Шифр және атауы Негізгі білім




НазваниеШифр және атауы Негізгі білім
страница18/21
Дата конвертации18.02.2013
Размер2.44 Mb.
ТипДокументы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

1-апта

Кіріспе. «Қазіргі қазақ тілі » пәнінің зерттеу нысаны. Пәннің мазмұны мен міндеттері (1сағ.).

Әдебиет: Болғанбаев Ә., “Қазақ тілінің лексикологиясы”, 3-7 беттер; Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде үйрету құралы) Алматы: “Әділет” ЖҚМ, 1998, 6-бет.

Лекцияда берілген мәтін бойынша көрсетілген әдебиет және интернет материалдарын пайдаланып жауап беру.


2-апта

Сөз - лексикалық бірлік. Сөздік қор мен сөздік құрам (1 сағ).

Әдебиет: Ш.Бектұров. Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана: ”Фолиант”,

2003, 30-31- беттер.

Лексика көне гректің lexikos (сөздік) деген сөзі. Лексика деген сөз- дүние жүзі халықтарына ортақ термин. Бұл термин бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген ұғымды білдіреді, оны сөздік құрам деп атайды. Кейде бұл термин жазушының немесе жеке шығарманың тілі дегенді білдіреді. Мәселен, Сәбит Мұқановтың лексикасы, Абай шығармаларының лексикасы, т.б. сондай-ақ, тілге шебер, тілі орамды адамдарды да лексикасы бай адам екен дейді.

1.Негізгі сөздік қор талай ғасырды басынан кешірген тұрақты сөздер болуы керек.

2. Негізгі сөздік қор сол тілдің ішінде сөз жасауға негіз болуы шарт.

3. Негізгі сөздік қор жалпы халыққа ортақ, түсінікті болуы керек.

Лекцияда берілген мәтін бойынша көрсетілген әдебиет және интернет материалдарын пайдаланып, жаттығу жұмыстарын орындау.


3-апта

Сөз және мағына Синоним. Омоним. Антоним. Табу. Эвфемизм. (1 сағ).

Әдебиет: Ш.К. Бектұров Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана, “Фолиант”

баспасы, 2003, 23-27-беттер.

Лекцияда берілген мәтін бойынша көрсетілген әдебиет және интернет материалдарын пайдаланып, жаттығу жұмыстарын орындау.


4-апта

Сөз тіркестері. Фразеология. (1 сағ).

Әдебиет: Ш. Бектұров “Қазақ тілі” Алматы. “Атамұра”, 2006ж. 172-176- беттер.

Сөз тіркесі

Сөз тіркесіне де, сөйлемге де материалдық негіз болатын – сөз. Сөз сөз тіркесінің сыңары болуы, сөйлем мүшесі болуы, кейде жеке сөйлем болып кетуі, күрделі сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін құрауы мүмкін.

Сөз тіркестері, негізінен, екі немесе онан да көп сөздермен тіркесе келіп, белгілі бір ойды білдіреді.

Сөз тіркестері тіл білімі ғылымында негізінен екі түрге бөлінеді; 1) еркін сөз тіркестері, 2) тұрақты сөз тіркестері – фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, идиомалық тіркестер.

Лекцияда берілген мәтін бойынша көрсетілген әдебиет және интернет материалдарын пайдаланып, жаттығу жұмыстарын орындау.


5-апта

Лексикография. Этимология (1 сағ).

Әдебиет: К.Аханов Тіл білімінің негіздері, Алматы, 2003, 164-165-бет.


ЛЕКСИКОГРАФИЯ


Қарастырылатын мәселелер:

  1. Лексикография және сөздіктердің түрлері туралы түсінік

  2. Түсіндірме сөздіктер

  1. Диалектологиялық сөздіктер

  2. Салыстырмалы сөздіктер

  3. Этимологиялық сөздіктер

  4. Синонимдер сөздігі

  5. Фразеологиялық сөздіктер

  6. Аударма сөздіктер

  7. Теминологиялық сөздіктер

  8. Шет тілдер сөздігінің сөздігі

Лекцияда берілген мәтін бойынша көрсетілген әдебиет және интернет материалдарын пайдаланып, жаттығу жұмыстарын орындау, сөздік түрлерімен танысып, олармен жұмыс жасап дағдылану.


6-апта

Морфология. Морфемика. Сөзжасам (дервитология). (1 сағ).

