Ақтүйесай селолық округінің әкімі – Сұнғатов Жәнібек Сұнғатұлы




Скачать 92.02 Kb.
НазваниеАқтүйесай селолық округінің әкімі – Сұнғатов Жәнібек Сұнғатұлы
Дата конвертации27.02.2016
Размер92.02 Kb.
ТипДокументы
Ақтүйесай селолық округінің әкімі – Сұнғатов Жәнібек Сұнғатұлы:


Ақтүйесай селолық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және

әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары мен

алға қойылған міндеттері туралы


Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес жетінші рет өткізіліп отырған барлық деңгейлердегі әкімдердің тұрғындармен есепті кездесулері елдің қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру үдерісінің маңызды тетігі ғана болып қойған жоқ, тұрғындар нақ осында өңір дамуының барынша өткір проблемаларын көтеретіндіктен, атқарушы органдар үшін нағыз сынақ болып табылады. Бұл-атқарушы биліктің жауапкершілігін арттырып, есеп беруіне мүмкіндік тудыратын халықпен ашық сұхбат.

2011 жылы біз үшін ерекше қастерлі жыл. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өттік. Осы жылдары шет елдерден 800 мыңнан астам отандасымыз келіп, халық саны бір жарым миллионға артты. Ырыс –ынтымаққа жолығады, дәулет-бірлікпен толығады.Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 120 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды.

Ақтүйесай селолық округі үш елді-мекенінен тұрады:

Ақтүйесай селосы, Қондыбай ауылы, Күзексай селосы. Тұрып жатқан тұрғындардың саны 1628 адам, соның ішінде:

Ақтүйесай селосында-903 адам, Қондыбай ауылында-539 адам,

Күзексай селосында-186 адам. Округ көлемінде 173 зейнеткер, 52 мүгедектер, 60 студенттер, 294 оқушы тұрып жатыр.

Жыл басынан бері 23 бала дүниеге келді.


Аграрлық сектордың дамуы.

Өткен жылы Ақтүйесай селолық округінде жалпы егістігі мен жалпы бидай өнімінің құрамы 37925 гектар болды, оның ішінде бидай – 32519 гектар, арпа 409 гектар, майлы дақылдары -5000 гектар. Картоптың жалпы егістік көлемі 2010 жылы 50,7 гектарды құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда бидай өнімінің 2500 гектарға жалпы егістік көлемнің көтерілуі округтегі қызмет атқарып жүрген ауыл шаруашылық құрылымдарының арқасында деуге болады.

Егін ору жұмыстарын қорытындылай келе, мынаны айтуға болады - округ бойынша егістіктің өнімі 16,4 ц\га болды. 2011 жылы селолық округтегі ауыл шаруашылық құрылымдарымен алынған субсидияның көлемі 13653000 (он үш млн. алты жүз елу үш мың) теңге.


Ауыл шаруашылығы саласын барынша дамытуға назар аударудамыз. Бүгінгі күнде селолық округте ірі қара малдың саны - 1491 басты құрайды, соның ішінде сиырлар - 687 бас, қойлар - 1680, одан аналық қойлар - 556 бас, жылқы -518 бас, соның ішінде биелер - 366 бас, шошқа- 518 бас, соның ішінде торайлар - 12 бас, құстар саны -3636. Округ бойынша мал басын бірдейлендіру жұмысы жүргізілді, барлығы салынған сырғалары-2620, жоспар бойынша 2562, күзгі жұмыстар- бруцеллез, туберкулез қара малға 2572 басқа жүргізілді,барлығына ветеринарлық паспорт тапсырылды-2620 басқа

Өткен 2011 жылда 80 тонна ет өндірілді, өткен жылмен салыстырғанда 20 тоннаға арта түсті, 135 тонна сүт сауылды, өткен жылмен салыстырғанда 20 тоннаға артты.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру қарқынын сақтау және жергілікті тұқымды жақсарту мақсатымен Ақтүйесай және Күзексай селосында 2 жасанды ұрықтандыру пункттері жұмыс істейді. Еліміздің Президенті Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауында әлеуметтік серіктестік туралы баса айтылғандай, бүгінгі күнде округте орналасқан ауыл шаруашылықтары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері де әлеуметтік саланы дамытуға және округтің алға дамуына өз үлестерін қосуда. Атап айтқанда, «Қызылту Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы – Дусурупов Карбай Темиргалиевич, «Бекбаев» шаруа қожалығының басшысы - Бекбаева Клара Қабдошқызына, «Медерес»- ШҚ-ның басшысы Құсайынова Рысалдыға, «Ташмаков» шаруашылығының басшысы - Ташмаков Тоқтар Ысқақұлына, «Нұржан»- ШҚ-ның басшысы- Аткенов Нұрлыбекке, «Искаков» өндірістік серікстестіктің басшысы - Искаков Қосман Бақытұлына, ШҚ «Выбор» Мурай Виктор Андреевичке үлкен алғысымызды білдіреміз.


