2013 жылдың 3 айы бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ол нысанды есептің статистикалық деректерінің талдауы




Скачать 41.02 Kb.
Название2013 жылдың 3 айы бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ол нысанды есептің статистикалық деректерінің талдауы
Дата конвертации27.02.2016
Размер41.02 Kb.
ТипДокументы
2013 жылдың 3 айы бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ОЛ нысанды есептің статистикалық деректерінің талдауы


«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ОЛ нысанды есептің (бұдан әрі – 1-ОЛ есебі) деректеріне сәйкес 2013 жылдың 3 айында республиканың мемлекеттік органдарына жеке және заңды тұлғалардан 3 838 242 өтініш келіп түскен (бұдан әрі - өтініш). Олардың ішінде жеке тұлғалар – 2 833 729, заңды тұлғалар – 1 004 513.

Өтініштердің түрлері бойынша құрылымы келесідей: өтініш – 3 068 437, шағым – 29 516, басқа да өтініштер (сұраулар, ұсыныстар, үндеулер) – 740 289.

Шағымдардың көпшілігі олардың жалпы санынан – 6 968 немесе 24% орталық мемлекеттік органдарға, Астана қ. мемлекеттік органдарға – 4 477 (15%), Алматы қ. – 4 000 (14%), ШҚО – 2 730 (9%) келіп түскенін атап өту керек.

Бұл ретте, республика бойынша шағымдардың жалпы санынан олардың көпшілігі – 10 024 немесе 34% нақты прокуратура органдарына келіп түскен.

Аймақтар бойынша өтініштердің тіркелуі туралы мәліметтер төмендегі диаграммада көрсетілген.

Диаграмма 1


1-диаграммадан көрінгендей, өтініштердің көпшілігі Алматы қ.-533 263 (14%), ОҚО –419 071 (11%), Алматы облысының – 398 759 (10%) және ШҚО – 330 404 (9%) мемлекеттік органдарына келіп түскен.

Өтініштердің ең аз саны (орталық аппараттарды, көліктік және әскери органдарды есепке алмағанда) Атырау облысының мемлекеттік органдарына түскен – 63 622 (2%).

Мемлекеттік органдар бөлігінде өтініштердің негізгі саны салық органдарына – 1 633 747, әкімдіктерге – 950 802, ішкі істер – 613 773, әділет органдарына – 229 004 келіп түскен.

Диаграмма 2


Мәселелердің сипаты бойынша өтініштердің негізгі саны келесі мәселелер бойынша келіп түскен (диаграмма 3):

- салық қатынастары – 1 134 276 немесе (30%);

- мем.қызмет аясында берілген өтініштер – 475 108 (12%);

- еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнетақымен қамтулар – 322 549 (8%);

- халықты құжаттандыру және тіркеу – 226 657 (6%);

- жол полициясының қызметі – 181 100 (5%);

- жалпы қаржы мәселелері – 694 661 (3,6%);

- жер және жер пайдалану – 113 852 (3%);

- ауыл шаруашылық мәселелері – 87 070 (2%)

- жылжымайтын мүлік – 69 194 (1,8%).

Диаграмма 3


Мемлекеттік билік органдары мен лауазымды тұлғалардың шешімдері мен әрекеттеріне шағымдану мәселелері бойынша өтініштер жеке назар аударуға лайықты. 2013 жылдың 3 айында барлығы осындай 1 785 өтініш келіп түскен.

Аймақ бөліктерінде осы мәселе жөніндегі жалпы өтініштердің ішінен олардың ең көп саны мемлекеттік органдардың орталық аппараттарына – 366 (21%), Қостанай облысының – 242 немесе 146%, ОҚО – 179 (10%), Қарағанды облысының – 172 (9,6%) мемлекеттік органдарына келіп түскен (диаграмма 4).

Өтініштерді қарау нәтижелерінің жалпы деректері келесідей. Мемлекеттік органдар қарауға барлығы 3 723 738 өтінішті қабылдаған. Олардың ішінен 3 396 305 немесе қаралған өтініштердің 91% қанағаттандырылды, 30 975 (1%) бойынша қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды, 290 673 (8%) өтініш бойынша түсініктеме берілді, 5 785 өтініш бойынша қарау қысқартылды. 3 554 өтініштер мәліметке қабылданып, қараусыз есептен шығарылды, есептік кезеңнің соңында 104 329 өтініш қараусыз қалды.


Диаграмма 4




Өтініштердің орындалу сапасының маңызды көрсеткіші өтініш беруші бірінші шешімге қанағаттанбаған жағдайда, қанағаттандырылған қайталанған өтініштердің саны болып табылады.

Республика бойынша 496 қайталанған өтініш қанағаттандырылды, олардың ішінен 135 өтініш мемлекеттік органдардың орталық аппараттарына, (Денсаулық министрлігі – 26, Жоғарғы сот -15, Әділет министрлігі – 10 және басқа органдар 84) және 114 Манғыстау облысына келеді (диаграмма 5).

Барлығы мерзімі бұзылып 1 537 өтініш қаралды.

диаграмма 5


Барлық мерзімі бұзылып қаралған өтініштердің ішінде көпшілігіне Қарағанды облысының мемлекеттік органдарына тиесілі 375 өтініш немесе 24%.

2012 жылдың 2 шілдесінен бастап «Айқын» жобасы шегінде орталық мемлекеттік органдардың кеңсе қызметкерлері, а.ж. 1 сәуірінен бастап Астана, Алматы қалалары, облыс әкімшіліктері жүгінген адамға тікелей бірегей 18-таңбалы нөмірі бар талон береді, ол талон өтініштің тіркелуіне және одан әрі қаралуына кепілдік береді.

