Әлеуметтік қорғалмаған балалар құқықтарын қорғаудағы құқықтық, әлеуметтік-психолгиялық көзқарастар мен өзекті мәселелер




Скачать 40.23 Kb.
НазваниеӘлеуметтік қорғалмаған балалар құқықтарын қорғаудағы құқықтық, әлеуметтік-психолгиялық көзқарастар мен өзекті мәселелер
Дата конвертации25.02.2016
Размер40.23 Kb.
ТипДокументы
18.11.2009 жыл

Хаттама №1

«Әлеуметтік қорғалмаған балалар құқықтарын қорғаудағы құқықтық, әлеуметтік-психолгиялық көзқарастар мен өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел

Қатысқандар:

  1. «Астана қаласының №6 Кәсіптік лицей» ММ директоры Қапезов Бірлік Еркінұлы

  2. Астана қаласының Балалар құқтарын қорғау департаменті

Бас сарапшылар: Айкешова Сайлаукүл Құрманғалиқызы Аяпбергенова Нұргүл Сайлауқызы

  1. Астана қаласының психикалық денсаулық мәселелері бойынша медициналық орталығы

Психиатр-дәрігер Дегтярь Татьяна Ивановна

Әлеуметтік қызметкер Исимова Айнаш Есенгельдиевна

  1. Медициналық әлеуметтік сауықтыру орталығы

Нарколог-дәрігер Манакбаева Дамира Джумахановна

Психолог Бурнашова Рушания Эдиповна

  1. «Право» қоғамдық қоры

Директордың орынбасары Волкова Антонина Александровна

Психолог Шестакова Екатерина Андреевна

  1. Астана қаласының Ішкі істер департаменті

Кәмелетке толмаған балалармен жұмыс бөлімі

майор Садықова Сауле Қайырбайқызы


Тыңдаушылар: №6 Кәсіптік лицейдің оқытушылары, тәрбиешілер, өндірістік оқыту шеберлері.

І бөлім. Алғашқы болып Астана қаласының №6 Кәсіптік лицей директоры Қапезов Бірлік Еркінұлы сөз алды. Сөзінде аталмыш лицейдің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы тапсырысы бойынша ашылғандығы туралы және де қандай мамандықтар бойынша кадрлар даярлайтынындығын айтып өтті. Сонымен қатар «Құқығыңды білу-өзіңді қорғау!» атты апталық аясында ұйымдастырылған «Әлеуметтік қорғалмаған балалар құқықтарын қорғаудағы құқықтық, әлеуметтік-психолгиялық көзқарастар мен өзекті мәселелер» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің қандай мақсатпен өткізіліп отырғандығына тоқталып өтті.

Екінші болып сөз алған №6 КЛ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ажетова Майра Сарқытқызы лицей ішінде жүргізілген әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық талдау нәтижесін қатысушылар назарына ұсынды.

Үшінші болып Астана қаласының Балалар құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Айкешова Сайлаукүл Құрманғалиқызы сөз алды. Сайлаукүл Құрманғалиқызы өз сөзінде Біріккен Ұлттар Ұйымның Балалар құқықтарын қорғау туралы конвенциясының қабылданғанына 20 жыл толуы қарсаңында ұйымдастырылып отырған бұл дөңгелек үстелдің қазіргі таңда өте орынды іс-шара екендігін ерекше атап өтті және де балалар құқығын қорғау департаментінің жұмыс барысымен таныстырып өтті. Осыдан кейін Балалар құқығын қорғау департаментінің бас маманы Аяпбергенова Нұргүл Сайлауқызы аталмыш дөңгелек үстелге арнайы дайындалған баяндама жасады.

Келесі болып сөз алған психиатр-дәрігер Дегтярь Татьяна Ивановна Астана қаласының психикалық денсаулық мәселелері бойынша медициналық орталықтың жұмысымен таныстырып өтті. Қатысушылар назарына жалпы статистикалық мәліметтер келтірді және де осындай контингентте жиналған балалармен жұмыс істеудің өте жауапты және қиын іс екенін атап өтті.