Әдебиет: Бектұров Ш. К. Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана: “Фолиант”,

2003, 69-90- беттер.


ГРАММАТИКА. МОРФЕМИКА

Қарастырылатын мәселелер:

  1. Грамматика және рның салалары.

  2. Сөздің морфологиялық құрылымы және мағыналық бөлшектері туралы мағлұмат.

  3. Түбір морфема мен негіз.

  4. Аффистик морфема және олардың түрлері.

  5. Сөздердің морфемаларға мүшелену мүмкіндігі.

  6. Сөздердің морфологиялық құрылымының өзгеруі.

Лекцияда берілген мәтін бойынша көрсетілген әдебиет және интернет материалдарын пайдаланып, жаттығу жұмыстарын орындау.


7-апта

Зат есім. Сын есім. Сан есім. Есімдік (1 сағ).

Әдебиет: Ш. Бектұров “Қазақ тілі” Алматы. “Атамұра”, 2006ж. 80-115- беттер.

Зат есім. Сын есім. Сан есім. Есімдік. Түрлері мен жасалу жолдарын мысалдар келтіру арқылы жауап беру. Жаттығу жұмыстарын орындау.

Лекцияда берілген ережелер бойынша көрсетілген әдебиет және интернет материалдарын пайдаланып, жаттығу жұмыстарын орындау.


8-апта

Етістік. Есімше. Көсемше. (1 сағ).

Әдебиет: Ш. Бектұров “Қазақ тілі” Алматы. “Атамұра”, 2006ж. 117-133- беттер.

Әдебиет: А. Ысқақов “Қазіргі қазақ тілі. Морфология”. Алматы, 1967, 67-82- беттер.

Етістік

Заттың қимылын, ісін, күй-жайын білдіретін сөз табы етістік деп аталады. Етістік сөйлемде көбінесе баяндауыш қызметін атқарады. Не істеді? Не қылды? Не істелінді? Қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.

Етістік істің белгілі бір уақытта (шақта) болатынын білдіреді. Мысалы: мен бардым, мен барғанмын, мен барып едім (өткен шақ), мен барамын, мен барармын, мен бармақпын (келер шақ), мен оқып отырмын, ол көріп тұр (осы шақ).


Етістіктің шақтары

Қимыл іс-әрекет белгілі бір уақыт кеңістігінің аралығында болады. Мұны етістіктің шағы деп атайды. Қимыл іс-әрекеттің орындалатынына, орындалуға тиістілігіне, орындалғандығына қарай етістік үш шаққа бөлінеді.

1. Осы шақ. 2. Келер шақ.3. Өткен шақ.

Етістіктің райлары

Етістіктің төрт түрлі райы бар:

1. Ашық рай. Осы шақ, келер шақ, өткен шақ мағыналарының сөйлемде анық көрінуі ашық рай деп аталады. Мысалы: жазамын, жазасың, жазып отырмын, келерсің, боларсыз, келіп жүрмек т.б.

2. Бұйрық рай. Істің бұйыру мағынасын білдіретін етістіктің түрі бұйрық рай деп аталады. Мысалы: (Сен) оқы, кел, тұр, бар, айт. (Сендер) оқыңдар, келіңдер, тұрыңдар. (Сіздер) оқыңыздар, келіңіздер, тұрыңыздар. (Ол, Олар) оқысын, келсін, тұрсын т.б.

3. Шартты рай. Іс-әрекеттің істелу, болу мүмкіндігінің шартын білдіретін етістіктің түрі шартты рай деп аталады. Мысалы: Ол келсе, киноға барар едік. Киноға барудың іске асуына, оның келуі шарт болып тұр.

4. Қалау рай. Іс-әрекетті орындаушы адамның талабын, ынтасын білдіріп, қалау мағынасында айтылатын етістіктің түрін қалау рай деп атайды.

Қалау рай етістік пен етістің түбіріне –қы, -кі, -ғы,-гі жұрнағы жалғанып, одан кейін тәулдік жалғауы қосылу арқылы және бұдан кейін кел етістігі тіркесіп келу арқылы жасалады. Мысалы: білгім келеді, айтқым келеді, санағым келеді, сөйлескім келді, кеткіміз келді.

Лекцияда берілген ережелер бойынша көрсетілген әдебиет материалдарынан жауап беру және жаттығу жұмыстарын орындау.


9-апта

Үстеу. Еліктеу сөздер. (1 сағ).

