Клиникалық фармакология және фармакотерапия кафедрасы




Скачать 158.05 Kb.
НазваниеКлиникалық фармакология және фармакотерапия кафедрасы
Дата конвертации27.05.2013
Размер158.05 Kb.
ТипДокументы
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ


Мамандығы 051101 «Емдеу ісі», дәрігер – хирургы


Клиникалық фармакология және фармакотерапия кафедрасы





Интерндерге арналған әдістемелік нұсқау


Тақырыбы: Ауырсыну синдромы кезінде, жергілікті және жалпы анестезияға кезінде дәрілердің жеке фармакокинетикасына және фармакодинамикасына байланысты клинико-фармакологиялық қолдануы.


Курс: VII


Құрастырушы: Сагадатова Т.К.






Қарағанды 2007 ж.

Тақырыбы: Ауырсыну синдромы кезінде, жергілікті және жалпы анестезияға кезінде дәрілердің жеке фармакокинетикасына және фармакодинамикасына байланысты клинико-фармакологиялық қолдануы.


Оқу сағатының мөлшері: 6

Тақырыптың маңыздылығы (оқуға тарту): Кейінгі он жылда көп елдерде шығу тегі әр түрлі созылмалы ауырсыну синдромы көптеп кездеседі. Эпидемиологиялық зерттеулерге жүгінсек ауырсыну синдромы 45% жағдайда кездеседі. Созылмалы ауырсыну ағзада арнайы нейрофизиологиялық реакция тудырып, науқастың емге тұрақтылығын жоғарлату сияқты кері әсерін тигізеді. (Ю.П. Лиманский 1986). Ауырсыну синдромы терапиясының негізгі компоненті ауырсынуды басатын препараттарды қолдану болып табылады. Көбіне анальгетиктерді қолданғанда емнің тиімсіз болуы олардың фармакодинамикасын дұрыс білмеуден туындайды.

Сабақтың мақсаты: тақырыпты оқып білген соң «дәрігер – хирург» бағыты бойынша оқитын интерн дәрілік заттардың жағымсыз жанама реакцияларын, өзара әсерлесуін, фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының негізгі мәліметтерін қолдана отырып, бақылаулы, жекеленген, тиімді де қауіпсіз фармакотерапияны жүргізу үшін жалпы және жергілікті анестезияда қолданылатын дәрілік заттарды және оларды мөлшерлеу тәртібін ұтымды таңдауды білуі қажет.


Дәрігер– интерн білуге тиісті:

  • Ауырсыну синдромын басуға арналған түрлі фармакотерапиялық заттардың (наркотикалық және наркотикалық емес анальгетиктер, М-холинолитиктер, миогенді спазмолитиктер және т.б.) негізгі фармакокинетикалық параметрлер, олардың түрлі патологиясы бар нәрестелерде, балаларда, жүктілерде және лактация кезеңіндегі әйелдердегі динамикасы.

  • Түрлі жас топтарында анестезиялық препараттардың сипаттамасын, жіктемесін, әсер ету механизмін, фармакокинетикалық ерекшеліктерін.

  • Жастық топтарын ескеріп, көрсеткіштерді, қарама-қарсы көрсеткіштерді, мүмкін кері әсерлерді, оларды алдын-алу және коррекциялаудың әдістерін.

  • Анестезиялық ДЗ-дың фармакокинетикалық ерекшеліктерін.

  • Фармакодинамикалық, фармакокинетикалық және терапиялық деңгейлерінде өзара әсерлесуін ескере отырып, анестезиялық ДЗ-ды басқа топ препараттарымен бірге қолданудың мүмкіндіктерін.

  • Жастық және нозологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, анестезиялық ДЗ-дың мөлшерін және енгізу ретін.

  • Психикалық, неврологиялық сфералардағы түрлі ауруларда және ішкі ауруларда анальгезия әдістері.


Дәрігер-интерн жүргізуге тиісті:

  • Ауырсыну синдромын емдеуде қолданылатын едәуір нәтижелі және қауіпсіз дәрілік заттарды таңдауды жүзеге асыруды.

