Пән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып




Скачать 50.27 Kb.
НазваниеПән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып
Дата конвертации27.02.2016
Размер50.27 Kb.
ТипДокументы
Пән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып

Күні:19.11.12.

Сабақтың тақырыбы: Қытай,Жоңғар хандығы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға 17 ғасырдағы Қытайдың халықтың жағдайы,маньчжурларды жаулап алуы,Цин империясының мемлекеттік, саяси-әлеуметтік құрылысы,жүргізген басқыншылық соғыстары мен қытай-қазақ қатынастары туралы баяндау, 17 ғасырдағы Жоңғар хандығының құрылуы мен саяси-әлеуметтік дамуы,жүргізген басқыншылық соғыстары, хандықтың күйреу туралы баяндау. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеті мен танымды қызығушылықтарын ояту, сұрақтар қою арқылы білімдерін толықтыру. Тәрбиелілік: Халық тарихына құрметпен қарауға, достыққа, бір-бірін түсіне білуге тәрбиелеу. Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту Сабақ көрнекілігі: :Дүние жүзі саяси картасы, тірек сызбалар,кестелер. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Осман империясы Сұрақтар: 1.17 ғасырдағы империяның дамуы және оның құрамына кірген халықтардың жағдайы. 2.17 ғасырдағы Осман империясының жүргізген соғыстары. Империяда дағдарыстың күшеюі. 3.Осман империясының әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қалалар мен сауданың өркендеуі. 4.18 ғасырдағы Осман империясының сыртқы саясаты. Халық көтерілістері мен ұлт-азаттық қозғалыстар. 5.ІІІ Селим сұлтанның реформасы.

ІІІ. Жаңа сабақтың мазмұны 1. Халықтың жағдайы. 2.Қытайды маньчжурлардың жаулап алуы. 3.ОсмаЦин империсының мемлекеттік, саяси-әлеуметтік құрылысы. 4.Цин империясының басқыншылық соғыстары. 5.Қазақ-қытай қатынастары. 6.17-18ғғ Қытайда егіншілік пен сауданың дамуы. Қалалардың өсуі.

1. Халықтың жағдайы. 17ғ 30-40 жылдарында Қытай мемлекеті , мин империясы терең дағдарыс кезеңін бастан кешірді.Шаруалар жағдайының күрт төмендеуі, олардың жер иеліктерінен айырылуы, салық көлемінің өсуі, тұрмыс деңгейінің нашарлауы халық бұқарасының наразылығын тудырып отырды.Қытай халқының басына түскен үлкен ауыртпалық 1628-1644 жылдардағы шаруалар көтерілісінеәкелді.Көтерілісті қарапайым шаруа отбасынан шыққан Ли Цзычен (1606-1645) басқарды. 2. Қытайды маньчжурлардың жаулап алуы. Маньчжур тайпалары Қытайдың солтүстік жағында, шекаралас аймақта өмір сүрді. Маньчжурлардың әскери қолбасшысы Нурхаци негізін қалаған алғашқы маньчжур мемлекеті пайда болды. Нурхацидің алғашқы мұагері Абахайдың тұсында маньчжур мемлекеті Цинь деп аталды. Цин мемлекетінің алғашқы билеушісі Абахай болды. Маньчжурлар көрші елдерге басқыншылық соғыстар жүргізді. Қытайға,Моңғолияға,кореяға жүргізілген басқыншылық соғыстар нәтижесінде бағындырылған халықтар есебінен 8 қытай, 8 моңғол әскерін жасақтады.Қытайды басып алуға аттанар алдында маньчжурлар әскерінің саны 200 мыңға жетті. 3.Цин империясының мемлекеттік, саяси-әлеуметтік құрылысы. Мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі боғдыхан император Көк Тәңірінің ұлы деп саналды. Оның жекебасы қасиетті болып есептелді.Цин империясының мемлекеттік құрылысы Мин әулеті Қытайдың мемлекеттік мекемелері мен салалық басқарушы органдары үлгісінде құрылды.Бүкіл Қытай жері әкімшілік 18 провинцияға бөлінді.Оны император тағайындаған әкімдер басқарды.Маньжурлардан кейін бір саты төмен ерікті қытайлар 4 сословиеге бөлінді: ғалымдар (шэньши), егіншілер,қолөнершілер,саудагерлер. Ең төменгі сатыда кедейлер тұрды, оларға артистер,қарапайым қызметшілер,малайлар жатты. 4.Цин империясының басқыншылық соғыстары.