Әдебиет: Ш. Бектұров “Қазақ тілі” Алматы. “Атамұра”, 2006ж. 134-137- беттер, 145-146-беттер. ; Ш.К. Бектұров Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана, “Фолиант”

баспасы, 2003, 166-171-беттер, 181-182-беттер.


Үстеу

Іс-әрекеттің заттың сынының түрлі белгілерін білдіретін сөздердің лексико-грамматикалық тобы үстеу деп аталады.

Еліктеу сөздер

I. Категориялық мағынасы

Табиғаттағы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына еліктеуден және табиғи көріністердің бейнеленуінен пайда болған сөздерді еліктеу сөздер деп атайды. Еліктеу сөздер мағынасы жағынан дыбыстық еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер болып екіге бөлінеді.

Жанды, жансыз заттар шығарған түрлі дыбыстарды беру үшін қолданылатын сөздер дыбыстық еліктеуіш сөздер деп аталады. Мысалы: тырс-тырс (тамшы), сылдыр-сылдыр (бұлақ), тарс-тарс (есікті ұру), қарш-қарш (шайнау), пыр-пыр (ұйықтау) т.б.

Заттардың, құбылыстардың түрлі сын-сипатын, қимыл-қозғалыстарын көру арқылы қабылдап бейнелейтін сөздер бейнелеуіш сөздер деп аталады. Мысалы: жалт (қарау), қалт (етті), селк (етті), маң-маң (басу), зып (ету), жалт-жұлт (көріну) т.б.

Лекцияда берілген ережелер бойынша көрсетілген әдебиет материалдарынан жауап беру және жаттығу жұмыстарын орындау.


10-апта

Шылау. Одағай (1 сағ).

Әдебиет: Ш. Бектұров “Қазақ тілі” Алматы. “Атамұра”, 2006ж. 138-145- беттер. Ш.К. Бектұров Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана: “Фолиант” баспасы, 2003, 171-180-беттер.

Шылау, түрлері

Тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер бар. Ондай көмекші сөздер шылаулар деп аталады.

Шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай үшке бөленеді:

1. Септеулік шылау; 2. Жалғаулық шылау; 3. Демеулік шылау.

Шылаулардың түрлері мен жасалу жолдарының ерекшеліктері мен мағыналары.

Одағай

Сөйлеушінің шындыққа, болмысқа қатысын, көніл-күйін сезім арқылы білдіретін сөз одағай деп аталады. Одағайдың атап көрсететін қызметі жоқ. Оған арнайы грамматикалық категория тән емес.

Мысалы: Бәрекелді! Өлеңді жақсы айтасың! Ойбай, ауырттың!

Қап, соңғы автобус кетіп қалды-ау! Рақмет, Айбек, рақмет!–Кеш жарық!- деді Аханов.

Әдебиет: Қазақ тілі(жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған).

Редактор-құрастырушы: В.Ю. Франк. Алматы, 1999, 119-120-беттер.


Лекцияда берілген ережелер бойынша көрсетілген әдебиет материалдарынан жауап беру және жаттығу жұмыстарын орындау.


11-апта

Синтаксис. Синтаксистің салалары. Түрлері. (1 сағ).

Әдебиет: Бектұров Ш.К. Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана: ”Фолиант” баспасы, 2003, 69-73 – беттер; М.Балақаев, Т.Қордабаев “Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис”, Алматы, 1986, 3-18-беттер.

Синтаксис. Синтаксистің салалары. Түрлері.

Синтаксис деген термин грек тілінен алынған, құрау, құрастыру немесе ретке келтіру деген мағынаны білдіреді. Грамматикада ол сөздердің басын қосып тіркес жасап, бір-бірімен байланыстырып сөйлем құрауды, сол арқылы адам ойын білдіруді үйретеді. Сонымен бірге синтаксис сойлем түрлерін, олардың құрылымын, жасау жолдарын және сөйлемнің тыныс белгілерін қою ережелерін корсетеді.

Синтаксис төрт салаға бөлінеді: 1) сөздің және оның формасының синтаксисі; 2) сөз тіркесінің синтаксисі; 3) жай сөйлемнің синтаксисі; 4) құрмалас сөйлемнің синтаксисі.

Лекцияда берілген ережелер бойынша көрсетілген әдебиет материалдарынан жауап беру және жаттығу жұмыстарын орындау.


