Арнаулы әлеуметтік қызметтер




Скачать 27.81 Kb.
НазваниеАрнаулы әлеуметтік қызметтер
Дата конвертации27.02.2016
Размер27.81 Kb.
ТипДокументы
ЖОБА


Арнаулы әлеуметтік қызметтер

көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметті

лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы


Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңдарына және «Арнаулы әлеуметтік қызметті ұсыну жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және осы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 336 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі мынадай қызмет түрлері:

1) медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

2) мүгедектерге, оның ішінде психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

3) қарттар мен мүгедектерге жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

4) қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға күндіз емделетін аумақтық орталықтарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

5) қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға оңалту орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

6) қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға үйде күндіз күтім жасалатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі лицензиар болып белгіленсін.

2. «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы №292 қаулысына («Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу және «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі жөніндегі ережені бекіту туралы» Қызылорда облысының әкімдігінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 398 қаулысымен енгізілген өзгерістермен) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшаның:

12 – тармағындағы:

20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«20) мынадай қызметтерді жүргізу құқығына лицензия беру:

медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

мүгедектерге, оның ішінде психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер кґрсету;

қарттар мен мүгедектерге жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға күндіз емделетін аумақтық орталықтарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға оңалту орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға үйде күндіз күтім жасалатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;».

3. «Қызылорда облысының мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерінде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарында әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 тамыздағы № 221 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қызылорда облысының

әкімі Б. Қуандықов

Похожие:

Арнаулы әлеуметтік қызметтер icon2-тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің түрлері және негіздері
Осы Заң өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды...
Арнаулы әлеуметтік қызметтер iconБілім саласында арнаулы әлеуметтік
Осы Стандарт білім беру саласындағы арнаулы әлеуметтік көмек көрсететін субъектілерге (бұдан әрі — әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілер),...
Арнаулы әлеуметтік қызметтер iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысы
Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 23, 24-баптарына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының...
Арнаулы әлеуметтік қызметтер iconЖалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге
Арнаулы әлеуметтiк қызметтер өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтiк проблемаларды еңсеру үшiн жағдайларды...
Арнаулы әлеуметтік қызметтер icon«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты
Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары, сондай-ақ мемлекеттік қызмет алушыда электронды цифрлық қолтаңба (бұдан...
Арнаулы әлеуметтік қызметтер icon«Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты

Арнаулы әлеуметтік қызметтер iconҮлкен жастағы адамның Әлеуметтік-психологиялық статусы
Ардагерлер үйінде; 5,9 Алматының әртүрлі аймақтарында тұрып және де аймақтық әлеуметтік көмек көрсету орталықтарынан үйге әлеуметтік...
Арнаулы әлеуметтік қызметтер iconБостандық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсетудің №1 бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерімен өткізілген жоспарлы мәжілістің ақпараты
Леуметтік жұмыс- өте күрделі, жан-жақты білімді, ізденісті талап ететін мамандық түрі. Халыққа қызмет ете отырып, әлеуметтік тұрғыдан...
Арнаулы әлеуметтік қызметтер iconӘлеуметтік тәрбие бұл адам- адам қатынастары желісінде жүргізілетін тәрбие, яғни тікелей адамаралық байланыстар және осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған
Дәлірек айтқанда, отбасы, ресми ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары. Әлеуметтік жұмыстар – адам мен адамның инабаттылық қатынастары...
Арнаулы әлеуметтік қызметтер iconАуылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына, отын сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындау
Ен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – аудан әкімдігінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы №27 Қаулысымен бекітілген «Теректі аудандық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kaz.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz.docdat.com
Главная страница