  • Клиникалық жағдайды, жастық және т.б. аспектілерін ескеріп, нақты науқаста анестезияны жүргізу үшін оптималдық препаратты таңдауға клинико-фармакологиялық негіздемені құрастыруды

  • Науқастың статусын, клиникалық жағдайын және тағайындалатын препараттың фармакокинетикалық ерекшеліктерін ескеріп, мөлшерлеу тәртібін таңдауды жүргізуді.

  • Анестезия үшін қолданылатын дәрілік заттың нәтижелілігі мен қауіпсіздігін бағалауға арналған қажетті әдістердің жинағын жүзеге асыруды және жүргізілетін терапияның нәтижелерін болжауды.

  • Мүмкін болатын жағымсыз әсерлердің алдын-алуын жүргізуді, науқаста жанама әсерлер пайда болғанда олардың анықталу мүмкіндігін болжауды және терапиясын дер уақытында коррекциялауды.

  • Анестезия басқа дәрілік заттармен комбинациясының мүмкіндігін бағалауды.


Сабаққа дайындалу сұрақтары

а) бастапқы білімдері бойынша:

  1. Ауырсыну синдромы. Ауырсынудың механизмі.

  1. Жалпы және жергілікті анестетиктердің жіктемесі.

  2. Жалпы және жергілікті анестезияны жүргізуде қолданылатын анестетиктердің фармакодинамикасы мен фармакокинетикасы.

  3. Жалпы және жергілікті анестетиктерді тағайындауға көрсеткіштер мен қарама-қарсы көрсеткіштер.

  4. Түрлі жастық топтарындағы науқастарға препараттардың көрсетілген топтарын таңдау ерекшеліктері.


б) сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Әртүрлі фармакологиялық топтарға жататын ауырсынуды басатын дәрілік заттар (наркотикалық және наркотикалық емес анальгетиктер, М-холинолитиктер, миогенді спазмолитиктер тағы басқалары).

  2. Анестезиялық ДЗ терапиялық және уыттық әсерлерінің критерийлері, нәтижелілігі мен қауіпсіздігін бағалау критерийлері.

  3. Анестезиялық препараттарды басқа топ препараттарымен өзара әсерлесуі.

  4. Науқастарға жүргізілетін наркоз бен анальгезия әдістері және мөлшерлеу тәртіптері.

  5. Нақты клиникалық жағдайды, жастық аспектілерін және фармакокинетикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, наркоз бен анальгезия әдістері және мөлшерлеу тәртіптері.

  6. Анестезиялық ДЗ жанама әсерлері және оларды алдын-алу және коррекциялаудың әдістері.


Ақпаратты-дидактикалық блок:

Ауырсыну ауырған кездегі кең таралған субъективті белгі болып табылады. Дәрігерге көрінген науқастардың шамамен жартысы ауырсынуға шағымданады.

Ең жиі кездесетін ауырынудың себептері:

  • Мүшелердің немесе ұлпалардың анатомиялық бүтінділігінің бұзылуы (жарақат);

  • Мүшелер мен жүйке талшықтарының қабынуы;

  • Ішкі мүшелердің бұлшықеттері мен тамырлардың тарылуы (спазм), сонымен қатар қаңқа бұлшықеттерінің қабынуы;

  • Жүйке ұштарының немесе жүйкелердің қысылуы;

  • Өсіп келе жатқан ісіктер;

  • Омыртқа аралық дискілердің жарығымен немесе сүйек ұлпалпрының патологиялық өсулері;

  • Ішкі мүшелердің ісіңуі кезінде (мысалы: науқастардағы бауыр мен жүрек жетіспеушілігіндегі ауырсынулар);

Ауырсынуды сезіну кезінде жоғарғы жүйке механизмдері әрекет жасайды. Осымен байланысты, ауырсыну сезіну емес, қабылдау болып табылады. Әр адам ауырсынуды әртүрлі қабылдайды. Максимальді ауырсыну кезінде немесе стресс кезінде адам ауырсынуды сезінбеуі мүмкін. Сонымен қатар, созылмалы ауырсыну синдромы бар адамдарда ауырсыну көзі жойылса да, ауырсынуды сезіне береді (аяқ-қолдың ампутациясынан кейінгі фантомды ауырсыну).

