Конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»




Скачать 91.38 Kb.
НазваниеКонкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Дата конвертации27.02.2016
Размер91.38 Kb.
ТипКонкурс

Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный 20-летию Дня защитника Отечества

2012 год

I тур



Бабанова Анаргуль, 9 класс,

Новопавловской общей СШ,

учитель Каиргалиева Б. Ж.  


Меня зовут Анаргуль. Я учусь в девятом классе. До сегодняшнего дня я имела понятие об армии, но возможно, какое-то косвенное, не касающееся меня. Я знала, что ребята по достижении восемнадцати лет идут служить в армию, у нашего государства есть своя армия, она защищает нас от внешних врагов и т.д. Но когда мне предложили написать сочинение на эту тему, я задумалась. И первое, что я сделала, пошла к своему папе. Он у меня служил в армии, до сих пор у нас висит его военная форма. Он любит вспоминать о своей армейской жизни. Он рассказал мне много интересного о тех временах, когда служил в армии, о своих сослуживцах. На следующий день я пошла в нашу библиотеку. Столько интересного и полезного я прочитала.

Наш Казахстан очень большое по площади государство, в которое уместилось бы несколько европейских государств. У нас и степи, и леса, и пустыни, и горы. У нас и море, и реки, и озера. А полезных ископаемых у нас вся таблица Менделеева. А какие города. А столица нашего государства. Какие она у меня вызывает чувства. Я так люблю Астану. Так горжусь, что она у нас есть. По возрасту, Астана младше меня, но, на удивление всем, она стала одним из красивейших городов мира. Шестнадцатого декабря 2011 года мы отметили 20 лет Независимости нашего государства. Благодаря великому стремлению президента Н.А. Назарбаева сделать наше государство сильным, конкурентоспособным, мы за двадцать лет независимости достигли высоких результатов в экономике, в социальной жизни, в образовании, здравоохранении и т.д. Мы получаем бесплатное среднее образование. Наши школы оснащены новейшими технологиями. Каждый из нас сам выбирает свой дальнейший путь в жизни. У нас государственный язык, который мы чтим и уважаем, свой гимн, герб, как и у всех других стран. Мы - независимое государство. Наш народ с открытой душой, смелый честный, гостеприимный.

Из казахского народа вышли такие герои как Махамбет, Исатай, Абылай, Кенесары, Бауыржан Момышулы, Талгат Бегильдинов и т. д. Недаром в гимне есть такие слова, «Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой, Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой».

В нашей Конституции в ст. 36 есть такие слова «Защита Родины – это долг каждого гражданина страны». В государстве, где проживает более 120 национальностей, и армия является многонациональной. Синее небо над головой, мирная жизнь, наша защита – это она, наша армия. Чтобы приумножить достижения старшего поколения, быть им достойной заменой, мы должны хорошо учиться, быть патриотами своей страны. Любить и уважать свою историю, историю своего государства.

А я люблю свою Родину за то, что это Земля моих предков, на этой земле выросло не одно поколение достойных людей с которых нужно брать пример.


Сагидолла Алишер, 7 класс,

Перемётнинской СОШ,

учитель Мирошникова Н. Н.


НАШЕЙ АРМИИ


Нашей армии – лишь двадцать!

Возраст, точно, молодой.

Не смотря на эту младость,

Дух у гвардии – боевой!

Казахстан обрёл свободу,

Независимым он стал.

Нелегко жилось народу,

Много горя он узнал:

Были войны, разорения,

Все аулы жгли дотла.

Но народ имел терпенье,

Вера в лучшее жила.

Храбрые сыны народа

Землю защищать пошли,

Чтоб приблизилась свобода,

Всходы мирные взошли.

Наши прадеды сражались

На фронтах былой войны,

За родную землю дрались,

Чтобы не было беды.

Им сыны на смену встали,

Чтоб продолжить славный путь.

Доблести пример подали,

Показали армии суть.

Служат в армии ребята,

Как когда-то их отцы.

Силы наберут орлята,

Будут воины-бойцы.

Мужество, отвага, смелость –

Спутники всегда солдат.

И стремятся они с честью

Оправдать страны мандат.

Наша армия родная

И отважна, и сильна.

Сила у неё большая,

И традициям верна.


Жылқыбаева Айтолқын, 6 класс,

А.Оразбаева атындағы мектетің,

мұғалімі Талошева И.