Өнеркәсіп

Мемлекеттің қолдануымен кәсіпкерлікті белсенді дамытусыз экономикалық өсім мүмкін емес

Бүгінгі күні басты бағыттардың бірі – шағын және орта бизнестің дамуы. Округ бойынша Ақтүйесай селосында жеке кәсіпкер Сыздыкова Майра өз шағын наубайханасынан күніне 200 бөлке нан, әр түрлі тоқаштар пісіріледі, онда 2 адам жұмыс істейді. Осыған байланысты 2012 жылы кәсіпкерлікті және кәсіпкерлік бастамаларды, ақпараттық-құқықтық қолдау, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жұмысы жалғастырылатын болады.

ҚҰРЫЛЫС

Ақтүйесай селосында ел тұрғыны жеке меншік Жетибаев Серик өз күшімен жалпы көлемі 0,1174 гектарлы жер учаскесін алып тұрғын үй құрылысын жүргізілуде

Көркейту саласы

Ағымдағы жылдың басында Ақтөбе облысының жастары Елбасының қолдануымен басталған «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» атты республикалық жастар марафон-эстафетасын өткізген болатын.Соған байланысты «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» марафон эстафетасының өткізілуіне Ақтүйесай селолық округінің жастары да ат салысты. Сәуір айының 18 күні Ақтүйесай ауылында селолық марафон-эстафетаның ашылу рәсімі өтіп, округ жастары ауылдарды көркейтіп, гүлденуіне зор септігін тигізді, Ауыл үйлері, әкімшілік, т.б ғимараттар және олардың қоршаулары ақталып, сырланды, Ақтүйесай ауылында орналасқан ескерткішке жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ақтүйесай тұрғындары Джунусов Медет және Сулейменов Болат Қазақстан Тәуілсіздігінің 20 жылдығына орай көлемі 48 шаршы метрді алып жылы жай салып, одан шыққан көкөністер ауыл тұрғындарына тиімді бағамен сатты. Сонымен қатар Көкшетау-Омбы мемлекеттік тас жолының жиектері үнемі тазартылып отырды. Әр бейсенбі күні бейсенбілік өткізілді.

Биыл округ абаттандыру бойынша 150 түп ағаш егілді. Елді мекендерді абаттандыру бойынша мал қорымы аумағында тазалау жұмыстары жүргізілді.


Әлеуметтік қорғау.

Округ көлемінде халықты жұмыспен қамту бағдарламасы жүзеге асырылады. Халықты еңбекпен қамтамасыз етіп жұмыссыздықты азайттық. Оның ішінде жаңа жұмыс орындарын ашу, экономикалық белсенді тұрғындарды жұмысқа тарту жөнінде жұмыс айқындалды.

Өзін-өзі еңбекпен қамтып отырған тұрғындар-біздің экономикамыздың зор кадрлар резерві. Әрбір қазақстандықтың елді ауқымды индустрияландыруға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет. Қазірдің өзінде микронесиелік ұйымдар қызметінің құқықтық негізі бар.Мемлекеттік желі бойынша берілген микронесиелердің барлық 100 пайызы тек өз ісін ұйымдастыруға ғана жұмсалуы тиіс.

2011 жылдың қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамту жоспары келесі көрсеткішпен орындалды:

- жұмысқа орналастыру- 56 адам, соның ішінде тұрақты жұмыс орындарына -24 адам орналасты, қоғамдық жұмыстарға жіберілгені- 16 адам.

- жұмыссыздарды кәсіби оқыту және қайта оқыту- 8 адам.

Қоғамдық жұмыстарға 2011 жылы- 16 адам тартылды, оған 1.131.911 /бір миллион жүз отыз бір мың тоғыз жүз он бір теңге /бөлініп, игерілді..