Цин империясының басқыншылық саясаты




Тибет

Непал



Вьетнам

Бирма



5.Қазақ-қытай қатынастары. Қытайдың Қазақ хандығымен тікелей байланыс жасау кезеңі 18ғ 1жарт сәйкес келеді.Қазақстанға 1755жылы аттандырылған тұңғыш Қытай делегациясы қазақ билеушілеріне Жоңғар хандығының Қытай империясының құрамына енгендігін мәлімдеуге тиіс болды.Осыған сәйкес қазақтардан ойрат ісіне араласуды тоқтату, яғни олармен саяси және экономикалық байланыстардан бас тарту талап етілді. Қазақ – қытай қатынастарында жер мәселесі маңызды орын алды.Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын қазақтарға малды жыл бойына тебінде ұстау үшін үлкен аймақтар қажет болды. 6.17-18ғ Қытайда егіншілік пен сауданың дамуы.Қалалардың өсуі. 17ғ соңы-18ғ басында Қытайдың экономикасы қайта жанданды.Қытай шаруалары басқыншылық соғыс кезінде қараусыз қалған жерлеріне қайта оралып, егіншілікпен айналыса бастады. Маньчжур билеушілері жергілікті халықтың наразылық көтерілістерін есепке ала отырып, шаруаларға салынатын салықты реттеп, ауыртпалықтар біраз жеңілдетті. 1. Жоңғар хандығының құрылуы.

Моңғолия


Чахар хандығы

Жоңғар хандығы



Халха хандығы



2.Жоңғар хандығының саяси-әлеуметтік дамуы.

Жоңғар хандығын негізінен 4 рудан тұрды.

Чорос Дербет Хошоуыт Хойт


Жоңғарлардың басқыншылық соғыстары
3.Жоңғарлардың басқыншылық соғыстары.



Тұрфан

Жаркент



Хотан

Қашқар



5.Жоңғар хандығының Қытаймен,Ресеймен,Қазақ хандығымен жүргізген саясаты. Жоңғар хандығы 17-18 ғасырларда Цин империясымен бейбіт сауда қатынастарын жүргізіп отырды.Бірақ екі мемлекеттің де бір-біріне дұшпандық көзқарастары сақталып қалды.Цин билеушілері моңғолияның өздерінен тәуелсіз, күшті әскери мемлекет болғанын қалаған жоқ.Жоңғар хандығы мен Ресей арасындағы байланыс 18 ғасырдың ширегінде дами бастады.Оған орыстардың Енесей Тобыл және Ертіс өзендері бойына қоныстана бастауы себеп болды. 6.Жоңғар хандығының күйреуі. 1745ж билеуші Қалдан-Серен қаза тапқан соң, Жоңғар хандығында таққа таласқан ішкі қырқыс басталды.Өзара бақталастық соғыста Қалданның немере бауыры Дабашы жеңіске жетеді де, хойт тайпасының басшысы Әмірсананың көмегімен 1752ж хан тағына отырады.Хан тағына қолы жеткен соң,енді бақталас болады деген қауіппен Дабашы Әмірсананың көзін жоюға кіріседі.154ж 30 мың әскермен ол әмірсанаға күйрете соққы береді. ІV.Қорытындылау 1.Қытайды маньчжурлардың басып алуына қандай жағдайлар себеп болды? 2.Цин империясының мемлекеттік құрылысы қандай болды? 3.18ғ Қытай неліктен оқшаулану саясатын ұстады? 4.ірі сауда орталықтары болған қалалары атаңдар?

V.Үйге тапсырма:Қытай, Жоңғар хандығы VI. Бағалау.

Похожие:

Пән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып iconПән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып
Оқушыларды ұлтжандылыққа, адал да өткір, туған елге, сүйіспеншілікке, патриоттық сезімдерге және намысты болуға тәрбиелеу; Сабақ...
Пән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып iconПән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып
Оқушыларды ұлтжандылыққа, адал да өткір, туған елге, сүйіспеншілікке, патриоттық сезімдерге және намысты болуға тәрбиелеу;; Сабақ...
Пән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып icon1 МҰҒалімнің аты-жөНІ
Мектеп, сынып, ПӘН: Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. 7 сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан...
Пән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып iconКүні: 14. 01. 13 Пән: Қазақстан тарихы Сынып: 8 Тақырыбы: Қазақстардың хіхғ І ж дәстүрлі мәдениеті мен шаруашылығы

Пән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып iconКүні: 02. 13 Пән: Дүниежүзі тарихы Сабақтың тақырыбы
Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту,сұрақ-жауап. Сабақ көрнекілігі: Көркем суреттер, тірек сызбалар Сабақтың...
Пән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып iconПән: Қазақстан тарихы 8 сынып Күні: 11. 02. 13 Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы
Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу дамытушылык: әрбір оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп отындауына...
Пән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып iconI. а критериі бойынша берілетін тапсырмалар
...
Пән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып iconI. а критериі бойынша берілетін тапсырмалар
...
Пән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып iconКүні: 26. 11. 12 Пән: Қазақстан тарихы 8 -сынып Сабақтың тақырыбы
Жайықың оң жағына өтуінің негізгі себептері. Ресей патшасы І павелдің 1801ж 11 наурыздағы жарлығы. Жәңгір хан. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық,...
Пән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып iconАнтантаға қандай мемлекеттер енді?
Гзу гуманитарлық заң колледжіне түсуші талапкерлерге арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен сұрақтар
Разместите кнопку на своём сайте:
kaz.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz.docdat.com
Главная страница