Айқын жұмысы істеген уақыттан бері 12 844 адамға талон берілген, олардың ішінде облыс әкімдіктерімен 6 703. Комитет сайтына 8 450 адам жүгінген.

Бірегей нөмір бойынша жеке және заңды тұлғалар қолжетімді байланыс құралдары арқылы қаралу барысын бақылап отырады.

Мемлекеттік органдардың өтініштермен жұмыс істеу жөніндегі қызметін бағалау өлшемдерінің бірі мерзімі бұзылып қаралған өтініштер мен негізді қайталанған өтініштер санының өсуі (төмендеуі) болып табылады.

Сонымен, егер 2012 жылдың 3 айы бойынша мемлекеттік органдардың орталық аппараттары 329 өтінішті мерзімін асырып қараса, ағымдағы жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 60% -ке (131 өтінішке) азайған.

Осылайша, мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың мерзімі мен сапасына тиісінше көңіл бөлуде.


Комитеттің 3-бақармасы

жеке және заңды тұлғалардың

өтініштерін есепке алу бөлімі

Похожие:

2013 жылдың 3 айы бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ол нысанды есептің статистикалық деректерінің талдауы icon2012 жылдың 9 айы бойынша елдегі заңдылық және құқықтық тәртіп туралы статистикалық деректердің талдауы астана қаласы 2012 жылғы 6 қазан
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2012 жылдың 9 айы бойынша...
2013 жылдың 3 айы бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ол нысанды есептің статистикалық деректерінің талдауы iconБбсж ааж деректер қоры мәліметтерінің толықтығы мен дұрыстығына, соның ішінде 2012 жылдың 1-жартыжылдығында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін мемлекеттік органдардың сақтауы бөлігінде жүргізілген мониторинг қорытындысы
Сы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу бөлімі ббсж ааж деректер қоры мәліметтерінің толықтығы мен дұрыстығына, соның...
2013 жылдың 3 айы бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ол нысанды есептің статистикалық деректерінің талдауы iconЕурАзЭҚ-на қатысушы мемлекеттерде жеке тұлғалардың ақша қаражатын трансшекаралық аударымы туралы
Алынған статистикалық деректердің талдамасы Қоғамдастық елдерінен 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы жеке тұлғалардың трансшекаралық...
2013 жылдың 3 айы бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ол нысанды есептің статистикалық деректерінің талдауы iconЖеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы
Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №2, 17-құжат; «Егемен Қазақстан» 2007 жылғы 30 қаңтар №23; «ресми газет» 2007 ж., наурыз,...
2013 жылдың 3 айы бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ол нысанды есептің статистикалық деректерінің талдауы icon3 Заңды тұлғаның несие тарихы субъектісінің ол туралы несие бюросына ақпарат беруге және ол туралы несие бюросынан алуға келісімі (белгіленген нысан бойынша – 3 Қосымша) – түпнұсқа
Акционерлік қОҒамдар қаржы лизингі түрінде қарыз немесе инвестиция алу үшін өтініштерін қарау үшін тапсыратын қҰжаттар тізбесі
2013 жылдың 3 айы бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ол нысанды есептің статистикалық деректерінің талдауы icon3 Заңды тұлғаның несие тарихы субъектісінің ол туралы несие бюросына ақпарат беруге және ол туралы несие бюросынан алуға келісімі (белгіленген нысан бойынша – 3 Қосымша) – түпнұсқа
Акционерлік қОҒамдар қаржы лизингі түрінде қарыз немесе инвестиция алу үшін өтініштерін қарау үшін тапсыратын қҰжаттар тізбесі
2013 жылдың 3 айы бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ол нысанды есептің статистикалық деректерінің талдауы icon3 Заңды тұлғаның несие тарихы субъектісінің ол туралы несие бюросына ақпарат беруге және ол туралы несие бюросынан алуға келісімі (белгіленген нысан бойынша – 3 Қосымша) – түпнұсқа
Акционерлік қОҒамдар қаржы лизингі түрінде қарыз немесе инвестиция алу үшін өтініштерін қарау үшін тапсыратын қҰжаттар тізбесі
2013 жылдың 3 айы бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ол нысанды есептің статистикалық деректерінің талдауы icon2013 жылдың наурызда жалпы мемлекеттік статистикалық бакылаулар бойынша бастапқы статистикалық мәлеметтерді респонденттердің тапсыру кестесі
Тұрақтандыру қорларының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және өткізу бағасы мен көлемі туралы есеп
2013 жылдың 3 айы бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ол нысанды есептің статистикалық деректерінің талдауы icon2013 жылдың ақпанда жалпы мемлекеттік статистикалық бакылаулар бойынша бастапқы статистикалық мәлеметтерді респонденттердің тапсыру кестесі
Сауда қызметін жүзеге асыратын жəне қоғамдық тамақтандыру мен автокөлік құралдарын жөндеу саласында қызмет көрсететін жеке кəсіпкерлерді...
2013 жылдың 3 айы бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ол нысанды есептің статистикалық деректерінің талдауы icon2013 жылдың қаңтарда жалпы мемлекеттік статистикалық бақылаулар бойынша бастапқы статистикалық мәлеметтерді респонденттердің тапсыру кестесі
Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет кӨрсету саласында кӨрсетілген қызметтердің кӨлемі туралы есеп
Разместите кнопку на своём сайте:
kaz.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz.docdat.com
Главная страница