. Учаскені зерттегенде кезде оның жағдайы мен орман егуге жарамдылығы анықталады, шаруашылыққа құнды тұқымдардың жас өміршең өсімдіктерінің саны мен орналасуы, құлаған ағаштар және кесу қалдықтарымен қоқыстану дәрежесі, түбірлердің саны мен биіктігі, машиналардың жұмыс істеуіне қолайлылығы, топыраққа зиянды құрт-құмырсқалардың орнығуы белгіленеді, орман өсіру жағдайының типі нақтыланады және орман дақылдарын егу тәсілдері анықталады.

38. Орман дақылдарын егуге жер бөлгенде, оған орман шекараларына, жолдарға және басқа планшетте белгіленген тұрақты белгілерге байланыстыра отырып геодезиялық зерттеулер жүргізіледі.

Орман дақылдарын техникалық жобалауды орманшы немесе жобалау- іздестіру ұйымдары орман иеленушілермен шарты бойынша іске асырады. Орман дақылдарының жобалары орман мекемесінің бас орманшысы мен келісіледі және бекітіледі.

39. Орман дақылдарын егу үшін ағашы кесілген жерлерді дайындау орман пайдалнушылар мен кеспеағаш жұмыстарын орындаған кезде жүргізіледі.

Жаппай тазалаған кезде құлаған ағаштар, қажетсіз орман өсімдіктері, кішкентай түбірлер және тастар учаскенің шекарасына ысырылады немесе оның аумағына 25-30 метр сайын жиналады.

Жартылай тазалау, жаппай тазалау мүмкін болмаған немесе қажет емес жағдайларда, ені әртүрлі жолақтармен, сондай-ақ орман дақылдарын дәліз тәсілімен және бөлек еккенде жүзеге асырылады.

40. Жаппай түбірлерден тазалау, ерекше құнды орман дақылдарын егу, топырағы бай ағашы кесілген жерлер немесе өртеңдерде арам шөптер және тамыр атпа немесе балақ ағаш екпелерінің қарқынды даму қауіпі туғанда арнайы жолақтар жасау үшін жүргізіледі.

Құнарсыз топырақта, ағашы кесілген жерлер мен өртеңдерде және беткейдің тіктігі 6 градустан асқанда, топырақ эрозиясын болдырмау үшін, сондай-ақ орман аймақтарындағы сазды және өте сазды жерлерде түбір тазалағанда оның су-физикалық қасиеттері төмендейтін болса, түбірлерді жаппай тазалауға тыйым салынады.

Түбірлерді жартылай тазалау әдетте егілетін тұқымдылардың биологиялық ерекшеліктеріне және басқа да факторларға байланысты ені 2 метрден кем емес жолақтармен жүргізіледі.

Учаскелерді тазалағанда және түбірлерді қопарғанда топырақтың жоғарғы құнарлы қабатының мұқият сақталуы қамтамасыз етіледі.

41. Топырақты өңдеу тәсілі, орманды қалпына келтіру жөніндегі қолданыстағы аймақтық ұсыныстарға және топырақ өңдеудің нормативтік-техникалық талаптарына сәйкес, орман типінің тобына немесе орман өсіру жағдайларына, орман екпелері қорының санатына, учаске дайындау тәсілі және қабылданған орман дақылдарының типіне байланысты жобалау ұйымдарымен немесе орманшымен таңдалады.

Топырақ өңдеу барлық учаскеде (жаппай өңдеу) немесе оның бөлігінде (жартылай өңдеу) механикалық немесе химиялық тәсілдермен іске асырылады. Топырақты әртүрлі механикалық (тракторлық) құралдармен өңдеу негізгі тәсіл болып табылады.

Топырақты жаппай өңдеу, барлық аумақта өңдеу жұмыстарына кедергі келтірмейтін учаскелерде жүргізіледі (6 градусқа дейінгі беткейде және топырақта су және жел эрозиясы болмағанда).

Топырақты бөлектеп механикалық өңдеу жолақтап жырту, жолақтар мен алаңдарды минералдандыру немесе қопсыту, соқалау немесе жыра жасау, кішкентай төмпешіктер жасау (қатарлар, жолдар, төбешіктер), шұңқырлар дайындау жолдарымен іске асырылады.