12-апта

Сөз және сөз тіркесі синтаксисі (1 сағ).

Әдебиет: Ш. Бектұров “Қазақ тілі” Алматы. “Атамұра”, 2006ж. 172-176- беттер; М.Балақаев, Т.Қордабаев “Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис”, Алматы, 1986, 19-82-беттер.

Сөз тіркесі.

Сөз тіркесі бағыныңқы және басыңқы бөлімдерден тұрады. Бағыныңқы сөз басыңқы сөзбен мағына арқылы байланысады.

Сөйлем бірнеше сөздерден, сөз тіркестерінен тұрады. Сөз тіркестерінің алғашқы (бағыныңқы), соңғы (басыңқы) компоненттерінің қай сөз табынан болғанына қарай олар есімді және етістікті сөз тіркесі деп бөлінеді.

Сөздердің байланысу тәсілдеріне қарай қазақ тілінде сөз тіркесінің бес түрі бар: қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу.


Сөздің және оның формасының синтаксисі.

Сөз формаларының құрамы: синтетикалық формалар және аналитикалық формалар болып екіге бөлінеді.

Күрделі сөздер. Біріккен сөз. Қос сөз. Қысқарған сөз.

Лекцияда берілген ережелер бойынша мысалдар келтіріп, көрсетілген әдебиет материалдарынан жауап беру және жаттығу жұмыстарын орындау.


13-апта

Жай сөйлем синтаксисі.Сөйлем. (1 сағ).

Әдебиет: Ш. Бектұров “Қазақ тілі” Алматы. “Атамұра”, 2006ж. 177-182- беттер; М.Балақаев, Т.Қордабаев “Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис”, Алматы, 1986, 83-190-беттер.


Сөйлем.

Сөйлем құрылысына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Дара және күрделі.

  2. Атаулы.

  3. Жақты және жақсыз.

  4. Толымды және толымсыз.

Интонациясына қарай төрт түрге бөлінеді:

1. Хабарлы.

2. Сұраулы.

3. Бұйрықты.

4. Лепті.

Сөйлем мүшелері. Бастауыш. Баяндауыш. Анықтауыш. Толықтауыш. Пысықтауыш. Жасалу жолдары, атқаратын қызметі.

Лекцияда берілген ережелер бойынша мысалдар келтіріп, көрсетілген әдебиет материалдарынан жауап беру және жаттығу жұмыстарын орындау.


14-апта

Құрмалас сөйлем синтаксисі. (1 сағ).

Әдебиет: Ш. Бектұров “Қазақ тілі” Алматы. “Атамұра”, 2006ж. 219-247- беттер; М.Балақаев, Т.Қордабаев “Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис”, Алматы, 1986, 192-308-беттер; Қ.Есенов “Құрмалас сөйлемнің синтаксисі”, Алматы, 1995.


Құрмалас сөйлем

Жай сөйлем бір ғана ойды білдірсе, құрмалас сөйлем – екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралады.

Құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай сөйлемдер бір-бірімен қосымша, шылау, орын тәртібі, өзіндік интонация арқылы байланысады.

Құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай сөйлемдердің баяндауыштарының өз бастауыштарымен қиысу, қиыспау және аралас келуіне орай салалас, сабақтас және аралас болып үшке бөлінеді.

Салалас құрмалас сөйлем

Компоненттері мағына, орын тәртібі, интонация бойынша, ал олардың баяндауыштары шылаулы да, шылаусыз да байланысып келіп, олар тиянақты формада болып, өзара тең дәрежеде келген жай сөйлемдердің тіркесін салалас құрмалас сөйлем деп атайды.

Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлері: ыңғайлас, себеп-салдар, қарсылықты, шартты, салыстырмалы, кезектес, талғаулы, түсіндірмелі салаластар.


Сабақтас құрмалас сөйлем

Компоненттері мағынасы жағынан басыңқы және бағыныңқы болып келіп, баяндауыштары тиянақсыз формада келетін жай сөйлемдердің тіркесін сабақтас құрмалас сөйлем деп атайды.

Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Сабақтастардың құрамы: бағыныңқы және басыңқы сыңарлары.

Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлері: шартты, қарсылықты, қимыл-сын, себеп-салдар, мезгіл, мақсат бағыныңқы сабақтастар.

Лекцияда берілген ережелер бойынша мысалдар келтіріп, көрсетілген әдебиет материалдарынан жауап беру және жаттығу жұмыстарын орындау.


