Пән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып




Скачать 33.83 Kb.
НазваниеПән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып
Дата конвертации27.02.2016
Размер33.83 Kb.
ТипДокументы
Пән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып

Күні: 24.09.12.

Сабақтың тақырыбы: XVII-XVIIIғ. Англия,Ресей,Солтүстік Америка Сабақтың мақсаты: XVII-XVIIIғ. Англия,Ресей,Солтүстік Америка халықтарының өзіндік-ерекшелігімен  және экономикалық, ауыл шаруашылық, қолөнер салаларының дамуымен таныстыру; Оқушылардың дүниетанымен, өз бетімен ойлау қабілетін білімдерін,жан-жақтылығын дамыту Оқушыларды ұлтжандылыққа, адал да өткір, туған елге, сүйіспеншілікке, патриоттық сезімдерге және намысты болуға тәрбиелеу; ; Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту Сабақ көрнекілігі: Дүние жүзі саяси картасы, тірек сызбалар. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақтың мазмұны 1.Англиядағы капитализмнің жеңісі және орнығуы 2.18ғасырдағы Ресей 3.18ғасырдағы Солтүстік Америка

Ресей — сан ғасырлық тарихы бар ежелгі мемлекеттердің бірі. Орыс мемлекеті айқын ажыратылатын табиғи шептері жоқ аумақта қалыптасты. Сондықтан орыс жері талай рет сыртқы жаудың шапқыншылығына ұшырады. Бытыраңқы орыс жерлерінің Мәскеу айналасында бірігуі XIV—XV ғасырларда жүрді. XV ғасырдың 80-жылдарына қарай татар-моңғол езгісінен толығымен босаған орыс жерлері біртұтас мемлекетті кұрады. Осылайша болашақтағы күшті Орыс мемлекетінің негізі қаланды.Кейінгі ғасырларда Орыс мемлекеті көршілес аумақтарды басып алып, өзінің құрамына қосу саясатын жүргізді. Солтүстік-батысындағы, шығысындағы, оңтүстік-шығысындағы аумақтарды күшпен бағындырған Ресейдің XVI ғасырда Батыс Сібір халықтарын қосып алу кезеңі басталды. Келесі ғасырда Украина мен Белоруссия жерін басып алу мақсатында көршілес елдермен, соның ішінде құдіретті Осман империясымен ұзаққа созылған соғыс жүргізуге мәжбүр болды. Нәтижесінде Киев бағындырылып, Ресей Азов теңізіне шығуға мүмкіндік алды.XVIII ғасырда шведтермен болған соғыс нәтижесінде Ресейдің географиялық шекаралары одан әрі кеңейіп, Балтық теңізіне шықты. Ең бастысы Ресей Батыс Еуропа елдерімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алды. I Петр патшалық еткен кезеңде «Еуропаға терезе ашылуы» және түбегейлі қайта құрулардың жүргізілуі Ресей геосаясаты бағытының Шығыстан Батысқа бет бұрғанының белгісі еді. Осы кезден бастап елдің сыртқы ғана емес, ішкі жағдайына да өзгерістер енді.1721 жылдан бастап Орыс мемлекеті империя деп атала бастады. 1722 жылы елдің оңтүстік шекараларын нығайту мақсатында I Петр Кавказ бен Иранға жорығын бастады. Нәтижесінде Каспий теңізінің батыс және оңтүстік жағалауы Ресей құрамына енгізілді. XIX ғасырдың басында өзінің құрамына Балтық теңізінің шығыс жағалауын, Польша мен Бессарабияны, Кавказ сыртын қосу арқылы өз аумағын одан әрі кеңейте түсті. Бірақ 1853—1856 жылдары болған Қырым соғысынан соң Ресейдің геосаяси жағдайы күрт нашарлап кетті. Осы кезеңде Ресей Бессарабияның оңтүстігінен айырылып қалды және АҚШ-қа Алясканы сатуға мәжбүр болды. http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/72/peter_der-grosse_1838.jpg/250px-peter_der-grosse_1838.jpg