Топырақты соқалап немесе жолақтап өңдеген кезде құралдар жүрісі жолақтардың түзулігі мен паралельдігін қамтамасыз ету керек.

42. Сусыма құмдары, қажет болған жағдайда, бұталардан ықтырмалар жасау жолымен немесе шөп өсімдікткерін егу, механикалық қалқалар қою (қалқалар, бұтақтар, қамыс немесе сабан бумалары), жер бетіне жабысқақ заттар тастау және басқа да тәсілдермен бекітеді. Бұл жағдайда, басты тұқым егілгенге дейінгі алдын-ала егілген бұталар орман дақылдары көлеміне есептелмейді.

43. Тау жағдайларында топырақ өңдеу тәсілі жердің географиялық аймағын, бедерін, беткейлердің орналасу тәртібі мен көлбеулігін, топырақтың төсенішінің су өткізгіштігін, топырақтың тастылық дәрежесін, учаскенің мөлшері мен қолайлылығын, эрозиялық процестердің пайда болу және даму қауіптілігін ескере отырып таңдалады.

Беткейлердің көлбеулігіне, топырақ және басқа да жағдайларға байланысты таулы учаскелерінде топырақ өңдеудің мына тәсілдеріне рұқсат етіледі:

тасы көп және тасы аз топырақты 6 градусқа дейінгі тау беткейлерінде - жаппай өңдеу;

6 градустан 12 градусқа дейін тау беткейінде: тасы аз топырақтарда -жолақтап жырту, сондай-ақ түбін қопсыта отырып, қабаттар бойынша бороздалар кесу; құрғақ және биік өсімдіктер өспейтін тасты топырақты террасаларда - жолақтап қопсыту, түбін қопсыта отырып, бороздалар кесу немесе микротеррасалар дайындау; бұталар немесе биік шөп өсімдіктері өсп кеткен учаскелерде-бульдозер немесе жинағыш – қопарғыштар мен ұзындығы 5-20 метр, арасы 3-4 метр дайындалған үзік-үзік жолақтармен ұзын жағымен қабаттар бойына аралары 2,5-3,5 метр етіп орналастырылады;

12 градустан 20 градусқа дейінгі жайпақ беткейлердегі терең және орташа профильді тастары аз топырақтарда – бульдозерлермен немесе қопарғыш-жинағыштармен беткей бойына 3-5 метр үздік-үздік қысқа жолақтар жасалады;

тік беткейлердегі (21 градустан жоғары) астыңғы жыныстары су өткізгіш болатын топырақтарда топырақты сатылап немесе алаң етіп дайындауға рұқсат етіледі.

аз мөлшердегі тасы өте көп топырақтарда- алаң жасап қолдан өңдейді, шұңқырлар дайындайды.

44. Топырақты химиялық гербицидтер және арборицидтармен өңдеу жекелеген жағдайларда жергілікті табиғат қорғау органдарының келісімімен және арнайы нұсқаулықтарға сәйкес рұқсат етіледі.

Ерекшелік ретінжде алдын ала топырақты өңдемей-ақ орман екпелері көшеттерін жақсы тазаланған ағашы кесілген жерлерге 1 гектарға 500 дейін түбірлер болып, тез өсіп түлейтін тұқымдар қауіпті болмаса егуге рұқсат етіледі, сондай-ақ арамшөптен таза, жыртылған жерлерде, құмдарда, ағаш егуге жарамды тегістелген үйінділер және басқа да жерлерде, орман екпелерінің өсуіне бөгет жасайтын өсімдіктер өспейтін және өте құрғақшылыққа ұшырамайтын желерге де сондай тәсілмен егуге рұқсат етіледі.

45. Құрамы бойынша орман дақылдары таза немесе аралас болуы мүмкін.

Басты тұқым жергілікті орман құраушы тұқымдылардан таңдалады, ал оң тәжірибелер болғанда интродукциялық тұқымдылардан да таңдалады. Ол шаруашылықты жүргізу мақсатына дәл келуі және жердің орман өсімдіктері жағдайларына сәйкес болуы керек.