Нарколог дәрігер Д.Ж.Манакбаева Астана қаласының медециналық әлеуметтік сауықтыру орталығы мен №6 кәсіптік лицей арасында осы уақытқа дейін де тығыз қарым-қатынас орнатылғандығын сөз етті. Жасөспірімдер арасындағы алкогольдік ішімдіктер мен психотропты препараттар қолданудың алдын алуда бірлескен жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Осы уақытқа дейін Астана қаласының медециналық әлеуметтік сауықтыру орталығында тіркеуде тұрған балалар жайлы мәліметтер берді. Осы мекеменің психологы Р.Э.Бурнашова тіркеуде тұрған балалармен атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтып өтті.

«Право» қоғамдық қорының директорының орынбасары А.А.Волкова мен психолог Е.А.Шестакова аталмыш қордың қандай мақсатта жұмыстар атқарып жатқандығымен таныстырып өте келе алдағы уақытта бірлескен іс-шаралар өткізуге дайын екендігін алға тартты.

Астана қаласының Ішкі істер департаментінің Кәмелетке толмаған балалармен жұмыс бөлімінің аға инспекторы полиция майоры С.Қ.Садықова лицей оқушыларының арасында бұрыннан әр-түрлі істермен тіркеуде тұрған балалардың бар екендігін айқын атап өтті. Ол балалардың жүріс-тұрысына ерекше көңіл бөлу керек екендігін және қажет болып жатқан жағдайда құқық қорғау органдарымен тікелей қарым-қатынас жасап отыруды ұсынды. Ішкі істер департаменті тарапынан лицейге арнайы тағайындалған кәмелетке толмаған балалармен жұмыс жасайтын инспекторға жалпы оқушылар тәртібін және жоғарыда аталып өткен тізімде тұрған оқушыларға жіті қадағалап отыруы тапсырылғандығын сөз етті.

Отырыс соңында Есіл ауданының білім бөлімінің бастығы Г.Ш.Мұқышова осы дөңгелек үстел барысында көтерілген сұрақтардың өте орынды екендігі және жастарды тәрбиелеудегі мәселелерді бірлесе шешу қажет екендігін атап өтті. Осы сияқты іс-шаралардың өткізілуін жүйелендіріп, болашақта жиі ұйымдастырылып отыруы керектігіне тоқталды.

ІІ бөлімде №6 Кәсіптік лицейдің оқытушылары, тәрбиешілері, өндірістік оқыту шеберлері тарапынан қатысушыларға сұрақтар қойылды.

1-сұрақ: «Сіздерде тіркеуде тұрған біздің оқушыларымыз оқу аяқталғаннан кейін жүргізу куәлігін бере аламыз ба?»

2-сұрақ: «Біздің оқу орнымыздың ерекшелігін ескере отырып, біз талапкерлерден нарколог пен психиатр дәрігердің тіркеуінде тұрғаны немесе тұрмағаны жайлы анықтама талап ете аламыз ба?»

3-сұрақ: «Сыртқы бейнесі бойынша баланың психотропты препараттар қолданғанын қалай анықтауға болады?»

4-сұрақ: «Оқытушы өзінің ар мен абыройын қорғай алатын қандай құқықтары бар?»

Дөңгелек үстел барысында оқытаушылар мен тәрбиешілердің,өндірістік оқыту шеберлерінің жеке сұрақтары қойылды. Отырыс соңында талқыланып отырған тақырып бойынша ұсыныстар мен сөйлемдер ескеріліп, болашақта жүзеге асырылуы тиіс деп шешілді.


Хатшы Наутан А.С.