2011 жыл ішінде 18 жасқа дейінгі мемлекеттік жәрдем ақы-97 жанұяға, соның ішінде:

231 балаға - 2млн 637.000 / екі миллион алты жүз отыз жеті мың теңге көлемінде қаржы тағайындалып, төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек- 17 жанұяға, соның ішінде алушыларға-753153/ жеті жүз елу үш мын жүз елу үш/ теңге төленді.

2011 жылы бірде бір жұмыскері жоқ отбасылар саны округ бойынша -23 отбасыны құрады, барлығына атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленеді.

Жыл ішінде олардың тарапынан төлемді қоғамдық жұмыстарға және

кәсіби оқуға жіберіп отырдық. Кәсіптік оқуға жыл ішінде жіберілгендердің саны -8, соның ішінде мамандығының куәлігін алған - 4 адам. Біздің округ бойынша 2 Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне көмек көрсетіліп отырады. Уәлиханов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен жалғыз басты зейнеткерлер Кусаинова Нурия және Бауэр Мина апайларға 10,0 /он мың/ теңгеден қысқы мерзімге отын ағаш алуға әлеуметтік көмек көрсетілді.

Әлеуметтік-мәдени саланың дамуы. Білім беру.

Округте 3 селолық кітапхана жұмыс істейді -Ақтүйесай, Күзексай, Қондыбай ауылдарында, 2 мәдениет ошағы жұмыс істейді –Күзексай мен Қондыбай ауылдарында.

Білім беру саласында округте 2 орта мектеп Ақтүйесай, Қондыбай ауылдарында және 1 негізгі толық емес мектеп - Күзексай ауылында балаларға дәріс беруде. «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс. 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында тапсырмасы бойынша бүкіл елде ашылып жатқан 20 зияткерлік мектептер дарынды балаларды үздік жолдар үшін дайындаудың негізгі арқауына айналатын болады делінген. Мектепке дейінгі білім берумен және тәрбиемен қамтылған балалардың үлесі 2015 жылға қарай 74 пайызды, 2020 жылға қарай 100 пайызды құрайтын болады.

Білім саласында 294 оқушы, 76 маман қамтылған. Ақтүйесай және Кондыбай орта мектептеріне «Интернет» жүйесі қосылған. Мектеп ұстаздары аудандық байқау, сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 2011 ж Ақтүйесай селосында қосымша мектеп жасқа дейінгі балаларға шағын орталығы ашылды. Барлық округ бойынша балалардын саны – 68 бала.

Жоспар бойынша Қондыбай орта мектебінде төбе шатырын жөндеу жұмысы өткізіледі.

Спорттық объектілер, залдар мектептерде орналасқан.

Спорт саласында биылғы жылы облыс және аудан көлеміндегі өткізілген спорт жарыстарына жастарымыз үзбей белсенді қатысып отыр. Мектептердің спорт залдарында үзбей жастар арасында волейбол, баскетбол, теннис, тағы басқадай спорт түрлерін жарыстары ұдайы өтіп тұрады.

Қазақстандықтардың өзіміз өмір сүріп, елімізді жақсылықтарға бастап бара жатқан туған жерге атауын берген мемлекеттік қазақ тілін құрметпен және лайықты оқып-үйрене бастағандығын атап өтудің өзі қуанышты. Округ бойынша мектеп ұжымы, әкімшілік ұжымы әр жұма күні Мемлекетік тіл үйірмесі жұмыс істейді.


Денсаулық сақтау саласы.

2011 ж 28 қаңтар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейтуге айрықша назар аудару қажет» делінген. Қылмыстық-атқару жүйесіндегі туберкулез бен ВИЧ аурулары және одан болатын өлім деңгейін төмендетуге мұқият назар аудару қажет деді.

Округ бойынша 2 ФАП/ фельдшерлік акушерлік пункт/ (Қондыбай, Ақтүйесай ауылдарында), 1-фельдшерлік пункті (Күзексай селосында) мекемелер жұмыс істеуде.

Денсаулық сақтауды дамыту және реформалау бағдарламасының табысты жүзеге асырылуы саланың даму қарқынын жеделдетуге мүмкіндік берді.

Бұл тұрғындардың денсаулығын сақтау саласындағы біздің жұмысымыздың дұрыстығы мен тиімділігін дәлелдеді.