Ілеспелі тұқымдылар мен бұталарды таңдағанда, олардың басты тұқыммен өзара әсерін ескеру керек.

Ілеспелі ағаш тұқымдылары мен бұталар екпелерге басты тұқым қатарының өз қатарымен алмасуы жолымен енгізіледі.

46. Орман дақылдарының алғашқы жиілігі және отырғызатын (себетін) орынды орналастыру жоғары өнімді сүрекдіңнің қалыптасуын қамтамасыз етуі тиіс.

Орман өсімдіктерін орманды жерге ауыстыру жасында бір гектарға қажет өсімдіктердің саны нақты орман өсіру жағдайлары үшін қолданыстағы стандарттармен белгіленеді.

Орман өсімдіктерін көшеттермен отырғызғанда, отырғызылған өсімдіктер саны стандарт бойынша оларды орманды жерлерге ауыстыруға белгіленген саннан кем болмауы тиіс.

Көшеттермен отырғызылған сексеуіл өсімдіктерінің алғашқы жиілігі 1 гектар жерге 1,78 мың дана отырғызу орнынан кем болмауы керек.

47. Орман зиянкестері мен аурулары таралған ошақтарда отырғызылған (себілген) алғашқы жиілік және өсімдіктердің құрамы орманды қорғау жөніндегі ұсыныстарға сәйкес қабылданады.

Мақсатты орман дақылдарын құрғанда, отырғызылатын (себілетін) орынның саны мен оналастыру схемасы арнайы ұсыныстар және техникалық талаптармен белгіленеді .

Екпелердің бастапқы жиілігінің нақты нормалары, қатар аралығының рұқсат етілген ені және қатардағы отырғызатын (себілетін) орынның ара қашықтығы басты ағаш тұқымының түріне, орман өсіру жағдайларының типіне, өсімдіктерді егудің әдісі мен мақсатына, көшеттердің мөлшеріне байланысты.

Бұл нормалар орман өсіру аймақтары бойынша ғылыми ұсыныстарға сәйкес жобалау ұйымдары мен, орманды қалпына келтіру жөніндегі өңірлік нұсқаулықтармен белгіленеді.

48. Орман дақылдарын құрудың негізгі әдісі отырғызу болып табылады. Отырғызу су және жел эрозиясына ұшырайтын тым ылғалды және отырғызылатын орынның арам шөптермен тез өсіп кететін учаскелерде, сондай-ақ ылғалы аз аудандарда жүргізіледі. Айрықша отырғызуға селекциялық көшеттер, сондай-ақ қылқан жапырақты тұқымдардың дақылдарын қолдана отырып, дақылдар егіледі.

Отырғызуға көшеттер, сондай-ақ қалемшелер пайдаланылады олар орман дақылдарының өсу сенімділігін қамтамасыз етуге, агротехникалық күтіп-баптау қажеттілігін азайтуға және орман дақылдарын орман көмкерілген жерлерге ауыстыруды тездетуге мүмкіндік береді.

Кебуден зиянкестер мен ауруға шалдығудан қорғау үшін, сондай-ақ дақылдар тез қалыптасып тез өсуі үшін, отырғызар алдында көшеттер әртүрлі заттармен өңделеді.

49. Шөл және шөлейт аймақтардағы жеңіл механиалық құрамдағы топырақтарда орман өсіруге қолайлы жағдайларда сексеуіл, черкез, жүзгін т.б құмды бекітіп тұратын өсімдіктерді сондай-ақ Сарыарқа даласындағы құнды ағаш тұқымдыларды басым тік беткейлерде (21 градустан астам) тұқым себумен өсіруге рұқсат етіледі. Қатаң орман өсіру жағдайларында механикалық құрамы орта және ауыр топырақта екпелерді көшетпен егеді. Тұқым себу әдісімен тұқымдарды ірі, жапырақты ағаштарды егуге рұқсат етіледі: емен, талшын, жаңғақ, бадам, пісте т.б

Себуге аудандастырылмаған тұқымдар рұқсат етілмейді.