Отан деп соғар жүрегім...


... Отанына, халқына, туған жеріне

деген сүйіспеншілігі болмаса,

қазақстандық патриотизмді шын

жүрегімен сезінбесе, онда темір қарудың ешқандай қауқары жоқ.

Н. Назарбаев


I. Кіріспе

Отаншылдық –ұлы сезім.

II. Негізгі бөлім

1. Қазақтың батырлары.

2. Егемендігіміздің белгісі- ана тілі.

III. Қорытынды

Жасай бер, жаса, Қазақстаным!


Отаншылдық – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі. Көшпелі қазақ өркениетінде Отаншылдық ең қасиетті міндеттердің бірі болып саналады.Төрт дыбыстан ғана тұратын «Отан» деген сөзді айтқан кезде қазақ тілін білетін кез-келген адам көз алдына өзінің атамекенін елестетеді. Осы бір сөзде ұлағатты ұғым, адамға өте бір жақын, ауызбен айтып болмайтын түсінік бар.

Адамзаттың асылы да, ардақтысы да, қысылғанда тірек сүйенері де, қуанғанда сүйсінері де туған жері - өз Отаны. Ертеден ақындардың ел-жұртын, өзінің туып-өскен жерін жырға қосуы, батырлардың туған ел топырағында өлсем деп армандауы тегін емес. Біздің туған еліміз, кең байтақ жеріміз, қазақтың жанымен, қанымен, ержүрек батырларының ерлігімен сақталған, қорғалған. Біздің атамекеніміз, қасиетті қазақ даласы - бабаларымыздың ұрпағына қалдырып кеткен асыл мұрасы. Ежелгі түркі қағандығы кезінде тасқа жазылған Күлтегін ескерткішінде ел билеушілерінің Отаншылдық үлгісі көрініс тапқан.

Қазақ халқы өз ұрпағының өнегелі-үлгілі, өнерлі, еңбексүйгіш азамат болып өсуін армандаған. Белгілі ғалым – педагог М. Жұмабаев: «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, сол ұлттың тәрбиесін алуға тиіс», - деген.

Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Талай-талай қас батырлар жанын қиып қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!

Бүгінгі күні егемен ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі – ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. Біз кішкене кезімізден қазақ халқының батырлар жырынан тек бірлік, ынтымағы бар ел жауға қарсы тұра алады деген үлкен түйінді бойымызға сіңіріп өстік. Өзіміз оқыған батырлар жырындағы батырлар образы - халықтың алып қуатының, қажымас қайратының, сарқылмас күшінің көрінісі.


«Алпамыс батыр» жырындағы:

«Ақ сұңқар ұшар жем үшін,

Туады ерлер ел үшін.

Тоқтай алмай барамын,

Ағайын туған ел үшін»,

- деген жолдар осыған нақты дәлел емес пе!


Егемендігіміздің енді бір белгісі ана тіліміз. Біле білгенге қазақ ұлты ешбір ұлттан, қазақ тілі ешбір тілден кем емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ана тілін жетік білу, мемлекеттік тілді және бір шетел тілін меңгеру-мектепті бітіретін жастардың міндеті» деп атап көрсетті. Менің ойымша, басқа тілді құрметтеу – азаматтықты тәрбиелеудің ең басты белгілерінің бірі және 0азақстандық Отаншылдық сезімін тәрбиелеуде мемлекеттік тілді үйрету өте маңызды орын алады. Біздің, яғни, оқушылардың Отаншылдық түсінігін қалыптастыруда қазақ әдебиетінің алатын орны ерекше. Әдебиет – халықтың рухани азығы.

Сәулелі, жарқын өміріміз үшін күрескен ата-бабаларымыздың арқасында, біз, әрине, бақыттымыз. Мен балалық ақ тілекпен Қазақстанда бейбітшілік, тыныштық болып, еліміздің егемендігі ұзағынан болсын деп тілеймін!

Жасай бер, жаса, Қазақстаным!


Мақаш Ләззат, 10 класс,

ЖББ Т.Жароков атындағы орта мектебінің,

мұғалімі Нұралиева М.


Жоспары:

І. Кіріспе бөлім

Кешігіп келген кешкі ой.

ІІ. Негізгі бөлім

а) Қарулы күш деген не?