Жалпы алғанда ауыл халқы кейбір уақытша қиыншылықтарға қарамастан Елбасының Республиканың даму жоспарына өте жоғары баға бере отыра, оған зор сенімділік білдіріп отыр.

Округ көлеміндегі мешіттің жұмысының негізгі бағыттары салауатты өмір салтын сақтау қоғамдық құндылықтарды насихаттау, қайырымдық шараларға қатысу, жастарды жақсылыққа тәрбиелеу болып табылады.

Елді-мекендерде санитарлық тазалық жұмыстары-ойдағыдай жүргізілуде. Алдымызда экономиканы жаңарту мен тұрғындардың тұрмыс сапасын көтеру жөнінде әлі де ауқымды жұмыстар атқару міндеті тұр.

Былтырғы, 2011 жылы, өткізілген округ әкімінің есептік кездесуіне

8 сұрақтар пен ұсыныстар түскен болатын.

Қойылған сауалдардың ішінде 4 сұрақ аудан әкімдігінің бақылауына алынды.

1.Сұрақ:Ақтүйесай селосының тұрғыны Қ.Жұмабаев

Мектеп оқушылары үшін хоккей ойнауына 5 дана арнайы киімін әперуді сұраймыз.

Жауап:Уәлиханов ауданының білім бөлімінің бастығы Б.Қ.Ахметоваға қатынас хат жіберілді 2011 ж 4 тоқсанда шешіледі

2.Сұрақ: Ақтүйесай селосының тұрғыны зейнеткер Ф.Ахметов

Мектеп ғимаратына су тарту қажет

Жауап: Уәлиханов ауданының білім бөлімінің бастығы Б.Қ.Ахметоваға және «Мөлдір МКК бастығы Т.М.Дүйсембековке қатынас хат жіберілді.Қаражат жоқтығынан мәселе шешілмей жатыр

3.Сұрақ: Қондыбай ауылының тұрғыны В.Речинский-зейнеткер

Ақылы түрде селода жұмыс істейтін агроқұрылымдармен көң-қоқыс шығару мәселесін шешу қажет.

Жауап: Жеке меншік Қондыбай ауылының тұрғыны Абильдин Мұрат өзінің жеке МТЗ-80 тракторында және КАМАЗ-ында қоқыс шығарумен айналысады

4.Сұрақ: Ақтүйесай селосының тұрғыны зейнеткер-Сейсенбаев Б

Егін орағы барысында дестелерде сабан қалдыруды сұраймыз.

Жауап: Округ аумағындағы жұмыс істейтін агроқұрылымдармен 2011 ж 4 тоқсанға келісім ресімделді.

Қалған 4/төрт/ сұрақтарға кездесу жиналысында түсініктеме берілді.Ол мына сұрақтар:

1. Сұрақ: Қондыбай ауылының тұрғыны зейнеткер Речинский Владислав. 2010 ж Врач-лицензиат басқада округте жұмыс істеген сон малды өндеу жұмысы айяққыз жүрмей қалды.Сұрауымыз Врач лицензиат бір округте жұмыс істегендей.

Жауап: 2011 жылы врач-лицензиат 100 пайыз мал өндеу жұмысын аяқтады .

2.Сұрақ:Қондыбай ауылының тұрғыны Карибаев Б-мед брат

Ауылдың ішінде қаңғыбас иттер өте көп, оларды атуды ұйымдастыруға бола ма?

Жауап:Кішкенекөл селосының тұрғыны жеке кәсіпкермен келісім шарт жасалып, қанғыбас иттерді атуға 2011 жылы 4 тоқсанға жоспарланды.

3.Сұрақ: Ақтүйесай селосының тұрғыны Сейсенбаев Бахыт-зейнеткер

ЖШС Қызылту Астық 2010 жылғы дивиденд бойынша есеп айырылған жоқ.

Жауап: 2011 ж сәуір айында «Қызылту Астық» ЖШС-і 2010 ж дивиденттерімен толықша есеп айырысты.

Жәшіктен түскен сұрақ

4.Мұғалімдердің жалаақасын кешіктіріп, пайызбен ғана береді

Жауап: Мұғалімдердің жалақысын уақытында толықша 100 пайыз ай сайын есеп айырысып отыр.