Орман екпелерін себу тәсілі, егу нормасы және басқа да технологиялық талаптар ғылыми ұсыныстарға, өңірлік нұсқауларға сәйкес орманды қалпына келтіру жөніндегі жобалау ұйымдарымен белгіленеді.

50. Ағаштарды отырғызу және себу кезінде тыңайтқыштар, зиянкестер мен аурулардан өсімдікті қорғайтын заттар сондай-ақ кейіннен тыңайтқыш және шөп ретінде және басқа да мақсаттар үшін арнайы шөп өсімдіктерінің тұқымы бірге қолдануы мүмкін.

Көпшілік жағдайларда себу мен отырғызудың жақсы мерзімі- бүршік жарғанға дейінгі ерте көктем болып табылады.

Жағымды ауа райы жағдайларында, егер де өсімдіктер суға тұншықпаса, суыққа және үсікке ұрынбаса жаз аяғында және күзде отырғызу мен себуге (ірі жапырақты тұқымдарды) рұқсат етіледі.

51. Агротехникалық күтіп баптауларға мыналар жатады:

өсімдіктерді қолмен тіктеп қою оларды шөп және топырақтың басып қалмауы мен суықтың сығымынан сақтайды;

шөп және ағаш өсімдіктерін жоя отырып, қатар бойындағы және араларындағы топырақты қопсыту;

егілетін өсімдіктерді қажеті жоқ шөп және ағаш өсімдіктерінен механикалық немесе химиялық құралдармен өңдеу;

қатар арасындағы қажеті жоқ шөп және ағаш өсімдіктерін шабу немесе жаншу.

Орман өсімдіктерін минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру және суару агротехникалық күтімдерге жатады, бірақ олар арнайы шара ретінде жоспарланады және жүргізіледі.

52. Орманды аймақтарда агротехникалық шараларды негізінен басты тұқымдылар арам шөптер және қажетсіз ағаш өсімдіктері тұншықтырып тастамау мақсатында жүргізіледі.

Орманды дала, далалық, шөл және шөлейт аймақтарда агротехникалық күтім негізінен топырақта ылғалдың сақталуына және үнемді пайдалануына бағытталады. Өте қуаңшылық жағдайларда ол орман дақылдарын орманды жерлерге ауыстырғанда да жалғаса береді.

Агротехникалық күтімдердің тәсілдері, қайталануы және ұзақтығы орман өсіру жағдайларына, егілген тұқымдардың биологиялық ерекшеліктеріне, топырақты өңдеу тәсіліне, дақылдарды егу әдісіне, пайдаланылған көшеттердің мөлшеріне байланысты болады және жобалау ұйымдарымен анықталады.

53. Арам шөптерге және қажетсіз орман өсімдіктеріне қарсы химиялық әдісті қолдану, айырықша жағдайларда, табиғи ортаны қорғауды ескере отырып, қолданыстағы арнайы нұсқаулықтарға сәйкес, табиғат қорғаудың жергілікті органдарының келісімі бойынша жүргізіледі.

  1. Минералдық және органикалық тыңайтқыштар, әдетте, құнарсыз (құмды, жуылып кеткен, кеуіп қалған, тегістелген, т.б) топырақтарға енгізіледі, ол жерлерде шөп өсімдіктерінің өспейтінін еске ала отырып, сондай-ақ орман екпелерін мақсатты өсіргенде пайдаланады.

  2. Орман дақылдарының бейімделуі 85-25 пайыз болғанда кәсіпорынға белгіленген нормативке байланысты екпелер қосымша егіледі. Дақылдар учаске алаңы бойынша селдір біткен болса, олар кез келген бейімделікте қосымша егіле береді.

Жекелеген жағдайларда орман мекемесінің түгендеу комиссиясы, орман өсімдіктерінің жерсінуі 25 пайыздан жоғары болса да, сол аудандарда орман екпелері қорына енгізе отырып, қосымша егілудің қажеті жоқ, сондай-ақ жерсінуі 25 пайыздан төмен бір жылдық өсімдіктерді есептен шығарудың қажет еместігі туралы шешім шығаруы мүмкін, бірақ олар келесі жылы міндетті түрде толықтырылады. Қабылданған шешім арнайы актімен рәсімделеді.