Инфекциялық ауырсынулар (ангина, баспа) кезінде пайда блатын аурулар, антибиотиктер қабылдағаннан кейін жоғалады. Жазық бұлшықеттердің спазмымен байланысты ауырсынулар спазмолитиктерді қабылдағаннан кейін басылады, ал сүйектегі ауырсынулар остеопорозбен байланысты, біртіндеп Д3 витмаминімен біртіндеп емделген кейін басылады.

Әйткенмен, кейбір кезде ауырсынудың симптоматикалық терапия жүргізу керек немесе қатты ауырсыну синдромы жедел емді қажет етеді (мысалы: миокард инфарктісі, жарақаттық шок).

Ауырсынудың себебін жоя алмаған кезде ғана симптоматикалық терапия жүргізіледі. Операциялар кезінде жансыздандыру жеке тақырып болып табылады.

Жансыздандыруға бірнеше РЗ топтарымен жетуге болады:

  • Жергілікті анестетиктер

  • НПВС (Стероидті емес қабынуға қарсы дәрілік заттар)

  • Наркотикалық анальгетик

  • Ауырсынуға қосымша әсер ететін препараттар – седативті, транквилизаторлар

Қатерліктері жаңадан пайда болған науқастардың созылмалы ауырсыну синдромын емдеу – басты әлеуметтік және медициналық проблема болып табылады.

Ісік кезінде үш сатылы схема ауырсыну синдромын әсерлігіне тәуелді болады. Аз ауырсыну кезінде наркотикалық емес көмекші дәрілік заттар тағайындаймыз. Белгілі бір ауырсыну кезінде әлсіз опиат, т.б.

Оның эффекттілігі наркотикалық емес анальгетиктермен, әсіресе адекватты терапиямен күшееді. Жансыздандырудың барлық схемасында адъювантты заттар ауырсынуға қарсы эффектіні көп мөлшерде күшейтеді.

Наркотикалық анальгетиктердің киникалық фармакологиясы

Опий препараттары – 200 жыл бұрын медициналық практикада қолданған анальгетикалық әсері жоғары дәрілік заттардың бірі болып табылады.

Опиатты рецепторлармен байланысу сипатына байланысты опиаттар агонисті, меншікті агонисті және агонист-антагонист болып бөлінеді. Аралас механизмі бар опиадті анальгетикте болады, сонымен қатар препараттарды бір бөлігін опииден алады, ал қалған бөлігін синтетикалық жолмен алады.

Наркотикалық анальгетиктердің фармакодинамикасы

Наркотикалық анальгетиктердің әсер ету механизмі олпиатты рецепторларымен байланыстыру қабілетімен байланысты. Осындай рецепторлардың бірнеше түрлері болады: мью, капта, дельта, сонымен қатар олардың тип түршелері бар. Бұл рецепторлар ОЖЖ әртүрлі бөліктерінде табылады, бұлар ауырсыну сигналдарының жеткізу анализіне көмектеседі.

Опиатты рецепторлардың жоғарғы тығыздылығы бас миының бүйір бөліктерінде болады. Эндогенді қосылыстарды көруге болады – опиат тәрізді қасиеті бар пептидтер, спецификалық рецепторларға әсер ете алатын, олар «эндорфиндер» деген атау алды – эндогенді морфиндер. Фармакологиялық сипаттамасы бойынша морфинге бета-эндорфин жақынырақ, сонымен қатар қысқа пептидтер бөлінеді: мет-энкефалин және лейкофамин. Бұл байланыстыру құрамы мидың әртүрлі бөліктерінде ауырсыну стресі кезінде жоғарылайды. Эндорфиндер және антиноцицепті әсер ететін наркотикалық анальгетиктердің тобындағы ДЗ.