1640 — 1649 ж. корольдік Стюарттар әулеті мен парламент арасындағы қақтығыс азамат соғысына ұласып, нәтижесінде Оливер Кромвель бастаған республика жарияланды. Кромвель қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай Монархия тез арада қалпына келтірілгенімен, король құқығы біршама шектеліп, билік тұтастай парламент жағында болды.1651 ж. Ирландия,1652 Шотландия басып алынды.1707 ж. Ұлыбританияна корольдігіне бірігу жөніндегі актіге қол қойылғаннан кейін Лондон біртұтас мемлекеттің астанасына айналды.18 ғасырдада Британдық отарлық жүйе қалыптасты.18 ғасырдың соңында Ұлыбритания 13 америкалық отарынан айрылғанымен (АҚШ-тың жариялануы), Канада мен Үндістандағы жағдайын күшейте түсті.1805 ж. Трафальгар мүйісінде адмирал Нельсон испан-француз флотын талқандап, Ұлыбритания “теңіз әміршісіне” айналды.1793 — 1815 ж. респ. және Наполеондық Францияға қарсы соғысқа қатысқан Ұлыбритания 1818 ж. Пруссия армиясымен одақтаса отырып, Наполеон Қ-ні түпкілікті жеңді. Осыдан кейін Ұлыбритания жүз жылдай бейбіт жағдайда өмір сүріп, өзінің отарлық иеліктерін кеңейте түсті.1899 — 1902 ж. ағылшындар Оңт. Африкада бурларға қарсы соғыс жүргізді. Бірінші дүниежүзілік соғыста Ұлыбритания Антанта жағында Германияға қарсы соғысты. Соғыстан кейін Африка мен Азиядағы неміс отарларының біраз бөлігін иемденді. 1-дүниежүз. соғыстан кейін Ұлыбритания ауыр экон. жағдайды бастан кешірді. Ұлт-азаттық қозғалыстан кейін 1921 ж. Ирландия өз тәуелсіздігін жариялады. Ұлыбритания Екінші дүниежүзілік соғысқа (1939 — 1945) Гитлерге қарсы коалиция жағында қатысты.

ІV.Қорытындылау 1.Революция қарсаңындағы Англияның жағдайына сипаттама бер? 2.Пресвиттерліктер мен индепенденттер деген кімдер? 3.І Петр қайта құруларының тарихи маңызы неде? 4. «Сарайлар төңкерісі дәуірі» несімен маңызды? 5.Солтүстік Американы отарлау қашан басталды? 6. «Скваттерлік» дегеніміз не?

V.Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып,тақырып соңындағы сұрақтарды дәптерге жауап беру. VI. Бағалау.

Похожие:

Пән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып iconПән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып
Тәрбиелілік: Халық тарихына құрметпен қарауға, достыққа, бір-бірін түсіне білуге тәрбиелеу. Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі:...
Пән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып iconПән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып
Оқушыларды ұлтжандылыққа, адал да өткір, туған елге, сүйіспеншілікке, патриоттық сезімдерге және намысты болуға тәрбиелеу; Сабақ...
Пән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып icon1 МҰҒалімнің аты-жөНІ
Мектеп, сынып, ПӘН: Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. 7 сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан...
Пән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып iconКүні: 14. 01. 13 Пән: Қазақстан тарихы Сынып: 8 Тақырыбы: Қазақстардың хіхғ І ж дәстүрлі мәдениеті мен шаруашылығы

Пән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып iconКүні: 02. 13 Пән: Дүниежүзі тарихы Сабақтың тақырыбы
Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту,сұрақ-жауап. Сабақ көрнекілігі: Көркем суреттер, тірек сызбалар Сабақтың...
Пән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып iconПән: Қазақстан тарихы 8 сынып Күні: 11. 02. 13 Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы
Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу дамытушылык: әрбір оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп отындауына...
Пән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып iconI. а критериі бойынша берілетін тапсырмалар
...
Пән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып iconI. а критериі бойынша берілетін тапсырмалар
...
Пән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып iconКүні: 26. 11. 12 Пән: Қазақстан тарихы 8 -сынып Сабақтың тақырыбы
Жайықың оң жағына өтуінің негізгі себептері. Ресей патшасы І павелдің 1801ж 11 наурыздағы жарлығы. Жәңгір хан. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық,...
Пән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып iconАнтантаға қандай мемлекеттер енді?
Гзу гуманитарлық заң колледжіне түсуші талапкерлерге арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен сұрақтар
Разместите кнопку на своём сайте:
kaz.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz.docdat.com
Главная страница