56. Орман көмкерген жерлерде орман дақылдарын құны төмен екпелерді қайта жаңартқанда, орман қолтығына еккенде және алдын ала орман дақылдарын құрғанда отырғызады.

5 жастағы және одан да үлкен жастағы құны төмен екпелер өзінің құрамына, толымдылығына, жасына қарай пісу өнімділігіне және атқаратын қызметтеріне қарай орман өсіру жағдайларына және оның мақсатына сәйкес келмесе қайта құруға белгіленеді.

Қайта құру қорына мыналар енгізіледі:

а) неғурлым өнімді сүрекдіңдер өсіру үшін қолайлы учаскелерде бұталар;

б) учаскенің орман өсіру жағдайларына жауап бермейтін құны төмен ағаш тұқымдарының жас өскіндері;

в) толымдылығы бұзылған (толымдылығы 0,5 және төмен) немесе зақымданған екпелер және 2-сынып және одан жоғары керексіз тұқымдардың болуымен өнімділігі төмен сүрекдіңдер.

Құны төмен екпелердің құрамы мен биіктігіне байланысты, аумаққа біркелкі бөлінген басты тұқымдар болғанда дәліздік, шоқтанған- топтанған немесе екпелерді жаппай қайта құру тәсілі қолданылады.

Орман қолтығы дақылдары негізінен санитарлық-гигиеналық қызметтерді арттыру мақсатында ерекше күзетілетін табиғи аймақтардың жасыл және рекреациялық аймақтарындағы ормандарда, орман шаруашылығын жүргізу аудандарындағы эрозияға қарсы және басқа да қарқынды қорғаныш екпелерінде егіледі. Екпелердің дақылға енгізілуге дейінгі толымдылығы 0,6 аспауы керек.

Орман көмкерілген жерлердегі орман дақылдарының алғашқы жиілігі осы орман өсіру жағдайларындағы жаппай егілетін дақылдар үшін оңтайлы жиілік мөлшерінен 50 пайыздан кем емес болмауы тиіс.

57. Плантациялық орман дақылдары қолданыстағы ұсыныстар мен стандарттардың талаптарына сәйкес бүкіл өсіру цикылына жасалған арнайы жобалар мен технологиялар бойынша сүрекдіңдерді және басқа да орман өнімдерінің түрлерін жеделдетіп алу мақсатында құрылады.

58. Плантациялық орман дақылдары үшін неғұрлым өнімді орман өсіру жағдайларындағы аудандар бөлінеді.

Дақылдарды отырғызу алдында топырақ мұқият және жаппай өңделеді. Болашақта қажет тыңайтқыштарды енгізу жолымен топырақ құнарлылығын қолдау мен арттыру жөніндегі шаралар қолданады.

59. Плантациялық дақылдарды егу үшін перспективті сорттардың, нысандардың және өскіндердің жоғары сапалы отырғызу материалдары пайдаланылады. Дақылдарда барлық орман дақылдары мен орман өсіру операцияларын механизациялауды қамтамасыз етуге, егілген екпелерге тұрақты күтім жасауға және оларды зиянкестер мен аурулардан қорғауға мүмкіндік беретін оңтайлы отырғызу орындарын орналастыру қамтамасыз етіледі

60. Әдетте плантациялық орман дақылдар бір ғана тұқымнан егіледі. Оларға бағдарлама бойынша бүкіл өсіру кезеңін қамтитын күтім жасалады.

61. Плантациялық орман өсіру принциптерімен кәдімгі орман екпелері және басты ағаш тұқымының жақсы өсіп тұрған, біркелкі орналасқан жергілікті мөлшердегі табиғи жас ағаштары да қалыптасуы мүмкін. Учаскелер мен орман өсіру жағдайларына қойылатын талаптар плантациялық дақылдарды егумен бірдей.