Наркотикалық анальгетиктердің эмоциональді сфераға әсер етуі опиатты рецепторлармен әсерлесумен байланысты, яғни бас миындағы лимбириялық құрылыспен байланысты.

Наркотикалық анальгетиктердің жүргізуші фармакологиялық әсері – ауырсынуға қарсы әсер етеді. Сонымен қатар, ұзақ өмір сүретін, созылмалы ауырсыну жедел ауырсынуға қарағанда жақсырақ әлсірейді. Тек қана ауырсыну төмендемейді, сонымен қатар ауырсынуға эмоциональді реакциясы өзгереді.

Эйфория морфинді немесе басқа наркотикалық анальгетиктерді қолданғанда пайда болады. бұл эмоциональді қанағаттану, қорғанышты жоғалту, мазасыздануды басу сезімі, бірақ кейбір науқастарда керісінше болады.

Седативті әсер ету наркотикалық анальгетиктерге тән, әсіресе морфинге тән. Ол ұйқы келу, қозғалу белсенділігін төмендетеді. Ой-өрісіндегі тапсырмаларды орындауы төмендейді.

Жөтел орталығына әсер ету – яғни, наркотикалық анальгетиктердің айқын әсері, Морфин, кодеин және тағы да басқа препараттар жөтелу рефлексін басады. Бірақ та жөтелді басатын бронхиальді секреттердің жиналуына әкеледі немесе бронхиальді обструкцияның әлсіреіне әкеледі.

Құсу орталығына әсері наркотикалық анальгетиктердің хеморецепторлы триггерлі зонасының төртінші бас миына әсер етуімен байланысты.

Көзге әсері қарашығының тарылуы (миоз) барлық опиатты рецепторлардың агонистеріне байланысты.

Морфин асқазан-ішек трактісінің жазық бұлшықетінің тонусын жоғарылатады. Жазық бұлшықетті сфинктерлердің спазмасы жоғарылайды, перистальтика тежеледі немесе әлсірейді. Сол сияқты зәр шығару жолдарының тонусы жоғарылайды. Бұл зәрдің жедел тежелуіне әкеледі. Тасты аурулары бар науқастардың халі төмендетеді.

Наркотикалық анальгетиктерге толеранттылығы, яғни олар препараттарды қайта енгізгенде терапевттік дозада дамиды. Эффективтілігі біртіндеп төмендейді, сонымен қатар сол нәтижесіне жету үшін дозасын біртіндеп жоғарылатып отыру керек. Толеранттылығы тез құралады, яғни анальгетиктерге, эйфория дамытушы, жөтелге қарсы әсері бар препараттар, сонымен қатар тыныс алуға тежеуші әсер етеді.

Наркотикалық анальгетиктердің фармакокинетикасы.

Наркотикалық анальгетиктер, опий алкалойдтары жақсы сіңіріледі. Бауырдан бірнеше рет өткен кезде препараттар метаболизмге ұшырайды. Осымен байланысты биологиялық сіңірілуі ішке қабылдағанда біраз төмен болады. кодеинде онша байқалмайды, себебі оның құрылысында метильді топ бар. Морфиннің биотиімділігі ішке қабылдағанда 20% құрайды. Бауыр ауруларында, циррозда морфиннің метаболизмі бұзылады.

Опиаттар қан плазмасындағы ақуыздармен байланысады: мофин 5%, кодеин 7%. Морфин және кодеин тез ыдырайды және ұлпаларда түзіледі, яғни жақсы қан алмасу болады. Ең жоғарғы концентрация өкпеде, бауырда, бүйрек те бұл заттардың көбісі қаңқа бұлшықеттерінде жиналады. Олар плацентарлы барьер арқылы жақсы өтеді, сонымен қатар ана сүтімен бөлінеді.