Похожие:

Әлеуметтік қорғалмаған балалар құқықтарын қорғаудағы құқықтық, әлеуметтік-психолгиялық көзқарастар мен өзекті мәселелер iconӘлеуметтік тәрбие бұл адам- адам қатынастары желісінде жүргізілетін тәрбие, яғни тікелей адамаралық байланыстар және осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған
Дәлірек айтқанда, отбасы, ресми ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары. Әлеуметтік жұмыстар – адам мен адамның инабаттылық қатынастары...
Әлеуметтік қорғалмаған балалар құқықтарын қорғаудағы құқықтық, әлеуметтік-психолгиялық көзқарастар мен өзекті мәселелер iconҮлкен жастағы адамның Әлеуметтік-психологиялық статусы
Ардагерлер үйінде; 5,9 Алматының әртүрлі аймақтарында тұрып және де аймақтық әлеуметтік көмек көрсету орталықтарынан үйге әлеуметтік...
Әлеуметтік қорғалмаған балалар құқықтарын қорғаудағы құқықтық, әлеуметтік-психолгиялық көзқарастар мен өзекті мәселелер iconАлматы қаласының Әуезов аудандық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы
Орталығымызда үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде- 240 мүмкіндігі шектеулі бала есепте тұр, 18 жастан асқан азаматтарға үйде...
Әлеуметтік қорғалмаған балалар құқықтарын қорғаудағы құқықтық, әлеуметтік-психолгиялық көзқарастар мен өзекті мәселелер iconБостандық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсетудің №1 бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерімен өткізілген жоспарлы мәжілістің ақпараты
Леуметтік жұмыс- өте күрделі, жан-жақты білімді, ізденісті талап ететін мамандық түрі. Халыққа қызмет ете отырып, әлеуметтік тұрғыдан...
Әлеуметтік қорғалмаған балалар құқықтарын қорғаудағы құқықтық, әлеуметтік-психолгиялық көзқарастар мен өзекті мәселелер iconОблыс балалар тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешуде ақпараттық-консультациялық қызметтердің рөлі
Ле, дөңгелек үстелдің қатысушылары аталған қызметтердің жұмысы балаларға, жасөсіпірмдерге және олардың ата-аналарына (оларды алмастыратын...
Әлеуметтік қорғалмаған балалар құқықтарын қорғаудағы құқықтық, әлеуметтік-психолгиялық көзқарастар мен өзекті мәселелер iconҚазақстан республикасының о рден дері
«Отан» ордені 1993 жылы тағайындалған. Аталған орденмен мемлекеттік және қоғамдық қызметінде экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым...
Әлеуметтік қорғалмаған балалар құқықтарын қорғаудағы құқықтық, әлеуметтік-психолгиялық көзқарастар мен өзекті мәселелер iconАктуальные вопросы социально-экономической модернизации в казахстане
Секция II. ҚАзақстандағЫ Әлеуметтік-экономикалық модернизациялаудың Өзекті сұРАҚтары
Әлеуметтік қорғалмаған балалар құқықтарын қорғаудағы құқықтық, әлеуметтік-психолгиялық көзқарастар мен өзекті мәселелер iconАуылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына, отын сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындау
Ен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – аудан әкімдігінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы №27 Қаулысымен бекітілген «Теректі аудандық...
Әлеуметтік қорғалмаған балалар құқықтарын қорғаудағы құқықтық, әлеуметтік-психолгиялық көзқарастар мен өзекті мәселелер iconӨңірдің әлеуметтік-экономикалық дамытуды мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
Орташа мерзімдік перспективадағы аумақтың негізгі мәселелерінің, тәуекелдірдің, кедергі туғызатын факторларының, бәсекелестік артықшылықтары...
Әлеуметтік қорғалмаған балалар құқықтарын қорғаудағы құқықтық, әлеуметтік-психолгиялық көзқарастар мен өзекті мәселелер iconАудан әкімі Д. М. Мусиннің
Елбасының тапсырмасына сәйкес әкімдердің жыл сайынғы дәстүрлі есебі өзекті мәселелер мен басым міндеттерді анықтайтын сындарлы сұхбатқа...
Разместите кнопку на своём сайте:
kaz.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz.docdat.com
Главная страница