62. Аумақтың ормандылығын арттыру, эрозиялық процестерді болдырмау және бұрын орманы болмаған аумақтардың экологиялық жағдайларын жақсарту мақсатында:

тау беткейлерінде және жыралы-сайларда, судың жер бетіндегі ағыстарын реттеу, топырақтың су эрозиясымен күресу және жер үсті ағыстарын реттеу, топырақтың су эрозиясымен күресу және жер үсті ағыстарын топырақ ішіне ауыстыру үшін екпелер отырғызу;

жердің гидрологиялық және микроклиматтық жағдайларын жақсарту, жолдарды қар басудан қорғау үшін мемлекеттік қорғаныш орман жолақтарын жасау;

кіші өзендерді және басқа да су көздерін эрозия қалдықтарынан ластанудан қорғау және олардың су режимін жақсарту үшін бұлақ, саға және жаға бойына екпелер отырғызу;

құмдарда оларды бекіту, жел эрозиясынан қорғау, сүрек алу мақсатында, жасыл аймақтар құру үшін т.б алқаптық, ықтырмалық немесе жолақтармен екпелер құру;

жайылым жерлерде жердің жемшөптік өнімділгін арттыру, қатты желдерден, қардың және топырақтың басуынан, мал шаруашылығының ғимараттарын қорғау, малды күн радиациясынан, желден және зиянды құрт-құмырсқалардан қорғау үшін орман жолақтарынан шоқ ағаштар және алқаптық екпелер құру;

тез өсетін ағаш тұқымдарының плантацияларын жасау шаралары жүргізіледі.

63. Тез өсетін ағаш тұқымдарының плантациясын, орма дақылдарын егу және өсіру ауыл шаруашылығы маңызы бар жақын жерлерде орман мелиоративтік іс-шараларын ескере отырып, жобалау- іздестіру ұйымдарының жасаған жобалары мен технологиялары бойынша жүргізіледі.


6. Ормандарды молықтыруды және орман өсіруді бақылау


64. Ормандарды молықтыру, орман өсіру жөніндегі орындалған жұмыстардың сапасына бақылауды жүзеге асыру үшін және оларды жақсарту жөнінде уақтылы шаралар қабылдау:

орман дақылдарын және орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шараларын жүргізген жерлерді техникалық қабылдау;

орман дақылдарын орман көмкерілген жерлерге аустырғанға дейінгі күзгі түгендеу;

орман дақылдарын орман көмкерілген жерлерге ауыстыру;

орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесудің жүргізілген шараларының нәтижелерін есепке алу жүргізіледі.

Көрсетілген іс-шаралар атқарылған жұмыстардың көлемі мен сапасын нақтылауға мүмкіндік береді. Алынған деректер қажетті күтім шараларын жоспарлау үшін пайдаланады, сондай-ақ санитарлық есептілікті және техникалық құжаттамаларды қамтиды.

65. Орман дақылдарының және орманның табиғи жаңаруына жүргізілген жәрдемдесу шараларының барлық учаскелері кезекті орман орналастыру кезінде зерттеледі, оларға қажетті шаруашылық іс-шараларын жобалайды.

66. Уәкілетті органның шешімі бойынша белгілі бір уақытта егілген барлық ағаш тұқымдары үшін немесе олардың тек кейбіреулері үшін мақсатты тексерулер және орман екпелерінің бір уақыттық есебі жүргізілуі мүмкін.


7. Ормандарды молықтыру мен орман өсірудің тиімділігін бағалау


67. Ормандарды молықтыру және орман өсіру жұмыстарының соңғы кезеңі орман дақылдарын және табиғи жаңаруына жәрдемдесу шаралары жүргізілген алқаптарды орман көмкерілген жерлерге ауыстыру болып табылады. Егілген екпелерді неғурлым өнімді сүрекдіңді қалыптастыру үшін негіз болып табылатын құнды ағаш екпелерінің жас өскіндерінің санатына енеді.

Шаруашылық жағынан құнды жас өскіндерге мемлекеттік орман қорын жақсартатын, осы орман өсіру талаптарына және халық шаруашылығының экономикалық талаптарына неғұрлым толық жауап беретін қылқан жапырақты, қатты жапырақты, сондай-ақ басқа да ағаш тұқымдары жатады.