Наркотикалық анальгетиктерді мөлшерден көп қолданған кезде опиаттың антагонистін – налтрексан қолдануға болады. Налорфин – агонист-антагонист қазір қолданбайды.

Морфин қаннан асқазан-ішек трактісіне түседі, сондықтан мұндай уланулар кезінде сорбент енгізу қажет.

Басқа ДЗ байланысуы. Наркотикалық анальгетиктерді басқа ДЗ жансыздандыру әсерін жоғарылату үшін қолданады, ең алдымен нейролептикалық заттар.

Фентанил мен дроперидолдың қосылысы – «таламанол» атауына ие болады (1 мл талаианол 2,5 мг дроперидол + 0,05 мг фентанил) және нейролептананальгезияда қолданады.

Премедикацияға промедол мен дроперидол қосындысы қолданылады.

Наркотикалық анальгетиктер бен-тиазенді транквилизаторларды анальгетикалық эффектісін күшейтеді. Транквилизаторлар мен анальгетиктердің бірге енгізуі атералгезия атауына ие болады. транквилизаторлардың ішінде негізінен диазепам қолданады, ал анальгетиктерден – фентанил алады.

Жансыздандыру үшін операциядан кейін промедол мен диазепам қосылысын береді.

Соңғы жылдары антидепрессанттардың үш циклді әсері байқала бастайды.

Промедолдың амитриптилин мен имипраминмен қосылысы операциядан кейін 9-12 сағат ауырсынуды басады. Инфаркт миокардісі кезіндегі ауырсыну синдромына жақсы нәтижені фентанил мен үш циклді антидепрессанттар көрсетеді.


Ингаляционды наркозға арналған дәрілік заттардың клиникалық фармакологиясы

Наркоз дегеніміз – наркотикалық заттар әсерінен есті тежеу және тұрақты ауырсыну сезімталдығын жасанды жолмен жоғалту. Наркозды дәрілік заттар немесе жалпы анестетиктер жіктеледі:

Ингаляционды наркозға арналған заттар:

  • Ұшқыш сұйықтықтар – этил эфирі, фторотан, элфлуран, изофлуран, метоксифлуран.

  • Газдар – азот тотығы, ксенол.

Ингаляционды емес наркозға арналған дәрілер:

  • қысқа әсерлі препараттар – пропанидид, пропафол.

  • орташа әсерлі препараттар – кетамин, мидазолам, гексенал, тиопентал-натрий.

  • ұзақ әсерлі препараттар – натрий оксибутират.

Фармакодинамика. Ингаляционды анестетиктер нейрондардың липидті мембраналарының ионды каналдарының өткізгіштігін өзгертеді. Калий иондарының шығуы сақталған кезде натрий иондарының кіруі төмендейді және хлор иондары үшін өткізгіштігі жоғарылайды. Жасуша мембранасының гиперполяризациясы дамиды. Ол кезде постсинапстық түзілімдердің медиаторларының босап шығуы тежеледі. Осыған байланысты негізгі нейрофизиологиялық әсер дамиды – жүйке жасушасының қозу табалдырығы жоғарылайды.

Көбінесе ингаляционды анестетиктердің әсеріне сезімтал болатын симпатикалық байланысқа бай бас миының қабығы, жұлын, сопақша мидағы тамыр қозғалтқыш және тыныс алу орталықтары ингаляционды наркозға арналған заттардың әсеріне тұрақты, бірақ жоғары дозалы анестетиктер олардың активтілігін тежейді, соның нәтижесінде жүрек қызметі бұзылады және тыныс алуының тоқталуына әкеледі.

Фармакокинетика.

Наркоздың жылдамдығы мен тереңділігі қаннан миға түсетін ингаляцияда анестетиктерге байланысты болады. эфирлі наркоздың 4 сатысы бар: анальгезия сатысы, қоздыру, хирургиялық және қозу сатылары.

Ингаляциялық анальгетиктердің концентрациясының жоғарылауы анестетиктердің өкпеге түсуін жоғарылатады. Ингаляциялық наркоздың ыдырауын олардың қанда сұйық ұлпада ыдырауы болып табылады.