15-апта

Аралас құрмалас сөйлем синтаксисі. (1 сағ).

Әдебиет: Ш. Бектұров “Қазақ тілі” Алматы. “Атамұра”, 2006ж. 307-309- беттер; М.Балақаев, Т.Қордабаев “Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис”, Алматы, 1986, 192-308-беттер; Қ.Есенов “Құрмалас сөйлемнің синтаксисі”, Алматы, 1995.


Аралас құрмалас сөйлем

Бір сөйлемнің ішінде әрі салаласқан, әрі сабақтаса байланысып келген сөйлемдердің тіркесін аралас құрмалас сөйлемдеп атайды.

Аралас құрмалас сөйлем жасалу жолдарынын ерекшелігіне орай шылаусыз аралас құрмалас сөйлем, шылаулы аралас құрмалас сөйлем деп екіге бөлінеді.

1. Шылаусыз аралас құрмалас сөйлем. Мысал: Кімде-кім өзін сынаудан қорықса, оның әлсіздігі, кімде-кім өзінің мінін көре алмаса, оның саяздығы.

2. Шылаулы аралас құрмалас сөйлем. Мысал: Биыл қар ерте кетіп еді, бірақ сәуір бойы қара суық болып, жас төлдер далаға жайыла алмады.

Жаттығу жұмыстары. Берілген сөйлемдерден аралас құрмалас сөйлем жасау.

Лекцияда берілген ережелер бойынша мысалдар келтіріп, көрсетілген әдебиет материалдарынан жауап беру және жаттығу жұмыстарын орындау.


Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар

«Қазіргі қазақ тілі»



___3_курс студенттері үшін

Мамандығы___5В020700 «Аударма ісі»________________________________

Оқыту формасы_күндізгі, сырттай________________________________

Негізгі білім____жалпы-орта________________________________________________

(жалпы орта, орта кәсіби, жоғарғы кәсіби)


2012-2013 оқу жылының ____6___семестрі



Орал қ. 2012 ж.

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Похожие:

Шифр және атауы Негізгі білім iconшифр мен атауы ) Базалық білімі
Жұмыс бағдарламасы Мемлекеттік жалпыміндетті стандарқа сәйкес 050508 «Есеп және аудит» мамандығы үшін құралды госо рк 08. 008-2008...

Шифр және атауы Негізгі білім iconшифр мен атауы ) Базалық білімі
Жұмыс бағдарламасы Мемлекеттік жалпыміндетті стандарқа сәйкес 050508 «Есеп және аудит» мамандығы үшін құралды госо рк 08. 008-2008...

Шифр және атауы Негізгі білім iconШифр және атауы Орал қаласы 2012 ж. Бекітемін
В030100 Құқықтану мамандығына Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі,...

Шифр және атауы Негізгі білім iconШифр және атауы Орал қаласы 2012 ж. Бекітемін
В030100 Құқықтану мамандығына Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі,...

Шифр және атауы Негізгі білім iconКомпанияның қаржылық есептемесі пәні
Жұмыс бағдарламасы Мемлекеттік жалпыміндетті стандарқа сәйкес 050508 «Есеп және аудит» мамандығы үшін құралды госо рк 08. 008-2008...

Шифр және атауы Негізгі білім iconСалық есеп және есеп беру пәні
Жұмыс бағдарламасы Мемлекеттік жалпыміндетті стандарқа сәйкес 050508 «Есеп және аудит» мамандығы үшін құралды госо рк 08. 008-2008...

Шифр және атауы Негізгі білім iconҚаржылық бюджет ұйымдарда қаржылық
Жұмыс бағдарламасы Мемлекеттік жалпыміндетті стандарқа сәйкес 050508 «Есеп және аудит» мамандығы үшін құралды госо рк 08. 008-2008...

Шифр және атауы Негізгі білім iconШифр және атауы Орал қаласы 2012 ж. Бекітемін

Шифр және атауы Негізгі білім iconШифр және атауы Орал қаласы 2012 ж. Бекітемін

Шифр және атауы Негізгі білім iconШифр және атауы Орал қаласы 2012 ж. Бекітемін
Пәннің оқу-әдістемелік кешені институттың Әдістемелік кеңесінің отырысында қаралып бекітілді

Разместите кнопку на своём сайте:
kaz.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz.docdat.com
Главная страница