ә) Тәуелсіз елдегі тәуелді емес Қарулы Күш.

ІІІ. Қорытынды бөлім

Таң болса-дағы, түн болса-дағы ерінбес,

Қазақстанның Қарулы Күші жеңілмес!


Қала... Кешкілік уақыт. Жазғы кештің саф ауасымен тыныстайын деп балконға шықтым. Ғарыштағы оттардай көшенің шамдары жарқырап тұр. Ағылған көліктер, сабылысқан адамдар... Бәрі асығып барады. Тек көрші үйдің кішкентай бүлдіршіндері былдырлап өзара әңгіме айтып, күледі кеп. Өз күйлеріне өздері риза. Есіме сен түстің... Алыста қол бұлғап қалған балалығым түсті. Жылағым кеп кетті. Екеуміз қыр басында бірге ойнайтынбыз.

Әлі есімде... Ауылдың желөкпе балалары бәріміз жарысып ойнадық. Сол жарыста мен сүріне жығылып, құлап қалдым. Жеңілгенімізге намыстанып, жыладым. Сол кезде сенің қайдан естігеніңді кім білсін, әйтеуір, «Жанаттың Қарулы Күштері ешқашан жеңілмейді» дедің. Мен аң-таң. «Қайдағы Қарулы Күш? Ол не?» Жауапсыз сұрақтар... Сен жымидың да, кете бердің... Бірақ келесі жарыста тек екеуміз және әлсіз қарсыласымыз болды. Әрине, біз жеңдік. Сенің «құпия Қарулы Күштеріңнің» арқасында... Сол кезде небәрі бес жаста едік. «Қарулы Күш» дегенді қайдан біледі екен деп ойлаймын. Расында да осы «Қазақстанның Қарулы Күштері деген не сөз?». «Олар кімдер?» деген сұрақтар санамды арбай бастады. Қаланың шамдары қол бұлғап мені бір әлемге шақырғандай болды. Еріксіз еніп кеттім...

Қазастан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет ету – еліміздегі әр азаматтың қасиетті міндеті. Бұл – бейбіт еңбекті қорғаушы ретінде әскери қызметшілерге халықтың білдірген сенімі. 1992 жылы 7 мамырда Елбасымыздың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Мұнда да біз бәрін «ақ парақтан» бастауымызға тура келді. Қолымызда тозған техникаға толы қоймалар қалды, тәжірбиелі ұшқыштар мен жанар-жағармайдың жоқтығынан ұшпайтын ұшақтар қалды, басқарусыз әуе қорғаныс жүйесі қалды. 1992 – 1998 жылдар ішінде біз Қарулы Күштерімізді қайта құрып, ал 1999 жылдан бастап, оны түбегейлі реформалауға көштік. Бұл күндері «Қазақстан Республикасының шекарасы туралы» заңы бойынша, біздің мемлекетіміз өз аумағын құрлықта, суда және әуе кеңістігінде Қарулы Күштер қорғайды. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» заңында Отанды қорғау мен республиканың Қарулы Күштерінде қызмет ету – Отан алдындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық міндетті борышы болып табылатындығы айтылған. Сондықтан Отан алдындағы борышын орындау - әрбір азаматтың айнымас міндеті. Халықаралық жағдайлар шиеленісіп жатқан бүгінгі кезең республика Қарулы Күштерінің жоғары жауынгерлік әзірлігі мен қырағылығын талап етеді. Қарулы Күштердің тұрақты жауынгерлік дайындығы мен мемлекетіміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін Қарулы Күштердің тұрақты жауынгерлік дайындығы және мемлекетіміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін сенімді қорғау қабілеті Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтуға қосылған нақты үлес болып саналады.