Анестетиктердің ерігіштігі неғұрлым төмен болса, соғұрлым парциальді қысымның қалыптылығы қанда және мидың ұлпаларында тез жетіледі.

Қанда еріген анестетик оны енгізгеннен кейін де ұлпаларда концентрациясын ұстап тұрады. Метоксифлуронды қолдануда наркоз 15-20 мин кейін байқалады,ал қозу 40-60мин препаратты енгізуді тоқтатқаннан кейін байқалады, ингаляциялық анестетиктер көбінесе ағзадан тыныс арқылы шығарылады.

Дәрілік заттардың жағымсыз реакциясы.

Ингаляциялық анальгетиктер көп мөлшерде тағайындаса тыныс алу және сопақша мидың тамыр жылжытқыш орталығы тежелуі мүмкін. Хирургиялық стадияның 4 деңгейінде негізгі витальді қызметтің бұзылуы мүмкін. Пульс жіп тәрізді, қысым ең төменгі санда.

Кейбір ингаляциялық анальгетиктерді спецификалық токсикалық қасиеттерге ие. Мысалы: фторотанның жүрек бұлшықетінің жиырылғыш қабілетін көрсетеді.

Жүрек жиырылуы азаяды, сонымен қатар АҚ төмендейді. Фторотан миокардтың катехоламиндерге сезімталдығын арттырады, сол себептен жүрек ритмін бұзылуына әкеледі.

Қатерлі гипертермия аз байқалады (42 С және одан жоғары температураның жоғарылауы).

Ингаляциялық емес ДЗ клиникалық фармакологиясы

Ингаляциялық емес анестетиктерді тамыр ішілік, бұлшықетке, ректальді енгізелі, көбінсе тамыр ішілік енгізу қолданады. Ингаляциялық емес наркоз заттарының қолдануы өте қолайлы және қарапайым, тез әсер етеді және көп асқынулардан арылуға болады.

Қысқа мерзімді тамыр ішілік анестетиктер. Пропанидид және пропафол – қысқа мерзімді – анестезияға қолданады, сынықтарда, ауырсынатын манипуляцияларда.

Орташа мерзімді тамыр ішілік анестетиктер. Бұларға барбитураттар жатады және кетамин және мидазолам.

Жергілікті анестезияға арналған ДЗ клиникалық фармакологиясы

Натрий каналдарын тежей отырып, жергілікті анестетиктер клеткалық мембраналардың функциясын өзгертеді. Жүйке клеткаларының мембраналарының липидтерінде ери отырып, препараттар мембрананың ішкі бетіне енеді. Препараттарға жіңішке жүйке талшықтары сезімтал. Жергілікті жансыздандыру заттарының резорбтивті эффектілерін еске түсіре отырып, мүшелердегі және ұлпалардағы ыдырауларды және олардың систематикалық қан енуіне енгізілуі мүмкін. Препараттар ОЖЖ реттейді, тремор пайда болады, қалтырау дамуы мүмкін. Көп мөлшерде ОЖЖ-не тежеуші әсер көрсетеді.

Миокард клеткасының мембранасына әсер ете отырып, жергілікті анестетиктер қоздыру табалдырығын жоғарылатады, бұл қасиет кейбір препараттардың қолданылуын анықтайды, яғни антиаритмиялық заттардың қолданылуы.

Көп мөлшерде анестетиктер кардиодепрессивті әсер көрсетеді, жүрек ішілік импульстерді төмендетеді. Жүйке-бұлшықетті өткізулері тежелуі мүмкін.

Жергілікті анестетиктер тамырлардың тонусын төмендетеді, жүйелік гипотензия дамуы мүмкін. Дегенмен, кокаин тамыр тарылтқыш әсер көрсетеді. Жергілікті анестетиктер бронхылар мен ішектің жазық бұлшықеттерінің тонусын төмндетеді.