68. Осы кезеңдегі ормандарды молықтырудың жай-күйі мен оның тиімділігі мыналарды сипаттайды:

ормандарды молықтыру коэффициенті жаппай кесудің және өртеңдердің жалпы ауданына орманды қалпына келтіру жалпы ауданының қатынасына тең;

ормандарды молықтырудың тиімділігі көэфиценті шаруашылық жағынан құнды екпелер санатына енгізілген жас ағаштар ауданының ормандарды молықтыру жұмыстары жүзеге асырылған жалпы ауданға қатынасына тең;

шаруашылық жағынан құнды екпелер санатына енгізілген жас ағаштар көэфиценті жаппай кесудің және өртеңнің жалпы ауданына енгізілген жас ағаштардың ауданының қатынасына тең.

Егер көрсетілген коэффиценттерінің мәні бірге тең болса (немесе оған жақындаса), онда бұл ормандарды молықтырудың ойдағыдай жүргізілгенін сипаттайды.


___________________


1   2   3

Похожие:

Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 03. 12. 2004года №258 Регистр в Мю №3312 iconПриказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 октября 2004 года №217 Об утверждении Типовой формы путевки охотохозяйственных организаций в соответствии со статьей 9 Закона Республики Казахстан «Об охране,
Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 октября...
Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 03. 12. 2004года №258 Регистр в Мю №3312 iconГу каратауский государственный природный заповедник Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
Южно-Казахстанская область, г. Кентау, ул. Валиханова, 17, ком. № Победителем признано тоо «Канди-Алматы» (г. Алматы, ул. Ратушного,...
Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 03. 12. 2004года №258 Регистр в Мю №3312 icon704 Отдельные вопросы, связанные с деятельностью Министерства сельского
Передать республиканские государственные казенные предприятия (далее Предприятия), находящиеся в ведении Министерства образования...
Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 03. 12. 2004года №258 Регистр в Мю №3312 iconФедеральное агентство лесного хозяйства приказ
Положения о Федеральном агентстве лесного хозяйства, утвержденного Постановлением Правительства Российской Федерации от 23 сентября...
Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 03. 12. 2004года №258 Регистр в Мю №3312 iconПриказ от 28 сентября 2004 года n 523 об утверждении ветеринарных правил по профилактике и ликвидации аскаридоза свиней в соответствии с подпунктом 8 статьи 8 и пунктом 2 статьи 26 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии", приказываю
Департаменту ветеринарии совместно с территориальными управлениями областей, городов Астана и Алматы Министерства сельского хозяйства...
Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 03. 12. 2004года №258 Регистр в Мю №3312 iconПриказ от 9 января 1998 г. N 5 О концепции развития охотничьего хозяйства и научного обеспечения отрасли
В целях выполнения поручения Председателя Правительства Российской Федерации В. С
Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 03. 12. 2004года №258 Регистр в Мю №3312 iconУтверждены Приказом Министерства сельского хозяйства и продовольствия от 29 апреля 1997 г. N 208 Согласовано
Разработаны Всероссийским научно-исследовательским институтом охраны труда Министерства сельского хозяйства и продовольствия Российской...
Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 03. 12. 2004года №258 Регистр в Мю №3312 iconПрограмма микрокредитования «табиғи орта»
Проекта гэф/проон/Комитета лесного и охотничьего хозяйства мсх рк «Комплексное сохранение приоритетных глобально значимых водно-болотных...
Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 03. 12. 2004года №258 Регистр в Мю №3312 iconАнализ текущей ситуации и тенденции развития соответствующих отраслей (сфер) деятельности
О стратегическом плане Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан на 2011 2015 годы
Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 03. 12. 2004года №258 Регистр в Мю №3312 iconПриказ Министерства строительства, архитектуры и жилищно-коммунального хозяйства Республики Татарстан от 14 апреля 2003 г. N 103/О
В целях повышения точности учета электрической энергий на объектах предприятий жилищно-коммунального хозяйства Республики Татарстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
kaz.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz.docdat.com
Главная страница