Иә, осы тәуелсіздігімізді алғанымызға да биыл 20 жыл толды. Дүркіретіп тойлап өттік. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде былай деді: «Осы жылдардың ішінде бұл жолдың сорабын Түрік қағанаты, кейіннен Қыпшақ конфедерациясы мен Қазақ хандығын құрған өзіміздің ұлы бабаларымыздың бұдан мың жарым жылдан астам уақыт бұрын тартқанын біз естен шығарған емеспіз. Көне «Күлтегін ескерткіші» жазуында: «Елін елдікті етті, жауын бейбіт етті» деген сөздер бар екен. Осыдан мың жылдан астам уақыт бұрын айтылып, тасқа қашалған бұл сөздер біздің басымыздағы жағдайға тікелей қатысы бар. Біз көпұлтты мемлекетте өмір сүрудеміз. Қазақстандықтардың сан ұрпағының еңбегі де, еліміздегі барлық халықтардың жан-тәні мен тағдыры да осында. Біз тәуелсіздікке қол жеткіздік. Біз бірлесіп ел орнаттық. Біз тәуелсіздікке талай тауқымет тартып жеттік. Біз оның мәнін терең сезіндік». Өткен жылдарда біздің мемлекетіміз басты мәселені – қазіргі кезде бүкіл әлем мойындаған тәуелсіз, дербес мемлекет құру міндетін шешті. Оның қауіпсіздігінің кепілі – Қарулы Күштер болып табылады. Иә, осы енді-енді жетіп, толысып келе жатқан тәуелсіздігіміздің іргесі мықты болуына бірден-бір себепкер – Қазақстанның Қарулы Күштерінің мықты болуы. Сонда ғана тәуелсіздігіміздің ғұмыры ұзақ, керегесі берік болмақ. «Халық кешпейтін бір-ақ нәрсе бар: елдің қолына зарықтырып барып қонған бақыт құсынан – Тәуелсіздіктен айырылуды кешпейді» деп Елбасымыз өзі айтқандай, ата-бабамыз армандаған, қасық қаны қалғанша шайқасып алып берген еркіндіктен айырылсақ бізді халық та, аруақ та кешпесі хақ! Бірақ қайратты да қайсар біздің Қарулы Күш аңсап жеткен бақытты басқа теппесіне сенімдімін!

Таң болса-дағы, түн болса-дағы ерінбес,

Қазақстанның Қарулы Күші жеңілмес!


Иә, рас! Біз жаңа заманның жастарымыз! Бізде жаңаша үміт, жаңаша бағыт, жаңаша арман, ең бастысы – келер күнге деген жаңа сенім бар! Сол сенімді жаныңа жалау еткен еліміздің алар асуы да, бағындырар белесі де, шығар шыңдары да асқақ болары сөзсіз. Бас Қолбасшымыз аман болса, Қазақстанымыздың Қарулы Күші нығайып, күші мығым болса, елімізде қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман орнайтынына мен бек сенімдімін!

Жаратқан Ием, өзі жар болсын...

... Ағылысқан көліктердің дабылынан селк ете түстім. Жол кептелісі...

«Жартқаным, жар болсын!» деп күбірлеп тұрмын. Көшедегі адамдар жүрісі сиреген. Көрші үйдің сәбилері де ұйықтаған. Тағы сені ойладым. «Сол Қарулы Күштерің кім болды екен?» деп ойладым. Шешуін таптым да, еріксіз күліп жібердім. Бәсе, сол күні мейірбике тәтенің жүгірісі көп болған еді, сен барлық қарсыласымызды өз күшік, мысығыңа талаттырған екенсің... Менің аңғал досым-ай... «Құпия Қарулы Күштерің» осылар екенін қалайша сезбегем?! Біздің еліміздің «Қарулы Күштері дәл сенің « Қарулы Күштеріңдей» ешқашан жеңілмесін!» дедім де ішке ендім. Қала түні салқын екен, тоңып кеттім...

Похожие:

Конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconКонкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...
Конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconКонкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...
Конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconКонкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...
Конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconКонкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...
Конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconКонкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...
Конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconКонкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...
Конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconКонкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Моя Родина-Казахстан, и я очень горжусь этим. Независимая, свободная, наша страна смело идёт вперёд, расправив свои гордые плечи,...
Конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconКонкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Сем маленькой, а точнее, когда я ходила пешком под стол, много раз видела свой город. Я сама, без посторонней помощи, залазила на...
Конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconСочинение, материал или фотографию по теме «Астана и Президент»
Матаев Сейтказы – председатель жюри, председатель Национального пресс-клуба, председатель Союза журналистов Республики Казахстан
Конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconКонкурс юных музыкантов «Көктем әуендері»
Конкурс проводился среди учащихся 5-7 классов дмш и дши в номинации «сольное исполнительство» (скрипка, виолончель)
Разместите кнопку на своём сайте:
kaz.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz.docdat.com
Главная страница