Фармакокинетика. Жергілікті анестетиктердің сіңірілуі сол ауданның тамырлануына байланысты болады.

Жақсы қан алмасатын аудандарда жүйелік қан өткізуге препараттың енуі әбден мүмкінжәне резорбтивті нәтижені шығаруға болады. сонымен қатар, жергілікті анестетиктердің тамыр кеңейткіш әсері олардың сіңірілуін күшейтеді. Сіңірілуін төмендету үшін инъекция жасайтын орыннан жергілікті анестетиктердің еритіндісіне адреналин гидрохлоридін қосамыз.

Жергілікті анестетиктер – бауырда амидтердің туындылары биотрансформацияланады. Эфирлер негізінен қаннан және ұлпаның эстеразаларымен гидролизденеді. Метаболиттер бүрекпен шығарылады.

Жергілікті анестетиктер плацентарлы барьер арқылы өтеді және ұрапққа улы әсер етуі мүмкін.

Жергілікті анестетиктерді қолдану. Анестетиктерді енгізуге тәсіліне және енгізу орнына байланысты бірнеше жергілікті анестезия түрлерін көруге болады:

  1. терминальді (беткейлік) анестезия шырышты қабаттағы препаратты енгізу арқылы және жараға ену арқылы болады. бұл жағдайда жүйке талшықтарынан сезімталдығы тежеледі. Бұл анестезияның түріне бупивкаин, бумекаин, тетракаин, анестезин, лидокаин, тримекаин;

  2. инфильтрациялық анестезия жергілікті анестетикті ұлпаға сіңдіру арқылы жүргізіледі. Бұл жансыздандыру түрі жансыздандыру үшін хирургиялық тәжірибеде хирургиялық операцияларды жасау үшін қолданады. Анестетиктердің нәтижесін созу үшін оларға тамыр тарылтқыш заттар қосамыз (адреналин, мезатон).

  3. өткізуші анестезия жүйке маңындағы кеңістіктерді жергілікті анестезия енгізу арқылы жетуге болады. Өткізуші анестезия варианттары: эпидуральді анестезия және жұлындық анестезия.

Эпидуральдық және өткізгіштік анестезия.

Дәрілік заттардың жағымсыз әсері. Жергілікті анестезияны қолдану ОЖЖ және жүрек-тамырлық жүйеге резорбция кезінде оған зиян әсер етеді. Көбінесе аллергиялық реакциялар байқалады, әсіресе эфирлерді қолданғанда. Сонымен қатар, белгілі бір химиялық топқа жанама әсерін тексеру керек


Сабақтың мазмұны:

  • Білімнің деңгейін бақылау ауызша сұрастыру және тестілеу түрінде жүргізіледі

  • Интерндердің өзіндік жұмысы өз мамандығын ескеріп, ауру тарихының, науқастарды курациялау мәліметтерін қолдана отырып, диагнозға сәйкес тағайындалатын дәрілік заттарды клиникалық-фармакологиялық сараптауға негізделеді .

  • Оқытушымен жұмыс топ ішінде жүргізіледі, сабақтың тақырыбын және СӨЖ нәтижелерін талдау, сонымен қатар сабақтың тақырыбын ескере отырып, клиникалық жағдайлардың дәрі-дәрмектік терапиясын клиникалық-фармакологиялық ретро- және проспективті сараптау түрінде өткізіледі;

  • Білімнің қорытынды деңгейін бақылау: қорытынды бақылау.


Бақылау:

1. Жергілікті анестезиялық әсерге ие дәрілік заттарды атаңыз.

2. Жергілікті анестетиктерді қолданғанда қандай жанама әсерлер көрінуі мүмкін?

3. Инфильтрациялық анестезия үшін қандай анестетиктер қолданылады?

4. Жалпы анестетиктердің жіктемесі.

5. Кетамин қандай жанама әсерлерге ие?


Сабақ бойынша ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

Клиническая фармакология: учебник для вузов/ Под ред. В.Г.Кукеса.- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. –640с.