Сөз соңында, тағы да атап көрсету қажет, аяқталған 2011 жыл біз үшін қол жеткізген қорытындысы баршамыздың бірлескен күш-жігеріміздің, барлық деңгейдегі біздің қолдауымыздың нәтижесі болып табылады. 2012 жылы жоспар бойынша Ақтүйесай селосында көше жарықтары орнатылады. Мал жығу цехын Ақтүйесай селосында ашуды жоспарлап отырмыз. Алдымызда экономиканы жаңарту мен тұрғындардың тұрмыс сапасын көтеру жөнінде әлі де ауқымды жұмыстар атқару міндеті тұр.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы 28 қаңтардағы Жолдауында еліміздің алдағы он жылда даму стратегиясының негізгі кезендерін өте айқын белгілеп берді. Біздің селолық округ алдағы уақытта да қызметтің осы аталған барлық салалары көлемін ұлғайтатына сендіремін

Қойылған мақсаттардың бәріне қол жеткізуге болады! Біз барлық қиындықтарды еңсеретінімізге және Қазақстанымызды күшті, өркенді және әлемде құрметтелетін мемлекетке айналдыратынымызға сенімдіміз!

Похожие:

Ақтүйесай селолық округінің әкімі – Сұнғатов Жәнібек Сұнғатұлы iconКішкенекөл селолық округінің әкімі – Сейтуаров Азамат Көшербайұлы: Кішкенекөл селолық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы
Кішкенекөл селолық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен
Ақтүйесай селолық округінің әкімі – Сұнғатов Жәнібек Сұнғатұлы iconТ. Исенов Бестамақ селолық округінің әкімі
Бестамақ селолық округінің жалпы жер көлемі 37233 га. Округ аумағына Бестамақ, Бесқоспа және 42 разъезд елді мекендері кіреді. Жалпы...
Ақтүйесай селолық округінің әкімі – Сұнғатов Жәнібек Сұнғатұлы iconУкраин селолық округінің әкімі М. Г. Карпушанның тұрғындар алдындағы есебі
Республикасының елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Дағдарыстан жанару мен дамуға» арналған үндеуін жолдады
Ақтүйесай селолық округінің әкімі – Сұнғатов Жәнібек Сұнғатұлы iconБіртал селолық округінің әкімі Бойко С. В
Н.Ә. Назарбаевтың мықты және сенімді басқаруымен біздің ел мемлекеттік құрылыста, қуатты әлеуметті-экономикалық өрлеуде, саясатты...
Ақтүйесай селолық округінің әкімі – Сұнғатов Жәнібек Сұнғатұлы iconӘ. Сарсен Ақай селолық округінің әкімі Ауыл жағдайы басты назарда
Ақай селолық округі Ақай, Көлтабан, Бұлақсай елді мекендері орналасқан. Ондағы тұрғын үйлер саны 263, жалпы халқының саны – 797 адам,...
Ақтүйесай селолық округінің әкімі – Сұнғатов Жәнібек Сұнғатұлы iconЮбилейный селолық округінің әкімі Генералова Г. А. селолық округтің 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, «Қазақстан -2050» стратегиясы нық тұрған мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Осы маңызды...
Ақтүйесай селолық округінің әкімі – Сұнғатов Жәнібек Сұнғатұлы iconТ. Бердалин Қарабұлақ селолық округінің әкімі атқарылар істер көп
Округ аймағында Қарабұлақ, Амангелді елді мекендері орналасқан. Жер көлемі-50556га, халық саны 763 адам
Ақтүйесай селолық округінің әкімі – Сұнғатов Жәнібек Сұнғатұлы iconА. Еспағамбет Тамды селолық округінің әкімі ауылымыздың болашағы бар
Еркінкүш ауылы 44 үй, 55 отбасы, халық саны – 210 адам тұрғыны бар. 2012 жылдың екінші жартыжылдығында округ бойынша жиналған мүлік...
Ақтүйесай селолық округінің әкімі – Сұнғатов Жәнібек Сұнғатұлы iconБ. Кангужин, Маржанбұлақ селолық округі әкімі
Селолық округітің аумағында 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана қазіргі таңда жұмыс жасап тұр. Селолық округ кітапханасында 620 оқырман тіркелген,...
Ақтүйесай селолық округінің әкімі – Сұнғатов Жәнібек Сұнғатұлы iconЕлецкий селолық округі әкімі С. О. Қасеновтің селолық округ тұрғындары алдында есеп беру

Разместите кнопку на своём сайте:
kaz.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz.docdat.com
Главная страница