Қосымша:

1. Основы клинической фармакологии и рациональной фармакотерапии / Под общ. ред. Ю.Б.Белоусова, М.В.Леоновой. М.: Бионика, 2002.

2. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине:Пер. с англ./Под ред. Ю.Л.Шевченко, В.И.Кулакова, Р.М.Хаитова.- 2-е изд., испр.- М.:ГЭОТАР-МЕД, 2002.

3. Доказательная медицина. Ежегодный справочник: Пер с англ./ ред. О.Н.Анкудиевой, О.Л.Лобачева, Т.В.Мелешенко, М.Н.Солововой. - М: Медиа Сфера, 2002.

4. Михайлов И.Б. Клиническая фармакология.- СПб.- 1998

5. Окороков А.Н. Лечение болезней внутренних органов. Практ. рук-во в 4т. Мн., Высш.школа,1996.

7. Справочник-путеводитель практикующего врача: Лекарственные средства / Под. ред. Р.В.Петрова, Л.Е.Зиганшиной. - М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003

8. Федеральное руководство для врачей по использованию лекарственных средств (формулярная система).- Выпуск II. М.: «ЭХО», 2006.

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Клиникалық фармакология және фармакотерапия кафедрасы iconКлиникалық фармакология және фармакотерапия кафедрасы
Тақырыбы: Жүкті әйелдердің, емізу кезіндегі (лактация) және қарт адамдардағы фармакотерапия

Клиникалық фармакология және фармакотерапия кафедрасы iconКлиникалық фармакология және фармакотерапия кафедрасы
Тақырыбы: Инфекция, паразитарлық аурулар кезінде қолданылатын дәрілердің жеке фармакокинетикасына және фармакодинамикасына байланысты...

Клиникалық фармакология және фармакотерапия кафедрасы iconКлиникалық фармакология және фармакотерапия кафедрасы
Тақырыбы: Асқорыту жүйесі аурулары кезінде қолданылатын дәрілерді қолдану, олардың жеке фармакокинетикасына және фармакодинамикасына...

Клиникалық фармакология және фармакотерапия кафедрасы iconЖалпы фармакология кафедрасы силлабус
«Терапия және фармакология» Ғск төрайымының орынбасары. «Экология және медицина» журналының редколлегия мүшесі, педагогикалық жұмыс...

Клиникалық фармакология және фармакотерапия кафедрасы iconКлиникалық анатомияя және оперативтік хирургия кафедрасы
«Эндоскопиялық клиникалық анатомия мен эндоскопиялық операция технологияларының негізі» (бағыты хирургия)

Клиникалық фармакология және фармакотерапия кафедрасы iconБиологиялық химия кафедрасы
Тақырыбы: Қанның клиникалық анализінің көрсеткіштері. Клиникалық практикадағы қан зерттеуінің маңызы

Клиникалық фармакология және фармакотерапия кафедрасы iconПсихология, психиатрия және наркология кафедрасы
Мақсаты: студенттерді шизофренияның этиологиясымен, патогенезімен, диагностикасымен, клиникалық және патохимиялық ерешеліктерімен,...

Клиникалық фармакология және фармакотерапия кафедрасы iconПсихология, психиатрия және наркология кафедрасы
Мақсаты: студенттерді Аффектілік бұзылыстар этиологиясымен, патогенезімен, диагностикасымен, клиникалық және патохимиялық ерешеліктерімен,...

Клиникалық фармакология және фармакотерапия кафедрасы iconМинистерство здравоохранения рк
Модульдің мақсаты: негізгі және клиникалық пәндердің біріктірілуі негізінде студенттерді ересек адамдардың және әр жастағы балалардың...

Клиникалық фармакология және фармакотерапия кафедрасы iconЖалпы фармакология кафедрасы
Жалпы әсерлеріне байланысты сипаттамасы, әсер ету механизмі, мецинада қолданылуы

Разместите кнопку на своём сайте:
kaz.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz.docdat.com
Главная страница